Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 11-1-2/28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 сәуірде № 13590 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-1-4/693 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 13.12.2022 № 11-1-4/693 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Сыртқы істер министрі

Е. Ыдырысов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      А. Исекешев______________

      2016 жылғы 11 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 11-1-2 / 28 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 30.12.2020 № 11-1-4/393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ашық мәліметтер жиынтығының атауы

Өзектілік мерзімі

Ақпаратты орналастыру мерзімі

Дереккөз

Жауапты құрылымдық бөлімше

1.

Қазақстан Республикасындағы аккредиттелінген шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтары туралы деректер (өкілдіктің елі, ұйымның түрі, ұйымның толық атауы, орналасқан қаласы, мекенжайы, байланыс телефондары, ресми сайты, электрондық поштасы, визалар берілетін елдер (қоса атқару бойынша)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

Автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі-АЖО)

Мемлекеттік протокол қызметі, Консулдық қызмет департаменті

2.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шет мемлекеттермен визалық және визасыз тәртіп

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

3.

Қазақстан Республикасының визалары (санаты, алушылар, мәртелігі, қолданылу мерзімі, болу кезеңі, виза беру негіздері)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

4.

Консулдық іс-әрекеттер үшін алынатын консулдық алымдардың тарифтері

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

5.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу және олардың саны туралы мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

6.

Құжаттарды сұратып алу және сұратып алынған құжаттардың саны туралы мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

7.

Құжаттарды заңдастыру және оның саны туралы мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

8.

Азаматтық мәселелер бойынша мәліметтер

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Консулдық қызмет департаменті

9.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің деректері (мекенжайы, сайт/электрондық поштасы, байланыс телефондары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі басшысының аты-жөні)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Адам ресурстары департаменті

10.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аумақтық органдарының, ведомствалық бағынышты ұйымдарының тізбесі

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Адам ресурстары департаменті

11.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұйымдық құрылымы

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Адам ресурстары департаменті

12.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың кестесі (қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы, қабылдау күні мен уақыты, қызметтік телефоны)

Тоқсан сайын

Кезекті тоқсанның басталуына 15 күн қалғанға дейін

АЖО

Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті

13.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар мен бағдарламалардың тізімі (басшысы, сайт, қызмет түрі, Қазақстан Республикасының осы ұйымға кіру мерзімі, Қазақстан Республикасындағы өкілдіктердің мекенжайлары мен байланыстары)

Жыл сайын

20 ақпан

АЖО

Көпжақты ынтымақтастық департаменті

14.

Инвесторлар үшін мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсынатын және сүйемелдейтін фронт-офистар туралы деректер (мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта, сайт)

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Инвестиция комитеті

15.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Қажеттілігіне қарай

Ақпаратты жаңарту сәтінен бастап 20 жұмыс күні ішінде

АЖО

Инвестиция комитеті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады