Байланыс формасы

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13898 болып тіркелді.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 9 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 8 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің

      төрағасы

      ___________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 3 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 412 бұйрығына
1-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды (бұдан әрі – түлектер) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

      3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау
тәртібі

      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында ағымдағы жылғы түлектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;

      2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;

      3) жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;

      4) ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен ағымдағы жылғы түлектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;

      6) облыстардың, Астана және алматы қаларының білім беру басқармалары халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған ағымдағы жылғы түлектер тізімінің;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін ағымдағы жылғы түлектер тізімінің негізінде әзірлейді.

      4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж ағымдағы жылғы түлектердің және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 9) тармақшасына сәйкес ұйымдар ағымдағы жылғы түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

      6. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.

      7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      8. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, ағымдағы жылғы түлектер санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

      Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы ағымдағы жылғы түлектер болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

      10. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.

      11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

      12. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлай отырып жүзеге асырылады.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

      Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 412 бұйрығына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

      3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуға жататын адамдардың күтілетін саны бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ай сайын ұсынатын мәліметтердің;

      2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;

      3) жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;

      6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тізімінің;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тізімінің негізінде әзірлейді.

      4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 8) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілейді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

      6. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.

      7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      8. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

      Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

      10. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.

      11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

      12. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлай отырып жүзеге асырылады.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

      Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 412 бұйрығына
3-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

      3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;

      2) жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;

      3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;

      4) квотадан тыс жұмыс берушілер мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;

      5) Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық пробация қызметтері халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар тізімінің;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар тізімінің негізінде әзірлейді.

      4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілейді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

      6. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.

      7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      8. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

      Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

      10. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.

      11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

      12. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлай отырып жүзеге асырылады.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

      Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 412 бұйрығына
4-қосымша

      әкімшілік деректерді жинауға

      арналған нысан

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау
туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ жылғы ___тоқсан

      Индекс: 3-ЖОК

      Кезеңділігі: тоқсан сайын;

      Ұсынады: ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;

      Нысан кімге ұсынылады: халықты жұмыспен қамту орталықтарына. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады;

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны (бірлік)

Мамандықтар бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастардың саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8


      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ _____________

      басшы (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім
беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастарды
жұмысқа орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен
бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны);

      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының санын;

      мамандықтар бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.

      7. 5-бағанда ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 6-бағанда мамандықтар бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      9. 7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 412 бұйрығына
5-қосымша

      әкімшілік деректерді жинауға

      арналған нысан

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау
туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ жылғы ____ тоқсан

      Индекс: 2-ЖОК

      Кезеңділігі: тоқсан сайын;

      Ұсынады: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;

      Нысан кімге ұсынылады: халықты жұмыспен қамту орталықтарына. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады;

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны (бірлік)

Мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8


      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ _____________

      басшы (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа
орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы
мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны (бірлік);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының санын;

      мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.

      7. 5-бағанда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 6-бағанда мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      9. 7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 26 мамырдағы
№ 412 бұйрығына
6-қосымша

      әкімшілік деректерді жинауға

      арналған нысан

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны,
бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ жылғы ____тоқсан

      Индекс: 1-ЖОК

      Кезеңділігі: тоқсан сайын;

      Ұсынады: пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;

      Нысан кімге ұсынылады: халықты жұмыспен қамту орталықтарына. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады;

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны (бірлік)

Мамандықтар бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8


      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________ __________

      басшы (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны,
бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша
түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны (бірлік);

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының санын;

      мамандықтар бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.

      7. 5-бағанда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 6-бағанда мамандықтар бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      9. 7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады