Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 сәуірде № 13633 болып тіркелді

      «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы № 304 
бұйрығымен бекітілген      

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-тармақшасына сәйкес әзірленген және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
      2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      3) зиянды қоспалар – құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан бағалы металдарды өндіріп алу процесіне кері әсер ететін химиялық элементтер;
      4) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндері – құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау мақсатында белгіленетін, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан өнеркәсіптік алу мүмкіндігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіру субъектілері құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау үшін пайдаланылатын зиянды қоспалардың жол берілетін барынша жоғары құрамы және бағалы металдардың ең аз құрамы;
      5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;
      6) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау тәртібі

      3. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау бағалы металдарды өндіру субъектілерінің жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері негізінде есептеледі.
      4. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері уәкілетті органға жыл сайын 20 қарашадан кешіктірмей құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      5. Уәкілетті орган бұйрықпен мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілейді.
      6. Уәкілетті органмен белгіленген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәні бағалы металдар өндіру субъектілерінен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерінің өзгеруі туралы мәліметті алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта қарастырылады.

Құрамында бағалы металдар 
бар шикізат тауарларындағы 
зиянды қоспалар мен бағалы 
металдар құрамының шекті 
мәнін айқындау қағидаларына
1-қосымша         

нысан

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтер

                                  ___________________________________
                                       (уәкілетті органның атауы)

_____________________________________________________________________
          (бағалы металдарды өндіру субъектісінің атауы)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
«___» ________ №________ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы «___»________№____ болып
тіркелген) бекітілген Құрамында бағалы металдар бар шикізат
тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті
мәнін айқындау қағидаларының 4-тармағына сәйкес ақпаратты ұсынады.

1. __________________________________________________________________
     (құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының атауы)

2. Қайта өңдеуге және (немесе) аффинаждауға рұқсат берілетін зиянды
қоспалардың ең жоғарғы құрамы:

Зиянды қоспаның атауы

Ең жоғары құрамы, %



3. Қайта өңдеуге және (немесе) аффинаждауға рұқсат берілетін бағалы
металдардың ең төменгі құрамы:

Бағалы металдың атауы

Ең төменгі құрамы, %



4. Осымен жоғарыда көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растаймыз.

________________________                       ______________________
(бағалы металдар өндіру     (мөр бар болса)       (тегі, аты-жөні)
субектісі басшысының
лауазымы)

Құрамында бағалы металдар 
бар шикізат тауарларындағы 
зиянды қоспалар мен бағалы 
металдар құрамының шекті 
мәнін айқындау қағидаларына
2-қосымша         

нысан

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерінің өзгергені туралы мәлімет

___________________________________
(уәкілетті органның атауы)   

_____________________________________________________________________
            (бағалы металдар өндіру субъектісінің атауы)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
«___» ________ №________ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы «___»________№____ болып
тіркелген) бекітілген Құрамында бағалы металдар бар шикізат
тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті
мәнін айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес ақпаратты ұсынады.

1. __________________________________________________________________
       (құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының атауы)

2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды
қоспалардың ең жоғарғы құрамы:

Зиянды қоспаның атауы

Ең жоғары құрамы,
(ескі мәні), %

Ең жоғары құрамы,
(таза мәні), %

Ең жоғары құрамының өзгеруі себептері





3. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы
металдардың ең төмен құрамы:

Бағалы металдың атауы

Ең жоғары құрамы,
(ескі мәні), %

Ең жоғары құрамы,
(таза мәні), %

Ең жоғары құрамының өзгеруі себептері





4. Осымен жоғарыда көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растаймыз.

_________________________                      ______________________
(бағалы металдар өндіру     (мөр бар болса)       (тегі, аты-жөні)
субектісі басшысының
лауазымы)

Об утверждении Правил определения пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 марта 2016 года № 304. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2016 года № 13633

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 14 января 2016 года «О драгоценных металлах и драгоценных камнях» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы.
      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интернет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                             А. Исекешев

Утверждены        
приказом Министра    
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан  
от 30 марта 2016 года № 304

Правила определения пороговых значений содержания
вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах,
содержащих драгоценные металлы

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 14 января 2016 года «О драгоценных металлах и драгоценных камнях» и определяют порядок определения пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) вредные примеси – химические элементы, негативно влияющие на процесс извлечения драгоценных металлов из сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы;
      2) драгоценные металлы – золото, серебро, платина и металлы платиновой группы (палладий, иридий, родий, рутений и осмий) в любом состоянии и виде;
      3) пороговые значения содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы, - устанавливаемые для целей государственного контроля при вывозе с территории Республики Казахстан сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, максимально допустимое содержание вредных примесей и минимальное содержание драгоценных металлов, определяющие возможность их промышленного извлечения из сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, используемые для определения возможности (невозможности) переработки сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, субъектами производства драгоценных металлов на территории Республики Казахстан;
      4) субъекты производства драгоценных металлов – юридические лица Республики Казахстан, осуществляющие производство драгоценных металлов на территории Республики Казахстан;
      5) сырьевые товары, содержащие драгоценные металлы, – необработанные драгоценные металлы (в том числе, сплав Доре в виде слитка, катодные металлы), цинковые осадки, лом и отходы драгоценных металлов, руды и концентраты драгоценных металлов, руды, концентраты и зола цветных металлов, полупродукты производства цветных металлов, содержащие драгоценные металлы;
      6) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в области регулирования производства драгоценных металлов и оборота драгоценных металлов и драгоценных камней, сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, ювелирных и других изделий.

2. Порядок определения пороговых значений содержания
вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах,
содержащих драгоценные металлы

      3. Пороговые значения содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы, рассчитываются на основе индивидуальных технологических возможностей субъектов производства драгоценных металлов переработки и (или) аффинажа сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы.
      4. Субъекты производства драгоценных металлов ежегодно не позднее 20 ноября предоставляют в уполномоченный орган сведения об индивидуальных технологических возможностях переработки и (или) аффинажа сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы (далее – сведения).
      Сведения предоставляется по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      5. Уполномоченный орган в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня получения сведений приказом устанавливает пороговые значения содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы.
      6. Установленные уполномоченным органом пороговые значения содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы, пересматриваются в случае получения от субъекта производства драгоценных металлов сведений об изменении индивидуальных технологических возможностях переработки и (или) аффинажа сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

Приложение 1           
к Правилам определения пороговых
значений содержания вредных примесей и
драгоценных металлов в сырьевых товарах,
содержащих драгоценные металлы 

форма           

                           Сведение
         об индивидуальных технологических возможностях
         переработки и (или) аффинажа сырьевых товарах,
                 содержащих драгоценные металлы

                               ______________________________________
                               (наименование уполномоченного органа)
_____________________________________________________________________
        (наименование субъекта производства драгоценных металлов)
предоставляет информацию согласно пункту 4 Правил определения
пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов
в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы, утвержденных
приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от
«___» ________2016 года №________(зарегистрированный в Реестре
государственной регистрации нормативных правовых актов за №____).

1. __________________________________________________________________
   (наименование сырьевого товара, содержащего драгоценные металлы)

2. Максимальное содержание вредных примесей, допустимое для переработки и (или) аффинажа:

Наименование вредной примеси

Максимальное содержание, %



3. Минимальное содержание драгоценных металлов, допустимое для переработки и (или) аффинажа:

Наименование драгоценного металла

Минимальное содержание, %



4. Настоящим подтверждаем достоверность вышеуказанной информации.

_________________________                        ___________________
(должность руководителя     (печать при наличии)   (Фамилия И.О.)
субъекта производства
драгоценных металлов)

Приложение 2           
к Правилам определения пороговых
значений содержания вредных примесей и
драгоценных металлов в сырьевых товарах,
содержащих драгоценные металлы 

форма           

                              Сведение
           об изменении индивидуальных технологических
         возможностях переработки и (или) аффинажа сырьевых
              товарах, содержащих драгоценные металлы

                            _________________________________________
                              (наименование уполномоченного органа)

     _____________________________________________________________
      (наименование субъекта производства драгоценных металлов)
предоставляет информацию согласно пункту 6 Правил определения
пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов
в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы, утвержденных
приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от
«___» ________2016 года №________(зарегистрированный в Реестре
государственной регистрации нормативных правовых актов за №____).

1. ________________________________________________________________
   (наименование сырьевого товара, содержащего драгоценные металлы)

2. Максимальное содержание вредных примесей, в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы:

Наименование вредной примеси

Максимальное содержание (старое значение), %

Максимальное содержание, (новое значение)
%

Причины изменения максимального содержания





3. Минимальное содержание драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы:

Наименование драгоценного металла

Минимальное содержание (старое значение), %

минимальное содержание (новое значение) %

Причины изменения минимального значения





4. Настоящим подтверждаем достоверность вышеуказанной информации.

_________________________                        ___________________
(должность руководителя     (печать при наличии)   (Фамилия И.О.)
субъекта производства
драгоценных металлов)