Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 ақпанда № 13296 болып тіркелді.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабы 1-тармағының 19-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 105 бұйрығымен бекiтiлген

Телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.04.2019 № 119/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-17) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.02.2023 № 60/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Нұсқаулық телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеуді нақтылайды.

      3. Нұсқаулық телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы негiздi есептеу мен алу мүмкiндiгi мақсатында әзiрлендi.

      4. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар:

      1) леверидж - қаржыландырудың жалпы құрылымындағы субъектiнiң заемдық және жекеменшiк капиталының арақатынасын сипаттайтын шама, яғни негiзгi құралдарға жүргiзiлген соңғы қайта бағалауды ескерiп барлық капитал құрылымындағы (меншiк және заемдық капиталдың сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесi. Леверидждiң деңгейi нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектiнiң жеке капиталының теріс мәнi жағдайында, леверидж деңгейi бiрге тең шама ретiнде қабылданады;

      2) қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасы – меншiкте және өзге де заңды негіздерде орналасқан, телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы оператордың бухгалтерлік теңгерімінде көрінетін және қызметтердi өндiру және (немесе) көрсету кезiнде пайдаланылатын активтердiң құны;

      3) қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесі - телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы оператор капиталының құнына сәйкес келетiн операциялық пайданың нормасы.

2 тарау. Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.04.2019 № 119/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Субъектінің іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі табыс нормасын айқындайтын, қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлеуге тиіс капиталдың орташа өлшенген құнының әдісі арқылы айқындалады.

      Капиталдың орташа өлшенген құнының экономикалық есептеу мағынасы инвестициялық жобаның ең төменгі табыс деңгейін (пайдалылық, рентабельділік) есептеуден тұрады. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесі, бұл инвестор қаржыландыруды тарта алатын пайыз мөлшерлемесі.

      6. Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мына формула бойынша айқындалады:

      rd = rf + БС,

      мұндағы:

      rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі;

      rf – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып айқындалатын тәуекелсіз мөлшерлеме;

      БС (борыштық сыйақы) – Субъект шығарған және егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алған болса, айналымдағы сол мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымдағы борыштық міндеттемелерге арналған сыйақы негізінде айқындалатын Субъект бойынша тәуекелге арналған борыштық сыйақы. Бұл ретте, ол телекоммуникациялар және почта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы қызмет түрімен айналысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осындай кредиттік рейтингі бар субъектілердің тәуекелі үшін борыштық сыйақыларды ескере отырып айқындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 21.02.2023 № 60/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады