Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13796 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 500 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру
ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы
бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары
білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту,
өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Кағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, ІІМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн анықтайды.

2-тарау. Келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және
тоқтату тәртiбi

      2. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен Келісімшарт қабылдау комиссиясының ІІМ білім беру ұйымдарына қабылдау туралы шешімі және ІІМ білім беру ұйымы бастығының қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.

      Келісімшарт осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған курсант және ІІМ білім беру ұйымының бастығы қол қояды. Келісімшарт екі данада қазақ немесе орыс тілінде ресімделеді, оның біреуі жеке ісіне тіркеледі, екіншісі курсантқа беріледі. Келісімшарттың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

      3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ-нің білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен Келісімшарт қабылдау комиссиясының ІІМ білім беру ұйымының магистратурасына немесе докторантурасына қабылдау туралы шешімі және ІІМ білім беру ұйымы бастығының қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.

      Келісімшарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған ІІМ білім беру ұйымының бастығы, магистратураға немесе докторантураға қабылданған қызметкер және қызметкерді оқуға жіберген ІІМ, ішкі істер департаменттерінің, көліктегі ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – аумақтық ІІО) басшылары қол қояды.

      Келісімшарт үш данада қазақ немесе орыс тілінде ресімделеді, оның біреуі жеке іске тіркеледі, екіншісі магистрантқа (докторантқа) беріледі, үшіншісі магистрантты (докторантты) оқуға жіберген ІІМ, аумақтық ІІО, білім беру ұйымына жолданады. Келісімшарттың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

      4. Оқу ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, ІІМ-нің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен Келісімшарт қабылдау комиссиясының шет мемлекеттердiң білім беру ұйымдарына оқуға жіберу туралы шешімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққаннан кейін, ІІМ кадр қызметінде жеке ісін қалдыра отырып, жасалады.

      Келісімшарт осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған курсант және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қол қояды және. Келісімшарт екі данада қазақ немесе орыс тілінде ресімделеді, олардың біреуі жеке іске тіркеледі, екіншісі курсантқа беріледі. Келісімшарттың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.

      5. Жасы он сегізге толмаған адамдармен келісімшарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының, бала асырап алушыларының немесе қамқоршыларының еркін нысандағы жазбаша келісімі қоса беріледі.

      6. Курсант, магистрант, докторант ІІМ-нің бір білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауысқан жағдайда келісімшарт онымен қайта жасалады.

      7. Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

      8. Келісімшарт:

      1) әскери-дәрігерлік комиссия курсантты, магистрантты, докторантты денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз немесе шекті түрде жарамды деп таныған; курсант қайтыс болған жағдайда;

      2) өз еркі бойынша;

      3) қызметкер ІІМ білім беру ұйымын және оқу ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, ІІМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аяқтаған соң 5 жыл ішінде ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан;

      4) қызметкер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ-нің білім беру ұйымдарын аяқтаған соң 3 жыл ішінде ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан;

      5) оқу үлгерімі нашар болған жағдайда;

      6) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тамағының 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда мерзімінен бұрын бұзылады.

      9. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған курсанттар арнайы есептен шығарылады және ІІМ білім беру ұйымының кадр қызметі тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қою және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әскерге шақыру үшін әскери басқару органдарына жолдайды.

      10. Осы Қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасынан басқа келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған курсанттар оларды оқыту кезеңiнде оқытуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына және кері жол жүру шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтарады. Ұстауға жататын сома ІІМ білім беру ұйымдарында болған әрбір толық айға барабар есептеледі.

      Қызметтен босатылған қызметкерлерден бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеуді аумақтық ІІО жүзеге асырады.

      ІІМ білім беру ұйымдарынан оқудан шығарылған курсанттардан, магистранттардан және докторанттардан бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеуді ІІМ білім беру ұйымы жүзеге асырады.

      11. Тараптар өздерінің келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін толық аяқтағаннан кейін келісімшарт өз күшін тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқу
ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей
отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің жолдамасы бойынша шет
мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының
жоғары білім беретін кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт
жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату
тәртiбi туралы қағидаларға
1-қосымша

      нысан

КЕЛІСІМШАРТ

      ________________ қ. "___"________20____ ж.

      _____________________________________________________________________

      (ІІМ білім беру ұйымының атауы)

      ___________________________________________________ мекенжайы бойынша

      орналасқан _______________________________ (20____ ж. "____" ________

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген

      №________________ сериясы______________ лицензия) Жарғының негізінде

      әрекет ететін бұдан әрі "ІІМ-нің білім беру ұйымы" деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты,

      әкесінің аты (болған кезде))

      бір тараптан және бұдан әрі "курсант" деп аталатын __________________

      __________________________________________________ мекенжайда тұратын

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      ІІМ-нің білім беру ұйымына оқуға қабылданған адаммен төмендегілер

      туралы осы Келісімшартты жасасты.

1. Келісімшарттың мәні

      1. ІІМ-нің білім беру ұйымы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім

      беру стандартына сәйкес, күндізгі оқыту нысаны

      бойынша:_____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мамандықтың атауы және шифры, оқыту нысаны)

      жоғары білім беру бағдарламалары мамандығы бойынша курсантты оқытуды

      ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне алды.

      Оқыту мерзімі:_______________________________________________________

       (білім беру ұйымындағы оқу кезеңі көрсетіледі)

2. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. ІІМ-нің білім беру ұйымы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы келісімшартты өзгертуге және бұзуға;

      2) курсантты көтермелеуге, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға;

      3) курсанттан білім беру ұйымының мүлкіне келтірген зиянды өндіріп алуға;

      4) осы Келісімшарттың 5-тармағының 10), 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда курсантқа стипендия төлеуді, оқу кезеңінде тамақтануына, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына және кері жол жүру шығыстарын қоса алғанда, оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға;

      5) курсантқа "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген каникулярлық демалыстар және демалыстардың басқа да түрлерін беруге;

      6) қажет болған жағдайда, жазбаша өкім бойынша курсантты қызметтік міндеттерін белгіленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері атқаруға тартуға;

      7) курсантты үш айдан аспайтын мерзімге заңнама белгіленген жағдайларда республиканың өзге өңірлерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысу үшін тартуға құқылы.

      3. Білім беру ұйымы:

      1) курсантты "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу шарттарымен қамтамасыз етуге;

      2) 18 жасқа толмаған курсанттармен келісімшарт жасалған жағдайда ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімін алуға;

      3) курсантқа ай сайын стипендия төлеуге;

      4) курсантты нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;

      5) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және курсантты қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;

      6) курсантты медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда курсантқа қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;

      8) курсанттың оқу кезеңдерін растайтын құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;

      9) әскери билетін (тіркеу куәлігін), сондай-ақ еңбек кітапшасын сақтауды қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;

      10) курсанттың жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;

      11) курсантты аумақтық ішкі істер департаменттерінің, Көліктегі ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің өтінімдеріне сәйкес ішкі істер органдарының бөліністеріне бөлуге;

      4. Курсант:

      1) осы келісімшартты өзгертуге және бұзуға;

      2) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу, тұру және медициналық қамтамасыз ету шарттарына;

      3) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне;

      4) қолданыстағы заңнамада көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға;

      _____________________________________________________________________

      (кепілдіктер мен өтемақылардың қосымша түрлерін көрсету)

      5) егер ол оқуды үздік бітірсе, аумақтық ішкі істер департаменттерінде, Көліктегі ішкі істер департментінде, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде, төтенше жағдайлар департаменттерінде қызмет орнын таңдауға құқылы.

      5. Курсант:

      1) осы келісімшартта көрсетілген мамандық мен мамандану бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерін дұрыс меңгеруге;

      2) қызметтік тәртіпті сақтауға;

      3) білім беру ұйымының мүлкін күтіп ұстауға;

      4) еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын орындауға;

      5) оның лауазымына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;

      6) туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына, білім беру ұйымы мен білім алушылар мүліктерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайлар туралы хабарлауға;

      7) оқуға қабылдау кезінде кадр қызметіне еңбек кітапшасын, әскери билетін (олар болған кезде) және басқа да жеке құжаттарын ұсынуға;

      8) отбасы жағдайы өзгерген, оны немесе жақын туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тарқан, олардың біреуі шетелге тұрақты тұруға кеткен жағдайларда бұл туралы үш күн мерзім ішінде баянат арқылы тікелей бастығына баяндауға;

      9) ішкі істер органдарының тиісті бөлінісінде кемінде 5 жыл қызмет өткеруге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бітірушілерін бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге 5 жұмыс күні ішінде келуге;

      10) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған жағдайда, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда оқуға, стипендия төлеуге, оның оқу кезеңінде тамақтануына, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына және кері жолақы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға барабар есептеледі;

      11) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануына, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері жолақы шығыстарын қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға барабар есептеледі.

      6. Келісімшарт тараптардың келісімі немесе тараптардың біреуінің бастамасы бойынша, сондай-ақ Келісімшартың талаптары бұзылған кезінде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларын қоспағанда, келісімшарт тараптардың біреуінің бастамасы бойынша, егер де бұл тарап екінші тарапты оның мерзімі аяқталардан 30 күн бұрын, жазбаша түрде ескертсе, келісімшарт бұзылуы мүмкін.

      7. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.

      8. Келісімшарт 2 данада жасалады, олардың біреуі курсанттың жеке ісінде сақталады.

      Осы келісімшартқа______________________________________________

       (курсанттың оқу орнына тапсырған жеке құжаттарының тізбесі)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________ қоса беріледі.

      9. Осы Келісімшарт тараптар өз міндеттерін толық орындағаннан кейін күшін жойяды.

      10. Осы Келісімшарттың тараптары арасында оның шарттарын орындау бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

      11. Осы Келісімшартпен көзделген шарттарды орындамауы және оларды тиісті орындалмағаны үшін, тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      Курсант: ІІМ білім беру ұйымы:

      ____________________________ Банктік деректемелер:

      (курсанттың немесе оның заңды ЖСК ________________________

      өәкілінің тегі, аты, әкесінің БЖК ________________________

      аты (болған кезде)) БСН_________________________

      ____________________________ 16 код _____________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың Бастық:

      №__________________ ____________________________

      ЖСН_________________________ (тегі, аты, әкесінің аты

      Мекенжайы___________________ (болған кезде))

      ____________________________ Қолы _________ Күні ________

      Телефоны____________________ М.О.

      Электрондық поштасы_________

      Қолы _________ Күні ________

      Білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге

      құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіптеме қағидаларымен, осы

      Келісімшартпен таныстым _____________________________________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқу
ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей
отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің жолдамасы бойынша шет
мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының
жоғары білім беретін кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт
жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату
тәртiбi туралы қағидаларға
2-қосымша

      нысан

КЕЛІСІМШАРТ

      ___________ қ. 20_____ ж. "____" ________

      ____________________________________________________________________,

      (ІІМ білім беру ұйымының атауы)

      ________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      ______________________________________________ (20____ ж. "____"

      ________ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген

      №________________ сериясы______________ лицензия) Жарғы негізінде

      әрекет ететін, одан әрі "ІІМ жоғары оқу орны" деп аталатын

      ____________________________________________________________________,

      бір тараптан және бұдан әрі магистрант/PhD докторант" деп аталатын

      қызметкер

      ________________________________________________________________ және

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      __________________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі

      "Тапсырыс беруші" деп аталатын ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ІІМ, аумақтық ІІО, ІІМ білім беру ұйымының атауы)

      ______________________________________________________ атынан, екінші

      тараптан__________________________________магистранттың/докторанттың

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),

      мүддесінде, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасасты:

1. Келісімшарттың мәні

      1. ІІМ білім беру ұйымы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

      бағдарламалары бойынша магистрантты/PhD докторантын мемлекеттік

      жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес күндізгі оқыту нысаны

      бойынша оқытуды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады.

      Мамандықтың шифры және атауы: _______________________________________

      _____________________________________________________________________

2. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. ІІМ-нің білім беру ұйымы:

      1) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/PhD докторантын конкурстың қорытындылары бойынша қабылдауға;

      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;

      3) магистрантқа/PhD докторантына оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде ай сайын лауазымдық жалақы төлеуге міндетті.

      3. ІІМ- нің білім беру ұйымы:

      1) магистранттан/PhD докторантын осы Келісімшартқа, ІІМ білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидаларына және Жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісінше орындауды талап етуге;

      2) магистрантқа/PhD докторантына оқу және жеке жоспарды орындамағаны ІІМ білім беру ұйымының, ішкі тәртіптеме қағидаларын және Жарғысын бұзғаны үшін оқудан шығаруға дейінгі тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;

      3) магистранттың/PhD докторантын оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын белгілеуге құқылы.

      4. Магистрант/PhD докторанты:

      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары көлемінде білімді, машықтар мен практикалық дағдыларды меңгеруге;

      2) ІІМ білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғы мен ішкі тәртіптеме қағидаларын және осы Келісімшарттың талаптарын сақтауға және орындауға;

      3) отбасылық жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген кезде ол туралы жоғарыда көрсетілген мән-жайлар туындаған басталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

      5. Магистратурада/PhD докторантурасын білім алу кезеңінде:

      1) мынадай бөлімдерді:

      жеке оқу жоспарын;

      ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);

      практиканы (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);

      негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/PhD докторлық диссертацияларының тақырыптарын;

      магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;

      ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын қамтитын жеке оқу жұмыс жоспарын орындау;

      2) білім беру ұйымы белгілеген мерзімдерде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беру;

      3) аралық аттестаттаудан өту;

      4) магистрлік/докторлық диссертацияларды дайындау;

      5) диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсыну;

      6) қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, көпшілік алдында магистрлік/докторлық диссертацияны қорғау;

      7) оқуды аяқтағаннан кейін оны оқуға жіберген ІІМ, аумақтық ІІО, ІІМ білім беру ұйымында кемінде үш жыл жұмыс істеу талап етіледі.

      6. Магистрант/PhD докторанты:

      1) магистратураның/PhD докторантурасының білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында ІІМ білім беру ұйымының материалдық-техникалық жарақтарын пайдалануға;

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, симпозиумдарға қатысу, басылымдарға, оның ішінде ІІМ білім беру ұйымының басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытушылардың жеке құрамы бойынша ұсыныстарды кез келген түрде (жазбаша, ауызша) енгізуге құқылы.

3. Ерекше шарттар

      7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан

      магистрант/PhD докторанты үшін оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл бойы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ІІМ, аумақтық ІІО, ІІМ білім беру ұйымының атауы)

      жұмыс істеуі міндетті шарт болып табылады.

      8. Тапсырыс беруші магистрантты/PhD докторантын оқытуды аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейінгі лауазымнан төмен емес лауазымға тағайындайды.

      9. Магистрант/PhD докторанты оқудан шығарылған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айырылады.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жауапкершілікте болады.

      11. Келісімшарттың 7-тармағын орындамағаны үшін магистрант/PhD докторанты өзінің білім алуымен байланысты республикалық бюджет шығындарының орнын толтыруға міндетті.

5. Дауларды шешу тәртібі

      12. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларда, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тікелей тараптар қарайды.

      13. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

6. Келісімшарттың қолданыс мерзімі, талаптарды өзгерту және оны бұзу тәртібі

      14. Осы Келісімшарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқу аяқталғаннан кейін ІІМ, аумақтық ІІО бөліністерінде, ІІМ білім беру ұйымында кемінде үш жыл жұмыс істегеннен кейін күшін жояды.

      15. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.

      16. Осы Келісімшарттың бірдей заңды күшке ие 3 данада қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және бір данадан білім беру ұйымдарына, магистрантқа/PhD докторантына және тапсырыс берушіге беріледі.

ІІМ/аумақтық ІІО/ІІМ білім беру ұйымы:

ІІМ білім беру ұйымы:

е/ш _____________________________

БЖК _____________________________

БСН _____________________________

Мекенжайы _______________________

_________________________________

_________________________________

_________________________ бастығы

Банктік деректемелер:

ЖСК ______________________________

БЖК ______________________________

БСН_______________________________

16-код ___________________________


      Магистрант/докторант:

      Т.А.Ә (болған кезде).__________________

      _______________________________________

      Жеке куәлітің № _______________________

      ЖСН ___________________________________

      Мекенжайы______________________________

      _______________________________________

      Телефоны_______________________________

      Электрондық поштасы____________________

      Магистрант/докторант

      Білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге

      құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіптеме қағидаларымен, осы

      Келісімшартпен таныстым

      _____________________________________________________________________

      (магистранттың/докторанттың қолы)

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқу
ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей
отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің жолдамасы бойынша шет
мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының
жоғары білім беретін кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт
жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату
тәртiбi туралы қағидаларға
3-қосымша

      нысан

КЕЛІСІМШАРТ

      Астана қ. 20__жылғы "__"_________

      Бұдан әрі "ІІМ" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрінің 20____жылғы "___"_________№___ бұйрығы негізінде әрекет

      ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі атынан

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бір тараптан және бұдан әрі "Қызметкер" деп аталатын, шет елге оқуға

      жіберілетін _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы, арнаулы атағы)

      екінші тараптан, ал бірге "Тараптар" деп аталатын төмендегілер туралы

      осы Келісімшартты жасады:

1. Келісімшарттың мәні

      1. ІІМ қызметкерді ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ел, қала, оқу орны)

      20 ___ жылғы "___"_________ бастап 20 ___ жылғы "___"_________

      дейінгі кезеңде оқуға жібереді.

2. Тараптардың құқықтары

      2. ІІМ:

      1) Қызметкер осы Келісімшарттың талаптарының біреуін бұзуға жол берген жағдайда, сондай-ақ қызметтік қажеттілік туындаған барлық жағдайларда оны мерзімінен бұрын шақыртып алуға;

      2) Қызметкердің шет елде оқу барысында алған білімін практикада қолдануын талап етуге;

      3) Қызметкер:

      оқуын жалғастырудан бас тартқан;

      шет мемлекетің заңнамасында көзделген елде болу және оқу орнының ішкі тәртіптеме қағидаларын бұзған;

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;

      Ішкі істер органдарындағы қызметтен босатылған жағдайларда қызметкерді шет елде оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған кезде оның шет елде оқуымен және жол жүруімен байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ жұмсаған барлық шығындарды "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өндіру бойынша шаралар қабылдауға құқылы.

      3. Қызметкер:

      1) Оқуын мынадай негіздер бойынша:

      қызметкер оқитын елдің тиісті құжаттарымен расталған жағдайда Қызметкердің өзінің ауруына байланысты;

      растайтын құжаттар болған жағдайда Қызметкердің жақын туыстарының немесе оның асырауындағы адамдардың ауруы немесе қайтыс болуына байланысты мерзімі аяқталғанға дейін уақытша тоқтатуға немесе бұзуға;

      2) ІІМ алдында осы келісімшарттың мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ ақшалай қаражатты мемлекет кірісіне қайтару мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіруге құқылы.

3. Тараптардың міндеттері

      4. ІІМ:

      1) оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда қызметкерді жоғарыда көрсетілген оқу орнында 20___жылғы "____"______ мен 20___жылғы "____"______аралығында оқытуды ұйымдастыруға не оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы қаржыландырылған жағдайда оқуға жіберуді ұйымдастыруға;

      2) Қызметкерді оқыту, оның тұру, тамақтану, ақшалай үлес, жоғарыда көрсетілген оқу орнындағы ай сайынғы стипендиясын толық төлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ оқу орнына жіберу кезінде (оқитын жеріне дейін), жаздық каникулярлық демалысын өткізетін жеріне және оқу орнына кері қайтуға, автомобиль, темір жол көлігімен жол жүру құнын төлеуге;

      3) шет елде оқуын аяқтағаннан кейін Қызметкерді алған мамандығына сәйкес лауазымға тағайындауға;

      4) шет елде оқу кезеңінде Қызметкер қайтыс болған жағдайда ІІМ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында оның денесін жерлеуді ұйымдастыруға міндеттенеді. Жақын туысқандары Қазақстан Республикасынан тыс жерде жерлеу орнын белгілеген жағдайда ІІМ Қызметкердің денесін Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді төлейді.

      5. Қызметкер:

      1) өзі оқитын шет елдік оқу орны қоятын талаптарды орындауға;

      2) оқу орнының бағдарламасында көзделген білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруге;

      3) демалыс орнына келген соң және кері қайтқаннан кейін бір ай ішінде жол жүру құжаттарын ІІМ-ге ұсынуға;

      4) оқуды тоқтату қажеттілігі туралы ІІМ-ге уақтылы хабарлауға;

      5) оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып келуге және ішкі істер органдарында оқуын аяқтаған сәттен бастап кемінде бес жыл қызмет етуге міндеттенеді. Осы міндеттемені орындамаған жағдайда Қызметкер "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қайта еспетеуді ескере отырып, оқуға жұмсалған қаржылай қаражатты толық көлемде ІІМ-ге қайтарады.

      6) Қызметкер осы Келісімшарттың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде оның шет елде оқуына жұмсалған қаржылай қаражатты (оқу орнына бару және кері қайту билеттерінің құнын, оқуына, тамақтануына, тұруына, заттай үлесіне, демалыс кезеңіндегі жолақысын, медициналық сақтандыруға, стипендияға, оқу әдебиеттері мен Қызметкерді шет елде ұстауды растайтын басқа да шығыстарды) қайтаруға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жауапкершілікте болады.

5. Келісімшарттың қолданыс мерзімі

      7. Келісімшарт Қызметкердің оқу кезеңіне жасалады және Тараптар осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

      8. Тараптардың жазбаша келісімі бойынша, сондай-ақ екінші тарап келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда, бір тараптың бастамасы бойынша Келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылуы немесе өзгертілуі мүмкін.

      9. Осы Келісімшартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт ұзартуға жатпайды.

6. Келісімшарт бойынша тараптардың жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар

      10. Егер орындалмауы еңсерілмейтін күш әрекетінің (форс-мажорлық мән-жайлар) салдарынан, яғни: Қызметкердің қайтыс болуы, су басу, өрт, жер сілкінісі, басқа да дүлдей зілзалалар, сондай-ақ соғыс, әскери іс-қимыл, бүлік, блокада, заңнамада немесе атқарушы билік органдары белгілеген актілер немесе шектеулер, жарияланған немесе жарияланбаған ереуілдер немесе Тараптардың бақылауынан тыс Келісімшарт жасалғаннан кейін туындаған басқа да кез келген мән-жайларда осы келісім-шарт бойынша кез келген міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін тараптардың ешқайсысы жауапкершілікте болмайды.

      11. Міндеттемелерін орындауға еңсерілмейтін күштің мән-жайлары кедергі жасаған Тарап жазбаша түрде (факсимильдік байланыспен, жеделхатпен) олар біткен сәттен бастап 24 сағат ішінде бұл туралы екінші тарапқа хабарлауға міндетті. Форс-мажорлық мән-жайлар әрекеті аяқталғаннан кейін тараптар үш күн ішінде бір-біріне хабарлайды, кері жағдайда Тараптар залалдың орнын толтырудан босатылмайды.

      12. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі 10-тармақта көрсетілген форс-мажорлық жағдайлар әрекетінің мерзіміне және оның салдарына шамалас ұзартылады.

7. Дауларды қарау

      13. Осы келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындау барысында туындаған кез келген даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі. Жойылмайтын қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда соңғы шешімді Қазақстан Республикасының соты қабылдайды.

8. Өзге де шарттар

      14. Осы келісімшарт Қызметкердің кінәсінен бұзылған жағдайда келтірген материалдық залалдың орнын толтыру осы Келісімшарттың міндетті шарты болып табылады.

      15. Келісім-шарт екі данада, әр тарап үшін бір данадан жасалған, екі данасы да бірдей және бірдей заң күші бар, екі тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

9. Қорытынды ережелер

      16. Осы Келісімшарттың ережелері Тараптар жасаған өзге келісім-шарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін қозғамайды.

10. Тараптардың деректемелері

      Қазақстан Республикасы ________________________

      Ішкі істер министрлігі Тегі, аты, әкесінің аты

       (болған кезде)

      010000, Астана қ., Тәуелсіздік көшесі, 1 ________________________

      Тел.8-717_________________ мекенжайы

      БИК ККMFKZ2A ________________________

      Банк: "Қазақстан Республикасы лауазымы

      Қаржымині Қазынашылық комитеті" ММ ________________________

      ИИК KZ92070101KSN0000000 телефоны

      БИН 960340000514 ________________________

       кызметтік куәлік

      ________________________

       жеке куәлік, кім

      ________________________

       және қашан берді

      ________________________

      ЖСН

      __________________________ ________________________

       М.О. (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 500 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылды деп танылатын бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 12) және 13) тармақшаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2011 жылғы 20 тамыздағы № 265-266 (26686-26687) сандарында, 2011 жылғы 30 қарашадағы № 31 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 220 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8442 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 246 (27520) санында жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 521 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8442 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 277 (28216) санында жарияланған);

      4) "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 398 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9641 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 126 (2694) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады