"Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметiн қоспағанда, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13797 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген, 2015 жылы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде (әрі қарай - біліктілік талаптары):
      біліктілік талаптарының 4-тармағы алып тасталсын;
      біліктілік талаптарының 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

5.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша – үш жылдан кем емес

Еңбек кітапшасының немесе еңбек келісім шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі не қызмет ету тізімі



      біліктілік талаптарына қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама
қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау
банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                               Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»                       «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі         Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев           ____________ Қ. Бишімбаев
      "_____" ______ 2016 жыл           27 мамыр 2016 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      4 мамыр 2016 жыл

2016 жылғы 28 сәуірдегі № 197
Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің     
бұйрығына қосымша      

      Cот-медициналық, сот-психиатриялық және 
сот-наркологиялық сараптама саласындағы 
сот-сараптама қызметін қоспағанда,   
сот-сараптама қызметін жүзеге асыру  
үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне
1-қосымша               

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер түрі

      ЖСН _________________________________________________________
      Т.А.Ә. ______________________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:

№ №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Куәлік/куәлікке қосымша нөмірі

Куәлік/куәлікке қосымша берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (куәлік/куәлікке қосымша)































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады