Байланыс формасы

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 маусымда № 13905 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р.Беккер) заңда белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату тәртібін айқындайды.

      3. Азаматтық қорғаныс мүлкіне: азаматтық қорғаныс мүдделерінде пайдалану үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бюджет қаражаты есебінен құрылған немесе сатып алынған жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа материалдық-техникалық құралдар жатады.

2-тарау. Сақтау
1-параграф. Қойманың орналасуы, аумақты жабдықтау

      4. Қойманың орналасқан орны қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын есепке ала отырып, қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің сапалық жай-күйіне теріс ықпал ететін кәсіпорындардан қауіпсіз алшақтықта таңдалады. Жергілікті жердің учаскелерін тасқын су мен басқа да су баспауы тиіс.

      5. Қоймалар кірме жолдарға, электрмен және сумен жабдықтау көздеріне тікелей жақын жерде орналасады.

      5-1. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) сақтау және беру қоймаларының орны кепілдендірілген қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халықтың жұмыс жасайтын жəне тұратын жерлеріне барынша жақын жерлерде орналасады.

      Ескерту. 1-параграф 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-2. Жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газтұмшалар, балаларға арналған қорғаныш камералары, респираторлар) әкімшілік ғимараттарда және оқу мекемелерінде ғимарат иесімен келісу бойынша сақтауға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 1-параграф 5-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қойма аумағы қоршалады және түнгі уақытта жарықтандырылады. Қойма тәулік бойы күзетіледі және күзет сигнализациясымен жабдықталады.

      7. Қоймаға кірме жолдар жарамды жай-күйде ұсталады және жылдың кез келген уақытында көліктің өтуін қамтамасыз етеді.

      8. Қойманың телефондандыру жүйесі сыртқы және ішкі байланысты, бекет және өрт сөндіру сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, ұйымдастырылады.

      9. Қойма аумағында азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын сақтауға арналған сақтау орны орналасады, олар өз құрылысы, жоспарлау, техникалық жай-күйі және жарақталуы бойынша олардағы бұйымдардың толық сақталуын, кез келген уақытта және белгіленген мерзімдерде беруді қамтамасыз етеді.

      10. Сақтау орны азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын жедел тиеу үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарымен жарақталады.

      11. Қойма үй-жайлары кірпіштен қаланған темірбетоннан немесе жиналмалы темір конструкциялардан, сондай-ақ ағаштан жасалуы мүмкін.

      12. Барлық сақтау орындары нөмірленеді. Әрқайсысына реттік нөмір беріледі.

      13. Қойманың жылытылатын, жылытылмайтын сақтау орындары болады және азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, орналастыру, бақылау, жарамды жай-күйде ұстау, қорларды қабылдау және беру бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді.

      14. Әрбір сақтау орнында температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығын өлшеуге арналған аспаптар (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) орнатылады.

      15. Сақтау орындарының едендері үгінділердің, құмның, шаңның пайда болуына үстінгі беттің төзімділігін қамтамасыз етеді, сақтаудағы бұйымдардың және механикаландыру құралдарының жүгімен орнатылатын немесе қозғалатын жүктемені көтереді.

      16. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын орналастыру үшін сақтау орындары стеллаждармен, шкафтармен, тегендермен, орамда және орамы жоқ бұйымдардың қалыпты сақталуын конструктивті қамтамасыз ететін тіреуіштерімен жабдықталады.

      17. Стеллаж жабдықтары сақтау орындарының ішкі көлемін анағұрлым тиімді пайдалану, табиғи жарықтандыруды қамтамасыз ету, сақталатын бұйымдарды бақылау үшін ыңғайлылық және қажетті операцияларды орындау есебімен орналастырылады.

      18. Жылытылатын сақтау орындарында ауа температурасын +15-тен +20 С дейінгі шекте, ауа ылғалдығы 70%-дан аспайтындай етіп ұстау керек. Салыстырмалы ауа ылғалдығын 90%-ға дейін қысқа мерзімде жоғарылатуға жол беріледі. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын сақтаудың оңтайлы жағдайлары 40-55% шегіндегі салыстырмалы ауа ылғалдығы болып табылады.

      19. Қойма аумағына кіруді, сондай-ақ аумақтан шығуды бақылау үшін қойманың бақылау-өткізу пункті ұйымдастырылады.

      20. Қойма және сақтау орындарының аумағына бөгде адамдарды жіберу (оның ішінде қойма жұмысын тексеру үшін келген адамдар) қойма оған бағынысты орган (ұйым) басшысының тек жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларда (авариялар, жедел жөндеу және т.б.) келген адамдарды аумаққа жіберуге тіркеу журналында белгілей отырып, қойма оған бағынысты ұйым басшысының ауызша рұқсаты бойынша қойма меңгерушісі рұқсат береді.

2-параграф. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларын сақтаудың жалпы қағидалары

      21. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорлары жабдықталған сақтау орындарында, қақпағы жоғары, өтетін жерлерге құлыптарымен, таңбалауымен қойылған қатарлап салынатын зауыттық орамада, жәшіктерде орналастырылады.

      22. Қатарлар төсемде орналастырылады, олардың биіктігі еден үстінен кемінде 0,25 м. Төменгі қатарларын жақсы желдету мақсатында төсемдер бағандарға орнатылады.

      23. Әрбір сақтау орнында қатарлар ретімен нөмірленеді. Әрбір қатарда (стеллажда) көрінетін жерде, ортасында, еденнен 1,5 м. биіктікте толтырылған стеллажды затбелгі бекітіледі.

      Қатарлардың биіктігі:

      сүзгіш, оқшаулаушы газқағарлар мен балаларды қорғау камералары үшін - 7-8 жәшіктен артық емес;

      регенерацияланатын патрондар үшін - 7 жәшікке дейін, жәшіктердің жоғары қатарлары тоқтатудан кемінде 1 метр жерде тұруы тиіс;

      теріні қорғау құралдары үшін - 6-7 жәшікке дейін;

      химиялық барлау құралдары үшін - 6 жәшікке дейін;

      орам жәшіктерінде сақтау кезінде дозиметрлік аспаптар, газсигнализаторлары мен оларға жөндеу жиынтықтары және байланыс құралдары үшін - ыдысқа рұқсат берілген жүктемені есепке ала отырып.

      Қатарлардың ені - 2 жәшік.

      24. Азаматтық қорғаныс мүлкі қорлары сақтау орнында:

      номенклатура бойынша (әрбір номенклатура жеке қатарда сақталады);

      партиялар бойынша (бір номенклатураның әрбір партиясы басқа партиядан бөлінеді) орналастырылады.

      25. Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау шарттары осы Қағидаларға 1-қосымшада, ал азаматтық қорғаныс мүлкін бірге сақтауға жол беру осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

3-параграф. Жеке қорғану құралдарын сақтау ерекшеліктері

      26. Сүзгіш газқағарларды, балалар қорғану камераларын жылытылмайтын құрғақ сақтау орындарында сақтайды, сақтау орындарының терезелері қараңғыланады. Газқағарларды, балалар қорғану камераларын сақтаған кезде жәшіктерге жауын-шашынның түсуіне жол берілмейді.

      26-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі бойынша жеке қорғану құралдары (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) халыққа олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда тұрғылықты жері бойынша сақтауға беріледі.

      Ескерту. 3-параграф 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-2. Халыққа жауапты сақтауға берілген жеке қорғану құралдарын (сүзгіш газқағарлар, респираторлар, өзін - өзі құтқарғыштар, балаларға арналған қорғаныш камералары) азаматтық қорғаныстан құлақтандыру сигналын алған және төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе туындауы кезінде халық өздігімен қолданады.

      Азаматтық қорғаныс мүлкін беру пункттері "Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 3-параграф 26-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Оқшаулаушы газқағарларды жылытылмайтын сақтау орындарында сақтайды. Оқшаулаушы газқағарларының, оларға регенеративтік патрондардың металл бөлшектеріне, тораптары мен қосындыларына май және майлаулар жағуға болмайды.

      28. Регенеративтік патрондар, жіберу брикеттері мен оттегін қосымша беру брикеттері отқауіпті мүлік разрядына жатады және оларды жанбайтын, құрғақ, жарамды қақпағы мен жақсы табиғи және жасанды желдеткіші бар жылытылмайтын сақтау орындарында бұйымдардың басқа түрлерінен бөлек сақтау ұсынылады; көрсетілген бұйымдарды жылытылатын сақтау орындарында сақтауға тыйым салынады. Сақтау орындарындағы оңтайлы температура жазғы уақытта + 35оС жоғары емес, ал салыстырмалы ылғалдық 80-90%-дан артық емес.

      29. Теріні қорғаудың жеке құралдарын зауыттық орамада құрғақ, жылытылмайтын сақтау орындарында сақтау ұсынылады. Сақтау орындарының терезелері қараңғыланады. Теріні қорғау құралдарын қарауды және құрғатуды бұйымдарға тікелей күн сәулелерінің түсуін болдырмайтын орындарда ғана жүргізеді.

      30. Жеке қорғау құралдарын қабылдаған кезде барлық жәшіктерді сырттай қараумен - ыдыстың жай-күйіне; ішінара бақылаумен - бұйымдардың жиынтықтылығы мен сапасына назар аударады. Ішінара бақылауды бұйымның сапасын, ашылған жәшіктерде барлық бұйымдардың болуын және жиынтықтылығын тексере отырып, сырттай қараумен жүзеге асырады.

4-параграф. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын сақтау ерекшеліктері

      31. Жылытылатын сақтау орындары болмаған кезде құрғатқышы (силикагелі) бар полимерлі пленкадан жасалған герметикалық тыстарда жылытылмайтын сақтау орындарында радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптарын уақытша сақтауға жол беріледі.

      32. Аспаптар сақтауға қойылар алдында консервіленеді.

      33. Құрғатқышы (силикагелі) бар полимерлі пленкадан жасалған тыстарға аспаптарды орнату арқылы консервациялау тәсілі жылытылатын сақтау орындарында аспаптарды - бір жылдан артық, жылытылмайтын сақтау орындарында - сақтау мерзіміне қарамастан сақтағанда қолданылады.

      34. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптары сақтау орындарындағы консервациялық орамда стеллаждарда және қатарлардағы орам жәшіктерде сақталады.

      35. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптары қабылдаған кезде: ыдыстың жай-күйі - барлық жәшіктер мен орамдарды сырттай қарап, бұйымдар сапасы - ішінара бақылаумен тексеріледі. Ішінара бақылау бұйымдардың жиынтықтылығы мен олардың сапасын (сыртқы түрі бойынша) тексерумен жүзеге асырылады.

      36. Аспаптарға арналған құрғақ элементтер мен батарейкалар зауыттық орамада немесе тік күйде орамасыз сақталады. Оралмаған түрдегі элементтер стеллаждар сөрелерінде бір қатарға орнатылады. Сақтау мерзімі өткен немесе сыртқы түр мен нысанның өзгеруі, ылғалды дақтардың пайда болуы және тарап кеткен электролиттен қабыршықта тұздың болуы және оқшаулау желімбасының, қабыршықтың ағуы сияқты ақаулар табылған элементтер сақтаудан алуға жатады.

5-параграф. Арнайы өңдеу құралдарын сақтау ерекшеліктері

      37. Арнайы өңделген резеңке техникалық бұйымдар ашық түрде стеллаждарда немесе сөрелерде партиялар бойынша сақталады. Гидравликалық сынақ кезінде жеңқұбырлар 10 минут бойы қысымға төтеп береді. Сынақ кезінде бұйымдарда жыланкөздер, ісінулер пайда болмауы және тамшы түріндегі сұйықтық ақпауы тиіс.

      38. Газсыздандыратын, дезинфекциялайтын және дезактивациялайтын заттар мен рецептуралар тез тұтанғыш заттар мен сұйықтықтар болып табылады. Сақтау процесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң түрде орындау қажет.

      39. Газсыздандыратын заттар мен темір және ағаш барабандардағы сілтілі негіздегі рецептураларды бастырманың астында, темір бөшкелердегі қышқыл негізіндегі және улы сұйықтықтарды - ашық алаңдарда сақтауға рұқсат етіледі.

3-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін есепке алу

      40. Ұзақ сақтаудағы азаматтық қорғаныс мүлкі бойынша есепке алуды және есептілікті, оны қайта бағалауды кәсіпорындар (ұйымдар), қарамағында қойма тұрған азаматтық қорғаныс бастықтары жүзеге асырады.

      41. Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің бар-жоғын есепке алу карточкалар бойынша жүргізіледі, онда азаматтық қорғаныс мүлкін жұмсау, салу, шығару, ауыстыру, жаңарту немесе есептен шығару туралы ақпарат қамтылады.

      42. Бухгалтерлік және қоймалық есепке алуды салыстыра тексеру жылына екі рет - 1 шілдеде және 1 қаңтарда жүргізіледі. Салыстыра тексеру актілерінде айырмашылықтар белгіленеді және оларды жою бойынша шаралар қабылданады.

4-тарау. Азаматтық қорғау мүлкін есептен шығару тәртібі

      43. Пайдаланудағы немесе сақтаудағы азаматтық қорғаныс мүлкі сақтаудың шекті мерзімі өтуі бойынша, сондай-ақ мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық сипаттамаларда белгіленген нормативтік көрсеткіштерден ауытқуы анықталған кезде есептен шығаруға жатады.

      44. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің және нормативтік көрсеткіштерден ауытқуының болуы туралы зертханалық қорытындының негізінде жүзеге асырылады.

      45. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару кезінде комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісін жасайды.

      46. Сақтаудың шекті мерзімі өтуі бойынша азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару зертханалық сынақтар өткізусіз, сақтаудың шекті мерзімінің өтуін растайтын құжаттардың (паспорт, журнал) негізінде жүргізіледі.

      46-1. Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалған;

      Ескерту. 4-тарау 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46-2. Азаматтық қорғаныс мүлкі қазіргі уақыттағы нақты объект үшін қажеттілікті есепке ала отырып жаңартылады (жаңғыртылады).

      Ескерту. 4-тарау 46-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жарату тәртібі

      47. Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісі негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісі жасалады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуды уәкілетті ұйымдар жүргізеді, олар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес құрамдас бөлшектерді (компоненттерді) кәдеге жарату әдістері мен тәсілдерін дербес таңдайды.

      49. Кәдеге жаратуға арналған полигондарда (қоймаларда) азаматтық қорғаныс мүлкінің құрамдас бөлшектерін (компоненттерін) қайта өңдеуге немесе одан әрі пайдалануға дейін уақытша сақтау көзделеді.

  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,
есепке алу, есептен шығару және
кәдеге жарату қағидаларына
1-қосымша

Азаматтық қорғау мүлкін сақтау шарттары

РХБҚ құралдарының атауы

Сақтау орны

сақтау орны

Қалқа және ашық алаң

жылытылатын

жылытылмайтын

Тыныс алу, тері, көз органдарын жеке қорғау құралдары

-

+

-

Ұжымдық қорғау объектілері үшін ауа тазарту құралдары

-

+

-

Ауа регенерациясының құралдары (заттары, патрондар, брикеттер, жиынтықтар)

-

+

-

Ауа регенерациясының жүйесі

+

-

-

РХБ барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары, олар үшін ЗИП жинақтары. Газдық бақылау құралдары. Қататын индикатор құралдары, реактивтер

+

-

-

Химиялық барлау және бақылау құралдары (ӘХБҚ түрінің аспаптары, химиялық зертханалар, қатпайтын индикаторлық құралдар, реактивтер)

-

+

-

РХБ барлаудың арнайы машиналары *

+

-

-

РХБ қорғаудың арнайы машиналары

-

+

-

Арнайы өңдеудің аспаптары мен жиынтықтары

-

+

-

Ағаш ыдыстағы және полиэтиленді қапшықтағы газсыздандыратын және белсенділікті жоятын заттар

-

+

-

Темір бөшкелердегі газсыздандыратын заттар мен рецептуралар

-

-

+

Дихлорэтан

-

+

-

Пиропатрондар, түтіндік шашкалар

-

+

-

Жөндеу үстелдері, оларды толтыру жәшіктері мен жиынтықтары

-

+

-

Жөндеу шеберханалары және электрмен қоректендіру станциялары

-

+

-

Бұйымдарға арналған ЗИП жиынтықтары

-

+

-

Иондаушы сәулелену көздері

-

+

-

Резеңке маталы және резеңке металл жеңдер және резеңке ыдыстар

-

+

-

Құрғақ және құрғақ зарядталған аккумуляторлар, тоқтың басқа да химиялық көздері

-

+

-

Электролитпен толтырылған және зарядталған қышқылдық және сілтілік аккумуляторлар

+

+

-

Хлорпикрин

-

+

-

темір бөшкелердегі оқу имитациялық рецептуралар

-

-

+


      * Жылытылмайтын сақтау орындарында сақтауға рұқсат етіледі, бұл ретте РХБ барлау аспаптары жылытылатын қоймаға алынады және сақталады.

  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,
есепке алу, есептен шығару және
кәдеге жарату қағидаларына
2-қосымша

Азаматтық қорғау мүлкін бірге сақтауға жол беру

Шартты топтар

РХБҚ құрал топтарының атауы

Әртүрлі шартты топтарға жол берілген бірге сақтау

1

Тыныс алу, тері және көз органдарын қорғау құралдары. Ұжымдық қорғау объектілері үшін ауа тазарту құралдары. Жөндеу үстелдері, жәшіктер. Резеңке маталы, резеңке металл жеқдер және резеңке сыйымдылықтар, тенттер, брезенттер, қапшықтар

3,5,9,10,

14,16

2

Регенеративті патрондар және жіберу брикеттері, регенеративті заттар және жиынтықтар

жол берілмейді

3

РХБ барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары, оларға арналған ЗИП топтық және жөндеу жиынтықтары, Ауаның газын бақылау құралдары, оқу тренажерлары, макеттер, стендтер.

1,5,10,

14,16

4

Қатты хлоры бар заттар

5

5

Белсенділікті жоятын заттар

1,3,4,9,10,

14,15,16,17.

6

Дихлорэтан

жол берілмейді

9

Түтінді шашкалар және қол түтінді гранаталар

1,5,16.

10

Индикация құралдары (индикаторлық түтіктер және ленталар, пленкалар және ұнтақтар). Химиялық зертханалар

1,3,5,14,15,16.

11

Иондаушы сәулелену көздері, оқу радиобелсенді шаң

жол берілмейді

12

Хлорпикрин, оқу имитациялық рецептуралар және оқу улы гранаталар

жол берілмейді

13

Тұтанатын-түтіндік патрондар, пиропатрондар, химиялық дабыл сигналдары

жол берілмейді

14

РХБ барлау аспаптарын қоректендіру көздері

1,3,5,10,16.

15

Химиялық әскердің арнайы машиналары, әскери анықтау құралдары

3,5,10,16.

16

Арнайы өңдеу құралдары мен жиынтықтар. Арнайы өңдейтін ЗИП-тің топтық және жөндеу жиынтықтары. Ауа регенерациясының жарақталмаған жүйесі

1,3,5,9,10,

14,15.

17

Газсыздандыратын рецептуралар, сілтілік натрий, моноэтаноламин

5


      Нақты бұйымдарды бірге сақтауға жол беруді анықтау кезінде осы кестеден басқа, жылытылатын және жылытылмайтын сақтау орындарында бұйымдарды сақтау шарттарының талаптарын да басшылыққа алу қажет.

  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,
есепке алу, есептен шығару және
кәдеге жарату қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (ұйымның атауы)

      БЕКІТЕМІН

      _______________________басшысы

      Лауазымы (ТАӘ), (қолы)

      20___ж "__"___________

Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйінің АКТІСІ

      Актіні толтыру күні 20___жылғы "___" _________

      Комиссия, 20__ жылғы "___" ________ №___ ___ бұйрықпен құрылды.

      Комиссия төрағасы _______________ _____________

      (лауазымы) (ТАӘ)

      Комиссия мүшелері: _______________ _____________

      (лауазымы) (ТАӘ)

      _______________ ______________

      Азаматтық қорғаныс мүлкін (азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы) қарап тексерді _____________________________________________________________________

      Азаматтық қорғаныс мүлкін (азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы) қарап тексеру (тексеру) құжатымен танысқан кезде мыналар анықталды:

1. Құрамы және сапалық жай-күйі

Р/ с №

Азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Түгендеу нөмірі

Зауыттық нөмірі

Паспорт, формуляр №

Бірлігінің бағасы

Сома

Есептелген тозу

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













































2. Техникалық - пайдалану көрсеткіштері

      Азаматтық қорғаныс мүлкі (әрбір түрі бойынша)

Тактикалық-техникалық сипаттамалары

Пайдалануда

Сақтауда

1. Пайдалануға берілді (күні)



2. Пайдалануда (жылы, айы)



3. Пайдаланғаннан бастап жұмыс істеп келеді (циклі, сағат)



4. Мыналар белгіленді:



ресурс (циклдері, сағаттары)



пайдалану мерзімі (жылы, айы)



кепілді жұмыс істеуі (циклдері, сағаттар)



кепілдік мерзімі (жылы, айы)



5. Жөндеу жүргізілді (түрі, күні)



6. Соңғы жөндеуден кейін пайдалануда (жылы, айы)



7. Соңғы жөндеуден кейін жұмыс істеуі (циклдері, сағаттары, жүрілген жолы км)



8. Істеліп бітпеген жұмысы бар (қайта істеу):



тағайындалған ресурс бойынша



пайдалану мерзімі бойынша (жылы, айы)



кепілді жұмыс істеуі бойынша (циклдер, сағаттар)



жарамдылық мерзімі бойынша (жылы, айы)



3. Жинақталымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

4. Техникалық жай-күйi

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

5. Мерзiмiнен бұрын тозу немесе бүлiну себептерi

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

6. Комиссия ұсыныстары

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

7. Комиссия қорытындысы

      _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      М.О. ___________________________________

      Комиссия төрағасы _______________ _____________ ___________

      (қолы) (ТАӘ) (күні)

      Комиссия мүшелері: _______________ _____________ ___________

      (қолы) (ТАӘ) (күні)

  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау,
есепке алу, есептен шығару және
кәдеге жарату қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      (ұйымның атауы)

      БЕКІТЕМІН

      _______________________басшысы

      Лауазымы (ТАӘ), (қолы)

      20___ж "__"___________

      ________________________________

Азаматтық қорғаныс мүлкін (азаматтық қорғаныс мүлкінің тауы) есептен шығару актісі

      ________жылғы "___" _____ № ____ бұйрығымен құрылған комиссия, құрамы:

      Комиссия төрағасы _____________ _____________

      (лауазымы) (ТАӘ)

      Комиссия мүшелері: _____________ _____________

      (лауазымы) (ТАӘ)

      _____________ _____________

      Есеп тұрған азаматтық қорғаныс мүлкін (азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы) қарау жүргізілді.

      Қарау нәтижесінде төменде санамаланған азаматтық қорғаныс мүлкін (азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы) сақтау (пайдалану) процесінде толығымен өзінің қорғау қабілетін жойғаны және алдағы уақытта сақтауға (қолдануға) жарамсыз екені анықталды.

Азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы

өлшем бірлігі

саны

теңгедегі бірлік бағасы

теңгедегі сомасы

салынған жылы

пайдалануға берілген жылы

кепілдемелік сақтау мерзімі

нормативтік пайдалану мерзімі, жыл

зертханалық сынау нәтижелері

ескертпе

Атауы, көлемі, маркасы

шифрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Барлығы есептен шығаруға жатады













      Комиссия төрағасы _____________ _____________

      (лауазымы) (ТАӘ)

      Комиссия мүшелері: _____________ _____________

      (лауазымы) (ТАӘ)

  Құрылған мерзімі 20 ж. " "
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына
  5-қосымша

Ұзақ сақтауға азаматтық қорғаныс мүлкін шекті сақтау мерзімі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Азаматтық қорғаныстың радиациялық, химиялық қорғау құралдарының атауы

Шекті сақтау мерзімі (жыл)

1

Сүзгіш газқағарлар (азаматтық, балаларға арналған) (ГП-7, ГП-9, ПДФ-Д (Ш) және ПДФ-2Д (Ш) түріндегі)

25

2

Балаларға арналған қорғау камералары (КЗД-4, КЗД-6 түріндегі)

25

3

Қосымша патрондар (ДПГ-3 түріндегі)

25

4

Мөлшер қуатын өлшегіштер (ДП-5, ИМД-5 түріндегі)

25

5

Жеке дозиметрлердің жиынтықтары (ДП-22В, ДП-24, ИД-1 түріндегі)

25

6

Химиялық барлау аспаптары (ВПХР, МПХР, ПХР-МВ түріндегі)

25

7

Мына түрдегі индикатор түтіктері:


ИТ-44 (қызыл сақиналы және қызыл нүктелі)

3

ИТ-45 (сары сақиналы)

8

ИТ-36 (үш жасыл сақиналы)

6

8

Жеке химияға қарсы пакеті (ИПП-8 түріндегі)

25

9

Қорек элементтері (А-336 (А-343) түріндегі)

1,5

10

Қорек элементтері (145-У (1,6 ПМЦ-У-8) түріндегі)

2

11

Зертхана (МПХЛ, ПХЛ-54 және тағы басқа түріндегі)

25

12

Оқшаулауыш газқағарлар (ИП-4м, ИП-5 түріндегі)

25

13

Респираторлар (Р-2 және т.б. түріндегі)

8

14

Регенеративті патрондар (РП-4 түріндегі)

12

15

Қорғану плащтары

25

16

Қорғану шұлықтары

25

17

Қорғану қолғаптары

25

18

Қорғану костюмдері (Л-1 түрі)

25

19

Сіңіргіш сүзгілер (ФПУ-300 ФПУ-200, ФПУ-100 түріндегі)

20

20

Барлық түрдегі газсыздандыру жиынтықтары

30

21

Метеожиынтықтар (МК-2, МК-3 түріндегі)

30

22

Қоршау белгілерінің жиынтығы (КЗО-1, КЗО-2 түріндегі)

30

23

Газқағарларды техникалық тексеру шатырлары

25

24

Жеке химияға қарсы пакеттер

30

25

Сүзгі алдындағы сүзгілер (ПФП-1000, ПФ-300 түріндегі)

20

26

Сіңіргіш сүзгілер (ФГ-70 түріндегі)

15

27

Регенеративті патрондар (РП-100, РУ-150/6 түріндегі)

20

28

Өлшеу құралдары (ИУ түріндегі)

25

29

Радиометрлік аппаратура (КРБГ-1 және тағы басқа түріндегі)

25

30

Ұнтақ (СФ-2У түріндегі)

30

 
  Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (Ұйымның атауы)
  БЕКІТЕМІН
  Басшы
  ____________________________
  (ТАӘ (болған жағдайда))
  20___жылғы "__" _________

Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға тапсыру
АКТІСІ №

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.09.2018 № 674 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Негіз: _____ жылғы "___" _________№____ есептен шығару актісі

      Азаматтық қорғаныс мүлкі қарамағында тұрған ұйымның материалдық жауапты адамы _____________ _________________________ (лауазымы) (ТАӘ (болған жағдайда))

      Кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымның немесе кәсіпорынның жауапты адамы _____________ __________________________ (лауазымы) (ТАӘ (болған жағдайда))

Азаматтық қорғаныс мүлкінің тізбесі

Р/с №

Азаматтық қорғаныс мүлкінің атауы

Өлшем бірлігі

Түгендеу нөмірі

Партия нөмірі

Партия саны

Партиядағы саны

Теңгедегі бірлік бағасы

Теңгедегі сомасы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

10

11

12





















      Барлығы ________________________ дана кәдеге жаратуға жатады (жазумен) Азаматтық қорғаныс мүлкі қарамағында тұрған ұйымның материалдық жауапты адамы ___________________________________ 20__ жылғы "__"_____________ (жазумен) (ТАӘ (болған жағдайда))

      Кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымның немесе кәсіпорынның жауапты адамы ____________ ________________________ 20__жылғы "__" ______________ (жазумен) (ТАӘ (болған жағдайда))

      Актіні бекіткеннен кейін санамаланған азаматтық қорғаныс мүлкі кәдеге жаратар алдында актідегі жазбамен салыстыра тексерілді және мынадай жолмен толық кәдеге жаратылды. _______________________________________________________________________

      20___жылғы "__" ____________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады