Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 мамырда № 13726 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
      Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – 2 (екі) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін – 4 (төрт) жұмыс күніне дейін (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы
      ____________________________А. Рау
      2016 жылғы 12 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 21 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады