Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13483 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 370-371 (26214) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларында:
      264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «264. Тозуды біркелкі есептеу әдісін қолдану кезінде негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай тәсілдермен:
      1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып;
      2) пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып жүргізіледі.
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары белгiленедi.»;
      316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «316. Биологиялық активтерге мыналар жатады: малдар және өсімдіктер.
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда биологиялық активтер, ауыл шаруашылық өнімдерінің және оларды алғаннан (жиналғаннан) кейінгі соңғы қайта өндіру нәтижелері көрсетілген.»;
      451-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «451. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда бағалау міндеттемелерінің туындауы бойынша түрлі ахуалдардың үлгілері берілген.»;
      498 және 499-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «498. Ақша ағындарын дисконттаудың негізгі формуласы жекелеген төлемнің ағымдық құнын анықтау формуласы болып табылады:
      PV = FV/(1+i)n,
      PV – ағымдағы құн – қазіргі уақытта салынатын сома, яғни қолда бар немесе ағымдағы күнге инвестицияланған қаржы немесе болашақта алынатын қаржы қаражатының ағымдағы құны.
      FV – n жылдардан кейін инвестицияның болашақ құны - болашақта алынатын қаржы қаражаты немесе бүгінгі қаржы қаражатының болашақ шамасы.
      i – дисконт ставкасы - ағымдағы және болашақ құнды есептеу үшін қолданылатын пайыздық ставка. Дисконттау ставкасы салымдардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда дисконттау ставкасы – бұл инвестор талап ететін салымдық капиталдың табыстылық нормасы.
      n – уақыт кезеңі – қаржы құралдарының ағымдағы және болашақ құнын есептеу кезеңдерінің саны.
      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша С-1 кестесі әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі пайыздық мөлшерлемелер бойынша 1 шартты бірліктің ағымдағы құнын анықтау үшін қолданылады.
      499. Инвестицияның болашақ құны мына формуламен есептеледі:
      FV = PV(1+i)n
      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша С-3 кестесі 1 шартты бірліктің n жылдан кейінгі болашақ құнын анықтау үшін қолданылады.»;
      501 және 502-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «501. Аннуитеттің ағымдағы (дисконтталған) құнына аннуитетке енгізілген әр жеке төлемнің немесе түсімнің ағымдағы құндарының сомасы жатқызылады, ол мынадай формула бойынша анықталады:
      PV = FV * f,
      мұнда, f – дисконттау факторы осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша С-2 кестесі.
      Аннуитеттің ағымдағы құны тең интервал бойы мәні мен маңызы бірдей төлемдерді талап ететін (ең төменгі жалдау төлемдері) қаржылық жалдау бойынша келісімшарттарға сәйкес болашақ түсімдердің немесе төлемдердің ағымдағы құнын анықтау үшін қолданылуы мүмкін.
      502. Аннуитеттің болашақ құны аннуитетке енгізілген әр жеке төлем мен түсімнің болашақ құнының сомасы болып табылады, ол мынадай формула бойынша анықталады:
      FV = PV * f,
      мұнда, f – дисконттау факторы осы қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша С-4 кестесі.»;
      1-қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк
                                      есеп жүргiзу қағидаларына
                                            2-қосымша»;
      2-қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк
                                      есеп жүргiзу қағидаларына
                                            3-қосымша»;
      3-қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк
                                      есеп жүргiзу қағидаларына
                                            4-қосымша»;
      4-қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк
                                      есеп жүргiзу қағидаларына
                                            5-қосымша»;
      5-қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк
                                      есеп жүргiзу қағидаларына
                                            6-қосымша»;
      6-қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк
                                      есеп жүргiзу қағидаларына
                                            7-қосымша»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
      2) «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 7 қырқүйектегі № 444 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6505 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген есеп саясатында:
      39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп қағидалары) амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып, біркелкі есептеу әдісі бойынша негізгі құралдардың амортизациясын ай сайын есептейді.»;
      47-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Мемлекеттік мекеме Бухгалтерлік есеп қағидаларымен бекітілген негізгі құралдар үшін амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып ай сайын инвестициялық жылжымайтын мүліктің амортизациясын біркелкі есептеу әдісімен есептейді.»;
      62-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Мемлекеттік мекеме Бухгалтерлік есеп қағидаларымен бекітілген негізгі құралдар үшін амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып ай сайын материалдық емес активтердің амортизациясын біркелкі есептеу әдісімен есептейді.».
      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2016 жылғы 10 ақпандағы  
№ 59 бұйрығына     
1-қосымша         

Мемлекеттiк мекемелерде  
бухгалтерлiк есеп жүргiзу  
қағидаларына        
1-қосымша         

Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары

Ұзақ мерзімді активтердің түрлері мен топтары

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шотының/қосалқы шотының нөмірі

Тозу нормаларының шифры

Жылдық тозу нормасы (бастапқы құнына %-да)

1. Ғимараттар

2320



Тұрғын емес ғимараттар

2321

1.1

7

Тұрғын ғимараттар

2322

1.2

2

2. Құрылыстар (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар және басқалар

2330

2.1

7

3. Беру қондырғылары

2340



Электр беру және байланыс қондырғылары

2340

3.1

4

Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері

2340

3.2

5

4. Көлік құралдары

2350



Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы

2350

4.1

15

Су көлігі

2350

4.2

15

Автомобиль көлігі

2350

4.3

15

Әуе көлігі

2350

4.4

15

Ат көлігі

2350

4.5

15

Өндірістік көлік

2350

4.6

20

Спорттық көлік

2350

4.7

23

5. Машиналар және жабдық

2360



Күш машиналары және

2360

5.1

10

Жұмыс машиналары және жабдық

2360

5.2

12

Өлшеу аспаптары

2360

5.3

20

Реттеуші аспаптар және қондырғылар

2360

5.4

20

Лабораториялық жабдық

2360

5.5

10

Компьютерлік жабдық

2360

5.6

25

Медициналық жабдық

2360

5.7

10

Кеңсе жабдығы

2360

5.8

10

Өзге де машиналар және жабдық

2360

5.9

15

6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал

2370



Құралдар

2370

6.1

30

Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар

2370

6.2

10

Шаруашылық мүкәммал

2370

6.3

15

Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал

2370

6.4

10

7. Өзге де негізгі құралдар

2380



Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар және басқа да жасанды көп жылдық отырғызулар

2383

7.1

8

Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар

2383

7.2

12

Өзге де мүкәммал

2383

7.3

25

Жұмыс орындайтын мал

2383

7.4

12

Өзге де негізгі құралдар

2383

7.5

25

8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік

2500



Тұрғын емес ғимараттар

2510

8.1

7

Тұрғын ғимараттар

2510

8.2

2

Жер

2600



9. Биологиялық активтер

2610

9.1

12

Жануарлар

2620

9.2

8

Көп жылдық отырғызулар

2710



10. Материалдық емес активтер

2711

10.1

10

Бағдарламалық қамтамасыз ету

2712

10.2

10

Авторлық құқықтар

2713

10.3

10

Лицензиялық келісім

2714

10.4

10

Патенттер

2716

10.5

10

Өзге де материалдық емес активтер




      Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2016 жылғы 10 ақпандағы   
№ 59 бұйрығына      
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57957 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 185-186 (26606-26607) жарияланған).
      2. «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6965 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 29 маусымда № 202 (26623) жарияланған).
      3. «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 389 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7105 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 15 қарашада № 363-364 (26754-26755) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады