"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 наурызда № 13559 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 154-156 (26973-26975)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қағидалар