"Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 15 маусымдағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13927 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:

      1) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе кенті) дейінгі Іле өзенінде және Іле өзенінің барлық атырауында;

      2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;

      3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 90 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;

      4) Жалаңашкөл көлінде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.".

      2. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрлігі


Орман шаруашылығы және


жануарлар дүниесі комитеті


төрағасының міндетін атқарушы

Қ. Үстеміров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады