Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 ақпанда № 13177 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10–бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11079 тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы немесе www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы жүгінген кезде:

      лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады;

      лицензияның телнұсқасын беру 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады;

      қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте қызмет беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыстың белгіленген кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Лицензия алу үшін:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      тұлғаны куәландыратын құжат (тұлғаны идентификациялау үшін қажет);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына өтініштің электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі немесе егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

      лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініштің электрондық көшірмесі;

      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;

      лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның электрондық көшірмесі немесе егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

      лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер алдын берілген лицензия қағаз жүзінде берілген болса):

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны жоғалтудың себептері мен мән-жайлары түсіндірілетін еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны жоғалтудың себептері мен мән-жайлары көрсетілген электрондық өтініші;

      лицензиялық алымның ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

      Тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алуші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады, немесе құжаттар көшірмесі тігулі және көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлік қөрсеткен кезде (немесе оның өкілі сенімхат негізінде) оның қызметкерімен қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне жүгінбесе Мемлекеттік корпорация оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін қызмет берушіге одан әрі сақтау үшін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға, портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.".

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 7-кіреберіс, 8 (7172) 74-28-09 телефоны, 8 (7172) 74-31-48 факсі көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушының басшысының блогында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына тікелей жүгіну жолымен жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Денсаулығы бұзылатын тұрақты ағза функцияларын бұзатын оның өмірлік іс-әрекеті шектелген Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен тұрғын-жайына шығу Бірыңғай контакт-центр 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің: www.economy.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.".

      көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы немесе www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде:

      лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқасын беру 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек күту тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды кезекті броньдауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметтерді алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензияны алу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар.

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін қағаз түрінде берілген болса, жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған еркін нысандағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жагдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.

      2) порталға:

      лицензияны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi не егер төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілсе, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы электрондық мәліметтер нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi не егер төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілсе, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін қағаз түрінде берілген болса, жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi.

      Ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

      Тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады, немесе құжаттар көшірмесі тігулі және көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлік қөрсеткен кезде (немесе оның өкілі сенімхат негізінде) оның қызметкерімен қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға, портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 7-кіреберіс, 8 (7172) 74-28-09 телефоны, 8 (7172) 74-31-48 факсі көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушының басшысының блогында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына тікелей жүгіну жолымен жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Денсаулығы бұзылатын тұрақты ағза функцияларын бұзатын оның өмірлік іс-әрекеті шектелген Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен тұрғын-жайына шығу Бірыңғай контакт-центр 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.economy.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы немесе www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде:

      лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқасын беру 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут:

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек күту тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды кезекті броньдауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметтерді алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Лицензияны алу үшін:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензияны алу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар.

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін қағаз түрінде берілген болса, жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған еркін нысандағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жагдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.

      2) порталға:

      лицензияны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi не егер төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілсе, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген биржалық брокерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы электрондық мәліметтер нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi не егер төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілсе, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелерін;

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін қағаз түрінде берілген болса, жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi.

      Ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

      Тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады, немесе құжаттар көшірмесі тігулі және көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлік қөрсеткен кезде (немесе оның өкілі сенімхат негізінде) оның қызметкері қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға, портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 7-кіреберіс, 8 (7172) 74-28-09 телефоны, 8 (7172) 74-31-48 факсі көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушының басшысының блогында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына тікелей жүгіну жолымен жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Денсаулығы бұзылатын тұрақты ағза функцияларын бұзатын оның өмірлік іс-әрекеті шектелген Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен тұрғын-жайына шығу Бірыңғай контакт-центр 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.economy.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.":

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы немесе www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде:

      лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқасын беру 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек күту тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды кезекті броньдауға болады;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Лицензияны алу үшін:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      лицензияны алу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар.

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін қағаз түрінде берілген болса, жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған еркін нысандағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жагдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.

      2) порталға:

      лицензияны алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi не егер төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілсе, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген биржалық брокерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi не егер төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілсе, лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелерін;

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін қағаз түрінде берілген болса, жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының оларды электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі бар:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi.

      Ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

      Тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алымның төленгенi туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады, немесе құжаттар көшірмесі тігулі және көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлік қөрсеткен кезде (немесе оның өкілі сенімхат негізінде) оның қызметкері қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға, портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 7-кіреберіс, 8 (7172) 74-28-09 телефоны, 8 (7172) 74-31-48 факсі көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушының басшысының блогында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына тікелей жүгіну жолымен жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Денсаулығы бұзылатын тұрақты ағза функцияларын бұзатын оның өмірлік іс-әрекеті шектелген Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен тұрғын-жайына шығу Бірыңғай контакт-центр 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.economy.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ______________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 27 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына 1–қосымша
  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      ________________________________

      (Т.А.Ә не көрсетілетін

      қызметті алушының атауы)

      ________________________________

      (көрсетілетін қызметті

      алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      _______________________________________________ ______________

       (Т.А.Ә (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә _____________

      Телефоны: ____________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә / қолы ____________

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына 2–қосымша
  "Тауар биржалары саласында
дилерлік қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша

      ________________________________________________ ____________

       (Т.А.Ә (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә _____________

      Телефоны: ____________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә / қолы ____________

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына 3–қосымша
  "Тауар биржалары саласында
брокерлік қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша

      Нысан

      ________________________________

      (Т.А.Ә не көрсетілетін

      қызметті алушының атауы)

      _________________________________

      (көрсетілетін қызметті

      алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) _______________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      ______________________________________________ ______________

       (Т.А.Ә (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә _____________

      Телефоны: ____________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә / қолы ____________

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына 4–қосымша
  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

      Нысан

      ________________________________

      (Т.А.Ә не көрсетілетін

      қызметті алушының атауы)

      ________________________________

      (көрсетілетін қызметті

      алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      _______________________________________________ ______________

       (Т.А.Ә (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә _____________

      Телефоны: ____________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә / қолы ____________

      20__ жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады