Аудан әкiмiнiң 2013 жылғы 30 қаңтардағы "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 31 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қазанда № 4127 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қарасу, Казталов ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстарына сәйкес және Казталов аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 1 "Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3192 тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. № 219 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Казталов ауылындағы Х. Жақып, Чапаев, Ихсанов, А. Оразбаева, К. Жангереев, Амангелді, Б. Момышұлы, С. Сейфуллин, Сауанов, М. Жұмабаев, Желтоқсан, Наурыз, М. Маметова, Б. Майлин, С. Датұлы, М. Төлебаев, Х. Бөкеева, Тәуелсіздік, Ж. Жабаев, Қ. Сатпаев көшелері.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі 21, Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С. Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.";
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "41. № 259 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Саралжын, Еламан ауылдары, Шегірткелі, Өтеп, Жібек, Полевой ауылшаруашылығы мекендері.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Саралжын ауылы, "М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі.";
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. № 263 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Жұлдыз ауылы, Төртпішен, Базарқұдық, Сулыкөл, Төреқұдық ауылшаруашылығы мекендері.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: ауылдық мәдениет үйі.";
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. № 264 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Ащысай ауылы, Дауылбай, Бестентек, Дауқара, Шолаққопа ауылшаруашылығы мекендері.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: ауылдық клуб.";
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "47. № 265 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Бостандық ауылы, Ащықұдық ауылшаруашылығы мекені.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: ауылдық клуб.".
      2. Мынадай мазмұндағы 49-тармақпен толықтырылсын:
      "49. "№ 258 сайлау учаскесі.
      Шекаралары: Казталов ауылындағы Қарасу, Г. Лукманов, Имашев көшелері.
      Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Казталов ауылы, Құрманғазы көшесі 3, Казталов ауданы білім беру бөлімінің "А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".".
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Казталов ауданының сайлау учаскелерiндегі өзгерістер мен толықтыру туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Берденовке жүктелсін.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н.Бекқайыр

      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Н. Құтхожин
"20" қазан 2015 жылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады