Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 мамырда № 13722 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ 422 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны

      Ескерту. Мазмұны жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ішкі істер органдары қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасының басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде және шетелде жүзеге асырылады.

      2. Қызметкерлердің кәсіби даярлығының міндеттеріне оқыту нәтижелеріне және (немесе) кәсіби құзыреттіліктеріне, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкес білім мен дағдылардың қосымша көлемін алу жатады.

      Қызметкерлерді қайта даярлау міндеттеріне қызметкерлердің бойында қызметтік жұмыстың жаңа түрін немесе жаңа лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті қосымша кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жатады.

      Қызметкерлердің біліктілігін арттырудың міндеттеріне олардың лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жатады.

      3. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ұйымдастырушылық, оқу іс-шараларының жүйесін, оның ішінде ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін, қызметтік жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімді, дағдылар мен машықтарды меңгеруге, тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған ішкі істер органдары бөліністерінің базасында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы шеңберінде көздейді.

      4. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың білім беру процесінің мазмұны тиісті білім беру бағдарламаларымен анықталады.

      5. Білім беру бағдарламасын ІІМ білім беру ұйымдары әзірлейді, Ғылыми, Оқу-әдістемелік кеңестер отырысында қаралады және ІІМ тиісті құрылымдық бөліністерімен келісілгеннен кейін білім беру ұйымының бастығы бекітеді.

      6. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының мазмұны мен көлемін ІІМ-нің құрылымдық бөліністерімен және ведомстволарымен бірлесіп, ІІМ-нің білім беру ұйымы айқындайды және мыналарды қамтиды:

      1) нормативтік құқықтық актілерде, Мемлекет басшысының Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде айқындалған Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары;

      2) ұжымды тиімді басқару және ұйымдастыру-бақылау жұмысының нысандары мен әдістері;

      3) қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, құқық қолдану қызметін жетілдіру мәселелері;

      4) құқық қорғау органдары жұмысының озық тәжірибесін, оның ішінде шетелдік тәжірибені зерделеу мәселелері;

      5) құқық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттерді табысты іске асыруға ықпал ететін тиімді басқару және жедел дағдыларды қалыптастыру мәселелері;

      6) ішкі істер органдары жүйесіндегі жергілікті полиция қызметінің қалыптасуы, жай-күйі және тиімділігі;

      7) құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың әлемдік және отандық тәжірибесі, сондай-ақ қылмысқа қарсы іс-қимыл;

      7. Сабақтарды өткізуге жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, ғылыми қызметкерлері мен педагогтары, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың басшы құрамының өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар тартылады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ 422 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі - ІІО қызметкерлері) кәсіби даярлығы, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) кіріс бақылау – Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) білім беру ұйымына түсу кезінде кәсіби қызметі бойынша білім деңгейін анықтауға арналған тестілеу;

      2) шығыс бақылау – ІІМ білім беру ұйымындағы оқу процесі кезінде кәсіби қызметі бойынша алынған білім деңгейін анықтауға арналған тестілеу.

      3. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру:

      1) Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарында;

      2) Қазақстан Республикасының кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдары мен мекемелерінде;

      3) шет елдердің кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында;

      4) ІІМ-нің кадрларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөліністері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ІІО полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлауын, қайта даярлауы және біліктілігін арттыруын ІІМ-нің кадр бөлінісі ІІМ-нің құрылымдық бөліністерімен және ведомстволарымен бірлесіп ұйымдастырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы ІІО жоғары білікті кадр құрамын қалыптастыру;

      2) қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті арнаулы білім, машықтар мен дағдыларды алу болып табылады.

      6. ІІО қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмысын жоспарлау құқық қолдану тәжірибесінің басым бағыттарын, аумақтық ерекшеліктерді, сандық және сапалы кадрлық құрамды, сондай-ақ ІІМ қызметтері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      7. ІІО қызметкерлері біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір рет немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде өтеді.

      ІІО қызметкерлері қызмет аясының өзгеруімен байланысты басқа қызметке ауысқан кезінде қайта даярлаудан өтеді.

      8. ІІО қызметкерлерінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпаратты есепке алуды ІІО кадр қызметтері "Кадрлар" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасында жүзеге асырады.

      9. ІІО кадр қызметтері тоқсан сайын ІІМ кадр бөлінісіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО қызметкерлерін қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен қамту жөніндегі есепті жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Кәсіби даярлауды жүзеге асыру тәртібі

      10. Ішкі істер органдарының қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына алғашқы қабылданатын адамдардың бастапқы кәсіби даярлығы түріндегі кәсіби даярлық, "Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген) сәйкес ІІМ білім беру ұйымдарында, сондай-ақ ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы түрінде ІІО бөліністерінің базасында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. ІІМ білім беру ұйымдарында ІІО қызметкерлерін қайта даярлауды жүзеге асыру тәртібі

      11. ІІО қызметкерлерін қайта даярлау ІІМ білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      Қайта даярлау курстарының ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағатты құрайды.

      12. ІІМ құрылымдық бөліністері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО ІІМ кадр бөліністеріне қайта даярлау курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін ІІО қызметкерлердің саны мен санаттары, сондай-ақ оқыту кезеңі бойынша өтінімді жыл сайын 1 тамызға дейін жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ІІМ кадр бөлінісі ІІМ құрылымдық бөліністері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО қажеттіліктері негізінде жыл сайын 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітетін ІІО қызметкерлерін қайта даярлаудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін әзірлейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ІІО кадр қызметтері қайта даярлауға жататын ІІО қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және оларды жоспар-кестеде белгіленген мерзімде ІІМ білім беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз етеді.

      ІІО қызметкерлерінің қайта даярлау курстарына жіберу кезінде, оқу бағдарламасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу көзделсе, ІІО қызметкерлері ІІМ қызметтерінің, ведомстволарының, білім беру ұйымдарының және аумақтық ІІО-ның арнайы бөліністерінде мемлекеттік құпияларға рұқсаты туралы анықтама алады.

      15. ІІМ білім беру ұйымына қайта даярлауға келген ІІО қызметкерлері, ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқыту мерзіміне тыңдаушылар қатарына қабылданады.

      16. Тыңдаушылардың дайындығы мен білім деңгейін анықтау үшін, оқыту бейіні бойынша ІІО қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша, қабылданған күні кіріс бақылау және оқытуды аяқтаған кезінде білім деңгейінің өзгеру динамикасын көрсету үшін шығыс бақылау өткізіледі.

      17. Шығыс бақылаудың деректері негізінде ведомстволық ІІМ білім беру ұйымдары ІІО қызметкерлерінің дайындық деңгейіне талдау жасайды, қажет болған жағдайда оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, ішкі істер органдарына қызметтік жұмыс барысында ІІО қызметкерлерін оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жібереді.

      18. Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен қайта даярлау курстарынан шығарылады.

      ІІМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі екі жұмыс күні ішінде ІІО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жіберіледі.

      19. ІІМ білім беру ұйымдары қайта даярлау курсы аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тыңдаушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқығанын растайтын сертификат береді, ал азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын ІІМ білім беру ұйымы тыңдаушыға "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша сертификат береді.

      20. ІІМ-нің білім беру ұйымы әрбір қайта даярлау курсын бітіргеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау курстарында оқыту қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ІІМ кадр бөлінісіне есеп жолдайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. ІІМ білім беру ұйымдарында ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру тәртібі

      21. ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ІІМ білім беру ұйымдарында жұмыстан қол үзе отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 32 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13142 тіркелген) сәйкес қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы біліктілікті арттыру курстарын өткізе алады.

      Біліктілігін арттыру курстарының ұзақтығы кемінде 36 академиялық сағатты құрайды.

      22. ІІМ кадр бөлінісі ІІМ құрылымдық бөліністерінің, ведомстволарының, білім беру ұйымдарының және аумақтық ІІО қажеттіліктері негізінде жыл сайын 1 қазанға дейін ІІМ білім беру ұйымдарының базасында ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін әзірлейді, оны Министр бекітеді.

      ІІМ құрылымдық бөліністері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО ІІМ кадр бөлінісіне ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін саны мен санаттары, сондай-ақ оқу кезеңі бойынша өтінімді жыл сайын 1 тамызға дейін жолдайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. ІІО кадр қызметтері біліктілігін арттыруға жататын ІІО қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және оларды жоспар-кестеде белгіленген мерзімде ІІМ білім беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз етеді.

      ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына жіберу кезінде, оқу бағдарламасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу көзделсе, ІІО қызметкерлері ІІМ қызметтерінің, ведомстволарының, білім беру ұйымдарының және аумақтық ІІО-ның арнайы бөліністерінде мемлекеттік құпияларға рұқсаты туралы анықтама алады.

      24. ІІМ білім беру ұйымына біліктілігін арттыруға келген ІІО қызметкерлері, ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқыту мерзіміне тыңдаушылар қатарына қабылданады.

      25. Тыңдаушылардың дайындығы мен білім деңгейін анықтау үшін, оқыту бейіні бойынша ІІО қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша, қабылданған күні кіріс бақылау және оқытуды аяқтаған кезінде білім деңгейінің өзгеру динамикасын көрсету үшін шығыс бақылау өткізіледі.

      26. Шығыс бақылаудың деректері негізінде ведомстволық ІІМ білім беру ұйымдары ІІО қызметкерлерінің дайындық деңгейіне талдау жасайды, қажет болған жағдайда оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, ішкі істер органдарына қызметтік жұмыс барысында ІІО қызметкерлерінің оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жібереді.

      27. Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен біліктілігін арттыру курстарынан шығарылады.

      ІІМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі екі жұмыс күні ішінде ІІО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жіберіледі.

      28. ІІМ білім беру ұйымдары біліктілікті арттыру курсы аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тыңдаушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқығанын растайтын сертификат береді.

      29. ІІМ-нің білім беру ұйымы әрбір біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ІІМ кадр бөлінісіне есеп жолдайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен шет елдерде біліктілікті арттыруды жүзеге асыру

      30. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ІІМ білім беру ұйымдарының бағдарламасына енбейтін тақырыптар бойынша жүргізіледі.

      31. Шет елдерде ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру:

      1) халықаралық келісімшарттар негізінде;

      2) республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы оқыту бағдарламасы мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде;

      3) халықаралық ұйымдар немесе шетел мемлекеттерінің үкіметтері қаражат бөлген немесе техникалық көмек көрсеткен кезінде, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бөлген жағдайда жүзеге асырылады.

      32. ІІО қызметкерін шетелде оқытуға іріктеу кезінде қабылдаушы тарап қоятын шарттардан басқа төмендегідей шарттар сақталады:

      1) оқу басталар сәтінде ІІО қызметкерлерін шетелге оқуға жіберетін бөліністегі қызмет өтілінің кемінде бір жыл болуы;

      2) оқыту бағдарламасы тақырыбының ІІО қызметкерінің атқаратын лауазымы, функционалдық міндеттері мен мамандығына, сондай-ақ ол қызмет ететін бөліністің негізгі мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.

      33. ІІО кадр қызметтері Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында және шет елдердің білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыруды өткізуге арналған шығыстарды жоспарлайды.

  Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттыру қағидаларына
1-қосымша

      нысан

20___ жылғы______ тоқсандағы
ІІО қызметкерлерін қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен қамту бойынша есеп

р/с №

Ішкі істер органы

Қайта даярлау

Біліктілікті арттыру

Барлығы

Оқумен қамтылмағандар

Ведомоствалық білім беру ұйымдары

Басқа министрліктермен ведомстволардың білім беру ұйымдары

жоспар

факт

%

жоспар

факт

%

жоспар

факт

%

жоспар

факт

%

1.














2.














3.
















БАРЛЫҒЫ:















      Ескертпе: есеп тоқсан сайын ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыруды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      _____________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

      _______________________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ________________________________________________________

      (оқу мерзімі)

      ________________________________________________________

      тақырыбы бойынша ____ сағат көлемінде қайта даярлау курсынан өтті

      Білім беру ұйымының бастығы __________________________________

      20 ____ ж. "___" ________                                    Тіркеу № ___________

Толтыру сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында қайта даярлау курсынын өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттамасы).

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында қайта даярлау курсынын өткені туралы куәландыратын құжат сертификат болып табылады.

      2. Сертификат жылтыр қағазды А4 форматындағы (297х210 мм өлшемдегі) мұқабадан тұрады.

      3. Сертификаттың беткі жағы мемлекеттік тілде толтырылады:

      1) ашық көгілдір түсті фонның ортасында диаметрі 110 мм болатын Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы орналасқан.

      2) жиегінен 7 мм қашықтықта ені 7 мм болатын қара-көк түсті ою-өрнекпен жиектелген.

      4. Құжаттың жоғарғы жағында:

      1) ою-өрнекті жиектеменің шетінен 2 мм арақашықтықта диаметрі 30 мм Қазақстан Республикасының Елтаңбасы (Қазақстан деген жазуы латын әріптерімен) орналасқан;

      2) Елтаңба бейнесінің астында ортада 10 мм қашықтықтағы мәтін "білім беру ұйымының атауы" деректемелеріне арналған бос баған. Жартылай қалың Times New Roman 14 қарпімен, бас әріптермен басылады;

      3) "Білім беру ұйымының атауы" деректемелерінің астында 15 мм қашықтықта "СЕРТИФИКАТ" жазуы. Жартылай қалың Times New Roman 48 қарпімен, бас әріптермен басылады.

      5. "СЕРТИФИКАТ" жазуынан 15 мм. төмен 6 жол орналасады:

      бірінші жол - "атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деректемелеріне бос баған;

      екінші жол - "оқу мерзімі" деректемелеріне бос баған;

      үшінші жол - "курс тақырыбы" деректемелеріне бос баған;

      төртінші жол - "тақырыбы бойынша ____ сағат көлемінде қайта даярлау курсынан өтті" мәтіні;

      бесінші жол - "Білім беру ұйымының бастығы" мәтіні, аты-жөнін және қол қою үшін бос баған;

      алтыншы жол - "_________ қаласы 20___ жылғы "___" __________" бағаны сол жақта орналасады, "Тіркеу № ___" бағанның оң жағында орналасады;

      6. Сертификат баспаханалық немесе компьютерлік тәсілмен дайындалады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді ескерусіз).

      Ескерту:

      мм - миллиметр.

  Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қайта даярлау курстарында оқытудың қорытындылары туралы мәлімет

      санаты _________________

      оқыту мерзімі __________

р/с №

ІІМ бөліністерінің атауы

Жоспар

Қабылданды

Кешігіп келгендер

Бітіргендер

Көтермеленді

Тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Шығарылғандар

Теріс себептермен

Ауруына байланысты

Басқа себептермен













Барлығы:










  Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдары
қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыруды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2020 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      _____________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

СЕРТИФИКАТ

      _______________________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ________________________________________________________

      (оқу мерзімі)

      _______________________________________________________________

      тақырыбы бойынша ____ сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті

      Білім беру ұйымының бастығы __________________________________

      20 ____ ж. "___" ________                                    Тіркеу № ___________

Толтыру сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру курсынын өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттамасы).

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру курсынын өткені туралы куәландыратын құжат сертификат болып табылады.

      2. Сертификат жылтыр қағазды А4 форматындағы (297х210 мм өлшемдегі) мұқабадан тұрады.

      3. Сертификаттың беткі жағы мемлекеттік тілде толтырылады:

      1) ашық көгілдір түсті фонның ортасында диаметрі 110 мм болатын Қазақстан Республикасы ІІМ эмблемасы орналасқан.

      2) жиегінен 7 мм қашықтықта ені 7 мм болатын қара-көк түсті ою-өрнекпен жиектелген.

      4. Құжаттың жоғарғы жағында:

      1) ою-өрнекті жиектеменің шетінен 2 мм арақашықтықта диаметрі 30 мм Қазақстан Республикасының Елтаңбасы (Қазақстан деген жазуы латын әріптерімен) орналасқан;

      2) Елтаңба бейнесінің астында ортада 10 мм қашықтықтағы мәтін "білім беру ұйымының атауы" деректемелеріне арналған бос баған. Жартылай қалың Times New Roman 14 қарпімен, бас әріптермен басылады;

      3) "Білім беру ұйымының атауы" деректемелерінің астында 15 мм қашықтықта "СЕРТИФИКАТ" жазуы. Жартылай қалың Times New Roman 48 қарпімен, бас әріптермен басылады.

      5. "СЕРТИФИКАТ" жазуынан 15 мм төмен 6 жол орналасады:

      бірінші жол - "атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деректемелеріне бос баған;

      екінші жол - "оқу мерзімі" деректемелеріне бос баған;

      үшінші жол - "курс тақырыбы" деректемелеріне бос баған;

      төртінші жол - "тақырыбы бойынша ____ сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті" мәтіні;

      бесінші жол - "Білім беру ұйымының бастығы" мәтіні, аты-жөнін және қол қою үшін бос баған;

      алтыншы жол - "_________ қаласы 20___ жылғы "___" __________" бағаны сол жақта орналасады, "Тіркеу № ___" бағанның оң жағында орналасады;

      6. Сертификат баспаханалық немесе компьютерлік тәсілмен дайындалады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді ескерусіз).

      Ескерту:

      мм - миллиметр.

      нысан

  Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттыру қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Біліктілікті арттыру курстарында оқытудың қорытындылары туралы мәлімет

      санаты _________________

      оқыту мерзімі __________

р/с №

ІІМ бөліністерінің атауы

Жоспар

Қабылданды

Кешігіп келгендер

Бітіргендер

Көтермеленді

Тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Шығарылғандар

Теріс себептермен

Ауруына байланысты

Басқа себептермен













Барлығы:











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады