"Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 4-5/223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 мамырда № 13740 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 4-5/223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11366 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мақта қолхаттарын беруді есепке алу*


Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді


      ";

      реттік нөмірлері 4, 5, 6 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мақта тазалау зауытында:

кемiнде бiр мақта қабылдау пунктiнiң;

шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың;

таразы жабдығының;

желдету жабдығының;

тиеу-түсiру механизмдерінің;

өрт сөндіру құралдарының; мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың;

мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлiнген орынның бар-жоғы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

5

Мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде: шиттi мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;

таразы жабдығының;

желдету жабдығының;

өрт сөндіру құралдарының; сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың;

тиеу-түсiру механизмдерінің бар-жоғы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

6

Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң және аумағында қоршаудың бар-жоғы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

7

Тиiстi бiлiмi бар (басшылар үшiн – жоғары техникалық немесе технологиялық бiлiм, мамандар үшiн – ортадан кейінгі (техникалық немесе технологиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының бар-жоғы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Осы талаптарға сәйкестікті лицензиар Кодекстің 137-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 21 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2016 жылғы 27 сәуір



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады