"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 маусымда № 13808 болып тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
      32 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына мамандықтар шегінде уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатысады. Бітірушілерінің жұмысқа орналасуы республикалық орташа көрсеткіштен төмен жоғары оқу орындары конкурсқа қатыса алмайды.
      Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне алғашқы рет енгізілген мамандықтарды қоспағанда.
      39-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындары;»;
      4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындары.»;
      40-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі бекітіледі.».
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады