"Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13462 болып тіркелді

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанында «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 52 (28530) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі                     А. Мұхамедиұлы

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 "Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий"

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 12 февраля 2016 года № 42. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2016 года № 13462

      В соответствии с подпунктом 27) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 «Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9930, опубликованный в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов «Әділет» 23 декабря 2014 года, в газете «Казахстанская правда» 19 марта 2015 года № 52 (27928)) следующее изменение:
      преамбулу указанного приказа изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с подпунктом 27) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года «О физической культуре и спорте» ПРИКАЗЫВАЮ:».
      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (Канагатов Е.Б.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) после официального опубликования размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;
      4) представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта, в течение десяти рабочих дней со дня исполнения мероприятия.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
      Республики Казахстан                       А. Мухамедиулы