"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 ақпанда № 13003 болып тіркелді

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
      осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иеленуші туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) ұсыну тәртібін айқындайды.»;
      мынадай редакциядағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:
      «1-1. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар саны туралы мәліметтер Әділет министрлігінің интернет-ресурсында тоқсан сайын жариялауға жатады.».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылу жөнінде шаралар қолдансын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                   Б.Имашев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________Ә. Исекешев
      2016 жылғы ______қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы
      ____________Ж. Қасымбек
      2016 жылғы 27 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады