Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13226 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 № 196 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидалары бекітілсін.

      2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 16 қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы
құралдарымен операциялар жүргізуі қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) жүргізуге, нарық коньюктурасының өзгеруінен болатын әлеуетті шығындар тәуекелін барынша азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін және Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері (бұдан әрі – алтын-валюта активтері) және Ұлттық қордың (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтері портфельдерінің кірістілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды.

1. Негізгі ережелер

      2. Қағидаларда Азаматтық кодексте, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда көзделген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алтын-валюта активтері портфелі – Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес алтын-валюта резервтерінен және өзге де активтерден тұратын портфель;

      2) аутрайт мәмілесі – бір валютаны валюталау күні мәмілені жасау күнінен бөлек болатын басқа валютаға қарсы сатып алу туралы тараптар арасындағы келісім;

      3) банкаралық нарық – ұйымдастырылмаған нарықта шетел валютасын және қаржы құралдарын сатып алу немесе/және сату операцияларын жүргізген кезде туындайтын қатынастар жиынтығы;

      4) биржа нарығы – сауда-саттықтарды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді, оларды тікелей өткізу арқылы жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастар жиынтығы;

      5) биржадан тыс банкаралық нарық – биржадан тыс нарықта шетел валютасын, және қаржы құралдарын сатып алу немесе/және сату операцияларын жүргізген кезде туындайтын қатынастар жиынтығы;

      6) биржадан тыс нарық – бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының сауда жүйелері пайдаланылмайтын қатынастарының жиынтығы;

      7) жинақтау портфелі – мақсаты ұзақмерзімді перспективада активтердің кірістілігін арттыру болып табылатын Ұлттық қор активтерінің портфелі;

      8) кредиттік-дефолттық своп – туынды қаржы құралы, оған сәйкес кредиттік қорғауды сатушы белгілі кредиттік оқиға басталған жағдайда қарсы әріптестен базалық актив бойынша міндеттемелерді олардың номиналдық құны бойынша сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы оның орнына кредиттік қорғауды сатушыға сыйлықақы төлейді;

      9) кредиттік қорғау – эмитенттің кредиттік рейтингісінің ықтимал төмендеуінен немесе эмитенттің ықтимал дефолтынан сақтандыру;

      10) кредиттік оқиға – қарыз алушының кредит қабілеттілігінің немесе қаржы құралының кредиттік сапасының өзгеруі;

      11) кредиттік рейтинг – эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлеттілігiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген көрсеткiшi;

      12) қарсы әріптес – Ұлттық Банк тиісті келісімдердің/шарттардың негізінде туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізетін/ мәмілелер жасайтын заңды тұлға;

      13) мидл-офис – Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің қаржы нарықтарын және алтын-валюта активтерінің және Ұлттық қор портфельдерін талдауды жүзеге асыруға уәкілетті бөлімшесі;

      14) опцион колл – опционның түрі, оған сәйкес бір тарап (опцион коллды сатушы) келешекте базалық активті басқа тараптан (опцион коллды сатушыдан) опцион коллдың (страйк) орындалу бағасы бойынша сатып алу құқығын басқа тарапқа (опцион коллды сатып алушыға) сатады;

      15) опцион пут – опционның түрі, оған сәйкес бір тарап (опцион путты сатушы) келешекте базалық активті басқа тарапқа (опцион путты сатушыға) опцион путты (страйк) орындау бағасы бойынша сату құқығын басқа тарапқа (опцион путты сатып алушыға) сатады;

      16) пайыздық мөлшерлеме – туынды қаржы құралын сатып алушы мәміледе айқындалған уақыт ішінде оны пайдаланғаны үшін төлейтін, пайызбен көрсетілген сома;

      17) пайыздық своп – туынды қаржы құралы, оған сәйкес бір тарап басқа тарапқа белгіленген күні белгілі сомаға пайызды төлейді және басқа тараптан келісілген мөлшерлеме бойынша пайыз сомасына төлем алады;

      18) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол валюта;

      19) принципал – мәміле жасалатын номиналды сома, оның негізінде пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер есептеледі;

      20) свопцион – бір тарап (свопционды сатушы) басқа тарапқа (свопционды сатып алушыға) келешекте белгілі күні пайыздық своппен операция жасау құқығын сататын туынды қаржы құралы;

      21) сыртқы қаржы нарығы – Қазақстан Республикасының резиденттері және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында шет мемлекетінің заңнамасына сәйкес мәмілелер жасау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы;

      22) тараптар – Ұлттық Банк және қарсы әріптес;

      23) тұрақтандыру портфелі – мақсаты активтердің өтімділігін арттыру және қысқамерзімді перспективада кірістілікті ұлғайту болып табылатын Ұлттық қор активтерінің портфелі;

      24) Ұлттық қордың портфелі – жинақтау және тұрақтандыру портфельдерінен тұратын портфель;

      25) форвардтық пайыздық мөлшерлеме – тараптар келешекте құбылмалы және белгіленген пайыздық мөлшерлемелер негізінде төлемдермен алмасу туралы уағдаласатын мөлшерлеме;

      26) форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт – туынды қаржы құралы, оған сәйкес бір тарап (форвардтық пайыздық мөлшерлесі бар шартты сатушы) басқа тарапқа (форвардтық пайыздық мөлшерлесі бар шартты сатып алушыға) базалық активті форвардтық пайыздық мөлшерлеме бойынша сатып алу немесе сату құқығын сатады;

      27) фронт-офис – Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге уәкілетті бөлімшесі;

      28) ішкі қаржы нарығы – Қазақстан Республикасы резиденттерінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәмілелер жасау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы;

      29) "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" жүйелері – мәмілелер жасау мақсатында пайдаланушыларының арасында байланыс жүзеге асырылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер мен жабдықтар кешендері;

      30) GOFO (Gold Forward Offered Rate) – қарсы әріптестер американдық доллардың орнына алтын беруге дайын болатын алтынмен мәмілелер бойынша форвардтық пайыздық мөлшерлеме;

      31) LIBOR (London Interbank Offered Rate) – лондондық банкаралық нарықта әртүрлі валюталармен және әртүрлі мерзімдерге қаражат беруді ұсынатын банктер беретін банкаралық кредиттер бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.

      3. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарымен операцияларды ұлттық валютада да, шетел валютасында да жүргізеді.

      4. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарымен операцияларды нарық коньюктурасының өзгеруінен болған әлеуетті зиян тәуекелін азайту мақсатында, сондай-ақ алтын-валюта активтері және Ұлттық қор активтері портфельдерінің кірістілігін арттыру мақсатында жүргізеді.

      Ұлттық Банк своппен операцияларды валюталық, пайыздық және кредиттік тәуекелдерді төмендету, аутрайт мәмілелерін жүргізген кезде базалық активте өтімділікті ұстап тұру, сондай-ақ олар бойынша ашық позицияларды ұзарту үшін жүргізеді.

      Форвардпен және опционмен операциялар нарықтағы бағаның жағымсыз өзгеруі салдарынан ықтимал жоғалтулардан хеджирлеу мақсатында жүргізіледі.

      Пайыздық своппен және форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруінен хеджирлеу және депозиттерді орналастырумен байланысты кредиттік тәуекелді барынша азайта отырып, ұзақмерзімді кезеңде неғұрлым жоғары кірістілік алу мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ, пайыздық своппен операциялар бағалы қағаздармен, валютамен және алтынмен активтердің кірістілігін арттыру не ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде пайдаланылады.

      Фьючерспен операциялар алтын-валюта активтері мен Ұлттық қордың активтері портфельдерін бағалы қағаздардағы, валютадағы және алтындағы пайыздық тәуекелден хеджирлеу, сондай-ақ бағалы қағаздармен, валютамен және алтынмен активтердің кірістілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

      Свопционмен операциялар пайыздық своптар бойынша ашық позицияларды хеджирлеу және бағалы қағаздармен, валютамен және алтынмен активтердің кірістілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

      5. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарымен операцияларды шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен операциялар шеңберінде сыртқы қаржы нарығында жүргізеді.

      6. Ішкі қаржы нарығында туынды қаржы құралдарымен операциялар мәмілелер жасау туралы келісімдердің негізінде Ұлттық Банк пен қарсы әріптестің арасында жүргізіледі.

      7. Тараптар мәмілелерді биржадан тыс банкаралық нарықта телефон байланысы, "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" жүйесі арқылы, биржа нарығында биржаның сауда жүйесі немесе қарсы әріптес банк арқылы жасайды.

      8. Қарсы әріптестерден келіп түскен ұсыныстарды және баға белгілеулерді салыстырып талдауды, деректердің (валюта бағамдары, пайыздық мөлшерлемелер) болжамдық мәндерін айқындауды, туынды қаржы құралдарымен операцияларды фронт-офис жүргізеді.

      9. Ұлттық Банк сатып алған туынды қаржы құралдарын бағалауды мидл-офис "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" жүйелерінің, сондай-ақ кастодиандар мен қарсы әріптестердің деректері негізінде жүзеге асырады.

2. Своппен және форвардпен операциялар жүргізу тәртібі

      10. Своппен немесе форвардпен операциялар жүргізген кезде тарап басқа тараптан мәміленің негізгі талаптарын (мәміленің валютасын және қарсы валютасын, спот бағамын, форвард бағасын, форвард бағам-аутрайтты, мәміле мерзімін, мәміле бойынша валюталандыру күнін) көрсете отырып, бағалы қағаздармен операциялар бойынша валютамен мәмілелер бойынша форвард (своп) тармақтарын немесе форвард бағаларын белгілеуді сұратады.

      11. Қағидалардың 10-тармағында көзделген форвард операциялары бойынша жасалатын мәмілелердің негізгі талаптары тараптар арасында келіссөздер жүргізу барысында келісіледі.

      12. Форвард операциялары бойынша жасалатын мәмілелер жасалғаннан кейін дилер Қағидалардың 10-тармағында көзделген мәмілелердің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

3. Форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша
операциялар жүргізу тәртібі

      13. Форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар бойынша белгіленген пайыздық мөлшерлеме мәміле жасалған сәтте, ал өзгермелі пайыздық мөлшерлеме болашақта айқындалады.

      14. Сыртқы қаржы нарығында форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар жүргізген кезде тарап басқа тараптан белгіленген пайыздық мөлшерлемені белгілеуді сұратады және мәміленің негізгі шарттарын (мәміле түрін (сатып алу/сату), мәміле валютасын, белгіленген пайыздық мөлшерлемені, форвардтық кезеңін (мәміле жасалған күннен бастап фиксинг күніне дейінгі уақыт кезеңі) және депозиттік кезең (фиксинг күнінен бастап мәміленің аяқталған күніне дейінгі уақыт кезеңі), мәміленің жасалған күнін, фиксингі күнін (ағымдағы нарықтық спот мөлшерлемесі анықталған күнді) мәміле бойынша валюталандыру күнін (мәміле бойынша есеп айырысуды жүргізу күнін), мәміленің аяқталған күнін, есеп айырысу үшін базаны) айқындайды.

      15. Қағидалардың 14-тармағында көзделген форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша мәмілелердің негізгі талаптары тараптар арасында келіссөздер жүргізу барысында келісіледі.

      16. Форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар бойынша пайыздық мөлшерлеме уақыт кезеңі арқылы пайыздық кезеңге белгіленетін форвард мөлшерлемесін білдіреді. Форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар бойынша пайыздық мөлшерлеме банкаралық нарықта айқындалады.

      17. Форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар бойынша есеп айырысулар белгіленген пайыздық мөлшерлеме мен нарықта ағымдағы пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған, базалық актив сомасы (принципал) бойынша есептелетін ағымдағы пайыздық мәміле арасындағы айырманы төлеу арқылы депозиттік кезеңнің басында (бағалы қағаздар үшін LIBOR мөлшерлеме бойынша, алтын үшін (LIBOR, GOFO) мөлшерлеме бойынша) форвард кезеңі аяқталған сәтке (дисконттау кезеңі депозит мерзіміне тең) жүзеге асырылады.

      18. Жасалған мәміле бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы мына формула бойынша есептеледі:

      Принципал х (Rs – Rf) х Т / D

      1 + Rs х Т / D

      мұнда, Принципал – форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар бойынша номиналдық сомасы;

      Rs – ағымдағы өзгермелі мөлшерлеме;

      Rf – форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар бойынша белгіленген мөлшерлеме;

      D – бір жылдағы күн саны (фунт стерлингті қоспағанда барлық валюта үшін 360 күн, фунт стерлинг үшін – 365 күн);

      T – депозиттік кезең - форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар шеңберінде форвард мөлшерлемесі есептелген уақыт.

      19. Форвардтық пайыздық мөлшерлемесі бар шарт бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін дилер Қағидалардың 14-тармағында көзделген мәмілелердің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

4. Пайыздық своппен операциялар жүргізу тәртібі

      20. Пайыздық своппен операциялар жүргізген кезде тарап басқа тараптан базалық актив бойынша белгіленген пайыздық мөлшерлемені белгілеуді сұратады, мәміленің негізгі талаптарын (мәміле валютасын, мәміле кезеңін, пайыздық кезеңдерді, мәміле жасалған және аяқталған күнді, белгіленген мөлшерлемені және LIBOR, GOFO мөлшерлемені (алтынмен пайыздық своп бойынша мәмілелер үшін), есеп айырысу үшін базаны) айқындайды.

      21. Қағидалардың 20-тармағында көзделген пайыздық своппен мәмілелердің негізгі талаптары тараптар арасында келіссөздер жүргізу барысында келісіледі.

      22. Пайыздық своппен операцияларды жүргізген кезде, тараптар өзгермелі және белгіленген мөлшерлемелер негізінде төлемдермен алмасады. Төлемдер сомасы принципал негізінде есептеледі.

      23. Пайыздық своппен операциялар жүргізілгеннен кейін дилер Қағидалардың 20-тармағында көзделген мәмілелердің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

5. Кредиттік-дефолттық своппен операциялар жүргізу тәртібі

      24. Кредиттік-дефолттық своппен операциялар жүргізген кезде тарап сатып алушыдан (сатушыдан) баға, сыйлықақы туралы мәліметтерді кредиттік қорғауды сұратады және мәміленің негізгі талаптарын (мәміле валютасын, мәміле кезеңін, базалық активтің атауын, сыйлықақы мөлшерін, сыйлықақы төлеу кезеңдерін, мәміле жасалған және аяқталған күндерді, кредиттік ахуал туындаған жағдайда кредиттік қорғауды сатушы сатып алатын активтердің сипатын) айқындайды. Сыйлықақы мәміле сомасынан пайыздық арақатынаста көрсетіледі.

      25. Қағидалардың 24-тармағында көзделген кредиттік-дефолттық своппен операциялардың негізгі талаптары тараптар арасында келіссөздер жүргізу барысында келісіледі.

      26. Кредиттік-дефолттық своппен операциялар жүргізілгеннен кейін дилер Қағидалардың 24-тармағында көзделген мәмілелердің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

6. Опционмен операциялар жүргізу тәртібі

      27. Тарап биржадан тыс нарықта опционмен операциялар жүргізген кезде басқа тараптан опцион бағасын (сыйлықақысын) көрсетуді сұратады, мәміленің негізгі талаптарын (опционның түрін, опционның типін (колл, пут немесе олардың комбинациясын), базалық актив және мәміле валютасын, мәміленің негізгі сомасын, орындау бағасын (страйк), сыйлықақы мөлшерін, орындау күнін, валюталандыру күнін) айқындайды.

      28. Биржалық нарықта опционмен операциялар жүргізген кезде тараптар сыйлықақы мөлшерін, валюталандыру күнін, сондай-ақ опционның осы түрі үшін өзге де стандартты талаптарды келіседі.

      29. Сыйлықақы мәміленің базалық активі номиналынан базистік тармақтармен немесе базалық актив бағасына пайызбен (орындау бағасы) көрсетіледі және мәміле талаптарына сәйкес мәміле жасау күні төленеді.

      30. Қағидалардың 27-тармағында көзделген биржадан тыс нарықта опционмен операциялардың негізгі талаптары тараптар арасында жүргізілген келіссөздер барысында келісіледі.

      31. Опцион путтың және опцион коллдың комбинациясы осы мәмілелердің нетто-позициясы бойынша бағаланады.

      32. Опционды орындау кезінде сатып алушы сатушыға опционның орындалғаны туралы хабарламаны "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" жүйесі және байланыстың басқа да құралдары арқылы ұсынады.

      33. Опционмен операциялар жүргізілгеннен кейін дилер Қағидалардың 27-тармағында көзделген мәмілелердің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

7. Свопционмен операциялар жүргізу тәртібі

      34. Свопционмен операциялар жүргізген кезде тарап басқа тараптан Қағидалардың 27-тармақтарына сәйкес мәміленің негізгі талаптарын сұратады және келіседі, ал мәміле орындалған жағдайда сатушыға Қағидалардың 32-тармағына сәйкес хабарлама ұсынады.

      35. Свопционмен операциялар бойынша жасалатын мәмілелер орындалған жағдайда свопцион пайыздық свопқа айырбасталады, ал свопционды орындау бағасы - бұл пайыздық своп бойынша белгіленген мөлшерлеме.

      36. Свопционмен операциялар жүргізілгеннен кейін дилер Қағидалардың 27-тармағында көзделген мәміленің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

8. Фьючерспен операциялар жүргізу тәртібі

      37. Сыртқы қаржы нарығында фьючерспен операциялар жүргізілген кезде тарап басқа тараптан баға белгілеуді сұратады не фьючерспен операциялар бойынша жасалатын мәмілені орындауға өтінім береді және мәміленің негізгі талаптарын (фьючерстің түрін (мәміленің базалық активін), мәміле типін (сатып алу/сату), фьючерс валютасын, мәміле санын, мәміле сомасын, сатып алу/сату бағасын, мәмілені валюталандыру күнін, фьючерсті өтеу күнін) айқындайды.

      38. Фьючерсті сатып алу бойынша операциялар жүргізген кезде бір тарап операциялар бойынша мәмілелерді орындау мерзімі болған кезде басқа тараптан базалық активті сатып алуға және осы фьючерспен операциялар үшін белгіленген тәртіпке сәйкес сатып алу бағасына сай ақша төлеуге міндеттеме қабылдайды.

      39. Фьючерсті сату бойынша операциялар жүргізген кезде бір тарап операциялар бойынша мәмілелерді орындау мерзімі болған кезде басқа тарапқа базалық активті сатуға және келісілген сату бағасы бойынша ақша алуға міндеттеме қабылдайды.

      40. Фьючерспен операциялар бойынша жеткізу үшін бағалы қағаздардың көлемін анықтау мақсатында осы бағалы қағазды жеткізу бағасы айқындалатын айырбастау коэффициенті қолданылады:

      K = PV / P

      K – Айырбастау коэффициенті

      PV – Бағалы қағаздардың болашақ ақша ағындарының ағымдағы құны

      P – Паритет бойынша құны

      DP = K х FP

      DP – Жеткізу бағасы

      FP – Фьючерс бағасы.

      41. Фьючерспен операциялар жүргізілгеннен кейін дилер Қағидалардың 37-тармағында көзделген мәмілелердің негізгі талаптары көрсетілетін мәміле паспортын дайындайды.

Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций с производными финансовыми инструментами

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 16. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2016 года № 13226. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 196.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.11.2019 № 196 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам неработающих кредитов и активов банков второго уровня, оказания финансовых услуг и деятельности финансовых организаций и Национального Банка Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций с производными финансовыми инструментами.

      2. Департаменту монетарных операций и управления активами (Молдабекова A.M.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 февраля 2016 года.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года
№ 16

Правила
проведения Национальным Банком Республики Казахстан
операций с производными финансовыми инструментами

      1. Настоящие Правила проведения Национальным Банком Республики Казахстан операций с производными финансовыми инструментами (далее - Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (Общая часть) от 27 декабря 1994 года (далее - Гражданский кодекс), законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" (далее - Закон о Национальном Банке), от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" (далее - Закон о рынке ценных бумаг) и определяют порядок проведения Национальным Банком Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) операций с производными финансовыми инструментами для разработки и осуществления мер, направленных на обеспечение стабильности финансовой системы Республики Казахстан, проведение государственной денежно-кредитной политики Республики Казахстан (далее - денежно-кредитная политика), минимизацию риска потенциальных убытков от изменения конъюнктуры рынка и в целях повышения доходности портфелей золотовалютных активов Национального Банка (далее - золотовалютные активы) и активов Национального фонда Республики Казахстан (далее - Национальный фонд).

1. Основные положения

      2. В Правилах используются понятия, предусмотренные Гражданским кодексом, Законом о рынке ценных бумаг, а также следующие понятия:

      1) портфель золотовалютных активов — портфель, состоящий из золотовалютных резервов в соответствии с Законом о Национальном Банке и иных активов;

      2) сделка аутрайт - соглашение между сторонами о покупке одной валюты против другой с датой валютирования, отличной от даты заключения сделки;

      3) межбанковский рынок - совокупность отношений, возникающих при проведении операций по покупке или/и продаже иностранной валюты и финансовых инструментов на неорганизованном рынке;

      4) биржевой рынок - совокупность отношений с использованием торговых систем организатора торгов, который осуществляет организационное и техническое обеспечение торгов, путем их непосредственного проведения;

      5) внебиржевой межбанковский рынок - совокупность отношений, возникающих при проведении операций по покупке или/и продаже иностранной валюты и финансовых инструментов на внебиржевом рынке;

      6) внебиржевой рынок - совокупность отношений профессиональных участников рынка ценных бумаг без использования торговых систем организатора торгов;

      7) сберегательный портфель - портфель активов Национального фонда, целью которого является увеличение доходности активов в долгосрочной перспективе;

      8) кредитно-дефолтный своп - производный финансовый инструмент, в соответствии с которым продавец кредитной защиты в случае наступления определенного кредитного события обязуется выкупить у контрпартнера обязательства по базовому активу по их номинальной стоимости, а покупатель взамен выплачивает продавцу кредитной защиты премию;

      9) кредитная защита - страхование от возможного снижения кредитного рейтинга эмитента или возможного дефолта эмитента;

      10) кредитное событие - изменение кредитоспособности заемщика или кредитного качества финансового инструмента;

      11) кредитный рейтинг - индивидуальный числовой и буквенный показатель оценки, устанавливающий относительную кредитоспособность эмитента или качество и надежность ценных бумаг эмитента;

      12) контрпартнер - юридическое лицо, с которым Национальный Банк на основании соответствующих соглашений/договоров совершает операции/заключает сделки с производными финансовыми инструментами;

      13)мидл-офис - подразделение Департамента монетарных операций и управления активами Национального Банка, уполномоченное осуществлять анализ финансовых рынков и портфелей золотовалютных активов и Национального фонда;

      14) опцион колл - вид опциона, в соответствии с которым одна сторона (продавец опциона колл) продает другой стороне (покупателю опциона колл) право купить базовый актив по цене исполнения опциона колл (страйк) у другой стороны (продавца опциона колл) в будущем;

      15) опцион пут - вид опциона, в соответствии с которым одна сторона (продавец опциона пут) продает другой стороне (покупателю опциона пут) право продать базовый актив другой стороне (продавцу опциона пут) по цене исполнения опциона пут (страйк) в будущем;

      16) процентная ставка - сумма, указанная в процентном выражении, которую оплачивает покупатель производного финансового инструмента за пользование им в течение периода времени, определенного сделкой;

      17) процентный своп - производный финансовый инструмент, в соответствии с которым одна сторона оплачивает другой стороне процент на определенную сумму в определенную дату и получает платеж на сумму процента по согласованной ставке от другой стороны;

      18) портфель - набор финансовых инструментов, в том числе наличная валюта;

      19) принципал - номинальная сумма, на которую заключается сделка, на основе которой рассчитываются платежи по процентной ставке;

      20) свопцион - производный финансовый инструмент, в соответствии с которым одна сторона (продавец свопциона) продает другой стороне (покупателю свопциона) право совершать операцию с процентным свопом на определенную дату в будущем;

      21) внешний финансовый рынок — совокупность отношений, складывающихся в процессе совершения сделок между резидентами Республики Казахстан и нерезидентами Республики Казахстан в соответствии с законодательством иностранного государства;

      22) стороны - Национальный Банк и контрпартнер;

      23) стабилизационный портфель - портфель активов Национального фонда, целью которого является обеспечение ликвидности активов и увеличение доходности в краткосрочной перспективе;

      24) портфель Национального фонда - портфель, состоящий из сберегательного и стабилизационного портфелей;

      25) форвардная процентная ставка - ставка, в соответствии с которой стороны договариваются об обмене платежами на основе плавающей и фиксированной процентных ставок в будущем;

      26) договор с форвардной процентной ставкой - производный финансовый инструмент, в соответствии с которым одна сторона (продавец договора с форвардной процентной ставкой) продает другой стороне (покупателю договора с форвардной процентной ставкой) право купить или продать базовый актив по форвардной процентной ставке;

      27) фронт-офис - подразделение Департамента монетарных операций и управления активами Национального Банка, уполномоченное проводить операции с производными финансовыми инструментами;

      28) внутренний финансовый рынок - совокупность отношений, складывающихся в процессе совершения сделок между резидентами Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      29) системы "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" - комплексы специализированных программных обеспечений и оборудований, посредством которых осуществляется связь между их пользователями для целей заключения сделок;

      30) GOFO (Gold Forward Offered Rate) - форвардная процентная ставка по сделкам с золотом, по которым контрпартнеры готовы предоставлять золото взамен на американские доллары;

      31) LIBOR (London Interbank Offered Rate) - средневзвешенная процентная ставка по межбанковским кредитам, предоставляемым банками, выступающими на лондонском межбанковском рынке с предложением средств в разных валютах и на разные сроки.

      3. Национальный Банк проводит операции с производными финансовыми инструментами как в национальной валюте, так и в иностранной валюте.

      4. Операции с производными финансовыми инструментами проводятся Национальным Банком с целью минимизации риска потенциального ущерба от изменения конъюнктуры рынка, а также с целью повышения доходности портфелей золотовалютных активов и активов Национального фонда.

      Операции со свопом проводятся Национальным Банком для снижения валютного, процентного и кредитного рисков, поддержания ликвидности в базовом активе при проведении сделок аутрайт, а также продления открытых позиций по ним.

      Операции с форвардом и опционом проводятся с целью хеджирования от возможных потерь вследствие неблагоприятных ценовых изменений на рынке.

      Операции с процентным свопом и по договору с форвардной процентной ставкой проводятся с целью хеджирования от неблагоприятных изменений процентных ставок и получения более высокой доходности в долгосрочном периоде, минимизируя кредитный риск, связанный с размещением депозитов. Операции с процентным свопом также используются в целях повышения доходности активов в ценных бумагах, валюте и золоте, либо в рамках реализации денежно-кредитной политики.

      Операции с фьючерсом проводятся с целью хеджирования портфелей золотовалютных активов и активов Национального фонда от процентного риска в ценных бумагах, валюте и золоте, а также повышения доходности активов в ценных бумагах, валюте и золоте.

      Операции со свопционом проводятся с целью хеджирования открытых позиций по процентным свопам и повышения доходности активов в ценных бумагах, валюте и золоте.

      5. Национальный Банк проводит операции с производными финансовыми инструментами на внешнем финансовом рынке в рамках операций с активами в иностранной валюте и драгоценными металлами.

      6. Операции с производными финансовыми инструментами на внутреннем финансовом рынке проводятся между Национальным Банком и контрпартнером на основании соглашений о заключении сделок.

      7. Стороны заключают сделки на внебиржевом межбанковском рынке посредством телефонной связи, системы "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" на биржевом рынке посредством биржевой торговой системы или банка-контрпартнера.

      8. Сравнительный анализ поступивших от контрпартнеров предложений и котировок, определение прогнозных значений данных (курсов валют, процентных ставок), операции с производными финансовыми инструментами проводит фронт-офис.

      9. Оценку приобретенных Национальным Банком производных финансовых инструментов осуществляет мидл-офис на основании данных систем "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra", а также кастодианов и контрпартнеров.

2. Порядок проведения операций со свопом и форвардом

      10. При проведении операций со свопом или форвардом сторона запрашивает у другой стороны котировку форвардных (своп) пунктов по сделкам с валютами или форвардные цены по операциям с ценными бумагами, указывая основные условия сделки (валюту и контрвалюту сделки, курс спот, цену форварда, курс-аутрайт форварда, срок сделки, дату валютирования по сделке).

      11. Основные условия сделки, совершаемой по операциям форвард, предусмотренные пунктом 10 Правил, согласовываются в ходе переговоров между сторонами.

      12. После заключения сделки, совершаемой по операциям форвард, дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 10 Правил.

3. Порядок проведения операций по договору с форвардной
процентной ставкой

      13. По операциям по договору с форвардной процентной ставкой фиксированная процентная ставка определяется в момент заключения сделки, а плавающая процентная ставка определяется в будущем.

      14. При проведении операций по договору с форвардной процентной ставкой на внешнем финансовом рынке сторона запрашивает у другой стороны котировку фиксированной процентной ставки и определяет основные условия сделки (тип сделки (покупка/продажа), валюту сделки, фиксированную процентную ставку, форвардный период (период времени от даты заключения сделки до даты фиксинга) и депозитный период (период времени от даты фиксинга до даты окончания сделки), дату заключения сделки, дату фиксинга (день определения текущей рыночной спот ставки), дату валютирования по сделке (день произведения расчетов по сделке), дату окончания сделки, базу для расчетов).

      15. Основные условия сделки по договору с форвардной процентной ставкой, предусмотренные пунктом 14 Правил, согласовываются в ходе переговоров между сторонами.

      16. Процентная ставка по операциям по договору с форвардной процентной ставкой представляет собой процентную ставку, котирующуюся на процентный период через период времени. Процентная ставка по операциям по договору с форвардной процентной ставкой определяется на межбанковском рынке.

      17. Расчеты по операциям по договору с форвардной процентной ставкой осуществляются на начало депозитного периода путем выплаты разницы между фиксированной процентной ставкой и текущей процентной ставкой на рынке, рассчитываемой по сумме базового актива (принципала), дисконтированной по текущей процентной ставке (для ценных бумаг по ставке LIBOR, для золота по ставке (LIBOR, GOFO)) на момент истечения форвардного периода (период дисконтирования равен сроку депозита).

      18. Сумма компенсационных выплат по заключенной сделке рассчитывается по следующей формуле:

      Принципал х (Rs - Rf) x T/D

      1 + Rs х Т/D

      где, Принципал - номинальная сумма по операциям по договору с форвардной процентной ставкой;

      Rs - текущая плавающая ставка;

      Rf - ставка, зафиксированная по операциям по договору с форвардной процентной ставкой;

      D - количество дней в году (для всех валют, кроме фунтов стерлингов -360 дней, для фунтов стерлингов - 365 дней);

      Т - депозитный период - время, на которое была рассчитана форвардная ставка в рамках операций по договору с форвардной процентной ставкой,

      19. После проведения операций по договору с форвардной процентной ставкой дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 14 Правил.

4. Порядок проведения операций с процентным свопом

      20. При проведении операции с процентным свопом сторона запрашивает у другой стороны котировку фиксированной процентной ставки по базовому активу, определяет основные условия сделки (валюту сделки, период сделки, процентные периоды, дату заключения и завершения сделки, фиксированную ставку и ставку LIBOR, GOFO (для сделок по процентному свопу с золотом), базу для расчетов).

      21. Основные условия сделки с процентным свопом, предусмотренные пунктом 20 Правил, согласовываются в ходе переговоров между сторонами.

      22. При проведении операции с процентным свопом стороны обмениваются платежами на основе плавающей и фиксированной Ставок. Сумма платежей рассчитывается на основе принципала.

      23. После проведения операции с процентным свопом дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 20 Правил.

5. Порядок проведения операций с кредитно-дефолтным свопом

      24. При проведении операций с кредитно-дефолтным свопом сторона запрашивает у покупателя (продавца) кредитной защиты сведения о цене, премии и определяет основные условия сделки (валюту сделки, период сделки, наименование базового актива, размер премии, периоды выплаты премии, даты заключения и завершения сделки, описание активов, выкупаемых продавцом кредитной защиты в случае наступления кредитного события). Премия указывается в процентном соотношении от суммы сделки.

      25. Основные условия операций с кредитно-дефолтным свопом, предусмотренные пунктом 24 Правил, согласовываются в ходе переговоров между сторонами.

      26. После проведения операций с кредитно-дефолтным свопом дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 24 Правил.

6. Порядок проведения операций с опционом

      27. При проведении операций с опционом на внебиржевом рынке сторона запрашивает у другой стороны предоставить цену опциона (премию), определяет основные условия сделки (вид опциона, тип опциона (колл, пут или их комбинация), базовый актив и валюту сделки, основную сумму сделки, цену исполнения (страйк), размер премии, дату исполнения, дату валютирования.

      28. При проведении операций с опционом на биржевом рынке сторонами согласовываются размер премии, дата валютирования, а также иные стандартные условия для данного вида опциона.

      29. Премия указывается в базисных пунктах от номинала базового актива сделки или в процентах к цене базового актива (цене исполнения) и уплачивается на дату заключения сделки в соответствии с условиями сделки.

      30. Основные условия операций с опционом на внебиржевом рынке, предусмотренные пунктом 27 Правил, согласовываются в ходе переговоров между сторонами.

      31. Комбинация опционов пут и опционов колл оценивается по нетто-позиции данных сделок.

      32. При исполнении опциона покупатель представляет продавцу уведомление об исполнении опциона по системе "Reuters Dealing", "Bloomberg", "Barra" и другими средствами связи.

      33. После проведения операций с опционом дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 27 Правил.

7. Порядок проведения операций со свопционом

      34. При проведении операций со свопционом сторона запрашивает и согласовывает основные условия сделки у другой стороны согласно пункту 27 Правил, а в случае исполнения сделки, предоставляет продавцу уведомление в соответствии с пунктом 32 Правил.

      35. В случае исполнения сделки, совершаемой по операциям со свопционом, свопцион конвертируется в процентный своп, а цена исполнения свопциона - это фиксированная ставка по процентному свопу.

      После проведения операций со свопционом дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 27 Правил.

8. Порядок проведения операций с фьючерсом

      37. При проведении операций с фьючерсом на внешнем финансовом рынке сторона запрашивает у другой стороны котировку, либо подает заявку на исполнение сделки, совершаемой по операциям с фьючерсом и определяет основные условия сделки (вид фьючерса (базовый актив сделки), тип сделки (покупка/продажа), валюту фьючерса, количество сделок, сумму сделки, цену покупки/продажи, дату валютирования сделки, дату погашения фьючерса).

      38. При проведении операций по покупке фьючерса одна сторона принимает на себя обязательство купить у другой стороны базовый актив при наступлении срока исполнения сделки по операции, и уплатить деньги согласно цене покупки в соответствии с порядком, установленным для данных операций с фьючерсом.

      39. При проведении операций по продаже фьючерса одна сторона принимает на себя обязательство продать другой стороне базовый актив, при наступлении срока исполнения сделки по операции и получить деньги по согласованной цене продажи.

      40. В целях определения объема ценных бумаг для поставки по операции с фьючерсом используется коэффициент конвертации, через который определяется цена поставки данной ценной бумаги:

      К = PV / Р

      К - Коэффициент конвертации

      PV - Текущая стоимость будущих денежных потоков ценных бумаг

      Р - Стоимость по паритету

      DP = К х FP

      DP - Цена поставки

      FP - Цена фьючерса.

      41. После проведения операций с фьючерсом дилер подготавливает паспорт сделки, в котором указываются основные условия сделки, предусмотренные пунктом 37 Правил.