Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 маусымда № 13831 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 8 және 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы әкімшілік мәліметтерді жинақтау үшін есеп нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға арналған сауалнама парағының нысаны бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мәліметтер орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жарты жылда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде ұсынылады деп анықталсын.
      3. Министрліктің Мемлекеттік қызмет департаментімен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануы;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
      4) осы бұйрықтың Министрліктің ресми интернет-ресурсына жүктелуі қамтамасыз етілсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Н.М. Ыбырайымға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері
           министрі                               Т. Донақов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитеті төрағасының м.а.
      ______________ Б. Иманәлиев

Қазақстан Республикасы         
Мемлекеттік қызмет істері министрінің   
2016 жылғы 25 мамырдағы        
№ 106 бұйрығына 1-қосымша       

Әдеп жөніндегі уәкілдердің
қызметі туралы әкімшілік мәліметтерді
жинақтау үшін есеп нысаны

Есепті кезең 20___ жылғы ___жарты жылдық

Индекс: 1-әу

Кезеңділігі: жарты жылда бір рет

Ұсынатын тұлғалар тобы: орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері.

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

Тапсыру мерзімі – жарты жылда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей

№ р/с

Көрсеткіштер

Есепті кезеңдегі жалпы саны


1.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының) (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультация алу үшін өтініштерінің саны



2.

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштерінің саны



3.

Осы есеп нысанының 2-тармағында көрсетілген әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданған өтініштердің саны



4.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша өтініштерінің саны



5.

Осы есеп нысанының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылданған өтініштердің саны



6.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен өткізілген, сондай-ақ ұжымда өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын
іс-шаралардың саны



7.

Мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы енгізілген ұсынымдардың саны



8.

Осы есеп нысанының 7-тармағында көрсетілген көтермелеген адамдардың саны


Мемлекеттік органның атауы:
________________________________

Мекенжайы:
______________________________

Әдеп жөніндегі уәкіл
________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы)
______________________________

20 жылғы «_____» ___________

мөр орны

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы әкімшілік мәліметтерді жинақтау үшін есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы әкімшілік мәліметтерді жинақтау үшін есеп нысанын (бұдан әрі – есеп нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын анықтайды.
      2. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде есепті ұсыну кезіндегі нақты жағдайы бойынша толтырылып, мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жарты жылда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      3. Есеп нысанына мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкілі қол қояды.
      4. Министрлікке ұсынылған есеп деректердің дұрыстылығына мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері жеке жауапты болады.

2. Есеп нысанын толтыру

      5. 1-жолда әдеп жөніндегі уәкілге өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер өтініштерінің саны көрсетіледі.
      6. 2-жолда әдеп жөніндегі уәкілдің қарауына түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің саны көрсетіледі.
      7. 3-жолда тиісті шаралар қабылданған 2-жолда көрсетілген өтініштердің саны көрсетіледі.
      8. 4-жолда әдеп жөніндегі уәкілдің қарауына түскен әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері өтініштерінің саны көрсетіледі.
      9. 5-жолда тиісті шаралар қабылданған 4-жолда көрсетілген өтініштердің саны көрсетіледі.
      10. 6-жолда әдеп жөніндегі уәкілмен өткізілген іс-шаралардың (түсіндіру жұмыстары, дәрістер, семинарлар, кеңестер, кездесулер, «дөңгелек үстелдер», жалпыға бiрдей құқықтық оқытулар және өзге іс-шаралар) саны көрсетіледі.
      11. 7-жолда әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның басшысына адамдарды көтермелеу туралы әдеп жөніндегі уәкіл енгізген ұсынымдардың саны көрсетіледі.
      12. 8-жолда әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынымы бойынша 7-жолда көрсетілген көтермелеген адамдардың саны көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы         
Мемлекеттік қызмет істері министрінің    
2016 жылғы 25 мамырдағы         
№ 106 бұйрығына 1-қосымша        

Әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға арналған сауалнама парағы

      ________________________________________ әдеп жөніндегі уәкілі
         (мемлекеттік органның атауы)
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізеді.

1.

Менің әріптестерімнің маған деген қарым-қатынасы әр кезде әдепті және сыпайы
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

2.

Менің пікірім әр кезде мен жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығымен ескеріледі
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

3.

Маған мен жұмыс істейтін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал ұнайды
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

4.

Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығы ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

5.

Мен жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының маған деген қарым-қатынасы әділ
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

6.

Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына сенемін
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

7.

Мен күрделі өмірлік жағдайларда мен жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының жәрдеміне және қолдауына сене аламын
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады