Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 маусымда № 13845 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 98 бұйрығымен бекітілді

Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесі

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемеде Заңда анықталған мәндердегі ұғымдар және келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде едәуір ірі жиынтықтарға агрегаттау;

      2) бағаның базистік кезеңі – қарапайым агрегаттар есебінде бағалар баға арақатынасының бөлімінде көрсетілетін кезең;

      3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      4) базалық объект – байқауға және ондағы бағаларды тіркеуге іріктелген заңды тұлға;

      5) жіктелім – қабылданған белгілеріне сәйкес ұқсастықтары мен өзгешеліктері бойынша көптеген объектілерді топтарға бөлу;

      6) ерекшелік – бағаны тіркеу үшін іріктелген жеке тауарды (көрсетілетін қызметті) сәйкестендіру үшін қолданылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізбесі;

      7) индекс салмағы – олардың жалпы жиынтығында әрбір жеке элементтің маңыздылығын көрсететін шама;

      8) өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) – тауардың (көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін болмашы өзгешелігімен (бөлшек) ерекшеленетін және тұтынушылық белгісі бойынша біркелкі тауарлық топтағы тауар (қызмет) түрінің белгілі бір түрі;

      9) өндіруші кәсіпорын бағасы – өнімнің өндірушіден сатып алушыға дейінгі қозғалысына байланысты қосымша құн салығы, акциздер, сауда және өткізу-үстеме бағасы, көлік және басқа да шығыстар есебінсіз, оның кәсіпорын "қақпасынан" шыққан сәтінде өткізілген өнім бірлігінің бағасы;

      10) өнеркәсіптік кәсіпорын – өнеркәсіптік өнімдерді өндіретін және өндірумен айналысатын, өнеркәсіптік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

      11) салмақтардың базистік кезеңі – құндық көрсеткіші баға индекстерінің салмақтық құрамдарын анықтау үшін ақпараттық негіз ретінде қызмет ететін кезең (әдетте жыл);

      12) салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін индекстік есептеулерде қолданылатын және тікелей қосындылауға жатпайтын әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;

      13) салмақтау сызбасыстандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған өнімдер, тауарлар, көрсетілетін қызметтердің нақты түрлері салмағының жиынтығы;

      14) сатып алу бағасы – қосымша құн салығын, көліктік, сауда-өткізу, делдалдық және басқа да шығындарды есепке алғандағы өндірістік-техникалық мақсаттағы нақты өнім (қызмет) түрінің бағасы;

      15) іріктеме – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде пайдаланылатын, бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар мен анықтамалықтардан жеке айқындамалар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Әдістеме өндірушілердің өнеркәсіптегі бағасының деңгейін жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеудің, салмақтық құрамдас бөліктерді қалыптастырудың және агрегаттаудың түрлі деңгейінде баға индекстерін есептеудің негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.

      4. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарымен өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдеріне (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасына, өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізуде және өнеркәсіпте өндірушілер бағасының индексін құру кезінде қолданылады.

      5. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік банкпен бірігіп әзірленген "Өндірушілер бағасының индексі бойынша нұсқаулық: теория және тәжірибе" тиісті тәжірибесі бойынша қағидаттар мен ұсынымдарды есепке алумен әзірленген. Әдістемені жетілдіру "ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистикалық жүйені нығайту бойынша жобасы" шеңберінде өнеркәсіптегі өндірушілер бағасының статистикасы саласындағы еуропа елдерінің тәжірибесін есепке ала отырып қарастырылды.

      6. Өнеркәсіптегі өндірушілер бағасының индексі келесі статистикалық көрсеткіштердің жиынтықтарымен сипатталады:

      1) өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) баға индексі (бұдан әрі – Өндірушілер бағасының индексі);

      2) өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасының индексі (бұдан әрі – Сатып алу бағасының индексі);

      3) өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындардың бағасы (бұдан әрі – Өндірушілер бағасы);

      4) өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасы (бұдан әрі – Сатып алу бағасы).

      Өндірушілер бағасының индексі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген дайын өнімдерге және олармен көрсетілген өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгерісін сипаттайды.

      Өндірушілер бағасы тікелей бағалық фактордан басқа алуан түрлі ассортименттік, құрылымдық жылжудан, әр түрлі ұйымдар мен әр түрлі баға деңгейінде тауар өндірісі үлесінің өзгеруі, олардың маусымдық ауытқуы және басқалардың әсерінен құрылады.

      Өндірушілер бағасының индексін құрудың мақсаты өнімге, көрсетілетін қызметке оларды өткізу сәтіндегі баға өзгерісінің орташа шамасын өлшеу болып табылады. Өндірушілер бағасының индексі түрлі өндірілген сатыларда өнім, көрсетілетін қызмет түрлерінің баға серпінін қадағалайды. Өнім түрлері бойынша өндірушілер бағасы индексінің өзгеру қарқынын көтерме және бөлшек саудадағы бастапқы әлеуетті инфляция шамасы ретінде қарастырады.

      Өндірушілер бағасының индексі:

      1) Ұлттық шоттарды есептеу жүйесінің негізгі агрегатын дефляторлауда;

      2) өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлемінің индексін есептеуде және ағымдағы құнды тіркеуде;

      3) туынды статистикалық көрсеткіштерді және олардың басқа статистика салаларындағы жекелеген компоненттерін: негізгі қорларды қайта бағалау коэффициенттері, технологиялық құрылым элементтерінің құрамындағы құрылыс өндірісіндегі жабдықтарға баға индексі және басқаларын қалыптастыруда;

      4) мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өткізілетін экономикалық мониторинг жүргізу, жоспарлау, салғастыру кезінде қолданылады.

      Сатып алу бағасының индексі өнеркәсіп кәсіпорындарына өндірістік процесс үшін қажет және олармен сатып алынатын өндірістік техникалық мақсаттағы өнімдеріне бағалардың өзгеруін сипаттайды.

      Сатып алу бағасы инфляциялық өзгерістер әсерінен ассортименттік және құрылымдық жылжулар, әр түрлі тауар түрлерінің үлес қатынасының өзгеруі, оларды сатып алудың тұрақсыздығынан, сатып алудың шарттары өзгеруінен, маусымдық ауытқулар және басқалар сияқты факторлардан құрылады.

      Сатып алу бағасының индексін құрудың мақсаты өнеркәсіп кәсіпорындары аралық өнім ретінде сатып алған ішкі өндіріс, сонымен қатар импорттық өнімдердің (тауарлар) мен қызметтердің бағасын есепке алатын оны сатып алу сәтінде өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге баға өзгерісінің шамасын өлшеу болып табылады. Аралық өнім бір мекемемен немесе өндірістік бірлікпен қолданылатын, алайда басқа мекемемен шығарылған дайын өнім болып табылатын өндірістік ресурс болып табылады.

      Сатып алу бағасының индексі экономикалық қызметтің әр түрлі түрлерінде тұтынатын өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге баға серпінін қадағалайды.

      Сатып алу бағасының индексін өңдірушілер бағасының индексімен қатар құру Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі агрегаттарын анықтау мақсатында (жалпы жинақтауды есептеуде, материалдық және айналым құралдарының қорын қайта бағалауда) қолданудың қажеттілігіне жауап береді. Бұл баға өзгерісі туралы деректер пайданы талдау және өндіріс факторлары мен дайын өнімге баға серпінінің қатысын анықтау үшін қолданылады.

2-бөлім. Қамту және жіктелім жүйесі

      7. Өндірушілердің баға индексі нарықтық бағада бағаланатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді, олардың әрі қарай ішкі нарықта немесе елден тыс жерлерде өткізілуіне қарамастан ел ішіндегі өндіруі немесе қайта өңдеу бойынша операцияларды қамтиды.

      Сатып алу бағасының индексі өндірістік-техникалық мақсаттағы негізгі өнім топтарын өнеркәсіп кәсіпорындарының сатып алуы бойынша оларды сатып алу арналары бойынша ел ішінде және елден тыс операцияларды қамтиды.

      8. Өнеркәсіптегі өндірушілер бағасының индексі өңірлер бойынша қалыптастырылады. Оларды құру үшін өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің мамандануына қарамастан республиканың барлық өңірлері және жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) көлемінің үлесі зерттеледі. Өңірлік баға индекстері аумақтық өнеркәсіптік өндіріс нарығының ерекшелігін есепке алады және біртекті тауарлар түрлеріне баға серпінінің өңіраралық айырмашылықтарын көрсетеді. Аумақтық қамту базалық объектілердің орналасқан жері – қала және ауыл өңірі, астана, облыстық немесе аудандық, республикалық маңызы бар қалалар бойынша есепке алуды қарастырады.

      9. Өнеркәсіптегі өндірушілер бағасының индексін құруда зерттелетін статистикалық бірлік ретінде дайын өнім өндіретін (өндірістік қызмет көрсететін) және барлық өндірістік операцияларға қатысты шешімдер қабылдайтын бірліктер алынады. Оларға қосымша, өткізу немесе әкімшілік бірліктер жатпайды.

      10. Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстері өнеркәсіптік қызметтің қандай да бір түрінде жұмыс істейтін бірліктерде өнімді өндіру және сатып алу, көрсетілетін қызмет бағаларының өзгерісін көрсетеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеліміне сәйкес өнеркәсіптік қызмет кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясымен жабдықтау және сумен жабдықтау салаларымен айқындалады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Өнімдер, көрсетілетін қызмет түрлерін нақтылау үшін өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, қызмет көрсету) және ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) жіктелімдері қолданылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өндірушілер бағасының индексі халықаралық деңгейде келісімділігі мен салғастырылымдығы үшін өндірілген өнім соңғы бағытталуына байланысты есептелетініне сәйкес: капиталды тауарлар, аралық тауарлар, қуат, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалану тауарлары болып негізгі өндірістік топтамалар бойынша жіктеуіштер қолданылады.

      14. Аралық және соңғы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған операцияларды құндық бағалауды қамтамасыз ету үшін өнімдер, көрсетілетін тізбектегі төмендегідей есепке алынады:

      1) бастапқы өнімдер, өндірушілер бағасы индексі құрамындағы өндірістік қатардағы орнына сәйкес аралық өнімдер және соңғы өнімдер;

      2) табиғи ресурстар, материалдар, сатып алынатын жартылай дайын өнімдер, қондырғылар мен бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар, отын, қуат, бөгде ұйымдар орындаған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сатып алу бағасы индексі құрамындағы өзге де материалдарды қосқандағы шикізат.

      Жіктелімдер негізінде және әрбір өңірдің өнеркәсіп өндірісінің мамандандырылуын ескере отырып, өнеркәсіптегі өндірушілер бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізі болып табылатын және олардың индекстерінің құрылымын құрайтын өнімдердің, тауарлардың, материалдық-техникалық ресурстардың іріктемелері қалыптастырылады.

      Өнеркәсіптегі өндірушілер бағасының индекстері құрамында есепке алынатын экспортталатын, импортталатын өнеркәсіптік өнімдерге, тауарларға бағаның өзгерісі туралы ақпараттың дереккөзі ретінде сыртқы сауда бағасының деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негіз болады. Өндірушілер бағасының индексі құрамындағы экспортталатын және импортталатын тауарларды есепке алу ЖІӨ-ні дефляторлау мақсатында баға индекстерін пайдалану қажеттіліктеріне жауап береді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-бөлім. Іріктемелі жиынтықты құру
1-параграф. Базалық объектілер іріктемесі

      15. Өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдеріне (тауарлар, көрсетілетін қызмет) бағасына және өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау базалық объектілердің, өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) іріктемелі жиынтығы арқылы жүзеге асырылады.

      16. Базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы географиялық, салалық қамтуды және нарықтық ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Базалық объектілердің іріктемесін қалыптастыру үшін бас жиынтық ретінде статистикалық бизнес тіркелімнің деректері қолданылады.

      17. Базалық объектілерді іріктеу зерттелетін экономикалық қызметтің түріне және ондағы жұмыспен қамтылғандар өнеркәсіптік кәсіпорындар саны бойынша өнімділігіне қарай қолданылатын жаппай және іріктемелі әдістерді құрамдастыру арқылы жүзеге асырылады.

      Жаппай байқаумен кен өнеркәсібі салаларының ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары, табиғи монополиялар саласындағы өнеркәсіп кәсіпорындары және өндірістік сипаттағы қызметтерді көрсететін өнеркәсіп кәсіпорындары қамтылады.

      Өңдеу саласының ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу кезінде "өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына" негізделген байқаудың іріктемелі әдісі қолданылады. Шағын кәсіпорындар өздері шығаратын тауарлар жалпы экономикалық қызметтің түрлері бойынша экономикалық көрсеткіштерді құрудың негізі болса, олар іріктемеге қосылады.

      18. Базалық объектілерді іріктеу кезінде:

      1) ауқымдылығы – барлық типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы объектілерді қамту;

      2) географиялық репрезентативтілік – байқаудың әртүрлі аумағында орналасқан объектілердің өкілділігі;

      3) типтік – осы экономикалық қызмет түріне тән технологиялық үдерісі және қолданылатын шикізаты бойынша бірдей жұмыс шарттары бар кәсіпорындарды қосу есепке алынады.

      19. Сатып алу бағасының индексі үшін базалық объектілердің іріктемесінің негізі ретінде өндірушілер бағасының индексі үшін құрылған базалық объектілер іріктемесі қолданылады. Сатып алу бағасының индексі үшін базалық объектілердің іріктемесін құруда қосымша белгілі бір экономикалық қызмет түрінде есепті жыл ішіндегі өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдердің нақты топтамасын үнемі сатып алуды жүргізу есепке алынады.

      20. Іріктеменің оңтайы көлеміне жалпымемлекеттік статистикалық байқау үшін айқындалған материалдық-техникалық ресурстардың, өнімнің негізгі топтарын барынша ықтимал қамтуымен базалық объектілерді іріктеу кезінде қол жеткізіледі. Іріктеме сапасын анықтайтын шарттардың бірі оның құрамына жеткізушілермен салыстырмалы түрде тұрақты қарым-қатынасы бар объектілерді енгізу болып табылады. Өнімдердің өткізілуі және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алынуы үнемі өзгеріп тұратын жағдайларымен базалық объектілердің қатысуы баға туралы салыстырмалы ақпаратты алуды қиындатады.

2-параграф. Өндірушілер бағасының индексі үшін өнімдерді,
көрсетілетін қызметтерді іріктеу

      21. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындардың бағасын байқау үшін өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) іріктемелі жиынтығы кезең-кезеңмен құрылады және әр кезеңде белгілі бір іріктеу әдісі қолданылады.

      22. Бірінші кезең республиканың өнеркәсіп өндірісінің макроқұрылымын игеруден тұрады. Ол өнімді, көрсетілетін қызметтерді жеке алынған экономикалық қызмет саласында максималды мүмкін страталар (бөлімдер, топтар, сыныптар, түрлер, түр тармақтар, түр тармақтарындағы айқындамалар) санына ірі бөлуді көздейді. Әр бөлімнен негізгі массив әдісін пайдалана отырып, жалпы құрылымындағы қосынды шығарылымның басым үлес салмағымен өнім, көрсетілетін қызмет топтары, сыныптары, одан соң түрлері іріктеп алынады.

      23. Екінші кезең – байқауға анықталған түрлерде "цензтік әдісті" қолдана отырып өнімнің түр тармақтарын таңдау. Ценз ретінде толымдылық дәрежесі туралы жоруға болатын өнімдердің өңірлік келбеттілігі ассортименттері және түрлілігі қолданылады. Белгілі белгілермен, қасиеттермен, айрықшалаулар бойынша нақтыланған және функцияларды атқаратын біртекті (гомогенді) өнім, қызмет көрсету түр тармақтары қосылады.

      Соңғы кезеңде іріктелген түр тармақтардың құрамында нақты түр тармақтарындағы айқындамаларды іріктеу жүзеге асырылады. Түр тармағының ерекшеліктеріне: топтағы маңыздылығы, ассортиментінің кеңдігі, нарықтағы тауар қозғалысының шапшаңдығына, олардың өндіріс маусымдылығына және басқаларға байланысты болатын түрлі іріктеу әдістері пайдаланылады. Өнеркәсіптік өндірістің және экспорт көлемінің негізін құрайтын стратегиялық тауарлар және табиғи монополия саласындағы қызмет түрлері жаппай әдіспен зерттеледі. Жаппай сұраным өнімдері (тұтыну тауарлары) түрлері бойынша негізгі массив әдісімен таңдау жүргізіледі, критерийі осы топтың жалпы көлемінде өнімнің, көрсетілетін қызметтің басымдылығы болып табылады.

      24. Іріктелген нақты өнім, көрсетілетін қызметтердің түр тармақтарындағы айқындамаларының негізінде әр өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің және көрсетілетін қызметтерінің мамандануын көрсететін өңірлік жиынтықтары қалыптасады.

      25. Өңірлік жиынтықты қалыптастыру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Өңірлік жиынтық шығарылым көрсеткіштерінің болашақта құрылуын есепке ала отырып жалпы өңір бойынша өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер бойынша іріктеледі.

      Алғашында базалық объектілер өндіретін өнім, көрсетілетін қызметтің ауқымды страталарының барынша ықтимал көлемі таңдап алынады. Түр тармақтарындағы айқындамаларды іріктеу бұйымның мақсатты қолданылуы, қолданылатын шикізаттың түрі, өнім және көрсетілетін қызметтің тауар стратасындағы гомогенділігі мен олардың өлшем бірлігінің ұқсастығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      Екінші кезеңде тауар тобындағы іріктелген әрбір түр тармақтарындағы айқындамалар түріне, көрсетілетін қызметке бағаны тіркеу мақсатында базалық объектілер жұмысшыларымен нақты өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) таңдалынады және толық ерекшеліктер құрылады.

      26. Бағаны тіркеу үшін тауарларды ірітеудің негізгі қағидаты тауарлық топ, субъектінің экономикалық қызмет түрлеріне және жалпы республика бойынша баға серпінін сипаттау үшін олардың өкілділігі болып табылады.

      Өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) таңдау келесі критерийлерді сақтай отырып жүзеге асырылады:

      1) базалық объектілердің ұзақ уақыт бойы өндіруі және нарықтық өткізуге арналуы;

      2) сатудың бірдей жағдайларында тұтынушылардың негізгі типтеріне үздіксіз негізде өткізу;

      3) өзгеріссіз сапалық параметрлер мен аддитивті өлшем бірліктерінің болуы;

      4) ақпарат жинау тұрғысынан алғанда қолжетімді, бағалық байқау үшін іріктелмеген өнім тобының, қызмет көрсетудің олардың бағалық өзгеруінің сипаты.

      27. Өзгеріссіз қалатын сапалық параметрлермен өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) нақты түрін анықтау мүмкін болмаған жағдайда оған бағаның өзгеруін есепке алу үшін "типтік модель" құру тәсілі қолданылады. "Типтік модель" дегеніміз аталған тауар (көрсетілетін қызмет) шығарылымы үшін тән (кең тараған) шартты түрде берілген параметрлермен өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) білдіреді.

      28. Өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) іріктеу бағалық белгіленімдердің әр түрлі диапазонын есепке ала отырып жүргізіледі. Репрезентативті орташа бағаны анықтау үшін бір тауарлық топтың ішіндегі бағаның минималды вариациясы сақталады. Өңірлік жинаудың әрбір өнім, көрсетілетін қызмет түрі, түр тармақшасы бойынша 3-5 барынша өкіл тауар, көрсетілетін қызмет іріктеледі.

      Тауарларды тіркеу үшін іріктелген репрезентативтілік критерийі ретінде жалпы шығарылымдағы олардың үлес салмағы қызмет етеді. Репрезентативтілікті қамтамасыз ету үшін іріктелген өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) құны жиынтық түрде кәсіпорын шығаратын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің осы түрінің жалпы көлемінің құнынан (өткен жыл үшін орташа жылдық бағаларда) 70 пайыздан астамды құрайды.

      29. Жыл ішінде базалық объектінің өнеркәсіптік өндірісінде перспективті деп саналатын өнім (көрсетілетін қызмет) түрі, түр-тармағы ішінде жаңа өкіл тауар (көрсетілетін қызметтер) қосылады. Сипаттамалары бойынша жақын ерекшелікке ие және баға деңгейі бойынша тауарлық топты құрайтын өкілдерден шамалы ерекшеленетін өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) қосылады.

      30. Өңірдің өнеркәсіптік өндірістің конъюнктурасының өзгеруін есепке алу үшін жыл сайын өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) жиынтықтарын ротациялау және өзектендіру жүргізіледі. Өкіл тауар (көрстілетін қызмет) жиынтықтарынан өндіріс көлемінің азаюына байланысты өзектілігін жоғалтқан түрлері шығарылады, өндіріс көлемінің ұлғаю перспективасы бар түрлері енгізіледі, сонымен қоса бір өкіл тауар (қызмет) түрінің басқа сипаттамасы және баға қатары бойынша жақын түрімен ауыстыру арқылы ротация жүргізіледі.

      Өңірлік жиынтықты қайта қарастыру алдағы есептік жылға салмақтау схемаларын қалыптастырумен қатар жүргізіледі.

3-параграф. Сатып алу бағасының индексі үшін
өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді іріктеу

      31. Сатып алу бағасын байқау үшін өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдердің іріктемелі жиынтығы екі кезеңде анықталады.

      Бірінші кезеңде орталықтандырылған түрде "Аралық тұтыну" бөлімінің "Шығындар-Шығарылым" кестесінің деректері негізінде экономикалық қызмет түрінің әр түрі бойынша өнімді өндірудегі шығындарды сипаттайтын өндірістік ресурстар, қызметтер іріктеп алынады. Байқауға осы экономикалық қызмет түрінде өнімді өндіруге ағымдық шығындардың құрылымын анықтайтын негізгі топтар мен өндірістік ресурстар, көрсетілетін қызмет түрлері кіреді. Өндірістік ресурстар, көрсетілетін қызметтер топтары мен түрлері құрылымында айтарлықтай өзгерістер туындаған жағдайда қайта қарастырылады.

      Екінші кезеңде өңірлік деңгейде өндірістік ресурстардың, көрсетілетін қызметтердің топтары мен түрлері нақтыланады және өнімдердің (тауарлардың) нақты түрлерімен егжей-тегжейленеді. Сатып алынатын өндірістік ресурстар, көрсетілетін қызметтер түрлері іріленген жеткізушілердің негізгі типтерінен сатып алынатын тауарлық топтар бойынша маркасын, сұрыпын, артикулын белгілеусіз іріктеледі.

      Өндірістік процесс үшін сатып алынатын өндірістік ресурстар мен көрсетілетін қызметтер өнеркәсіптік кәсіпорынның экономикалық қызмет түрлері бойынша есепке алынады.

      32. Базалық объектілер сатып алатын өндірістік ресурстар және көрсетілетін қызмет түрлері келесі критерийлерге сәйкес іріктеледі:

      1) өндірістік ресурстарды өнім өндірудегі технологиялық процесс үшін қолдану. Әкімшілік ғимараттарды жарықтандыру және жылыту үшін, қызметтік автомобильдерге жанар-май құюда немесе техникалық қайта қаруландыру, өндірісті жаңғыртуда қолданылатын ресурстар бағалық байқауға енгізілмейді;

      2) базалық объектінің басқа бөлімшесінен емес өндірістік ресурстарды "сырттан" сатып алу;

      3) сатып алынатын ресурстардың міндетті түрде гомогенділік факторын есепке алу. Байқау үшін іріктелген өндірістік ресурстар біртекті және бір қасиетке ие болуы керек.

      Бағалық зерттеуге мыналар енгізілмейді:

      1) кәсіпорындар жылына 1-2 рет сатып алатын шикізат пен материалдар, тек жеке өнім түрлерін жиі сатып алмау өндіру процесі үшін жеткілікті және ұзақ мерзім ішінде пайдалануға болатын ерекше жағдайлардан басқа;

      2) "кездейсоқ" жеткізушілерден сатып алынған және өндірістік ресурстар бір реттік өнімді немесе эксклюзивті үлгілерді өндіруге өте жоғары немесе өте төмен немесе олардың іс жүзіндегі бағасын көрсетпейтін бартерлік айырбас бойынша тапсырыстарды орындау үшін;

      33. Іріктемелі жиынтықтың құрылымдық өзгерістерін есепке алу үшін оның барлық элементтері жыл сайын есепті жылдың басында жаңа өндірістік ресурстар, қызметтер түрлерін енгізу және ескілерін шығарып тастау арқылы қайта қарастырылады.

      Дербес өкіл тауарларды немесе олардың түрлерін байқауға енгізу немесе одан шығарып тастау базалық объектілермен өткен жылы оларды сатып алу талдауына сүйене отырып, есепті жылдың басында жүргізіледі. Байқауға жаңа тауар түрін немесе сатып алу арнасын енгізу үшін өткен жылғы және есепті жылға дейінгі желтоқсанға оны сатып алу саны туралы ақпарат жинақталады.

4-бөлім. Өнеркәсіптегі өндірушілер бағасын тіркеу
1-параграф. Бағаны тіркеу қағидаттары

      34. Бағаларды тіркеу ай сайынғы негізде базалық объектілердің өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына толтыру және мемлекеттік статистика органдарына ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру үшін: шарттар, төлем талаптары, жүкқұжаттар, сенімхаттар, шот-фактуралар және өзге де бухгалтерлік есеп құжаттары негіз болып табылады.

      Бағалық салыстырудың тазалығын қамтамасыз ету үшін бағаны тіркеу белгілі уақыт кезеңінде жүзеге асырылады және айдан айға сақталады. Бағаны тіркеу есепті жыл ішінде өзінің сапалық белгілері, өткізу және сатып алу шарттары, тұтынушылардың типтері және тауар, көрсетілетін қызметтің басқа да қасиеттерімен салыстырылатындарға жүзеге асырылады. Бағалардың салғастырымдылығы қағидатын сақтау әр есепті кезеңде нақты базалық объектіде өткен кезеңде бағасы тіркелген тауарға ұқсас тауарға баға тіркелетінін көздейді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Бағаны тіркеу стандартты өлшем бірлікте жүргізіледі. Стандартты өлшем бірліктер статистикада қолданылатын жіктелімнің жалпы жүйесімен келісіледі. Өнім нақты өткізілген және сатып алынған кезде басқа өлшем бірлікте болса, баға қайта есептеледі, ал орама өкіл тауардың ерекшелік элементі болып табылады.

      36. Бағаларды тіркеу кезінде мемлекеттік статистика саласындағы қолданыстағы заңнамамен кепілденген құпиялылықты сақтау және статистикалық мақсаттар үшін ғана алғашқы статистикалық деректерді пайдалану бойынша шаралар қолданылады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректердің анықтығын тексеруді, оларды нақтылауды жүзеге асырады және бағалық ақпаратқа логикалық пен визуалды, бағалардың өзгеру себептеріне бақылау жүргізеді.

      Заңның 12-бабы 17) тармақшасына сәйкес алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін базалық объектілер қосымша ақпарат: шарттар, төлем талаптары, жүкқұжаттар, сенімхаттар, шот-фактуралар және бухгалтерлік есептің өзге де құжаттарын ұсынады.

      Тауар, көрсетілетін қызмет сапасының жақсаруы немесе нашарлауынан туындаған бағаның өзгерісі баға индексін есептеу кезінде есепке алынбайды. Тіркелелетін тауардың, көрсетілетін қызметтің техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі кезінде сапаға байланысты түзетулерді қолдану үшін бағаның өзгеруі сапаның өзгеруіне қаншалықты байланысты екенін айқындалады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Өндірушілер бағасын тіркеу

      37. Өндірушілер бағасы қосымша құн салығын және акциздерді, сауда және өткізу үстеме бағасын, өнімнің өндірушіден сатып алушыға дейінгі қозғалысына байланысты көлік және басқа да шығыстар есебінсіз тіркеледі.

      Өндірушілер бағасын тіркеу кезінде нақты өкіл тауарлардың (көрсетілген қызметтердің) толық ерекшелігі, жеткізу шарты (төлемі) және тұтынушылар типі есепке алынады.

      Өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) ерекшеліктері байқаудың тізбектелген кезеңдеріне ұқсас тауарларға, көрсетілген қызметтерге бағалық бағаны қамтамасыз ету үшін құрылады, техникалық және сапалық сипаттаманы қамтиды. Ерекшеліктерді құруда баға деңгейіне оларды ауыстыру кезіндегі ең көп әсер ететін элементтер есепке алынады: жеткізу көлемі (ірі топтама, кіші топтама), төлем шарттары (алдын ала, жеткізу уақытында, бір айдан кейін), тұтынушылар типіне (жергілікті халық, өнеркәсіптік кәсіпорын, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері) және басқалар.

      Өкіл тауар а(қызмет) ерекшеліктері есепті жыл ішінде өзгеріссіз қала береді. Баға деңгейіне елеулі әсерін тигізетін ерекшеліктер өзгерген кезде өкіл тауар (қызмет) "жаңа" ретінде саналады.

      38. Тұтынушылар типі және жеткізу шарттары бойынша бағаны тіркеу тауарларды сату шарттарының немесе баға индексін есептеу кезіндегі сатып алушылар типінің өзгеруіне байланысты факторлардың әсерін алып тастауға мүмкіндік береді. Базалық объектілер тауардың сол бір түрін әр түрлі бағамен түрлі тұтынушыларға шығаруды жүргізеді, сонымен қатар, бағаның деңгейі мен серпіні өнімді шығару кезінде республика ішінде және одан тыс жерлерде өзгешеленеді. Бұдан шығатын нәтиже бағаны тіркеу тұтынушылардың негізгі екі-үш тип бойынша байқауға кіретін тауарлар түрлеріне жүргізіледі. Тұтынушылар типінің үнемі ауысуына байланысты базалық объектідегі бағаны тіркеу олардың бірнеше типтері бойынша жүргізіледі. Баға деңгейіндегі аз ғана айырмашылықтар кезінде бағаны тіркеуде тұтынушылардың бірнеше типтері бойынша қалыптасқан орташа баға қолданылады. Тұтынушылар типі бойынша баға деңгейінің күшті айырмашылығында тұтынушылардың әрбіреуі тауардың жеке түрі ретінде қарастырылады. Бағаны тіркеу кезінде бағаның нақты серпінін көрсетпейтін өте төмен немесе өте жоғары баға деңгейімен "кездейсоқ" тұтынушылар шығырылып тасталады.

      39. Өндірілетін өнім ассортименттері жиі ауысып отыратын салаларда бағаны тіркеу тұтыну қасиеттері бірдей болатын біртекті тауарлар енетін кіші ассортимент топтарына жүргізіледі. Кіші ассортимент топтарына орташа бағаны қолдану барысында топ ішіндегі баға деңгейінің болмашы ауытқуына рұқсат етеді.

      40. Өндірістің және өнімді өткізудің уақытша тоқтатылуы кезінде бағаны тіркеу "шартты" бағаны қолдануды қарастырады. Өнеркәсіптік өнімді өндірушілердің "шартты" бағасын есептеу мыналарға сүйене отырып жүзеге асырылады.

      1) өнім түрінде ұқсас тауарларға қатысты баға өзгерісі;

      2) жоғалып кеткен тауар түрі кіретін тауарлық топ бойынша орташа баға өзгерісі.

      3) республика бойынша орташа сала, кіші сала бойынша орташа баға өзгерісі;

      4) тіркеудің соңғы (өткен) бағасын қолдану. Тіркеудің соңғы (өткен) бағасын қолдану егер бұл кезеңге өнім өндірісінің шығындары өзгеріссіз қалған және баға серпінін тұрақтандыру жағдайларында қолданылады.

      Базалық объектіде байқалатын өкіл тауардың (қызметтің) өндірісі жыл ішінде толық тоқтағанда немесе жабылғанда (жойылуы, қайта ұйымдастырылуы) өнім (қызмет) ауыстырылады. Тауарлар, көрсетілетін қызмет есептеулерінде қатысатындардан басқа өкіл тауардың (қызметтің) жоғалып кеткен түріне ауыстыру рәсімін оңтайлы жүргізу үшін қосымша ұқсас ерекшеліктері бар олардың ұқсас түрлеріне байқау жүргізіледі.

      41. Өндірісі маусымдық сипатқа ие жекелеген өнім түрлеріне (қант, аяқкиім және киімнің жекелеген түрлерін өндіру, жемістерді, көкөністерді және басқаларын қайта өңдеу) бағаны тіркеу жылдың белгілі бір айларында жүргізіледі. Маусымдық тауарлардың өндірісін уақытша тоқтату кезеңінде, бірақ оларды тиеу (өткізу) жалғасқан кезде, тауарлардың босатылатын түрлеріне өткізу бағасы туралы деректер тіркеледі. Есепті кезеңде өткізудің нақты бағалары болмаған жағдайда "шартты" бағалар қолданылады. "Шартты" бағалар шығарылым басталғанға дейін және нақты бағаның пайда болуына дейін жүргізіледі.

      42. Жекелеген өнеркәсіп кәсіпорындары меншікті тауарлардың өндірісімен қатар алыс-беріс шикізатынан өнімдерді өндіруді жүзеге асырады. Алыс-беріс шикізатынан өнімдерді өндіру кезінде қайта өңдеу ұйымдары өнім өндіру үшін шикізатты сатып алмайды, шикізат иесіне оны қайта өңдеу бойынша қызмет көрсетеді, жекелеген жағдайларда олармен өндірілген дайын өнім түрінің құны туралы ақпаратты иеленбейді. Бұл азық-түлік өнімдеріне, мұнай өнімдеріне, текстиль өндірісіне және басқаларға қатысты.

      Алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнімдерге бағаны тіркеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) егер алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнім өңдеуші кәсіпорынмен өткізілмесе, толығымен шикізат иесіне тапсырылса, олар өндірушілер болып табылмаса шикізат иесімен (немесе онымен құрылған жабдықтау-сату ұйымымен) өнім өткізілетін босату бағалары тіркеледі. Мұның өзінде тіркелу бағасына өндірушілер бағасына кірмейтін салықтар, үстеме бағалар және қосымша ақылар кірмейді;

      2) егер алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнімнің бір бөлігі өңдеуші кәсіпорынның билігінде қалатын және онымен өздігінен өткізілетін болса өңдеуші кәсіпорынның өткізу бағасы тіркеледі.

      Алыс-беріс шикізатынан өндірілген өнімдерге баға ақпаратын алу мүмкін болмаған кезінде баға индексін есептеу шикізат иесі болып табылатын өндірушілерден (немесе басқа ұйымнан) алынған, қайта өңдеуге жіберілген шикізат құны туралы деректерді және қайта өңдеу кәсіпорнынан алынған дайын өнім өндіру жұмысының (қызметінің) құны туралы деректерді қосу арқылы осы тауарлар түрлеріне бағаны анықтау негізінде жүргізіледі.

3-параграф. Сатып алу бағасын тіркеу

      43. Сатып алу бағасы қосымша құн салығы, акциздер, көлік, сауда-өткізу бағасы, делдалдық және басқа да сатып алушы белгілеген мерзімде және орында тауар немесе көрсетілетін қызмет бірлігін жеткізу шығыстарын есепке ала отырып тіркеледі.

      44. Базалық объектілер сатып алған тауарлардың жекелеген түрлерінің бағасын байқаудың шарттарының бірі сатып алу шарттарының тұрақтылығы кезіндегі тұрақты жеткізушіні таңдау. Бұл баға индексін есептеу кезіндегі сатып алу шарттарының немесе жеткізушілер типінің өзгеруіне байланысты факторлардың әсерін жоюға мүмкіндік береді. Жекелеген тауар түрлері жеткізушілерінің типтері өзінің мақсатына қарай әр түрлі болады: тауарларды тікелей өндіретін өнеркәсіптік ұйымдар; делдалдық және өткізуші ұйымдар; көтерме сауда ұйымдары және басқалары. Тауарлар, көрсетілетін қызметтер республика ішінде және одан тысқары жерлерден (отандық өндірушіде және импорт бойынша) сатып алынады. Белгілі бір тауар түріне баға деңгейі жеткізу шарттарына, өндірушіге, көлік шығыстарына және басқаларға байланысты айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.

      Бағаны тіркеу кезінде нақты баға серпінін (жеткізудің болмашы көлемдерімен уақытша, шекті баға деңгейімен) көрсетпейтін "кездейсоқ" жеткізушілер шығарылып тасталады, сонымен қатар тауарды, көрсетілетін қызметті бірнеше тұрақты жеткізушілерден сатып алу кезінде жеткізушілер типі бойынша байқау жүргізіледі.

      45. Сатып алынатын ресурстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны тіркеу кезінде олар бойынша базалық объектілерде деректердің болмауына байланысты жағдайлар кездеседі.

      Өнімдерді сатып алудың уақытша тоқтатылуы кезіндегі бағаларды тіркеу сатып алудың нақты бағалары туралы деректер алынғанға дейін "шартты" бағаларды қолдануды қарастырады. Сатып алу бағасы индексінің серпінділік қатарының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жоқ бағалық ақпаратқа "шартты" бағаларды есептеудің мынадай әдістері қолданылады:

      1) соңғы (өткен) тіркеудің бағасын қолдану;

      2) басқа тұтынушыларда ресурстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлеріне бағаны қолдану;

      3) соңғы тіркеудің бағасын және өндірушілер бағасының индексін (өңірлік немесе республикалық) қолдану жолымен "есепті" бағаны анықтау.

      Тауарлардың сол немесе басқа түрлерін сатып алуды толықтай тоқтатқан кезде, сондай-ақ базалық объектінің жабылуы немесе профилін өзгертуі кезінде байқауға түспеген, бірақ ұқсас тауарларды сатып алатын ұқсас объектіге ауыстыру жүргізіледі.

5-бөлім. Байқалатын тауар, көрсетілетін қызмет түрлерінің
сапалық сипаттамасының өзгеруі кезіндегі бағаны тіркеу

      46. Байқалатын тауар түрлерінің сапалық сипаттамаларының өзгеруі жағдайларында баға салыстырылымын қамтамасыз ету бағаны тіркеу кезіндегі барынша маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бірінші кезекте бұл химиялық, текстиль және тігін өндірісінің, машина және жабдықтар өндірісінің тауарларына қатысты.

      47. Тауарлардың техникалық сипаттамаларын нақты, толығымен сипаттай отырып тауарлар бағасын байқау сапалық өзгерістер әсерін жоюға және тек бағалық өзгерісті көрсетуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік өндірістің тұрақсыздығы жағдайларында айқындалған техникалық параметрлері бар сол бір тауар түрінің бағасын ұзақ кезең ішінде қадағалау қиындау. Бұған байланысты тіркеудің өткен кезеңімен келісімді қамтамасыз ету және бағаның таза өзгерісін алу үшін, тіркелген деректерге тиісті түзетулер енгізіледі.

      Сапаға байланысты бағаларды түзету үшін "имплицитті" (беогісіз немесе жанама) және "эксплицитті" (белгілі немесе тура) әдістер қолданылады.

      48. Көрінбейтін түрдегі түзетулерге жатады: "біріктіру" әдісі, "бағаны тікелей салыстыру" әдісі, "жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісі, "бағаны келесі кезеңдерге көшіру" әдісі, "баға өзгерісінің жоқтығын көрсету" әдісі.

      "Біріктіру" әдісі өнімдер іріктемесіндегі ротацияны жүргізу барысында көрінбейтін сипатта қолданылады. Ол ескі және жаңа тауарға бағаны параллель тіркеу мүмкіндігі болған кезінде жаппай тұтыну өнімдері үшін қолданылады. Өнімдердің бұрынғы іріктемесі өнімнің осы санаты бойынша (t-1) алдыңғымен салыстыру бойынша өткен кезең (t)-ға баға индексін есептеу кезінде қолданылады, ал өнімдердің жаңа іріктемесі өткен (t)-ға қатысты (t+1) есепті кезеңдегі баға индексін есептеу үшін қолданылады. Біріктіру әдісі уақыттың бір мезгілінде жоқ тауар мен оны ауыстырғыш арасындағы бағадағы барлық айырмашылық сапасындағы өзгешеліктерге байланысты деген болжамға негізделеді. Индекстің бұл өзгерістерінің "қосылып кетуі" өнім санаты деңгейінде баға деңгейіндегі айырмашылық оларға кезеңнің ортақ (t кезеңі) мезгілінде сапалық өзгерістерін нақты көрсетететін болжамдарына негізделген.

      "Бағаны тікелей салыстыру" әдісі сапасы жақсартылған жаңа өнім бағасын бұрын тіркелген өнім бағасымен салыстыруды көздейді. Сапасындағы кішкене айырмашылықтары бар және қосымша ақпараттың қолайсыздығы немесе жоқтығы кезінде әр түрлі саланың өнімдері үшін қолданылатын әдіс. Осы әдісті қолдану тіркелген өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасын сипаттау кезінде қолданылатын ерекшеліктер толық болған кезінде мүмкін. Осы әдістің кемшілігі ауыстырылатын түрлердің сапасының ұсақ өзгерістерін үнемі елемеу есебінен баға индексінің жүйелі көтерілуі болып табылады.

      "Жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісі сапасындағы айқын көрінетін өзгерістерімен немесе жоғалып кеткен өнім үшін "шартты" бағаларды қолдануды қарастырады. Әдіс топ ішіндегі ұқсас өнім түрлеріне бағаның өзгеруі немесе басқа базалық объектілердегі ұқсас өнімдерге бағаның өзгеруі негізінде "шартты" бағаны есептеуді қарастырады. Осы әдіс машина жасау салаларының өнімдері үшін және басқа саладағы өнімдердің жоғалып кетуі кезінде қолданылады.

      "Бағаны келесі кезеңдерге көшіру" әдісі соңғы тіркелген бағаны өзгеріссіз сақтауды қарастырады. Осы әдісті қолдану үшін өнімнің осы түріне баға өзгерісі болмайтынына сенімді болу қажет. Осы әдіс қысқа мерзімді кезеңде (1-2 кезең) өнімнің жоқтығы кезінде, капиталды тауарлар және ұзақ мерзімді пайдалану өнімдеріне қолданылады.

      "Баға өзгерісінің жоқтығын көрсететін" әдіс салыстырмалы ауыстыратын өнім болмағанда, ал ескі өнім мен ауыстыратын өнім бағасының арасындағы айырмашылық айтарлықтай айрықшаланатын кезде қолданылады. Бұл айырмашылықтың қандай бөлігі бағаның өзгерісіне, қандай бөлігі – сапаның өзгерісінің жататынын анықтау мүмкін емес, сондықтан осы әдіске сәйкес барлық айырмашылық сапа есебіне жатқызылады, тұрақты бағаны сақтап қалады.

      "Біріктіру" әдісі, "бағаны тікелей салыстыру" әдісі, "жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісі, "бағаны келесі кезеңдерге көшіру" әдісі, "баға өзгерісінің жоқтығын көрсететін" әдісті қолдану осы Әдістеменің қосымшасында келтірілген.

      49. Сапаға "эксплицитті" түзетулер әдісінің көмегімен ескі және жаңа тауарлар арасындағы сапалық өзгерістердің құны бағаланады және әртүрлі сападағы екі тауарды өндіру шығындары арасындағы айырмашылығына сүйене отырып, екі бағаның біріне (әдетте, базистік) түзету енгізіледі. Оларға "санына түзетулер", "өндірістік шығындардағы айырмашылықты есепке алу", "сараптамалық пікір", "гедониялық регрессия" әдістері жатады.

      "Санына түзету" әдісі бұрын қолжетімді болған өніммен салыстырғанда санындағы айырмашылықтар өнім сапасына әсер етпейді деген шартпен басқа өлшемдегі өніммен ауыстырылатын өнімдерге қолданылады. Осы әдіс өлшеп оралған жаппай тұтыну өнімдері үшін қолданылады.

      "Өндірістік шығындардағы айырмашылықтарды есепке алу" әдісі сапасы әртүрлі екі ұқсас өнім өндірісінің шығындарының өзгеруі дәрежесіне сүйене отырып, өнімнің сапасының өзгеруін бағалауды көздейді. Бұл ретте ескі тауардың бағасына түзету әдісінде жаңа тауардың қосымша сипаттамаларын енгізуге жұмсалған шығындар құнына тең.

      "Сараптамалық пікір" әдісі ескі және алмастырушы өнімдер арасындағы сапа айырмашылығының құнын бір немесе бірнеше сарапшылардың бағалауына негізделген. Ол салыстырылатын өнім түрлерінің техникалық ерекшеліктерінің айырмашылығы кезінде және бағадағы айырмашылық пен сандық анықталуы мүмкін болмайтын кезде қолданылады. Әдістің сенімділігі сарапшылардың біліктілігі мен пікірлеріндегі айырмашылыққа байланысты. Сонымен қатар сарапшылар пікірі балама әдістерді қолдану мүмкін болмайтын қиын тауарларды бағалау кезінде ақталуы мүмкін.

      "Гедониялық регрессия" әдісі тауар бағасын оның сипаттамаларына тәуелді функция ретінде қарастыра отырып бағалау үшін қолданылады. Әдіс баға туралы деректер және кейбір модельдер жиынтығына арналған сипаттамалар бар болғанда және егер ол сипаттамалар эконометрикалық қорытындыны ескере отырып бағаның өзгеруін жақсы түсіндіретіні белгілі болғанда қолданылады. "Гедониялық регрессия" әдісі машина және жабдықтар өндірісі саласының өнімдері үшін қолданылады.

6-бөлім. Салмақтау схемаларын қалыптастыру
1-параграф. Өндірушілер бағасының индексі үшін салмақтауыш

      50. Өндірушілер бағасының индекстері базалық объектілердің барлық типтерінен жиналған және экономикалық қызмет пен өнімдердің іріктелген түрлерін қамтитын бағалары туралы сансыз деректер негізінде есептеледі. Өнімнің бір түрінің өндірісінің өткізу көлемдері басқалардан айырмашылықтың болуынан зерттелетін элементтің салыстырмалы түрдегі мәнділігін және оның бағасының өзгеруі индекстің жалпы мәніне әсер етуі нәтижесінде индекстелетін көлемдер салмақталады.

      51. Өндірушілер бағасының индексі үшін салмақтауыш ретінде өнім түр тармағының үлесін және өңірлік маманданудағы өнеркәсіптік кәсіпорынның және өнеркәсіптік нарықтың жалпымемлекеттік көлемінде бір уақытта есепке алуға мүмкіндік беретін кәсіпорындардың өнім түр тармақтары бойынша өндірілген өнеркәсіптік өнімнің бағасы қолданылады.

      Бағаны анықтау үшін негізгі ақпараттың дереккөзі ретінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылдық зерттеудің статистикалық деректері қолданылады. Кәсіпорындар санағы, кәсіпорындар тіркелімі, экономикалық қызмет түрлерінің қандай да бір түрлерін реттеуге жауапты мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері балама көз ретінде қолданылады.

      52. Өндірушілер бағасының индексін салмақтау схемасын құру процесі мынадай тізбекті операцияларды қамтиды:

      1) белгілі бір базистік кезеңде өндірілген өнеркәсіп өнімінің құнын анықтау және оны байқауға енгізілген базалық обьектілер, түр тармақтар, түрлер, кластар, топтар, бөлімдер мен секциялар арасында бөлу;

      2) орташа жылдық құн және салыстырмалы база ретінде алынған бірыңғай уақыт кезеңдеріне өнімнің түр тармақтары бойынша баға деңгейін қиыстыруды жүзеге асыру;

      3) өнеркәсіптік өнімнің құнын өткізу арналарына байланысты бөлу.

      Іріктемелі жиынтықтарды (өнім (тауар, көрсетілетін қызмет), базалық объектілер) құндық бағалау үшін пайдалану өндірушілер бағасының индексіне кірмеген деректерді есепке алу үшін салмақтарды түзету қажеттілігін туындатады.

      Өндірілген өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық құны статистикалық жіктелім өнімі (тауар, көрсетілетін қызметтің) түрлерінің толық тізбесі бойынша анықталады және бағалық байқау үшін іріктелген тиісті түр тармақтар бойынша бөлінеді. Қамтылмаған өнімнің (тауарлар, көрсетілетін қызмет) түр тармақтары бойынша құндық деректер барлық құраушы элементтер бойынша пропорционалды түрде бөлінеді.

      Баға индекстерін құру кезінде салмақтардың базистік кезеңі бағаның базистік кезеңіне сәйкес болатындай шартты сақтауды талап етеді. Бұл базалық жылға өндірілген өнеркәсіптік өнімнің орташа жылдық құнын өткен жылғы желтоқсандағы бағаға түзету қажеттілігін туындатады. Ол үшін салмақтардың мәндері шығарылатын жылға орташа баға индексінің өткен жылғы желтоқсандағы баға индексіне қатынасы ретінде түзету коэффициенті анықталады. Орташа баға индексі оның алдындағы жылдың желтоқсанына базистік жыл айларының баға индекстерінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.

      Түзету коэффициенті өндірушілер бағасы индексінің жіктелімі бөлімдері бойынша екі мәнді деңгейінде болады және төменде тұрған әр агрегация сатысы – топ, сынып, түр, түр тармақтары үшін қолданылады. Бұрын анықталған орташа жылдық құнды түзету коэффициентіне көбейту арқылы өнім, көрсетілетін қызметтің түр тармақтары бойынша түзетілген құн есептеледі, содан кейін агрегациялау деңгейлерінің өсу реті бойынша қосындыланады.

      Ішкі нарықтағы өнеркәсіп өнімін және экспортқа жеткізілімдерді пайдалану туралы (өнеркәсіп тауарлары экспортының құны туралы, ресурстар балансы және тауарларды пайдалану, экспортталатын өнімдердің елдер бойынша құрылымы туралы деректер бойынша) ақпараттың негізінде өнім түрлері бойынша түзетілген құн ішкі нарықтағы және елден тыс өткізу арналарына сәйкес бөлінеді.

      Табылған құндар түпкілікті болып табылады және өндірушілер бағасының индексін құру кезінде салмақ ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Салмақтау схемасы индекстің тек баға өзгерісін көрсетуі үшін белгілі бір уақыт кезеңіне тұрақты болып қалады. Сонымен қоса өнеркәсіптік өндірістің құрылымында маңызды өзгерістер кезеңдерінде салмақтау сызбасын өзектендіру жүргізіледі.

2-параграф. Сатып алу бағасы индексі үшін салмақтау құрауыштары

      54. Сатып алу бағасының индексін құру қызмет түрінің ішінде және жалпы өнеркәсіп бойынша өндіріс процесі үшін сатып алынған өндірістік ресурстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық құрылымын сипаттайтын салмақтау сызбасын пайдалануды қарастырады.

      55. Сатып алу бағасының индексі үшін салмақтау сызбасын қалыптастыру екі ақпараттық көзді – "Шығындар-Шығарылым" кестесінің (бұдан әрі – ШШК) деректері мен базалық кәсіпорындардан тікелей алынған деректерді пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

      Салмақтау схемасын құру үшін ресурс түрлері бойынша материалдық шығындар құрылымы туралы деректерді қамтитын ШШК-ні қолдану, егер сатып алу бағасының индексі жалпы ел бойынша құрылған жағдайда әсіресе неғұрлым расталған болып саналады. Алайда онда көрсетілген ақпарат ресурстарды сатып алу құрылымын бағаларды байқау үшін іріктеліп алынған өнім, көрсетілетін қызмет түрлерінің деңгейіне дейін ескеру үшін жеткілікті нақтыланбаған. Сонымен қатар ШШК өңірлік бөліністе құрылмайды.

      ШШК деректерін қолданудың басқа кемшілігі олардың бағаланулары нарықтық емес қызмет түрлері үшін шартты түрде есептелген қөрсеткіштерден тұруы болып табылады, бұл сатып алу бағасының индексін құру үшін салмақтауыштарды анықтауда ақталмаған болуы мүмкін, себебі оның экономикалық саласына нарықтық емес қызмет түрлері жатпайды.

      Екінші ақпарат көзі зерттелетін базалық объектілер тобы бойынша өндірістік ресурстар, көрсетілетін қызметтер құны туралы деректер болып табылады. Сатып алынған өнім бағасы мен саны туралы жиналған деректер жыл ішінде базалық объектілер таңдауының тұрақтылығында салмақтау схемасын құру үшін сапалы негіз болып табылады.

      Сонымен қоса базалық объектілерден тікелей алынған құндық деректерді қолдану салмақтауыштардың базистік кезеңі мен бағаның базистік кезеңінің сәйкестігі бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде салмақтауыштарды нормаға келтірудің қосымша рәсімінің кажеттілігі туындамайды.

      56. Салмақтау схемасы әр өңір және жалпы республика бойынша жеке орталықтандырылады. Әр өңір бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлінген құндық деректер болады, одан әрі олар осы қызмет түріндегі үлес салмағына байланысты өндірістік ресурстар, көрсетілетін қызметтер түрлеріне бөлінеді.

      57. Салмақтау схемасын құру үдерісі:

      1) өндірістік ресурстар мен көрсетілген қызметтердің құнының алғашқы орташа жылдық құнды қалыптастыру;

      2) байқауға бірінші рет енгізілген өнім бойынша құнды қалыптастыру;

      3) соңғы құнды және үлес салмақтарды, оларды түр, бөлім, секция және арналар бойынша қалыптастыруды құрайды.

      Өндірістік ресурстың алғашқы орташа жылдық құны өткен жылы есеп тапсырған базалық объектілердің айлық деректері бойынша жинақталған орташа жылдық көлем мен байқау нәтижелері бойынша сол жылға қалыптасқан ресурстың орта жылдық бағасының көбейтіндісі сияқты есептеледі.

      Зерттеуге бірінші рет енгізілген өнімдер (көрсетілген қызметтер) бойынша салмақтауыштарды қалыптастыру үшін есепті кезеңде есеп беретін базалық объектілердің салыстырмалы тобы бойынша қосымша құндық деректер туралы ақпарат сұралады.

      Соңғы қалыптастырылған құн бойынша "жаңа" салмақтау схемасының құрылымын қолданыстағымен салыстыруда талдау үшін үлес салмақтарының есебі жүргізіледі. Алынған құн соңғы болып табылады және сатып алу бағасының индексін құруда салмақтауыштар ретінде қолданылады. Салмақтау схемасын өзектендіру өндіріс үдерісі үшін сатып алынған өндірістік ресурстар, көрсетілетін қызметтердің құндық құрылымының өзгеруі кезінде жүргізіледі.

7-бөлім. Орташа бағаны және баға индекстерін есептеу

      58. Орташа баға өнімнің (көрсетілетін қызметтің) біртекті түрі бойынша өкіл тауарлар бағасының жалпыланған шамасы. Орташа баға уақыттың белгілі бір кезеңіне, аумақ бойынша, өнім (көрсетілетін қызмет) түрлері бойынша есептеледі.

      Орташа бағаны есептеу үшін орташа геометриялық формула пайдаланылады:


(1)

      мұнда:


t кезеңіндегі j өнім (қызмет) түрінің орташа бағасы;

t кезеңіндегі j өнім (көрсетілетін қызметтің) өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) бағасының туындысы;

      n – баға саны (баға белгіленімдері).

      Салыстырылатын кезеңдердегі тіркелген баға сандарының теңдігіне назар аударылады.

      59. Өңір бойынша өнеркәсіп өніміне (көрсетілетін қызметке) өндіруші бағасы тіркелген өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) бағаларының орташа геометриялық шамасы ретінде есептеледі.

      Өңір бойынша өнімдердің сатып алу бағасы экономикалық қызмет түрлеріндегі өнім түрлерінен орташа геометриялық шамасы ретінде есептеледі.

      Республика бойынша орташа баға өңірлер бағасының орташа салмақталған шамасы ретінде есептеледі.

      Өңір бойынша өнім (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша орташа бағалардың репрезентативтілігін қамтамасыз ету үшін орташа бағаларды құру кем дегенде есепті кезеңде есеп беретін үш түрлі базалық объектілерде бағалардың бар болуы сақталған кезінде жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда өңір бойынша өнім (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша орташа бағалар тек республика бойынша орташа бағаларды және баға индекстерін одан әрі есептеуде қолдану үшін есептеледі.

      Республика бойынша орташа бағаның репрезентативтілігін қамтамасыз ету үшін оның құрылуы есепті кезеңдегі кем дегенде үш өңірдің бағаларының болуы сақталуы қажет. Бүкіл республика бойынша өндірісі бір ғана өңірге тән "спецификалық" өнім бойынша орташа баға бұл ережеге бағынбайды.

      60. Баға индексін есептеу қарапайым агрегаттың баға индексін (бұдан әрі – бағаның жеке индексі) есептеуден басталады, екінші кезеңде бағаның жеке индекстерiн біріктіру жолымен алынған неғұрлым жоғары деңгейдегi индекстер (бұдан әрі – бағаның агрегатталған индекстері) есептеледі.

      61. J өнім (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша бағаның жеке индексі баға деңгейі туралы ақпараттың немесе оны анықтайтын өкіл тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) баға өзгерісінің негізінде есептеледі.

      Бағаның жеке индекстерін есептеу үшін бағаның жеке индекстерінің қарапайым (салмақталмаған) орташа геометриялық формуласы қолданылады, бұл салмақтанбаған геометриялық орташа бағаның (Джевонс индексі) қатынасына баламалы:


(2)

      мұнда:


– өнім (көрсетілетін қызмет) j түрі бойынша бағаның жеке индексі;

– бағаның жеке индекстері;

– тиісінше, салыстырудың есепті және өткен кезеңдері;

– тиісті кезеңдегі өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) бірлігінің бағасы;

– бірнеше нақты өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) біріктіретін тауар (көрсетілетін қызмет) түрі (бірден n-ге дейін);

      n – өнім (көрсетілетін қызмет) түрін анықтайтын өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) саны.

      Келесі кезеңдерде бағаның қарапайым индекстері жіктелімнің иерархиялық құрылымына сәйкес және тиісті салмақтауыштарды қолдана отырып, агрегатталған баға индекстеріне біріктіріледі.

      62. Өткізу арналары мен сатып алу арналары бойынша баға индекстерін агрегаттау өнім тобының деңгейінен экономикалық қызмет түрлеріне дейін жоғарғы агрегаттаудың тиісті салмақтауыштарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      Арналар, топтар, ішкі кластар, кластардың және одан жоғары агрегация бойынша ұлттық деңгейдегі агрегатталған баға индекстері Ласпейрестің түрлендiрiлген формуласы бойынша бағаның жеке индекстерінің орташа салмақталған мәндері ретінде есептеледі. Оған сәйкес әрбір уақыт кезінде қарапайым агрегаттардың баға өзгерісі тұрақты базистік салмақтауыштар арқылы салмақталады. Базистік салмақтауыштардың тұрақтылығы бағалық теңестірудің тазалығын қамтамасыз етіп, құрылымдық өзгерістер (санындағы өзгеріс) әсерін тигізбейді.

      Ласпейрестің түрлендірілген формуласына сәйкес баға өзгерісі бағаларды дәйекті байқау негізінде есептеледі. Әрбір уақыт кезеңінде базистік салмақтауыштар баға индексінің соңғы мәніне көбейтіледі:




болғанда (3)

      мұнда:


t-1 кезеңімен салыстырғандағы t кезеңі үшін баға индексі;

t кезеңінің t-1 кезеңіне өнім (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша бағаның жеке индекстері;

– салмақтау сызбасын құру үшін негіз ретінде пайдаланылатын базистік кезең бағаларындағы өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) құны;

– есепті кезеңдегі өнім (көрсетілетін қызмет) құны;

– өткен кезеңге өнім (көрсетілетін қызмет) түрі бойынша бағаның жеке индекстерінің көбейтіндісі.

      Ласпейрестің түрлендірілген формуласын пайдалану көп деңгейдегі агрегацияның индекстерін есептеуге мүмкіндік береді және бірқатар артықшылықтары бар:

      1) ағымдағы кезеңнің салмақтауыштарына негізделген және тиісінше тек қана бағаның өзгеруін емес, сондай-ақ санын (тұтыну көлемін) көрсететін Пааше индексінен айырмашылығы, таза баға салыстырмалығын нақты көрсетеді, өйткені оны есептеуде тұрақты салмақтауыштар қолданылады;

      2) есептеу үдерісін едәуір тездетеді, өйткені салмақтау үшін алдында болған, өткен кезеңнің деректері пайдаланылады;

      3) тұтынушылар мінез-құлқының өзгеруінен туындаған өнімдер (көрсетілетін қызметтер) ассортиментінің өзгерісін жыл бойы есепке алуға мүмкіндік береді;

      4) экономикалық интерпретацияға тез икемделеді, өйткені бағаның әсері және саны бөлек бақыланады.

      63. Баға индекстері есебінің жаңа салмақтауыштарына ауысу кезінде олардың үздіксіздігінің ұстанымы сақталады. Бұған бұрынғы қолдағы баға индекстерінің серпінді қатарларымен, жаңа салмақтауыштар бойынша есептелген индекстерді байланыстыру әдісімен қол жеткізіледі. Байланыстыру немесе біріктіру үдерісі барлық деңгейдегі бағаның жеке индекстерінің түрлі жылдар бойынша серпінін дұрыс көрсетуге үшін бағытталған. Байланыстыру немесе біріктіру үдерісі байланыстыру коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі. Ол ескі салмақтауыш схемасы бойынша базистік жылдың желтоқсанына есептелген ұзақ мерзімді бағалық арақатынастың жаңа салмақтауыш схемасы бойынша есептелген ұзақ мерзімді бағалық арақатынасына қатысы ретінде анықталады. Байланыстыру коэффициенті агрегатталған деңгейлер бойынша есептеледі және келесі салмақтауыш схемасының өзгергеніне дейін өзгеріссіз сақталады. Жаңа салмақтауыш схемасы бойынша ұзақ мерзімді бағалық арақатынастарды әрі қарай есептеу алынған байланыстыру коэффициентін есепке ала отырып жүргізіледі.

      64. Өткен жылғы тиісті кезеңге (ай, өсу қорытындысымен кезең) баға индекстерін құру база ретінде белгіленген есептеудің тіркелген нүктесі немесе базалық кезеңі бар тізбекті серпінді қатарды құру үшін айлық баға индекстерін өзара "байланыстыруды" (тіркеме) көздейтін базистік әдіспен жүргізіледі.

      Өткен жылғы тиісті айға есепті жылғы айлық баға индекстерін есептеу есепті жылғы индекстік қатарындағы айлық баға индексін өткен жылғы осы қатардағы айлық баға индексіне бөлумен жүргізіледі:


(4)

      мұнда:


- g есепті жылдағы t айдың g-1 өткен жылғы тиісті айға баға индексі;

- индекстер қатарындағы g есепті жылдағы t айдың баға индексі;

- индекстер қатарындағы g-1 өткен жылдағы t айының баға индексі.

      Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелi қорытындының баға индекстерi салыстырмалы кезеңнің индекстік қатарындағы айлық баға индекстерінің қосындысын өткен жылғы айлық баға индекстерінің осындай қосындысына бөлумен анықталады:


(5)

      мұнда:


- есепті жылғы қаңтар-желтоқсандағы баға индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

– индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан,... желтоқсанға баға индексі;

– индекстік қатардағы өткен жылғы қаңтар, ақпан, ... желтоқсанға баға индексі.

      Есепті жылғы тоқсан, жарты жыл және тоғыз айдағы бағалар индексі өткен жылғы тиісті кезеңге осыған ұқсас есептеледі.

      Тоқсан бойынша өткен тоқсанға баға индексі есепті тоқсанды анықтайтын индекстік қатардағы бағалардың айлық индексі қосындыларының өткен кезең бағаларының айлық индекстерінің қосындысына қатынасы ретінде есептеледі:


(6)

      мұнда:


- есепті жылдың екінші тоқсанындағы баға индексі бірінші тоқсанға;

– индекстік қатардың есепті жылғы сәуір, мамыр, маусымға баға индексі;

– индекстік қатардың есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурызға баға индексі.

8-бөлім. Деректерді тарату

      65. Деректерді таратудың Халықаралық Валюталық Қоры әзірлеген Арнайы халықаралық стандартына сәйкес өндірушілер бағасының индексі ақпаратты шығарудың алдын ала белгіленген мерзіміне сәйкес ай сайын жарияланады. Ақпарат баспасөз хабарламасы, жедел ақпарат түрінде Комитеттің Интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде таралады. Тауарлар топтары, кластары және түрлері бойынша неғұрлым нақтыланған бағаның өзгеруі туралы ақпарат статистикалық бюллетеньдерде, жинақтарда жарияланады.

      Пайдаланушыларға көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.

      Қоғамның индекске деген сенімін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу рәсімдерін және баға индексін есептеу тәртібін сипаттау буклеттер, кітапшалар және басқа да басылымдар түрінде жарияланады және Комитет сайтында қолжетімді.

      Орташа бағаларды жариялау өңір және республика бойынша есептелген орташа бағаның репрезентативтілігін сақтау кезінде жүзеге асырылады.

  Өнеркәсіптегі өндірушілер
бағаларының индекстерін құру
әдістемесіне қосымша

      "Біріктіру" әдісін қолдану



      (t-1) кезеңінде, екі өнім (2 және 3) қолжетімді болғанда және іріктемені ротациялау жоспарланған жағдайда, сапасы бойынша жақын, бірақ сипаттамасы бойынша айрықша алмастырушы өнім таңдалынады. 2-өнім (ескі) және 3-өнім (жаңа) бағасының арасындағы айырмашылық сапасындағы айырмашылығына байланысты.

      "Бағаны тікелей салыстыру" әдісін қолдану



      1-өнім (ескі) бойынша t кезеңінде баға болмаған жағдайда дәл сондай ерекшелікке ие алмастырушы 2-өнім (жаңа) таңдалады. 1-өнім (ескі) және 2-өнім (жаңа) бағасының арасындағы айырмашылығы бағаның тікелей өзгерісі ретінде қабылданады.

      "Жалпы орта мәнді шартты есептеу" әдісін қолдану



      2 өнім (жоғалып кеткен) бойынша t кезеңінде баға болмаған жағдайда ұқсас (1 және 3) өнім түрлері бойынша орташа баға өзгерісін қолдану арқылы "шартты" баға есептеледі.

      "Бағаны келесі кезеңдерге көшіру" әдісін қолдану

Ұзақ мерзімді қолданылатын өнімдер, капиталды тауарлар

Байқау кезеңі

t-2

t-1

t

t+1

1-өнім

40

40

44

44

2-өнім (ескі)

27

25

-

-

Бағаның қарапайым индексі

(2-өнім)

100,0

92,6

100,0

100,0

3-өнім

21

20

22

23

4-өнім

29

30

33

33


      Баға болмаған (t және t+1) кезеңдерінде 2-өнім (ескі) бойынша соңғы тіркелген баға өзгеріссіз қалдырылады.

      "Баға өзгерісінің жоқтығын көрсету" әдісін қолдану

Ұзақ мерзімді қолданылатын өнімдер, капиталды тауарлар

Байқау кезеңі

t-2

t-1

t

t+1

1-өнім

10

10

-

-

2-өнім

-

(40)

40

50

Бағаның қарапайым индексі

100,0

100,0

100,0

125,0


      Салыстырмалы алмастырушы өнімнің болмаған кезде және ескі өнім мен алмастырушы өнімнің арасындағы бағалардың айтарлықтай айырмашылығы кезінде бағаның барлық айырмашылығы тұрақты бағаны сақтай отырып, сапаға қатысты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады