"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 сәуірде № 13609 болып тіркелді.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы стандарт белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың (бұдан әрі – қызмет алушылар) тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу ұйымдарының қызмет тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қызмет алушыларды уақытша болу ұйымына қабылдауды уақытша болу ұйымдары қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының (бұдан әрі – уәкілетті орган), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.".

      2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 17 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 18 наурыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады