Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13259 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 29.08.2017 № 327 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағы 6-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы " ___ " ______



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген

Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7–бабы 1–тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұялы байланыс қызметтерінің техникалық өлшемдерін өлшеуді жүргізу рәсімінде қолдануға арналған.

      2. Әдістемеде пайдаланылатын негізі терминдер мен анықтамалар:

      1) бақылап жүру – мобильдік өлшеу кешенін белгілі бағдар бойынша қозғалыста пайдалана отырып, техникалық өлшеу әдісі;

      2) бақылау шақыру – мобильдік өлшеу кешені, тасымалдау өлшеу кешені немесе арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған мобильдік терминал бастамалайтын шақыру;

      3) байланыстың қолжетімділігі (қосылуды орнатудың қолжетімділігі) – шақырылып және шақырып отырған абоненттер арасында талап етілетін байланысты орнау ықтималдығы;

      4) байланыстың қолжетімділік көрсеткіші – жасалған шақыру талаптарының жалпы санынан сәтті шақырулар үлесі;

      5) байланыстың үздіксіздігі (орнатылған қосылудың сақталуы) - екі абоненттің арасында орнатылған қосылудың оларға тәуелсіз себептер бойынша уақытынан бұрын ажырамауы;

      6) байланыс үздіксіздігінің көрсеткіші – абоненттің бастамасы бойынша орнатылған байланыстың ажыраумен аяқталынатын шақырулар үлесі;

      7) дауыстық сэмпл – бақылау шақыру кезінде ойналған милисекундтағы белгілі ұзақтықтағы дыбыстық фрагмент;

      8) деректерді өңдеу жүйесі – деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығынан тұратын жүйе;

      9) жүргізілетін өлшеу орындарының жіктеуіші – өлшеудің қоршаған ортасын әкімшілік бөлінуі, жүргізілетін өлшеулердің түрі, ұйымдастырушылық қызмет түрі бойынша (жоспардан тыс, жоспарлы) бөлу;

      10) жылжымалы өлшеу кешені – өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын автокөлік негізіндегі аппараттық құрылғылардың мобильдік өлшеуіш кешені;

      11) қамту – ұялы байланыс желісі мен оның сервистеріне абоненттің қол жеткізу мүмкіндігін жанама түрде айқындайтын ерекшелік;

      12) қамту аймағы – оның шегінде желі абоненттің талабы бойынша байланыс қызметтерін көрсету қабілетін сақтайтын аумақ;

      13) мобильдік терминал (мобильдік телефон немесе модем) – байланыс сеанстарын жүзеге асыру мен қолдау қызметін қолдайтын аппараттық құрылғы;

      14) мобильдік өлшеуіш кешені – өлшеуді орындау міндеттерін шешуде қолданылатын аппараттық құрылғылардың жылжымалы немесе тасымалдау кешені;

      15) навигациялық құрылғы – жердегі ағымдағы құрылғының орналасқан орнын анықтау мақсатындағы спутниктік навигация жүйесімен сигнал алатын құрылғылар;

      16) өлшеу кешені – өлшеуді орындау міндетін шешуде қолданылатын, құрамына техникалық құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз ету кіретін аппараттық құрылғылар кешені;

      17) орнатылған байланыстың уақыттан бұрын ажырауы – абонент бастамаламай қосылудың (әңгіменің) ажырауы;

      18) радиожелілер талдағышы – желілік байланыс радиожелілерінің техникалық өлшемі мен сигналдарын тіркеуге арналған аспап;

      19) сәтсіз шақырулар – желінің әрбір учаскелеріндегі бұғаттауларға және техникалық жөнсіздіктерге байланысты жоғалған шақырулар;

      20) сәтсіз шақырулардың үлесі - сәтсіз шақырулардың өлшеу кезеңіндегі бақылау шақырулардың жалпы санына пайызбен немесе абсолюттік шамамен көрсетілген қатынасы;

      21) сәтті шақырулар – шақырылатын абоненттің жауап бермеуін немесе бос болмауын қоса алғанда, шақырылатын абонент станциясының жауабымен аяқталған шақырулар және/немесе абонент қызмет көрсету аумағынан тыс болуы немесе оның аппаратының сөндірілуі туралы оператордың жауабымен аяқталған шақырулар;

      22) сөздерді жеткізу сапасы – байланыс жүйесіне түскен ақпараттық сигнал сөздерін (дауыс қаттылығы, түсініктілігі) жеткізу параметрлері сипаттамасына жиынтығы;

      23) сөздерді жеткізу сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі - сөздерді жеткізу сапасы бойынша нормативттерді қанағаттандырмайтын шақырулардың (орнатылған қосылулардың) өлшеу кезеңіндегі бақылау шақырулардың жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;

      24) сөздің түсініктілігі - жалпы айтылған сөйлеу элементтерінің жалпы санынан тыңдаушылар дұрыс қабылдаған салыстырмалы немесе пайыздық саны;

      25) тасымалданатын өлшеу кешені – мекен мен үй-жайдан өлшеуді орындау міндеттерін шешу үшін қолданылатын, құрамына техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету кіретін аппараттық құрылғылардың аз габаритті мобильдік кешені;

      26) таймаут – мерзімі өткен соң келесі виртуалды оқиғалар жүзеге асатын белгіленген уақыт аралығы;

      27) техникалық өлшем – тікелей бақылау арқылы аңықтауға жататын қызметтің көрсетілуі немесе тұтынылуының белгілі шарттарына сәйкес қарастырылатын, оның сапасына кіретін бір немесе бірнеше қызмет қасиетінің сандық сипаттамасы;

      28) ұялы байланыс қызметінің сапасы – объективті және субъективті өлшем негізде бағалауға жататын, көрсетілетін қызмет сипаттамаларының жиынтық көрсеткіші;

      29) қызмет сапасының көрсеткіші – есептеу жолымен аңықтауға жататын қызметтің көрсетілуі немесе тұтынылуының белгілі шарттарына сәйкес қарастырылатын, оның сапасына кіретін бір немесе бірнеше қызмет қасиетінің сандық сипаттамасы;

      30) ұялы байланыс қызметтері сапасының техниқалық өлшемдерін өлшеу (бұдан әрі - өлшеу) – арнайы техниқалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолымен қажетті шаманың мәнін табу.

      3. Осы Әдістемеде мынадай қысқартулар қолданылады:

      GSM (Global System for Mobile Communications) – екінші буынды ұялы байланыс технологиясы;

      UMTS (Universal Mobile Telecommunications System) – үшінші буынды ұялы байланыс технологиясы;

      SIM – абонентті сәйкестендіру үшін ұялы байланыста қолданылатын модуль-карта;

      LTE (Long Term Evolution) – төртінші буынды ұялы байланыс технологиясы;

      PESQ (Perceptual Evaluation of Speecg Quality) – сөздің дәлдігін бағалау алгоритмі;

      POLQA (Perceptual Objective Listening Quality Assessment) – жаңа буын сөзінің дәлдігін бағалау алгоритмі;

      SMS (Short Message Service) – қысқа мәтінді хабарламалар сервисі;

      MOS (Mean Opinion Score) – сөзді жеткізу сапасын орташаландырған сараптамалық бағалау;

      4. Өлшеу объектісі Қазақстан Республикасы байланыс желілеріндегі ұялы байланыс қызметі сапасының техникалық өлшемдері болып табылады.

      5. Техникалық өлшем қосылудың келесі түрлері үшін өлшенеді:

      шақыру орнатылған кезде дауыстық ақпаратты қабылдау/жіберу үшін;

      қысқа мәтінді хабарламаларды қабылдау/жіберу үшін.

      6. Ұялы байланыс желісі мынадай технологиялардың негізінде ұйымдастырылуы мүмкін: GSM, UMTS, LTE.

2. Өлшеулер жүргізу шарттары

      7. Өлшеулер желіні шамадан артық жүктемесіз, кідірулерсіз пайдалану режимінде, ұялы байланыс жабдығы және пайдаланылатын өлшеу құралдарының пайдалану құжаттарында көрсетілген климаттық жағдайларда жүргізіледі.

      8. Жылжымалы кешенін пайдалана отырып өлшеу елді-мекеннің электрондық карталарын және(немесе) қағаз тасығыштағы елді-мекен карталарын пайдаланумен жүргізіледі.

      9. Мекенде және үй–жайда тасымалданатын өлшеу кешенін пайдалана отырып өлшеу мекеннің, үй–жайдың жоспар-схемасын пайдалана отырып жүргізіледі.

      10. Өлшеу нүктелерінің географиялық координаталарын аңықтау үшін өлшеу жабдығының құрамына кіретін немесе мобильдік терминалға кіріктірілген навигациялық құрылғы пайдаланылады.

      11. Ұялы байланыс қызметі сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу кезінде мыналар шарттар болжамдалады:

      ұялы байланыс желінің жабдығы дайын жай-күйінде;

      бағдардың екінші жағында "шақырушы абонент - шақырылатын абонент" тізбегіндегі абоненттің жабдығы шақыруға жауап беруге дайын.

      12. Өлшеу кешендері мен қосалқы жабдық техникалық құжаттамаға сәйкес жұмысқа дайын болуы тиіс.

      13. Өлшеу бағдары оператордың ресми интернет ресурсынде жарияланған, оператор тапсырыс берген қамту аймағын ескере отырып жоспарланады. Өлшеу бағдары осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес бағдарды жоспарлауға ұсынымдар негізінде жасалады.

      14. Өлшеуді орындаған кезде мыналар сақталады:

      1) мемлекеттік санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтер талаптары;

      2) қолданылатын өлшеу құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген қауіпсіздік бойынша талаптар.

3. Өлшеулер жүргізу рәсімі
1-параграф. Өлшеу әдісі

      15. Өлшеулер бақылау шақыру әдісімен жүргізіледі.

      16. Әрбір бақылау шақыруды орындаған кезде қосылудың мәртебесін сипаттайтын виртуалдық нүктелер тіркеледі. Техникалық өлшемдерді өлшеу осы негізгі нүктелер бойынша жүргізіледі.

      17. Бақылау шақырулары шығыс және кіріс шақыру үшін кезекпен орындалуы тиіс.

      18. Бақылау шақырулары:

      басқа мобильдік терминалға дейін;

      тіркелген байланыс операторының желісіне қосылған стационарлық телефон аппараттарына (автожауапбергіш) орындалуы мүмкін.

2-параграф. Қолданылатын өлшеу құралдары

      19. Құралдар:

      1) жылжылмалы өлшеу кешендері;

      2) тасымалданатын өлшеу кешендері;

      3) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған мобильдік терминалдар болып бөлінеді.

      20. Жылжымалы өлшеу кешені мынадай бөліктерден тұрады:

      1) радиожеліні талдағыш;

      2) мобильдік терминалдар (ұялы телефондар және(немесе) модемдер);

      3) сыртқы антенналар;

      4) деректерді өңдеу жүйелері;

      5) навигациялық құрылғылар;

      6) қосымша жабдық.

      Жылжымалы өлшу кешенінің құрамы мен қосу схемасы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      21. Тасымалданатын өлшеу кешені мыналардан тұрады:

      1) мобильдік терминалдар (ұялы телефондар және(немесе) модемдер);

      2) контроллер (мобильдік терминалдарды басқаруға арналған құрылғы);

      3) радиожеліні талдағыш;

      4) навигациялық құрылғылар;

      Қажет болған кезде, тасымалданатын өлшеу кешеніне радиожеліні талдағыш және(немесе) навигациялық құрылғы қосылады.

      Тасымалданатын өлшеу кешенін құрамы мен қосу схемасы осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

      22. Техникалық өлшемдерін өлшеу үшін мобильдік терминал мыналардан тұрады:

      1) мобильдік құрылғы;

      2) мобильдік құрылғыға орнатылған, ұялы байланыс желісінде өлшеулер жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.

3-параграф. Өлшеуді орындау бірізділігі

      23. Өлшеу мынадай бірізділікпен жүргізіледі:

      1) өлшеу бағдарының схемасы әзірленеді. Бұл үшін желімен қамтудың ұсынылған картасының негізінде бақылау айналымын жүргізу жоспарланатын аумақ белгіленеді;

      2) таңдалған аумақ шекарасы жасалынады және мобильдік өлшеу кешенінің қозғалыс бағдары схемасы картасына енгізіледі;

      3) өлшеу құралдары оларға қоса берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұялы байланыс қызметтері сапасының талап етілетін өлшемдерін өлшеу үшін күйге келтіріледі;

      4) қажетті техникалық өлшемдерді автоматты режимде өлшеу жүргізіледі;

      5) өлшеу нәтижелерін одан әрі өңдеу мен есептеу үшін сақталады.

      24. Ұй-жай ішінде өлшеу жүргізу кезіндегі іс-қимылдар бірізділігі осы Әдістеменің 23–тармағы 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес орындалады.

      25. Бақылап жүру нәтижесінде әрбір бағдар үшін жылжымалы байланыс қызметтерінің мынадай өлшемдерінің нәтижелері графикалық және кесте нысандарында алынып, автоматты түрде қалыптастырылады:

      байланыс қолжетімділік көрсеткіштерін, байланыстың үздіксіздігін бағалауға арналған өлшемдер;

      телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты мен жауап сигналының кідіру уақытының мөлшерін бағалауға арналған өлшемдер;

      сөздің орташа айқындығын бағалауға арналған өлшемдер;

      қысқа мәтінді хабарлама жіберу қызметін сипаттайтын өлшемдер.

      26. Байланыстың қолжетімділік, үздіксіздік көрсеткіштерін бағалау осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген негізгі техниқалық өлшемдерді өлшеу цикліне сәйкес жүргізіледі. Қосылуды белгілеу уақыты және сәтті қосылу уақыты өткен соң қайта қосылуды орнату әрекеті өлшеу нәтижелерінде сәтсіз ретінде ескеріледі. Өлшеудің максималды жалпы ұзақтығы шақыруды аяқтау мен қорғау үзілісінің ұзақтығынан аспауы тиіс.

      27. Жауап сигналын кідірту шамасы және телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты бағалау үшін өлшеу кешенімен тңркелген өлшемдер қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, түсіндіруге жатады.

      28. Сөздің түсініктілігін отраша бағалауға арналған өлшемдерді өлшеу PESQ алгоритмін пайдалана отырып жүргізіледі.

      Өлшеу сөйлеу сапасының орташа бағалау мәні дауыстық сэмплдер сапасын бағалау мәндері жалпы сомасының дауыстық сэмплдер санына қатынасы ретінде есептелетін әдіспен жүргізіледі.

      Сөйлеудің отраша түсініктілігін бағалау өлшемдері барлық жіберілген сөздік бірізділіктер үшін сөйлеудің сапа көрсеткіштерін бағалауды қамтитын статистикалық өңдеу нәтижесі ретінде есептеледі.

      29. Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалар үлесін есептеу өлшемдері өлшеу кешенінің құрамына кіретін мобильдік терминалдардан тестілік қысқа мәтінді хабарламаларын жіберумен бір уақытта жіберу және бір уақытта жіберу мәртебесін және басты оқиғалар бойынша жеткізу уақыты белгілеу әдісімен өлшенеді.

      Қысқа мәтінді хабарлама жіберу қызметін сипаттайтын параметрлерді өлшеу циклі осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген.

      Тестілерді орындауды бастағанға дейін қабылданған қысқа мәтінді хабарламаны сақтау үшін пайдаланылатын мобильдік терминалдың жадысы тазартылады. Тестілеу процесінде жадының жетіспеушілігінен кідірулерге жол бермеу мақсатында қабылдағыш мобильдік терминалдың жадысын тазалау жүргізіледі. Жадыны тазалау жүргізілгеннен кейін тестілердің саны пайдаланылатын мобильдік терминал жадысының көлеміне байланысты анықталады және хаттамада көрсетіледі.

4-параграф. Өлшеу қателігінің сипаттамасы мен өлшеу нәтижелерінің нақтылығын бақылау

      30. Тиісті нақтылықты қамтамасыз етуге арналған бақылау шақыруларының саны өлшеулер жүргізіліп жатқан орындардың кластарына байланысты айқындалады.

      31. Өлшеулер жүргізілетін өлшеу орындарының жіктеуіші осы Әдістемеге 6-қосымшада келтіріледі.

      32. Д0, Д1, Д2, Д3 мекенінің кластары бойынша өлшеуді жүргізген кезде Қазақстан Республикасы "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабы 1-1-тармағына сәйкес бекітілген нормативтік мәндер тиісті көрсеткіш үшін күтілетін Бақылау шақыруларының саны ҚР 1784-2008 ҰС "Ұтқыр телекоммуникациялық байланыс. Ұялы байланыс қызметі сапасының параметрлері және көрсеткіштері" сәйкес сенімді ықтималдығы 95% кезінде салыстырмалы қателігі 10% болатын әрбір өлшемдердің бағасын алу үшін жеткілікті болуы тиіс.

      33. Бағалаудың түрлі нақтылығы үшін сенімді ықтималдық а=95 % кезінде қажетті бақылау шақырулардың ең аз саны осы Әдістемеге 7-қосымшада келтірілген.

      34. С1С, С2В, О1С, О2В кластар үшін бақылау шақыруларының қажетті санын есептеу нормаларды кепілденген сақтау/бұзу шекараларын белгілей отырып, толеранттық шектердің алгоритмі пайдаланумен жүргізіледі. Толеранттық шектер алгоритмінің сипаттамасы осы Әдістемедеге 8-қосымшада келтірілген.

      35. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР 2.4. ҰС "Өлшем бірлігіін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарының салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі" сәйкес қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі.

5-параграф. Өлшеу нәтижелері мен есептеу алгоритмдерін өңдеу

      36. Өлшеу жолымен алынған техникалық өлшемдерді өңдегеннен кейін ұялы байланыс қызметінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер есептеледі. Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдері осы Әдістемеге 9-қосымшада көрсетіледі.

      37. Ұялы байланыс (тіркелген телефондық) желісі абонентімен бекітілген қосулы кезіндегі шақырудың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің (байланыстың қолжетімділік көрсеткіші) көрсеткіші тестік дауыстық қосылыстардың жалпы санына дыбыстық қосылыстың белгіленуінің сәтсіз әрекеттер санына қатынасы ретінде анықталады.



      Q – дауыстық қосылысты белгілеудің сәтсіз әрекетінің саны;

      N – тестік дауыстық қосылыстардың жалпы саны.

      38. Абоненттің бастамасынсыз белгіленген қосылудың мерзімінен бұрын ажырауымен аяқталған шақырулар үлесінің (үзіліссіз байланыс көрсеткіші) көрсеткіші абоненттің бастамасынсыз аяқталған қосылыстар мөлшеріне сәтті шақырудың жалпы мөлшеріне қатынас ретінде анықталады.



      R – мобильдік терминалдың бастамасынсыз аяқталған қосылыстар саны;

      N – сәтті шақырулардың жалпы саны.

      39. Ұялы (телефондықпен белгіленген) желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесінің көрсеткіші шақырудың жалпы мөлшеріне жауап сигналының кідіру уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын қосылыстар мөлшеріне қатынас ретінде есептеледі.



      E – қосылыстың белгіленген уақыт өлшемі бойынша жиынтық;

      N – тестілік дауыстық қосылыстардың жалпы саны.

      40. Қосылуды орнатудың орташа уақытының көрсеткіші өлшем белгіленген қосылыс мөлшеріне қосылыстың белгіленген уақытының өлшемдерінің мәнінің жиынтығына қатынас ретінде анықталады.



      S – жауап сигналының кідіру уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын қосылыстар саны;

      N – тестілік дауыстық қосылыстардың жалпы саны.

      41. Сөзді жеткізу сапасы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар үлесінің көрсеткіші тестілік дауыстық сэмплдің жалпы санына сөздің төмен айқындылығымен қабылданған дауыстық сэмплдың санына қатынасымен анықталады.



      N<2.8 – сөздің анықтығы төмен қабылданған тестілік дауыстық сэмплдің саны (MOS PESQ< 2.8, MOS POLQA< 2,6);

      N – тестілік дауыстық сэмплдің жалпы саны.

      42. Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалар үлесі

      Көрсеткіш жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалардың санының жөнелтілген қысқа хабарламалардың жалпы санына қатынас ретінде анықталады.



      Z – жетізілмеген қысқа хабарламалар саны;

      N – жөнелтілген қысқа хабарламалардың жалпы саны.

      Көрсеткіш бір мобильдік терминалдан екінші мобильдік терминалға қайталамалы жеткізілген және бұрмаланған хабарламаларды ескере отырып, сәтсіз жеткізілген қысқа мәтінді хабарламалар үлесін көрсетеді.

6–параграф. Өлшеу нәтижелер ұсыну нысаны

      43. Өлшеу жүргізу қорытындылары бойынша осы Әдістемеге10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу нәтижелері туралы есеп қалыптастырылады.

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 1-қосымша

Бағыттарды жоспарлауға ұсынымдар

      Бақылап жүруді орындау алдында келесі ұсынымдарға сәйкес алдын-ала қозғалыс бағдары құрылады:

      1) өлшеу бағдары орталық алаңдарды, ірі сауда және мәдени орталықтар мен мекемелердің аумақтарын, вокзалдар мен әуежайларға, білім беру мекемелеріне және өзге де әлеуметтік маңызды объектілерге кіруге рұсат етілетін туристік аймақтарға, сондай-ақ абоненттердің шоғырлану тығыздығы жоғары өзге аумақтарға кіру жолдарын қамтиды;

      2) елді-мекендерде өлшеу бағдары магистральдық жолдардың, қаланың әкімшілік шекарасы шегіндегі қозғалыстың жоғары тығыздығы бар көшелердің барынша үлкен санын, сондай-ақ орамды, айналма жолдарды қамтиды;

      3) елді-мекендерден тыс жерлерде өлшеу бағдары өлшеулер жүргізу аумағы шегінде елді-мекендерді қосатын автомобиль жолдарын қамтиды;

      4) өлшеу бағдары өлшеулер жүргізілетін аумақ бойынша тең бөлінеді болу керек;

      5) өлшеу бағдары тұрғындар мен трафиктің елді–мекендердің тиісті аудандарында ("көлік қозғалысы аз аудандар", кәсіпорындар мен кеңселер орналасқан аудан және т.б.) шоғырлану уақытын есекере отырып, әзірленеді;

      Өлшеулерді жүргізген кезде жолдарды жөндуге, өту жолдарын жабуға, шлагбаумдарға, жолдардың нашар төсеміне байланысты алдын-ала белгіленген бағдардан кейбір ауытқуларға жол берілді.

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 2-қосымша

Жылжымалы өлшеу кешенінің құрамы мен қосылу схемасы

      Жылжымалы өлшеу кешені мыналарды қамтиды:

      1) радиожеліні талдағыш;

      2) мобильдік терминалдар;

      3) сыртқы антенналар;

      4) деректерді өңдеу жүйелері;

      5) навигациялық жабдық;

      6) қосалқы жабдық.



  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 3-қосымша

Тасымалданатын өлшеу кешенінің қосылу құрамы мен схемасы

      Тасымалданатын өлшеу кешені мыналарды қамтиды:

      1) мобильдік терминалдар;

      2) контроллер;

      3) радиожеліні талдағыш;

      4) навигациялық жабдық.



  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 4-қосымша

Негізгі техникалық өлшемдерді өлшеу циклі
Дауыстық қызметтің қолжетімділік көрсеткішін есептеуге арналған өлшемдерді өлшеу циклі

Шақыру бағыты

Операция

Ұзақтығы, сек.

1

2

3

Мобильдік терминал бастамалаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (CallWindow)

55

Қосылуды орнату (Callsetuptime)

10

Сәтті қосылу ұзақтығы (CallDuration)

10

Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес

20

Мобильдік терминал қабылдаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (CallWindow)

55

Қосылуды орнату (Callsetuptime)

25

Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)

10

Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес

20


      Қызметтің үздіксіздік көрсеткішін есептеуге арналған өлшемдерді өлшеу кезеңі

Шақыру бағыты

Операция

Ұзақтығы, сек.

1

2

3

Мобильдік терминал бастамалаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (Call Window)

175

Қосылуды орнату (Call setup time)

15

Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)

125

Қоңыраулар арасындағы қорғау үзілісі, кем емес

30

Мобильдік терминал қабылдаған шақыру

Өлшеудің жалпы ұзақтығы (Call Window)

175

Қосылуды орнату (Call setup time)

25

Сәтті қосылу ұзақтығы (Call Duration)

125

Қорғау үзілісі, кем емес

30

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 5-қосымша

Қысқа мәтінді хабарламаларды жеткізу қызметін сипаттайтын өлшемдерді өлшеу циклі

Операция

Ұзақтығы, сек.

1

2

Тестінің жалпы ұзақтығы (Transmission window of measurements)

175

Қысқа мәтінді хабарламаны бір жақтан екінші жаққа жеткізуге арналған таймаут

115

Бірізділікпен жіберілетін қысқа мәтінді хабарлама арасындағы үзіліс, кем емес

60

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 6-қосымша

Өлшеулер жүргізілетін орындардың жіктеуіші

Жүргізілетін өлшеулерді жіктегіш

С1С

Әуежайлар, теміржол/автобус вокзалдары, Бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрме орындары, мәдени-жаппай іс-шаралар өткізу орындары

Ғимараттардың сыртында орындалатын өлшеулер

С2В

Әуежайлар, теміржол/автобус вокзалдары, Бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрме орындары, мәдени-жаппай іс-шаралар өткізу орындары

Ғимараттардың ішінде орындалатын өлшеулер

Д0

Тұрғындар саны 1 миллионан астам қалалар

Тек қана қозғалыс кезінде орындалатын өлшеулер

Д1

Республикалық маңызы бар және/немесе тұрғындар саны 300 мыңнан астам қалалар

Д2

Қалалық елді-мекен (тұрғындар саны 50000-нан 300000 дейін орташа және ірі қалалар)

Д3

Ауылдық елдімекен және тұрғындар саны 50000 дейін кіші қалалар

Д4

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар

Д5

Қозғалыс үстіндегі пойыздарда

О1С

Келіп түскен өтініштердің негізіндегі ғимарат сыртындағы өлшеулер

Ғимараттардың сыртында орындалатын өлшеулер

О2В

Келіп түскен өтініштердің негізіндегі ғимарат ішіндегі өлшеулер

Ғимараттардың ішінде орындалатын өлшеулер


      Ескертпе:

      С1С, С2В кластары бойынша өлшеулер статистикалық жинақтау жолымен тікелей орында жүргізіледі, Д0, Д1, Д2, Д3, Д4, Д5 кластары бойынша – қозғалыс үстінде, О1С, О2В кластары бойынша – келіп түскен өтініштер негізінде жүргізіледі.

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 7-қосымша

Әртүрлі бағалау нақтылығы үшін сенімді ықтималдығы 95% кезінде бақылау шақырулардың қажетті ең аз саны

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Салыстырмалы қателік кезіндегі бақылау шақырулардың саны

үлесі

5%

10%

20%

1

2

3

4

0,01

39600

9900

2500

0,015

26200

6500

1600

0,020

19600

4900

1200

0,025

15600

3900

1000

0,03

12900

3200

800

0,035

11000

2700

700

0,04

9600

2400

600

0,05

7500

1900

500

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 8-қосымша

Толеранттық шектер алгоритмін сипаттау

      Қажетті дәлдікті қаматамасыз ету үшін шақыру әрекеттерінің қажеті санын есептеу ИСО 16269-6:2003.

      Тиісті нақтылығы қаматамасыз ету үшін шақырулардың қажетті санын есептеу сәтсіз шақырулардың саны s аспайтын, шақыруларды жоғалтудың белгіленген нормасы p және шақыру әрекеттерінің саны n тең фактісінің орын алу ықтималдығын P(S<s) байланыстыратын формуланың көмегімен орындалады:




шақырулардан кейін олардың k сәтсіз болу ықтималдығы;

-нен k дейінгі үйлесімдердің саны;

S<s шартына сәйкес барлық нұсқалар бойынша жиынтығы.

      Формуланы қолдану екі есеп нүктесін береді:

      - Норманы кепілдікті сақтау шекарасы кері ықтималдық формуласына сүйене отырып, есептеледі:



      Бұл жағдайда, s және n мәндері мына шартқа сәйкес болады: егер n шақыруларды орындағаннан кейін жоғалған шақырулардың саны s аспаса, p сәтсіз шақыруларды үлесінің нормасы P сенімді ықтималдығымен сақталатын болады.

      Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кездегі шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын (p=5.0%) және тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнатқан кездегі шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесінің нормаларын (p=3.0%) сақтау шекаралары кестеде көрсетіледі.

      1–кесте. Сәтсіз шақырулардың үлесін жалпы шақырулар санынан аңықтау үшін сәтсіз шақырулар санын есептеу.

p=3.0%

p=5.0%

n-шақырулардың жалпы саны

s- сәтсіз шақырулардың саны

сәтсіз шақырулардың үлесі,%

n- шақырулардың жалпы саны

s- сәтсіз шақырулардың саны

сәтсіз шақырулардың үлесі,%

n- шақырулардың жалпы саны

s- сәтсіз шақырулардың саны

сәтсіз шақырулардың үлесі,%










98

0

0

58

0

0

1809

75

4.146

156

1

0.642

92

1

1.087

1831

76

4.151

207

2

0.966

123

2

1.626

1853

77

4.155

256

3

1.172

152

3

1.974

1875

78

4.16

302

4

1.325

180

4

2.222

1896

79

4.167

347

5

1.441

207

5

2.415

1918

80

4.171

391

6

1.535

233

6

2.575

1940

81

4.175

435

7

1.609

259

7

2.703

1962

82

4.179

477

8

1.677

285

8

2.807

1984

83

4.183

520

9

1.731

310

9

2.903

2005

84

4.19

561

10

1.783

335

10

2.985

2027

85

4.193

603

11

1.824

360

11

3.056

2049

86

4.197

644

12

1.863

385

12

3.117

2070

87

4.203

685

13

1.898

409

13

3.178

2092

88

4.207

725

14

1.931

433

14

3.233

2114

89

4.21

765

15

1.961

457

15

3.282

2136

90

4.213

805

16

1.988

481

16

3.326

2157

91

4.219

845

17

2.012

505

17

3.366

2179

92

4.222

885

18

2.034

529

18

3.403

2201

93

4.225

924

19

2.056

553

19

3.436

2222

94

4.23

964

20

2.075

576

20

3.472

2244

95

4.234

1003

21

2.094

600

21

3.5

2265

96

4.238

1042

22

2.111

623

22

3.531

2287

97

4.241

1081

23

2.128

646

23

3.56

2309

98

4.244

1120

24

2.143

670

24

3.582

2330

99

4.249

1158

25

2.159

693

25

3.608

2352

100

4.252

1197

26

2.172

716

26

3.631

2374

101

4.254

1235

27

2.186

739

27

3.654

2395

102

4.259

1274

28

2.198

762

28

3.675

2417

103

4.261

1312

29

2.21

785

29

3.694

2438

104

4.266

1350

30

2.222

808

30

3.713

2460

105

4.268

1389

31

2.232

831

31

3.73

2481

106

4.272

1427

32

2.242

854

32

3.747

2503

107

4.275

1465

33

2.253

876

33

3.767

2524

108

4.279

1503

34

2.262

899

34

3.782

2546

109

4.281

1541

35

2.271

922

35

3.796

2568

110

4.283

1578

36

2.281

944

36

3.814

2589

111

4.287

1616

37

2.29

967

37

3.826

2611

112

4.29

1654

38

2.297

990

38

3.838

2632

113

4.293

1691

39

2.306

1012

39

3.854

2654

114

4.295

1729

40

2.313

1035

40

3.865

2675

115

4.299

1767

41

2.32

1057

41

3.879

2697

116

4.301

1804

42

2.328

1080

42

3.889

2718

117

4.305

1842

43

2.334

1102

43

3.902

2740

118

4.307

1879

44

2.342

1125

44

3.911

2761

119

4.31

1916

45

2.349

1147

45

3.923

2782

120

4.313

1954

46

2.354

1169

46

3.935

2804

121

4.315

1991

47

2.361

1192

47

3.943

2825

122

4.319

2028

48

2.367

1214

48

3.954

2847

123

4.32

2065

49

2.373

1236

49

3.964

2868

124

4.324

2102

50

2.379

1259

50

3.971

2890

125

4.325

2139

51

2.384

1281

51

3.981

2911

126

4.328

2177

52

2.389

1303

52

3.991

2933

127

4.33

2214

53

2.394

1325

53

4

2954

128

4.333

2251

54

2.399

1347

54

4.009

2975

129

4.336

2288

55

2.404

1370

55

4.015

2997

130

4.338

2324

56

2.41

1392

56

4.023




2361

57

2.414

1414

57

4.031




2398

58

2.419

1436

58

4.039




2435

59

2.423

1458

59

4.047




2472

60

2.427

1480

60

4.054




2509

61

2.431

1502

61

4.061




2545

62

2.436

1524

62

4.068




2582

63

2.44

1546

63

4.075




2619

64

2.444

1568

64

4.082




2656

65

2.447

1590

65

4.088




2692

66

2.452

1612

66

4.094




2729

67

2.455

1634

67

4.1




2765

68

2.459

1656

68

4.106




2802

69

2.463

1678

69

4.112




2839

70

2.466

1700

70

4.118




2875

71

2.47

1722

71

4.123




2912

72

2.473

1744

72

4.128




2948

73

2.476

1765

73

4.136





      Ескертпе:

      Кестені пайдалану мысалы:

      Өлшеулерді жүргізу барысында 158 бақылау шақырулар орындалды, оның ішінде бір шақыру сәтсіз болды, кесте деректері бойынша сәтсіз шақырулардың үлесі 0,642 тең.

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 9-қосымша

Ұялы байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдері

Техникалық өлшемдер

Шақыру оқиғалары

Қызмет сапасының көрсеткіші

1.

2

3

4

2.

Дауыстық ақпаратты жіберу


Дауыстық қосылуды орнатудың сәтсіз әрекеттер саны.

Орнатылған қосылулардың жалпы саны.

Сәтсіз әрекет: қосылу 15с ішінде орнатылған жоқ

Бастапқы нүкте:

RACH хабарлама арнасы бойынша жіберу

GSM үшін - "ACHANNEL_REQUEST";

"Originating Conversational Call" сұрау себебімен "RRC CONNECTION REQUEST" бастапқы хабарламаның UMTS үшін

Соңғы нүкте:

"ALERTING" хабарламалары жіберілді:

1. В жағынан коммутаторға (UL);

2. коммутаторданA (DL) жағына

Ұялы (тіркелген) байланыс желісі абонентімен қосылуды орнату кезінде жалпы шақырулар санынан сәтсіз шақырулар үлесі


Сәтті орнатылған қосылулардың үзілу саны

Сәтті орнатылған қосылулардың жалпы саны.

Қосылуды үзу - оны абоненттің бастамашылығысыз тоқтату

Бастапқы нүкте:

"ALERTING" хабарламалары жіберілді:

1. В жағынан коммутаторға (UL);

2. коммутаторданA (DL) жағына

Соңғы нүкте:

GSM үшін: хабарламаларды қабылдау

"DISCONNECT" тарапы

А немесе В

UMTS үшін: бір уақытта "DISCONNECT" хабарламасы бір терминалдан коммутатор бағыты бойынша және хабарлама бақыланбайды

Орнатылған қосылудың қосылу бастамашылығысыз бойынша ажыраумен аяқталған шақырулар үлесі


Сөйлеудің түсініктілігі төмен дауыстық қосылулардың саны (дауыстық сэмпл)

Дауыстық қосылулардың жалпы саны (дауыстық сэмпл)

ITU-TR.862 (MOS PESQ< 2,8, MOS POLQA< 2,6) ұсынымдарға сәйкес түсініктіліктің ұсынылған деңгейінен төмен тестілік сөздік реттіліктердің үлесі


Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар үлесі

2

Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы


Өлшеулердің барлық сеансы бойынша шақырудың кідіру уақытының шамасы жөніндегі нормативтерді қанағаттандырмайтын бақылау шақырулардың саны.

Өлшеулердің барлық сеансы уақытындағы бақылау шақырулардың жалпы жиынтық саны.

Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі.

Бастапқы нүкте:

Хабарламаны RACH арнасы бойынша жіберу

GSM үшін - "A CHANNEL_REQUEST";

"Originating Conversational Call" сұрау салу себебімен "RRC CONNECTION REQUEST" бастапқы хабарламаның UMTS үшін

Соңғы нүкте:

"ALERTING" хабарламалары жіберілді:

1. В жағынан коммутаторға (UL);

2. коммутаторданA (DL) жағына

Жауап беру сигналының кідіру уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын ұялы байланыс (тіркелген) желіде аяқталатын шақырулардың үлесі

Ұялы (тіркелген) байланыс желіде аяқталатын ұялы байланыс желідегі телефондық қосылуды белгілеудің орташа уақыты және жауап белгісін кідірту уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулар

3.

SMS хабарламаларды жеткізу


Жеткізілмеген SMS хабарламалардың саны

Жіберілген SMS хабарламалардың жалпы саны

Бастапқы нүкте:

Жіберуші мобильдік терминал SMS сервиске сұрау салумен "CM Service Request" хабарлама жіберді

Соңғы нүкте:

Қабылдағыш мобильдік терминалда хабарлама қабылданды "Message Transfer" (қабылдағыш терминал CP_DATA хабарлама жіберді (RP_ACK)

Жеткізілмеген SMS хабарлама: SMS хабарлама В жағында таймаут аяқталғанға дейін қабылданған жоқ, немесе қайталанды, не бұрмаланды

Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалар үлесі

SMS жеткізу уақытының шамасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын SMS үлесі


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      1. BCCH – базалық станциядан мобильдік терминал бағытына басқару ақпаратын жөнелту үшін қажетті басқарудың кең тарату арнасы;

      2. RxLevel (ReceivedLevel) - GSM, dBm технологиясындағы пайдалы сигнал деңгейінің көрсеткіші;

      3. RSCP (ReceiveSignalCodePower) – UMTS, dBm технологиясындағы мобильдік станция қабылдағыш енуінде қолданылатын пайдалы сигнал деңгейінің көрсеткіші;

      4. RSRP (ReferenceSignalReceivedPower)- LTE, dBm технологиясының мобильдік станциясының қабылдағыш енуінде қабылданған пилоттық сигналдың қуаттылығының орташа мәні;

      5. RACH (RandomAccessChannel) – мобильдік терминалдан базалық станцияға бағыттағы басқарудың жеке каналының белгіленуі туралы сұрану үшін қолданылатын рұқсат каналы;

      6. RRCCONNECTIONREQUEST – бекітілген қосылыстың бірінші деңгейінде мобильдік терминал жөнелткен хабарлама;

      7. ACHANNEL_REQUEST – каналдың бөлінуіне сұранысқа ие мобильдік терминал жөнелткен хабарлама;

      8. ALERTING (ескерту) – мобильдік терминалдың жауапалдылық күйін сипаттайтын хабарлама;

      9. DISCONNECTED (ажыратылған) – ажыратылған қосылысты сипаттайтын хабарлама;

      10. SMS (ShortMessageService) – ұялы телефон көмегімен қысқа мәтінді хабарламаларды қабылдау мен жөнелтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технология;

      11. SYN (synchronize) – қосылысты бекіту үшін тұтынушы жөнелткен топтама;

      12. UL (UpLink) – мобильдік терминалдан базалық станцияға канал;

      13. DL (DownLink) – базалық станциядан мобильдік терминалға арна.

  Ұялы байланыс қызметтері
сапасының техникалық өлшемдерін
өлшеу әдістемесіне 10-қосымша

Ұялы байланыс көрсетілетін қызметі сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу нәтижелері туралы есеп

      __________ қаласы 20__ж. "__" _______

      Өлшеулер жүргізудің

      негіздемесі:________________________________________________________.

      Өлшеулерді жүргізген қызметкерлердің Т.А.Ә. және

      лауазымы:____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Елді-мекеннің облысының, ауданы атауы нақтыланған

      мекенжайы, атауы:

      _____________________________________________________________________

      Өлшеулер жүргізудің әкімшілік шекарасы:

      _____________________________________________________________________

      Өлшеулер кешенінің сәйкестендіру деректері (жабдық түрі,

      тексеру мерзімі):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. Ұялы байланыс қызметі сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу

      нәтижелері

      1-кесте

      ________ стандартына арналған мобильдік терминалдарының қоңырау шалуларының статистикасы

Ұялы байланыс операторы

Орнатылған қосылулардың жалпы саны

Қосылуларды орнатудың сәтсіз әрекеттер саны

Сәтті орнатылған қосылулардың үзілу саны

1





2





3









n






      2-кесте

      ________ стандартына арналған мобильдік терминалдардан SMS жіберу статистикасы

Ұялы байланыс операторы

Жіберілген SMS жіберу хабарламалардың жалпы саны

SMS жеткізілмеген хабарламалардың саны

1




2




3







n





      3-кесте

      ______________ ұялы байланыс операторының сөздерді жеткізу сапасы

Сапа өлшемі

Стандарт

GSM

WCDMA

LTE

1

Дауыстық қосылулардың жалпы саны (сэмпл)




2

Сөйлеудің түсініктілігі төмен дауыстық қосылулардың (дауыстық сэмпл) саны





      4-кесте

      ______________ ұялы байланыс операторының абонентінен абонентіне қосылуды орнату уақыты

Сапа өлшемі

Стандарт

GSM

WCDMA

LTE

1

Шақырулардың жалпы саны




2

Жауап беру сигналының

15 с артық кідіру шамасымен шақырулар саны




3

Жауап беру сигналының

10 с артық кідіру шамасымен шақырулар саны





      5-кесте

      ______________ операторы көресетін ұялы байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері

Көрсетілетін қызметтер сапасының көрсеткіші

Стандарт

GSM

WCDMA

LTE

1

Ұялы байланыс желісі абонентімен бекітілген қосулы кезіндегі шақырулар жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесі, %




2

Тіркелген телефондық желісі абонентімен бекітілген қосулы кезіндегі шақырулар жалпы санынан сәтсіз шақырулар үлесі, %




3

Абоненттің бастамасы арқылы бекітілген қосылуды ажырауымен аяқталған шақырулар үлесі, %




4

Ұялы байланыс желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесі (<15 с), %




5

Тіркелген желіде аяқталған және жауап сигналының кідіріс уақытының ауқымдылығы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар кезіндегі ұялы байланыс желісіндегі шақырулар үлесі (<15 с), %




6

Қосылуды белгілеудің орташа уақыты




7

Сөзді жеткізу сапасы бойынша нормативті қанағаттандырмайтын шақырулар үлесі, %




8

Жеткізілмеген қысқа мәтінді хабарламалардың үлесі, %





      Ескертпе:______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Лауазымды тұлғалар:

      Лауазымы Т.А.Ә. қолы

      _____________________________________________________________________

      Лауазымы Т.А.Ә. қолы

      _____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады