Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 мамырда № 13715 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 274 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 274 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Заң" деректер базасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің Төрағасы

      _________ В. Жұмақанов

      2016 жылғы 15 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен
бекітілген

Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 274 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұруы туралы ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

      2) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2-тарау. Қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп-келушілер туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      3. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш күн ішінде хабарлауға міндетті.

      4. Қазақстан Республикасына келетін көшіп келушілер туралы хабарламаны оларға тұратын орын беретін қабылдаушы тұлға хабарлайды.

      5. Хабарламалар мынадай тәсілдермен жөнелтіледі:

      қағаз тасымалдағышта тікелей ішкі істер органдарына mvd.gov.kz сайтында орналастырылған мекенжайлар бойынша хабарлама беру;

      "Бүркіт" БАЖ Визалық-көші-қон порталы арқылы www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы.

      6. Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде ол туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.

      7. Хабарламада қамтылған мәліметтердің дұрыстығы және хабарламаны берудің уақтылығы үшін қабылдаушы тарап жауапты болады.

3-тарау. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп-тұру тәртібі

      8. Көшіп келушілер шетелдіктердің келуі үшін ашық Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін жүріп-тұра алады.

      9. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары ресімделеді.

      10. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктердің транзиттік жүріп-тұруы оларда үшінші елге кету үшін жарамды құжаттардың (визалары) болған жағдайда кемінде бес тәулік мерзімге рұқсат етіледі.

      11. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктердің азаматтығы бар мемлекетінде визасыз келу туралы келісімі бар елге транзитпен өтетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының транзиттік визаны ресімдейді.

  Қабылдаушы тұлғалардың
өздеріне келетін көшіп
келушілер, сондай-ақ
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасының аумағы
бойынша транзиттік
жүріп-тұруы туралы ақпаратты
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Аумақтық көші-қон қызметі
бөліністерінің бастығы

Хабарлама

      __________________________________________________________________________

      (қабылдаушы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде),

      жеке басын куәландыратын құжаттың №)

      Сізге 20___ "___" ________ маған мынадай шетелдіктер:

      1. ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың №)

      2.__________________________________________________________________

      3.__________________________________________________________________

      4.__________________________________________________________________

      ___________________________________________________ мақсатпен келгенін (тәжірибе алмасу, тағылымдама, туризм, оқу және т.б.) хабарлаймын.

      _______________________ мекенжай бойынша тұруы 20___ жылғы "___"______ дейін

      Қолы

      Күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады