"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 9-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13892 болып тіркелді

      «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 тіркелген, 2016 жылы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) емтихан жұмысы – кандидаттың нәтижесі (жауабы);
      2) емтихан модулі – осы Қағидалардың 24-25-тармақтарында көрсетілген әрбір пән бойынша жауаптардың және (немесе) ахуалдық тапсырмалардың нұсқалары бар тест сұрақтарынан тұратын тапсырмалар көлемі (бұдан әрі – модуль);
      3) кандидат – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адам;».
      4) кандидаттың білімін растауы – біліктілік емтихандарын (бұдан әрі – емтихан) тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;
      5) қадағалаушылар – мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын тәуелсіз сыртқы өкілдері;
      6) сәйкестендіру нөмірі – білімді растаушы ұйымның әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі (бұдан әрі – СН);
      7) сертификаттау – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында, білімін растау мен әңгімелесу арқылы кандидаттардың мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену рәсімі.»;
      456 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сертификаттау кезеңдерін кезектілікпен және табысты өтудің нәтижелері бойынша Ұлттық комиссия кандидаттарға:
      1) жоғары санатты мемлекеттік аудитор;
      2) мемлекеттік аудитор;
      3) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленгені туралы сертификат береді.
      5. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаттауға мынадай салалардың бірінде: экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, құқық саласында жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар жіберіледі.
      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттік саяси қызметшілердің білімін растамай сертификаттаудан өтуге құқығы бар.
      6. Білімді растауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ұйым, немесе:
      сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін Есеп комитеті;
      ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кандидаттар үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      7. Кандидаттар білімін растау үшін мына құжаттарды:
      1) кандидат тапсыруға үміт білдірген пәндер көрсетілген өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі: АССА (Association of Chartered Certified Accountants), ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі: ACA (Associated Chartered Accountant), ACCA (Association of Chartered Certified Accountants), CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy), CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) бар екенін растайтын құжат ұсынады.»;
      23-тармақ алып тасталсын;
      2425 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) сәйкестік аудиті;
      4) тиімділік аудиті;
      5) қаржылық есептілік аудиті.
      25. Тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар аудит типіне қарай өздері ішкі мемлекеттік аудитор ретінде жіберілгенін қалайтын емтихандар тапсырады.
      Қаржылық есептілік саласындағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) қаржылық есептілік аудиті.
      Сәйкестік саласындағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) сәйкестік аудиті.
      Тиімділік саласындағы ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттар мына пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
      1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
      3) тиімділік аудиті.
      26. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену үшін мемлекеттік аудитор сертификатының болуы талап етіледі.
      Үш саланың барлығында: қаржылық есептілік, тиімділік және сәйкестік саласында ішкі мемлекеттік аудитор сертификатын алған адамдарға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік аудитор біліктілігі беріледі.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілікке ие кандидаттар Ұлттық комиссияның жұмыс органының шешімімен сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандар тапсырудан мына тәртіппен босатылады:
      1) мынадай: «аудитор», ACCA (Association of Chartered Certified Accountants), АСА (Associated Chartered Accountant), CA ICAS (Certified Accountants) біліктіліктерінің біріне ие кандидаттар «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» және «Қаржылық есептілік аудиті» пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;
      2) мынадай: «кәсіби бухгалтер», DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) біліктіліктерінің біріне ие кандидаттар «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;
      3) CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) біліктілігіне ие кандидаттар «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» және «Қаржылық есептілік аудиті» пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;
      4) IPSAS (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) біліктілігіне ие кандидаттар «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;
      5) CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) біліктілігіне ие кандидаттар «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» және «Сәйкестік аудиті» пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады.»;
      30 және 31-тармақтар алып тасталсын;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Емтиханның ұзақтығы кемінде үш сағатты құрайды (180 минут).»;
      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
      «37-1. Кандидаттың пәндер бойынша алған оң нәтижесі оны алған сәттен бастап, кейінгі үш жыл ішінде әңгімелесуге жіберілгені туралы өтініш бергенге дейін оның Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуіне жарамды болып танылады.»;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Кандидаттар әңгімелесуден өту үшін Ұлттық комиссияның жұмыс органына қолма-қол немесе пошта арқылы мына құжаттарды ұсынады:
      1) кандидат үміт білдірген санатты (саланы) көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13461 тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
      5) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілігінің берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
      6) білімін растау жөніндегі құжат (болған жағдайда);
      7) жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
      8) 3х4 сантиметрлі фотосурет.
      2) - 5) және 7) тармақшаларда көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған нысанда не кадр қызметі куәландырып ұсынылады.»;
      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Кандидаттар ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы 16-бабының 3-тармағында көзделген негіздердің болуы анықталған жағдайда, Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберуге жазбаша уәжделген бас тарту береді.
      48. Әңгімелесуге жіберуге жазбаша уәжделген бас тарту алған кандидат осындай бас тартуға ықпал еткен себептерді жойғаннан кейін осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттарды қайтадан беруге құқылы.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Ұлттық комиссия кандидаттың мәлімделген санатта мемлекеттік аудитор біліктілігін беру үшін жеткілікті кәсіби даярлығының деңгейін және жеке қасиеттерін, сондай-ақ Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бұйрығымен бірлесіп бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 тіркелген) оның адалдығын анықтау үшін әңгімелесу өткізеді.»;
      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 1-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 3-қосымша осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы нормативтік қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген нормативтік қаулыны алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрағасы                  Қ. Жаңбыршин

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы «___ » _________

Республикалық бюджеттің    
атқарылуын бақылау жөніндегі  
есеп комитетінің        
2016 жылғы 4 шілдедегі     
№ 9-НҚ нормативтік қаулысына  
1-қосымша            

Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды   
сертификаттау қағидаларына   
1-қосымша            

Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін
беруге үміткер адамдарды   
сертификаттау жөніндегі ұлттық 
комиссия              
_________________________________
_________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,   
әкесінің аты (болған жағдайда)) 

ӨТІНІШ

      «________________» біліктілігін иеленуге әңгімелесуге рұқсат
беруіңізді сұраймын.
Үйінің мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының №: ________________
_____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ________________________________________

Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:
      («белгімен» көрсету)

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жоғары білімінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар
адамдар үшін), ал мемлекеттік қызметшілер үшін – қолданыстағы
заңнамаға сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе
халықаралық кәсіби біліктілік берілгені туралы құжаттың көшірмесі
(болған жағдайда);
білімді растау бойынша құжат (болған жағдайда);
жеке деректерінің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған
жағдайда);
3х4 фотосурет (жеке іске).

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін.
      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығына және олардағы
мәліметтердің анықтығына жауап беремін.

      Толтырылған күні: 20___ж. «_____» ____________ ________________
                                                          (қолы)

___________________ ______________        20___ ж. «____»___________      (тегі, а.ә.)         (қолы)

Республикалық бюджеттің    
атқарылуын бақылау жөніндегі  
есеп комитетінің        
2016 жылғы 4 шілдедегі     
№ 9-НҚ нормативтік қаулысына  
2-қосымша            

Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды   
сертификаттау қағидаларына   
3-қосымша            

Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы
№ _____
СЕРТИФИКАТ

      Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 20___ жылғы «____»
___________ № ____ шешімімен __________________ (Т.А.Ә.)
__________________біліктілігі берілді.

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы: ________ ________________
                 (қолы)    (Т.А.Ә.)

      М.О.
      Берілген күні: 20___ жылғы ____ _____________
      Тіркеу нөмірі: № _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады