Қазақстан Республикасындағы құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 68-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 сәуірде № 13604 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік норматив бекітілсін.

      2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға М. Жайымбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
төрағасының
2016 жылғы 10 наурыздағы
№ 68-нқ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы "Қазақстан Республикасында құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив" (бұдан әрі - Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік инвестициялар немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер құрылысының есептік құнын айқындауға арналған.

      Жеке инвестициялар мен кепілсіз және мемлекеттің кепілгерлігісіз тартылатын қарыз қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыратын нарық субъектілері үшін Мемлекеттік норматив ұсынымдық сипатта және құрылыстың есептік құнын айқындау кезінде анықтама материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      2. Мемлекеттік норматив құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі негізгі әдістемелік ережелерді қамтиды.

      3. Құрылыстың есептік құны инвестицияларды жоспарлау мақсатында, оның ішінде инвестициялық ұсыныстар және техникалық-экономикалық негіздеме сатыларында бюджеттік жоспарлау үшін айқындалады.

      4. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары;

      2) есептік құжаттама – құрылыстың есептік құнын айқындайтын құжаттама;

      3) жабдық – объектілердің технологиялық және инженерлік жабдығы;

      4) құрылыс кезегі – ғимараттар немесе құрылыстар тобының бір немесе бірнеше іске қосу кешендерінен тұратын құрылыстың бір бөлігі, оларды пайдалануға беру жобада көзделген өнімдерді шығаруды немесе қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Құрылыс кезегіне арналған жобалау-сметалық құжаттама құрылыс құрамында да және жеке жобамен де белгіленген тәртіппен бекітуге жатады;

      5) құрылыс – құрылысы, құрылыс құнының жиынтық сметалық есебімен бірге бірыңғай жобалық-сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылатын әртүрлі мақсаттағы (өндірістік, әлеуметтік, көліктік және басқа да инфрақұрылым) ғимараттар мен құрылыстардың (объектілердің) жиынтығы;

      6) құрылыс компоненттерінің құны – құрылыс саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобалар құнының құрамдас бөлігі;

      7) құрылыс ресурстары – жұмысшылар мен машинистердің еңбек шығындары, құрылыс машиналары мен механизмдерін, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын, жабдықты пайдалану уақыты;

      8) құрылыстың есептік құны – құрылыс саласындағы инвестициялық жобаны іске асырудың жоба алды сатысында айқындалатын құрылыс компоненттерінің құны;

      9) ұқсас объект – жобалау-сметалық құжаттамасы кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған, өзінің функционалдық мақсаты және техникалық сиаттамалары бойынша жобаланатын объектімен ұқсас (салыстырмалы) объект;

      10) объектілерді салу – кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстардың жаңадан салу, жаңғырту, кеңейту, кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу;

      11) ресурстық әдіс – құрылыс жобасын іске асыру үшін шығындар (ресурстар) элементтерінің ағымдағы бағаларында және тарифтерінде калькуляциялау жолымен құрылыстың құнын айқындау әдісі;

      12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      13) сметалық нормалар – құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың қабылданған өлшеуішіне белгіленген ресурстардың (құрылыс қызметкерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс істеу уақытының, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттіліктің шығындары) жиынтығы немесе есептеудің қабылданған базасынан пайызбен көрініс берген құрылыс кезіндегі жекелеген шығыстар мен шығындардың мөлшерін көрсететін салыстырмалы шамалар;

      14) сметалық нормативтер – құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін негіз болып табылатын құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар кешені;

      15) тапсырыс беруші – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе инвестициялық жобаны іске асыратын инвестор;

      16) техникалық қайта жарақтандыру – озық технология мен жаңа техниканы енгізудің, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың, ескірген және физикалық тұрғыдан тозған жабдықтарды жаңғырту және жаңаларына, неғұрлым өнімділеріне айырбастаудың негізінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жекелеген өндірістерінің, цехтары мен учаскелерінің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру, сондай-ақ, кәсіпорынның шаруашылық және қосалқы қызметтерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешені;

      17) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ, негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайданы және шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылушылығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;

      18) ірілендірілген сметалық нормалар – объекті қуатының бірлігіне арналған құрылыс ресурстарына және ірілендірілген конструкциялық элементтер өлшеуішіне ағымдағы бағалар бойынша қажетті ресурстардың санын және олардың сметалық құнын айқындайтын туынды сметалық нормалар.

      5. Құрылыстың есептік құны тапсырыс берушінің инвестициялық қызметін жоспарлау, инвестициялық ұсыныстарды бағалау кезінде, сондай-ақ, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу кезінде айқындалады және құрылыс саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобалардың (ҚМИЖ) жалпы құнының құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.

2-тарау. Құрылыстың есептік құнын айқындаудың негізгі қағидаттары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мыналар мемлекеттік инвестициялар немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді салудың есептік құнын айқындаудың негізгі қағидаттары болып табылады:

      1) шынайылық;

      2) жеделділік.

      7. Есептік құнды айқындаудың шынайылық қағидатына "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және бекітілген құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің (бұдан әрі - ҚҚІК) жүйесін қолданумен, ҚҚІК жоқ болған жағдайда кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған ұқсас – объектілерді қолдану арқылы қол жеткізіледі.

      8. Есептік құнды айқындаудың жеделділігі құрылыстың өндірістік қуатына көрсеткішке арналған құрылыс құнының көрсеткіштерін ірілендіру арқылы қол жеткізіледі.

3-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді талап ететін жобалар бойынша құрылыстың есептік құнын айқындау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін ҚМИЖ бойынша құрылыстың есептік құны құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткіштерін қолданумен құрылыс объектісінің өндірістік көрсеткіштері негізінде айқындалады.

      ҚМИЖ құнының есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11905 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке (бұдан әрі - СҚАМН) сәйкес сметалық құжаттама түрінде ресімделеді және ҚМИЖ инвестициялық ұсынысы құрамына енгізіледі.

      ТЭН әзірлеуді талап етпейтін ҚМИЖ құрылыстың есептік құны (Қе, мың теңге) мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      Ni – инвестициялық жоба құрамындағы і-ші объектінің өндірістік қуаты;

      ҚҚІК i – бағалардың ағымдағы деңгейінде нақты өңір үшін і-ші объектінің өндірістік қуатының бірлігіне арналған құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткіші;

      АЕКтек – ағымдағы жылы бюджеттік заңнама белгілейтін айлық есептік көрсеткіш;

      АЕКжоспар – инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланатын жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің болжамды мәні;

      Кққс – қосылған құн салығын ескеретін коэффициент.

      10. Объектінің өндірістік қуаты тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес айқындалады.

      11. Құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткіштері ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің тиісті жинақтарында (бұдан әрі - Жинақ) таңдалады. ҚҚІК құрылыс материалдары мен инженерлік жабдықтың құнын, жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге және құрылыс машиналарын пайдалануға арналған шығындарды, үстеме шығыстарды және және сметалық пайданы, сондай-ақ, уақытша титульдық ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындарды және қысқы уақытта жұмыстарды жүргізуге арналған қосымша шығындарды, жобалау және іздестіру жұмыстарына және жобаға сараптама жасауға арналған шығындарды, болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат резервін ескереді. Жинақтарда қажетті құн көрсеткіштерінің болмауы жағдайында ҚҚІК ұқсас-жобалар бойынша есептеледі.

4-тарау. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер құрамындағы құрылыс саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобалар құрылысының есептік құнын айқындау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. ТЭН әзірлеуді талап ететін ҚМИЖ бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Индстрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен бекітілген "Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелер" Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және СҚАМН сай талаптарға сәйкес айқындалады.

      13. ТЭН әзірлеуді талап ететін ҚМИЖ бойынша құрылыстың есептік құны тиісті ҚҚІК қолданумен инвестициялық жобаның құрамындағы құрылыс объектілерінің өндірістік қуатының көрсеткіштері негізінде айқындалады.

      ҚҚІК ірілендірілген сметалық нормативтердің тиісті жинақтарында таңдалады.

      Ірілендірілген сметалық нормативтердің жинақтарында қажетті құн деректерінің болмауы жағдайында құрылыстың есептік құны ұқсас – объектілерді қолдана отырып, айқындауға рұқсат етіледі.

      14. Құны 2015 жылдың сметалық-нормативтік базасы негізінде айқындалған тиісті ұқсас – объектілер болмаған жағдайда, құрылыстың есептік құнын құн көрсеткіштері 2001 жылғы сметалық-нормативтік базасы негізінде айқындалған ұқсас – жобалар бойынша айқындауға рұқсат етіледі.

      Ұқсас – жобалардың құн көрсеткіші мынадай дәйектілікте қолданылады:

      1) ұқсас-жобадан болжанбаған шығыстарға арналған шығындарды ескерместен үстеме шығыстарды ескере отырып, жергілікті смета (жергілікті смета бөлімі) қорытындысы бойынша тікелей шығындар қабылданады және объектілік есептің тиісті жолына позициямен енгізіледі;

      2) 2001 жылдың бағасының базалық деңгейінен құрылыстың сметалық құнының ағымдағы деңгейіне көшу Қазақстан Республикасынң бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеріс индексі арқылы объектілік есеп позициялары бойынша жүзеге асрылады;

      3) объектілік есеп қорытындысы бойынша 8% мөлшерінде сметалық пайда есептеледі.

      Инженерлік жабдықтың есептік құны инженерлік жабдыққа арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалар жинақтары бойынша жобалау сәтінде айқындалады.

      Қолданыстағы жинақтарда инженерлік жабдық құнының болмауы жағдайында оларды ұқсас-жобалар бойынша немесе кем дегенде екі өндірушілердің немесе жобаға енгізілетін жабдықтың тапсырыс беруші (инвестор) бекіткен нұсқалары (техникалық және сапалық сипаттамаларын салыстыруды ескере отырып) негізінде оларды ресми білдіретін дистрибьюторлардың прайс-парақтары бойынша айқындау қажет.

      Инженерлік жабдыққа арналған сметалық бағалардың жинақтарында құн болмаған жағдайда инженерлік жабдықты жеткізу бойынша логистикалық қызметтерге арналған шығындар жеткізудің көлік кестесіне сәйкес құрылыс үшін жүктерді тасымалдауға арналған кезекті кезеңге бекітілген сметалық бағалар жинағы бойынша жабдықтың бір тонна брутто салмағына арналған көлік шығыстарына калькуляция жасау жолымен айқындалады.

      Құны прайс-парақтар бойынша айқындалған өнеркәсіптік объектілер үшін технологиялық жабдықты жеткізу бойынша логистикалық қызметтерге арналған шығындар тапсырыс беруші (инвестор) бекіткен бағаларды салыстыру нұсқалары негізінде кемінде екі жеткізушінің коммерциялық ұсыныстары бойынша объектілік есептерде қабылданады.

      15. Ұқсастары Қазақстан Республикасының аумағында жоқ инвестициялық жобаларды іске асыру қажеттілігі жоқ жағдайында есептік құн неғұрлым тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар іске асырылған шетелдік ұқсас-объектілер деректері бойынша айқындалады.

      Қолданылатын шетелдік ұқсас-объектілер өзінің функционалдық мақсаты, техникалық сипаттамалары бойынша жобаланатын объектімен салыстырылуы тиіс.

      Тапсырыс беруші (инвестор) квазимемлекеттік сектор объектілері үшін алынған жобалық деректерге сәйкес шетелдік ұқсас-объектінің құнын бекітеді.

      16. Ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолданып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерін бөліп көрсете отырып, құрылыстың нормативтік мерзімі ескеріле отырып айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Есептік құнның құрамы, құрылымы және сметалық құжаттама түрлері СҚАМН сәйкес айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады