Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13760 болып тіркелді.

      "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне кіргізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, Қағидаларының 3-тармағы 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы "__" _________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 28 сәуірдегі
№ 401
бұйрығымен бекітілген

Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының "Бейтарифтік реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген (бұдан әрі - Алқа шешіміне ережелер) асыл тастарды, бағалы металдары бар бағалы металдарды және шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар айқындайды:

      1) асыл тастар - табиғи алмастар, зубәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі;

      2) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) - асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;

      3) асыл тастарды сәйкестендіру - асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу;

      4) бағалы металдар - кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

      5) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі - зергерлік және басқа да бұйымдар) - бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

      6) өтініш беруші — асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізуге өтінішпен жүгінген жеке және заңды тұлғалар;

      7) сынама — бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны;

      8) сынамалау - бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау;

      9) сынамалық таңба - зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі;

      10) талдау — бұйым дайындалған метал мен оның қорытпасының химиялық құрамын, оның ішінде осы бұйымның бұзылуын қарастыратын әдістерді қолдану жолымен айқындау;

      11) таңбалау - зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу;

      12) уәкілетті орган - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заннамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) уәкілетті ұйым — Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.

2. Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібі

      3. Өтініш берушілер уәкілетті ұйымға сараптама жүргізу үшін ерікті тәртіпте жүгінеді.

      Міндетті тәртіпте:

      1) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен белгіленген жағдайларды есептеменде, кедендік декларациялау және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін, асыл тастарды, зергерлік және басқа бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

      2) асыл тастарды, зергерлік және басқа бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындағанды қоспағанда, зергерлік және басқа бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) өндіру жағдайларында жүгіну көзделген.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған, атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдар сараптама жүргізуге қабылдауға жатпайды.

      5. Сараптама жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      6. Өтініште асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдарда бар барлық ақаулар, олар жоқ болған жағдайда, тастардың түрін көрсетпей, жоқ тастардың (кездердінің) саны көрсетіледі.

      7. Сараптама жүргізу үшін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды қабылдау уәкілетті ұйымның үйжайында өтініш беру қатысуымен жүзеге асырылады.

      8. Асыл тастадырды, зергерлік және басқа да бұйымдарды қабылдау және беру кезінде өлшеу, нақты өлшеу қажеттілігін қамтамасыз ететін сертификаталған таразыларда жүргізіледі:

      1) алтын, платина және платиналық топтағы металдар бұйымдары үшін - 0,01 граммға дейін, күміс - 0,1 граммға дейін;

      2) асыл тастар 0,01 каратқа дейінгі нақты өлшенеді.

      9. Сараптаманы уәкілетті ұйымның құрамында кемінде үш жұмыскерін тұратын комиссия жүргізеді. Комиссияны уәкілетті орган құрады.

      10. Сараптама мынадай түрде жолмен жүзеге асырылады:

      1) Көзбен жолып қарау;

      2) өлшеу;

      3) асыл тастарды сәйкестендіру;

      4) зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таста сынама инелерді және химиялық реактивтерді қолдана отырып сынамалау;

      5) қорытпаның рентгенофлуоресценттік (бақылау чекпен купелирендіру, потенциометриялық, химиялық) әдіспен химиялық құрамын анықтау.

      11. Зергерлік және басқа да бұйымдарда бедердің сынама таңбасына ұқсастығын және белдісіне сәйкестігін белгілеу мақсатында сынама таңбаларының белгілерін тексеру сынама таңбаларының ерекше элементтерін салыстыру, оптикалық аспаптарды пайдалана отырып фотосуреттегі бедер бейнесін қарау жолымен жүргізіледі.

      12. Атаулы таңбаның тиістілігін және бұйымның өндірілу жылын анықтау мақсатында зергерлік және басқа да бұйымдардағы атаулы таңба белгілеріне тексеру бұйымдардағы атаулы таңбалардың белгілерін қарау және олардың атаулы таңба белгілерімен және/немесе бейнелерімен салыстыру жолымен жүргізіледі.

      13. Таңбалауға жататын бағалы металдардан жасалған бұйымдар үшін бейнеленген сынамалардың мынадай ең кіші мәндері белгіленеді:

      платина қорытпалары үшін - 850;

      алтын қорытпалары үшін - 375;

      палладий қорытпалары үшін - 500;

      күміс қорытпалары үшін - 750.

      14. Бағалы емес металдардан ажырайтын және (немесе) бөлінетін бөліктері бағалы металдар немесе бағалы емесе металдардан тұратын бөліктері бағалы металдардың үйлесімдігін білдіретін зергерлік және басқа да бұйымдар таңбалауға жатады.

      15. Жұп бұйымдар және (немесе) екі бірдей бөліктерден тұратын бұйымдар (сырғалар, ілмектер, темекі сауыттар) тиісті металдың немесе сынаманың негізгі таңбасымен екі бөлігінде де таңбаланады.

      16. Бұйымның екінші кезекті немесе қосымша бөліктері, егер олар ажырайтын және оңай бөлінетін, бұйымның негізгі бөлігіне дәнекерленбеген болса, тиісті сынаманың қосымша таңбасымен таңбаланады. Дәнекерленген және бөлінбейтін екінші кезекті және бір қорытпаны қосымша белшектері бар бұйымдар біртұтас бұйым ретінде қарастырылады және бұйымның негізгі бөлігіне ғана тиісті металдың және сынаманың негізгі таңбасымен таңбаланады.

      17. Бір бағалы металл бөлігінен тұратын, бірақ сынамасы әртүрлі бұйымдар негізгі бөлікке тиісті металдың және сынаманың негізгі таңбасымен, ал екінші кезекті және қосымша бөліктерге — тиісті металдың және сынаманың таңбасымен таңбаланады.

      18. Жеке бөліктері әртүрлі бағалы металдардан жасалған бұйымдар, негізгі бөлігіне тиісті металдың және сынаманың негізгі таңбасымен, екінші кезекті және қосымша бөліктеріне - тиісті металл және сынаманың таңбасымен таңбаланады.

      19. Екінші кезекті және қосымша бөліктерге қосымша таңбаны салу мүмкіндігі болмаған кезде осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, бұл таңба бұйымның негізгі бөлігіне негізгі таңбаның жанына қойылады.

      20. Таңбалауға ұсынылған бұйымдар және олардың жеке бөліктері мәлімделген сынамаға сәйкес келмеген жағдайларда, олар иесінің келісімімен жақын төменгі белгіленген сынама таңбасымен таңбаланады. Келісім болмаған кезде — бұйымдар иесіне таңбаланбаған түрде беріледі.

      21. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің кодтары бар "Барыс басының" нысаның, "КZ" Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелеу отырып, Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасымен таңбаланады, олардың бедерлемері уәкілетті органдарға беріледі.

      22. Таңбалау әдісін таңдауды уәкілетті ұйым жүзеге асырады және ол ұсынылған бұйымдардың тізбесіне байланысты болады.

      23. Бағалы емес металдардан жасалған бөліктерде "металл" немесе ұқсас ("мет", "нерж", "stееl", "мельх") белгілері немесе механикалық соғып шығарылған немесе ойып жасалған металдың арнайы белгілері қойылады.

      24. Асыл тастардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы бұйымның тұтастығын бұзбайтын және олардың бүлінуіне жол бермейін әдістермен жүргізіледі.

      25. Зергерлік және бақа да бұйымдардың тұтастығын бұзбай сараптама жүргізу мүмкін болмаған жағдай қорытпа талдауын жүргізуге бұйымды сараптамаға ұсынған тұлғаның, жазбаша келісімін алу кажет.

      26. Сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.

      27. Сараптама бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      28. Сараптама қорытындысы бойынша сараптама қорытындысы үш данада жасалады:

      бірінші дана сараптама жүргізуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлғада қалады;

      екінші дана - уәкілетті ұйымға ұсыну үшін;

      үшінші дана - уәкілетті органға ұсыну үшін.

  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Уәкілетті ұйымға

      ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ЖСН /

      заңды тұлғаның атауы, БСН)

      Мекенжайы __________________________________________

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________ сәйкестігіне

      _____________________________________________________________________

      сараптама жүргізуді сұраймын

Зергерлік және басқа да бұйымдардың атауы

Саны, дана

Массасы, грамм

Бағалы металдың сынамасы (немесе болжалды сынама)

Көздеріндегі асыл тастардың саны (бар болған жағдайда)

Ескертпе


Асыл тастардың атауы

Саны, дана

Массасы, карат

Тастардың қасиеті

Ескертпе














      ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      20 ___ жылғы " __ " _________

  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Уәкілетті ұйымдардың кодтар бар "Барыс басының" нысанын, "KZ" Қазақстанның халықаралық аббревиатурасын бейнелеумен Қазақстан Республикасының бірегей сынама таңбасы



  Асыл тастарға, бағалы металдар
мен асыл тастардан жасалған
зергерлік және басқа да
бұйымдарға сараптама жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ № ____

      20 жылғы " __ " ________

      Өтініш беруші

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Өндіруші

      _____________________________________________________________________

      (ел, кәсіпорынның, фирманың атауы)

      Инвойс

      _____________________________________________________________________

      Бұйымның/ мәлімделген сынама саны

      _____________________________________________________________________

      Сараптамалық комиссия, ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      20 жылғы " __ " __________ өтініштің негізінде (____ адам) құрамында

      сараптама жүргізді __________________________________________________

      (бұйымның саны, атауы)

      _______________________________ квитанцияға сәйкес салмағы __________

      Оларға сәйкес сараптама жүргізілген құжаттар ________________________

      (нормативтік құжаттар)

      _____________________________________________________________________

      Сараптамамен мыналар анықталды: _____________________________________

р/

с

Зергерлік және басқа да бұйымдар дың атауы

Саны, дана

Массасы, грамм

Бағалы металдың (құйманың) атауы

Сынаманың сәйкестігі

Көздер (саны, карат, тастың атауы)

Атау таңба (сипаттама, тиістілігі)

Ескертпе

1.










р/с

Асыл тастардың атауы

Саны, дана

Салмағы, карат

Асыл тастың ерекшелігі

Ескертпе

1.







      Сараптама ___________________________ арқалы (әдіспен) жүргізілді

Комиссия



(лауазымы)

(қолы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


(лауазымы)

(қолы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


(лауазымы)

(қолы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


      1 көшірмесін алдым, наразылығым жоқ _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады