Байланыс формасы

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13934 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 10) тармақшаларына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашлығы министрі

      ___________ А. Мырзахметов

      2016 жылғы "___"________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы "___"________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бішімбаев

      2016 жылғы "___"________



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 517 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-1-тармағы 1) тармақшасына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;

      2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      4) бағалаушы – "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

      6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттiк есепке алуды және республикалық бюджет пен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ВАК;

      8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      9) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      10) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      11) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      12) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық (қалалық), облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;

      13) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен;

      14) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – бір айға дейін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің заңды негіздеріне, қаржы және салық салуға, бизнес құруға және дамытуға, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі практикалық дағдыларды игеруге бағдарланған кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұғымдары мен ережелеріне қысқа мерзімді оқыту;

      15) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;

      16) кәсіпкерлікті қолдау орталығы (бұдан әрі – КҚО) – оның негізінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу, консультациялық және маркетингтік қызмет көрсету, ақпараттық қамтамасыз ету, оқыту жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен;

      17) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

      18) КС үшін соңғы қарыз алушылар – КС қатысушылары және (немесе) олардың жұмыскерлері, жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

      19) кредиттік ұйымдар – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер және акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын ұйымдар;

      20) қаржылық емес қолдау операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      21) қарыз алушы – Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру жөніндегі конкурста жеңген немесе іріктеуден өткен кредиттік ұйым;

      22) материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;

      23) микрокредиттiк ұйым – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      24) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      25) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар;

      26) өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы;

      27) өңiрлiк комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      28) сервистік қызмет көрсететін ұйым – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) көрсететін ұйым;

      29) сервистік қызметтер – жобаны сүйемелдеу жөнінде консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер кешені және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқа да көрсетілетін қызмет түрлері;

      30) соңғы қарыз алушылар – жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

      31) техникалық сарапшылар – кредиттік ұйымдар ұсынатын қызметтердің конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын әзірлеуге қатысу үшін тартылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып белгіленген сараптау комиссиясы;

      32) тіркеуші органдар – кепілдік мүлікке Кепіл шартын және/немесе құқық белгілейтін құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуге уәкілетті органдар;

      33) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар;

      34) үміткер – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға;

      35) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      36) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      37) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      38) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;

      39) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасы – халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті дамыту үшін аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін әрі олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру жоспарланған бизнес-жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені.

      3. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесуге бағытталған шаралар:

      1) тұрғылықты жерінен тыс жерде оқу оқыған кезде жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуға жіберу, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу;

      2) қайтарымды негізде микрокредит беру;

      3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заң, бухгалтерлік және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) көрсету арқылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде іске асырылады.

      4. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде, моно және шағын қалаларда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылардың ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және өткізу пункттері кешенімен бірге ұсақ тауарлар өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды қаржыландыру мынадай қатынаста жүзеге асырылады: 80 % – ауылдық елді мекендерде, 20% – қалалық елді мекендерде.

      Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік бастамашылықты мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін тірек ауылдық елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.

      5. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан:

      1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдар;

      2) мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттемелерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;

      3) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін елу жастан асқан адамдардың;

      4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар басымдыққа ие.

2-бөлім. Микрокредиттер беру тәртібі
1 -параграф. Жүгіну тәртібі

      6. Жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау алуға үміткерлер тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

      7. Үміткерлер микрокредит алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты ("Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мекенжай анықтамасын, ауыл әкiмінiң анықтамасын);

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісу) туралы комиссия шешімінің көшірмесі;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту үшін бизнес-ұсынысты;

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба үшін жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және (немесе) жетіспейтінін салуға және (немесе) жабдықты сатып алуға оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға өтінімді (қажет болған жағдайда) қоса бере отырып, өтініш береді.

      8. Жеке iсiн кеңейтетін адамдар төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған және мөр басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

2-параграф. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және консультациялық
қызметтер көрсету

      9. Бағдарламаға қатысушыларды қаржылық емес қолдау мынадай қолдау түрлерін ұсына отырып, кәсіпкерлік қызмет негіздеріне бір айға дейінгі мерзімде тегін оқыту арқылы көрсетіледі:

      1) кәсіпкерлік қызметті ашуға және жүргізуге оқыту;

      2) бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу.

      Бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлік негіздеріне оқуды өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде оқыған кезде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес оған жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсынылады.

      10. Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне Бағдарламаға қатысушыларды оқыту облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы мен ӨКП арасында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі қызметтер және сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру үшін үлгілік шарттың нысаны бойынша тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің есебінен жүзеге асырылады.

      11. Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту құны ӨКП есептерінің негізінде өңірлік комиссияда келісіледі.

      12. Оқытуды өткізу кестесін ӨКП әзірлейді және облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органымен келіседі.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуға жататын Бағдарламаға қатысушылардың тізімін облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жібереді.

      14. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытуға жататын Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жинақтайды және 5 жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) бөлінісінде жиынтық тізімді ӨКП-ге жібереді.

      15. ӨКП кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту үшін Бағдарламаға қатысушыларды КҚКО және КҚО бойынша бөледі және 5 жұмыс күні ішінде оқитындардың тізімін оқытудың өтетін жерін және басталуын көрсете отырып халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды айқындалған КҚКО-ға және КҚО-ға жібереді, онда бір айға дейінгі мерзімде бизнес-жоспарды даярлауға жәрдемдесумен және жол жүру мен тұруға материалдық көмек ұсынумен (қажет болған жағдайда) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қамтамасыз етіледі.

      ӨКП Бағдарламаға қатысушы жобасының бизнес-жоспарының іске асырылуын экономикалық және қаржылық тұрғыдан негіздейтін қорытынды береді.

      17. КҚКО немесе КҚО Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты тұратын жерінен тыс елді мекендерде орналасса, оған материалдық көмек беріледі.

      Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқитындарға материалдық көмек:

      1) жол жүруге – бір жаққа 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) тұруға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.

      18. Жол жүруге және тұруға материалдық көмек төлеуді ӨКП кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытудың толық курстарынан өткені туралы оның ұзақтығына қарамастан растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      19. ӨКП Бағдарламаға қатысушыларға қаржылық жылдың 12 айында сервистік, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заң, маркетингтік) қызметтерді өтемсіз негізде көрсетеді.

      Бағдарламаға қатысушылар үшін жобаны сүйемелдеу жөніндегі өтеусіз сервистік қызметтер КҚКО-да немесе КҚО-да консультациялар өткізу арқылы көрсетіледі.

3-параграф. Кредиттік ұйымдарды іріктеу тәртібі

      20. Облыстың жергілікті атқарушы органы уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес онымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберіндегі жобаларды кредиттеу туралы келісім жасайды.

      21. Уәкілетті өңірлік ұйымдар осы Қағидаларға сәйкес Бағдарлмаға қатысу үшін кредиттік ұйымдарды іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді не ашық конкурс өткізбей-ақ қаржылық тұрғыдан тұрақты кредиттік ұйымдарды іріктейді және "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес кредиттік ресурстар ұсынады.

      Қаржы агенттігі мәртебесіне ие өңірлік уәкілетті ұйым кредиттік ұйымдар арасында конкурс өткізбей соңғы қарыз алушыларға микрокредит беруді жүзеге асырады.

      22. Кредиттік ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсты өткізу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Кредиттік ұйымдарды іріктеу мынадай критерийлерге:

      1) Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары үшін:

      берілген микрокредиттердің санына;

      ұсынылған микрокредиттердің орташа мөлшеріне;

      меншікті капиталдың мөлшеріне;

      портфель қатеріне;

      соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесіне;

      ауыл тұрғындарына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесіне және кредиттеу нарығындағы кәсіби біліктілігіне;

      2) Кредиттік серіктестіктер үшін:

      меншікті капиталдың мөлшеріне;

      соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесіне;

      микрокредит алуға үміткер қатысушылардың бизнес-жоспарларының болуына;

      жеке немесе жалға алынған кеңселік үй-жайының болуына;

      кредиттік портфельдің көлеміне;

      жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатарындағы адамдардың кредиттік серіктестіктер құрамында болуына сәйкес жүзеге асырылады.

      Іріктеу критерийлерін бағалау балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары үшін іріктеу критерийлерінің мәні және балл берудің ұсынылатын шкаласы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.

      24. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық комиссия қалыптастырады.

      25. Конкурстық комиссия конкурс комиссиясы мүшелерінің тақ санынан және кемінде бес адамнан тұрады.

      Конкурс комиссиясының құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурс комиссиясының мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.

      26. Конкурстық комиссияның төрағасы уәкілетті өңірлік ұйымның басшысы не оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын басшының орынбасарынан төмен емес адам болып табылады.

      27. Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Комиссия мүшесінің өзінің дауысын комиссияның басқа мүшесіне бермейді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы комиссия отырысына қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

      28. Конкурстық комиссияның хатшысы уәкілетті өңірлік ұйымның конкурсты ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты қызметкері болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.

      29. Конкурстық комиссияның хатшысы кредиттік ұйымдарға конкурстық құжаттаманы ұсынады, олардан конкурстық өтінімі бар конверттерді қабылдайды, конкурстық комиссияның конверттерін ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін отырыс хаттамаларын ресімдейді; келіп түскен конкурстық өтінімдерді және конкурстық өтінімдері бар конверттерді кредиттік ұйымдарға беру уақыты мен күні және кредиттік ұйымның уәкілетті өкілінің (конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсынған және конкурсқа қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген кредиттік ұйымды тіркеу журналын жүргізеді.

      30. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ КҰ конкурсқа қатысу өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялайды.

      31. Қайталама конкурс жүзеге асырылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманы ұсынуға жол берілмейді.

      32. Конкурстық құжаттама уәкілетті өңірлік ұйым белгілеген, бірақ бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын төлемге ақылы негізде ұсынылады және оны уәкілетті өңірлік ұйым конкурс өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      33. Кредиттік ұйымдар конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі конкурстық өтінім салынған конвертті ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн болуға тиіс.

      34. Жарамдылық мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен анағұрлым қысқа конкурстық өтінімнен бас тартылады.

      35. Конкурстық өтiнiм, сондай-ақ конкурстық өтiнiмге қатысты барлық хат-хабар мен құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерінде жасалып, ұсынылады. Кредиттік ұйым ұсынып отырған басқа тiлде жасалған iлеспе құжаттамаға мен баспа әдебиетке, нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нақты аударма қоса беріледі.

      36. Конкурстық өтiнiмдi кредиттік ұйымдар тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп ұсынады және соңғы бетiне қол қойылып, мөрмен куәландырылады. Банктiк кепiлдеменiң түпнұсқасы конкурстық өтiнiмге бөлек тiркеледi.

      37. Конкурстық өтiнiм басылады немесе өшпейтiн сиямен жазылады және оған кредиттік ұйымның басшысы қол қояды.

      38. Уәкілетті өңірлік ұйым (оның жауапты адамы) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдердің ешқайсысын ашпайды және оларды табыс еткен әлеуетті қатысушыларға қайтарады.

      39. Кері қайтарып алу туралы хабарлама кредиттік ұйымдарға жазбаша нысанда, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей жіберілуге тиіс.

      40. Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдерге өзгерiс енгiзуге жол берілмейді.

      41. Кредиттік ұйымдар конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы жазбаша сұрау жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек. Уәкілетті өңірлік ұйым сұрау тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұраудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, мұндай түсініктемелерді конкурстық құжаттаманы берген барлық КҰ-ға хабарлайды.

      42. Кредиттік ұйымдар қажет болған кезде өзі енгізген конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      Уәкілетті өңірлік ұйым хаттама толтыру арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізеді.

      43. Уәкілетті өңірлік ұйым қажет болған жағдайда, конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттаманы алған кредиттік ұйым өкілдерімен кездесу өткiзеді. Мұндай кездесудің хаттамасы тез арада конкурстық комиссияға және барлық әлеуетті қарыз алушыларға жiберiледi.

      44. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң келесі күні конкурсқа қатысушылардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті өңірлік ұйымның интернет-ресурстарында жарияланады.

      45. Конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады. Әрбір лот бойынша барлық қажетті құжаттарымен екі кредиттік ұйымнан кем өтінім берілген жағдайда конкурс өткізілмеген болып есептеледі.

      46. Егер конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi санының болмауы себебiнен конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы белгiленген күн мен уақытында өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және жарияланған мерзiмнен 24 сағаттан кешiктiрмей, конверттердi ашуды өткізу күнi мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.

      47. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді барлық келген қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

      48. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан кезде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы КҰ-ның атауы мен мекенжайын, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасын көрсете отырып, олар сұратқан қарыз сомасын, егер олар құжат жүзінде көрсетсе, конкурстық өтінімнің кері қайтарып алынуын және өзгертілуін, Кредиттік ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттамалардың тізбесіне сәйкес осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жариялайды.

      49. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi олардың толық болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ жалпы конкурстық өтінімдердің дұрыс ресімделуін тексереді.

      50. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 49-тармағында айтылған сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда конкурстық өтiнiмнен бас тартады.

      51. Конкурстық өтiнiм Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп белгiленiп, конкурстық комиссия одан бас тартқан жағдайда, кейiн ол белгіленген талаптарға сәйкес деп таныла алмайды.

      52. Конкурстық өтінім сәйкес келген жағдайда конкурстық комиссияның мүшелері балдық жүйе бойынша бағаланатын осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары үшін іріктеу критерийлері және балл берудің ұсынылатын шкаласы бойынша кредиттік ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады. Конкурстық комиссия балдарды есептеу арқылы кредиттік ұйымдар қатарынан кредиттік ресурстарды алуға әлеуетті үміткерлердің тізімін айқындайды. Ең жоғары балл жинаған микроқаржы ұйымдары жеңген болып есептеледі.

      53. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуiнің жинаған балы тең болған кезде, конкурс жеңімпазы конкурстық комиссия мүшелерiнiң қарапайым дауыс беруiмен айқындалады.

      54. Мынадай:

      1) егер оған екі конкурсқа қатысушыдан кем қатысса;

      2) ұсынылған конкурс өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурс өтпеді деп танылады.

      Бұл жағдайларда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттама рәсімделеді.

      55. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.

      56. Қайталама конкурс өтпеді деп танылған кезде, осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, комиссияның шешімі бойынша соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру үшін кредиттік ұйымдар анықталады, ол туралы тиiстi хаттама жасалуға тиiс.

      57. Қажет болған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым техникалық сарапшылардан тұратын сараптау комиссиясын құрады.

      58. Техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясы) үш жұмыс күні ішінде кредиттік ұйымдар ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде олардың дауыс беруге құқығы болмайды.

      59. Техникалық сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде, ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана ескерiледi.

      60. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және ол конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.

      61. Конкурсқа қатысатын кредиттік ұйым конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша:

      1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:

      конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға өткізілген конкурс нәтижесін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;

      конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;

      конкурсқа қатысушыларға не оның уәкілетті өкілдеріне өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін ұсыну күні, уақыты және орны туралы ақпаратты береді;

      2) конкурстық комиссияның хатшысы:

      конкурсқа қатысушы кредиттік ұйымның конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстырып қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс қорытындысы туралы хаттама жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы өзінің қол қоюын және әрбір бетін дәйектеуін қамтамасыз етеді;

      конкурсқа қатысушы кредиттік ұйымның талап етуі бойынша (ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген) мұндай жазбаша сұрауды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті өкілдерге өткізілген конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жіберуді не ұсынуды ұйымдастырады.

      Өткізілген конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.

      62. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурстық комиссияның мүшесінің ерекше пікір білдіреді, ол жазбаша жазылуға және конкурстық комиссияның отырысы хаттамасына қоса берілуге тиіс. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі өндірістік немесе басқа да себептер бойынша болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хаттамасында оның болмауының себебі және осы фактіні растайтын қағаз құжатқа сілтеме көрсетіледі.

      63. Жеңімпаздарды бекіткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы бұқаралық ақпараттық құралдарына конкурс қорытындысын жариялау мәселесі жөнінде хабарландыру беруге бастамашы болады.

      64. Егер конкурс жеңімпазы тиісті шарттарға қол қоймаса немесе берілген кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, онда уәкілетті өңірлік ұйым КҰ-мен (конкурсты жеңген) кепілдікті қамтамасыз ету құнына сәйкес тиісті кредиттік ресурстар беруге немесе жеңімпаздан кейінгі ең көп балл жинаған конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасады.

4-параграф. Микрокредиттер беру шарттары

      65. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына сәйкес қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық, мақсатты пайдалану қағидаттарында бес жылға беріледі.

      Уәкілетті өңірлік ұйым үшін:

      1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерінде белгіленеді;

      2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмиссиялаған, тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа өлшемделген мөлшерлемесі деңгейінде белгіленеді.

      66. Кредиттік ресурстар:

      1) егер "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларда өзгеше көзделмесе кредиттік серіктестіктерге қамтамасыз етілетін және қамтамасыз етілмейтін кредиттік ресурстар беріледі. Кредитті қайтаруды қамтамасыз ету кепіл, кепілдік, кепілгерлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында, шарттарда және кредиттік серкітестіктің ішкі құжаттарында көзделген тәсілдер болып табылады.

      Кредиттік серіктестіктерді кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді;

      2) кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну негізінде қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарына сәйкес келетін үшінші адамның кепілдігі кезінде қаржылық тұрғыдан тұрақты микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарын қоспағанда, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына міндетті кепілдік қамтамасыз ету негізінде беріледі.

      Микроқаржы ұйымдарын кепілдікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 8-қосымшада келтірілген.

      67. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие өңірлік уәкілетті ұйым акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын ұйымдарға іріктеу өткізбей-ақ соңғы қарыз алушыларды кейіннен кредиттеу үшін кепілсіз кредиттер береді.

      68. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды тәуелсіз бағалаушы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.

      69. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.

      70. Бағдарламаға қатысу үшін кредиттік ұйымдар мен уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның арасында азаматтық заңнамаға сәйкес кредит беру туралы шарт жасалады.

      71. Кредиттік ұйымдар үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін уәкілетті ұйым өңiрлiк комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгілейді.

      72. Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, кредиттік шарт тікелей қаржы агенттігі мен соңғы қарыз алушы арасында жасалады.

      73. Соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісу бойынша белгіленеді.

      74. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын ұйымдар ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесін уәкілетті өңірлік ұйым өңірлік комиссиямен келісу бойынша белгілейді.

      75. Кредиттік ұйымдарға кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:

      1) конкурсқа қатысатын кредиттік ұйымдарға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттарын айқындайды;

      2) өтініштерді бағалау және кредиттік ұйымды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;

      3) қаржылық тұрғыдан тұрақты кредиттік ұйымдарға іріктеу жүргізеді;

      4) кредиттік ұйымдарға кредиттік ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;

      5) кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

      76. Микрокредиттеу:

      1) кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін КҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;

      2) кредиттік ресурстарды игеру мерзімі – бес айға дейін;

      3) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;

      4) уәкілетті өңірлік ұйымның ұсынатын микрокредиттері бойынша ең жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесін ол өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне және оның микрокредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай белгілейді;

      5) негізгі берешекті өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді;

      6) кредит және сыйақы бойынша қайтарылған қаражат сомасына пропорционал кредиттік ұйымның кепілін алып тастауды;

      7) өңірлік комиссиялардың келісімі бойынша транш түрінде кредит қаражатын бөлу мүмкіндігін көздейді.

      77. Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру мынадай шарттарды қамтиды:

      1) микрокредит қайтарымдылық негізінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл немесе кредиттік серіктестіктердің барлық қатысушыларына немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшінші адамдарға кепілдіктер берген кезде беріледі.

      Кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талап қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының ішкі саясатында айқындалады.

      Бюджеттік кредиттің (кепілдің) қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде бюджеттік кредиттің мөлшерінен кем болмайды;

      2) нысаналы сипатта болады – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту;

      3) жеке ісін кеңейтуге микрокредиттер қосымша тұрақты жұмыс орындарын құрған және халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы оларға міндетті түрде жұмысқа орналастырған кезде беріледі;

      4) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын мүлікті сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;

      5) микрокредиттеу мерзiмi – бес жылдан аспайды;

      6) микрокредиттің ең көп сомасы:

      жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге – 3 млн. теңгеге дейінгі;

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушылар үшін, сондай-ақ осы Қағидалардың шарттарына сәйкес бұрын алған микрокредиттерін өтеген адамдарға – 5 млн. теңгеге дейінгі;

      жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды;

      7) соңғы қарыз алушыға негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынылады, ол микрокредитеудің барлық мерзiмi ұзақтығының үштен бiрi;

      8) бұрын берілген микрокредиттер есебінен соңғы қарыз алушы қайтарған қаражатты шоғырландыру кезінде осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларына, 79, 80-тармақтарға сәйкес қайтадан кредиттеуді жүзеге асыруға жол беріледі.

      78. Жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруды микрокредиттеу 2016 жылы Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске асырылады.

      Жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін іске асыру микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушылардың ауыл шаруашылық кооперациялары кезінде жүзеге асырылады.

      Жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруды микрокредиттеу шағын бордақылау алаңдарын, сүт кәсіпорындарын, құс фермаларын дамытуға бағытталған бизнес- жобаларды іске асырудың мамандандырылғанын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Мал шаруашылығы және онымен байланысты қызмет түрлері (сақтау, қайта өңдеу, бордақылау, өнімдерді өткізу) саласында жеке ісін ашу немесе кеңейту жобаны іске асыру шеңберінде микрокредиттер берудің басым бағыттары болып табылады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы қосымша жұмыс орындарын құрған кезде жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

      79. Агроөнеркәсіптік кешенде жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге микрокредиттер шаруа, фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру немесе дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу шарттарында беріледі.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласына микрокредиттер беру кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсынылған Өңірлердің мамандандырылған схемасы пайдаланылуы мүмкін.

      Агроөнеркәсіп кешенінде кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін басым құқыққа адамдар қолданыстағы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кірген не ауыл шаруашылығы саласында жаңа кооперативтер ашқан жағдайда ие болады.

      80. Ауыл шаруашылығы салаларын қоспағанда, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесуге мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасын ескере отырып жүзеге асырылады.

      81. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы жөніндегі жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша бекітеді.

      82. Халықты жұмыспен қамтуды қаматамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасы халықты жұмыспен қамту орталығына, микроқаржы (микрокредит) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктер және (немесе) уәкілетті өңірлік, оның ішінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымға, сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарға ұсынылады және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарына орналастырылады.

      83. Халықты жұмыспен қамту мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған осы Қағидалармен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберіндегі жобаларды кредиттеу туралы келісімге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

5-параграф. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, қаржы
агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не акцияларының
жүз пайызы тікелей немесе жана түрде агроөнеркәсіп кешені
саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар
арқылы микрокредиттер алу шарттары

      84. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткер ұсынған өтініштер мен құжаттарды қарайды, мемлекеттiк қолдау алу түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмiн және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және (немесе) Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін ілеспе жабдықтарды сатып алуды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынылған құжаттарды қоса бере отырып, қалыптастырылған үміткерлердің тізімін:

      қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдарға немесе іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына;

      ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органына;

      үміткер мәлімдеген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін ілеспе жабдықты сатып алу қажет болған жағдайда ауданның (қаланың) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) салу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      85. Уәкілетті органдар сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына:

      1) болжамды жобаның Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасына (немесе өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына) сәйкестігі туралы қорытындыны (ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органы);

      2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) салу және (немесе) Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы қорытындыны (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі уәкілетті орган (аудан) жібереді.

      86. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары үміткерлердің тізімін алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өтініштерді және құжаттарды қарайды және микрокредит беру мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы алдын ала қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      Алдын ала қорытындыны беру үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары қажет болған жағдайда, үміткерлер қатарына енгізілген адамдардан қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

      87. Халықты жұмыспен қамту орталықтары қорытындыны алғаннан кейін бес күн ішінде үміткерлерді Бағдарламаның аталған бағытына қатысушылар құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге бұл туралы жазбаша хабарлайды.

      88. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 26) тармақшасына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасайды.

      89. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жеке ісін ұйымдастырған және бұрын кәсіптік оқытудан өтпеген Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне тегін оқуға жібереді.

      90. Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтетін немесе бұдан бұрын кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқытудан өткен адамдар не кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту курстарынан микрокредит алған жылдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім ішінде өткенін растайтын тиісті құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқымай, микрокредит ала алады.

      91. Бағдарламаға қатысушы бұрын іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдарға микрокредит алу үшін өтініммен жүгінеді.

      92. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қарау кезінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар:

      1) өтініш берушілердің жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарын бағалауды жүзеге асырады;

      2) үміткермен дербес әңгімелесу жүргізеді және қажет болған кезде төлем қабілеттілігін және (немесе) кепілдікпен қамсыздандырудың болуын айқындау үшін өтініш берушінің табысына және ресурстарына зерттеу жүргізеді.

      93. Микрокредит беру туралы оң шешім шығарылған кезде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары үміткермен азаматтық заңнамаға сәйкес микрокредит беру туралы шарт жасасады.

      94. Шарт жасасу және микрокредитті бөлу не бөлуден бас тарту туралы ақпаратты қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

      95. Теріс шешім жағдайында қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды, өтініш берушіге 7-тармақта және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініште көрсетілген құжаттар топтамасын қайтарады және халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.

      96. Микрокредитті алғаннан кейін микрокредиттің мақсатты тағайындалуын өзгертуге Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлікті дамыту картасы шеңберінде аудандық, қалалық комиссияның келісімі бойынша жол беріледі.

      97. Бағдарламаға қатысушы қажет болған жағдайда, микрокредит алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу бойынша қосымша қызметтер (бухгалтерлік, маркетингтік, заңдық және басқа да көрсетілетін қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасады.

      98. Микрокредиттерді мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін кеңейтуге микрокредит алу үшін қайтадан өтініш білдіруге және бес миллион теңгеге дейін микрокредит алуға құқығы бар.

      Бағдарлама шеңберінде бұрын микрокредит алған, салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелген, қолданыстағыларға қатысты қосымша жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде он пайызын құрған жағдайда берілген микрокредиттерді мақсатты пайдаланғанын растаған адамдар микрокредит алуға құқылы.

6-параграф. Кредиттік серіктестіктер арқылы микрокредит алу
шарттары

      99. Кредиттік серіктестікке кредиттік ресурстар төленген жарғы капиталының көлеміне байланысты (жарғы капиталының 1 бірлігіне кредиттің 10 бірлігінен асырмай) беріледі.

      100. Кредиттік ұйымдарға микрокредит беру жөніндегі өткізілген конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті өңірлік ұйым мен кредиттік ұйым арасында:

      кредит ұсыну шарттары, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленген кредит беру туралы шарт;

      кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өтініштері мен кепілдіктері, кепіл заттан өндіріп алу және тараптардың жауапкершілігі көзделген кепіл шарты жасалады.

      101. Кредиттік ресурс беру ақша аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.

      102. Төлемдерді өтеу кестесі кредиттік ресурстарды берген күні дайындалады және ресімделеді.

      103. Кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын қарыз алушы уәкілетті өңірлік ұйымға қабылдау-тапсыру актісі бойынша жібереді.

      104. Барлық құжаттар, хат алмасу, шоттардан үзінді-көшірмелер, төлем тапсырмалары, кредиттік ұйыммен келіссөздердің актілері олардың кредиттік досьесіне тігіледі.

      105. Егер үміткер микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алуға ниетті болған жағдайда, оның жұмыс істеп тұрған кредиттік серіктестікке қосылады немесе осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым жүргізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын жаңа кредиттік серіктестік құрады.

      106. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінішті және құжаттарды кредиттік серіктестік мүшесінен алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

      107. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыны осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген қызметтерді алу үшін сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымға жібереді.

7-параграф. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

      108. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) салуға және (немесе) Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алуға арналған өтiнiмдер тізбесін қарайды, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін мәлімделген және жобаларды iске асыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн еместігі), оларды қаржыландырудың қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      109. Микрокредит алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган арасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) салуға және (немесе) Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға шарт жасалады.

      110. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту және (немесе) салу жобалары бойынша техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      Техникалық-экономикалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу жергілікті бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) салуға көзделген нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі.

      111. Техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу, авторлық және техникалық қадағалауды жүргізу шығыстары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) салуды талап өтеуге көзделген шығындардан бөлек ескеріледі.

      Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) салуға және (немесе) Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге, жергілікті смета жасауға арналған шығыстарды олардың қажеттілігі бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

      Жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) салуды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобаларға, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға арналған жобаларға жабдық сатып алу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      112. Инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытудың және (немесе) салудың және (немесе) Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобаларға, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға сатып алынатын жабдықтың шекті құнын жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

      113. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту және (немесе) салу қолданыстағы жүйелерге жетіспейтін инфрақұрылымды: Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жолдарды, кәріз, жылумен және сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, телефон және электр желілерін жеткізуді болжайды.

      Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу елді мекенді дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлік-коммуникациялық желілердің жергілікті схемаларына) сәйкес болуға тиіс және бір немесе бірнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

      Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту және (немесе) салу "Қазақстан Республикасындағы Сәулет және қала құрылысы туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      114. Бағдарлама қатысушылары іске асыратын жобаларға арналған жабдық сатып алу, кәріз, жылумен және сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, телефон және электр желілерінің болмауын алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар шеңберінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін блок-модульдермен жарақтандыруды қарастырады. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) салуды және (немесе) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін жабдықты сатып алуды таңдау экономикалық орындылығына қарай айқындалады.

      115. Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.

      Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актілері арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы жабдықтың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді және растайды.

      116. Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаны іске асыру мониторингі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.

3-бөлім. Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және
олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізу

      117. Кредиттік ресурстарды бергеннен кейін уәкілетті қаржы агенттігі мәртебесіне ие өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы кредиттік ресурстар беру шартына сәйкес, кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақытынан бұрын өтелуіне, сондай-ақ өндіріп алу рәсімдеріне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

      118. Кредиттік ресурстар толық өтелген кезде уәкілетті өңірлік ұйым кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы шешім дайындайды және уәкілетті тіркеуші органға басшының қолы қойылған хат жібереді.

      119. Кредиттік ұйымның өтініші бойынша уәкілетті өңірлік ұйым кредиттің өтелген сомасының бөлігіне мөлшерлес кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы шешім дайындайды.

      Бұл ретте кепілдікті қамтамасыз етудің құны кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің сомасын ескергенде, кредит мөлшерінен аз болмауға тиіс.

      120. Уәкілетті өңірлік ұйым қабылдау-тапсыру актісінің негізінде қарыз алушыға құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және хат жібереді.

      121. Кредиттік ұйымдар Бағдарламаға қатысушыларға берілген микрокредитті қайтаруға мониторинг жүргізеді және микрокредиттерді беру және өтеу, қатарынан 3 айдан астам микрокредиттерді өтеу бойынша қарыздары бар адамдар, негізгі қарыз және сыйақы бойынша қарыздардың сомасы жөніндегі есептерді, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын өтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген халықты жұмыспен қамту орталығына әр айдың 5-күнiне ұсынады.

      122. Микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар кредит берген ұйымдарға оларға берілген микрокредит қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы құжаттарды ұсынады.

      Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер микрокредиттер қаражаттарының мақсатты пайдалануылуы туралы есеп жасайды және оны Бағдарламаға қатысушыны жіберген халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      123. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредит) ұйымдары не микрокредиттік серіктестіктер "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроға микрокредиттерді мақсатсыз пайдалануға жол берген және кредиттерді өтеу кестесін бұзған адамдарды қоса алғанда, микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімін ұсынады.

      124. Халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін аудандардың (қалалардың) мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

      125. Кәсіпкерлікті дамыту үшін алғаш микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар он жұмыс күні ішінде салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтеді.

4-бөлім. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған
шараларды қаржыландыру

      126. Қаражат бөлу және бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен облыстардың әкiмдерi арасында осы Қағидаларда ескертiлген шарттармен кредиттiк шартқа қол қойылады.

      127. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша аударады.

      128. Облыстардың әкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға сервистік қызметтер көрсетілген, микрокредиттер алған және жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен кәсiпкерлiк қызмет негiздерiне оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы, соңғы қарыз алушылардың кредит қаражатын мақсатты пайдалануы туралы есептердi ұсынады.

      129. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi болатын ұйымдар, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе КС берілген микрокредиттің немесе шағын кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша

      ___________________ ауданының (қаласының)

      халықты жұмыспен қамту орталығының директорына

      ______________________________ мекенжайы

      бойынша тұратын _________________________

      Нысан

ӨТІНІШ

      Менi кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шеңберінде Жұмыспен

      қамту 2020 жол картасының екінші бағыты бойынша қатысушылардың

      қатарына қосуды сұраймын.

      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:

      төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған және мөр басылған, адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берілген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

      Оң шешiм қабылданған жағдайда жеке әлеуметтiк келісімшартқа қол қоюға мiндеттенемiн.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға рұқсат беремін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектігіне өтiнiш берушi жауапты болады.

       Күнi қолы

      ---------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтiнiшi 20__ ж. "___" ___________________ қабылданды, № _____ болып тiркелдi.

      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы және қолы:

      _____________________________________, __________________________

      _____________________________________ __________________________

       Күнi қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтiнiш берушi жауапты болады.

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту үшін бизнес-ұсыныс

      1. Жобаның атауы ______________________________________________

      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ________________________

      3. Бiлiктiлiгi (кәсiбi, мамандығы) ____________________________

       4. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқу туралы мәлiметтер (аяқтау күнi, ұйымның атауы, оқу бейiнi) __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жобаның сипаттамасы (мақсаты, ерекше белгiлерi, iске асыру кезеңдерi – тактикалық жоспар, мақсаттарға қол жеткiзу жолдары, қызметтердi немесе өндiрiлген өнiмдi тұтынатын болжамды тұтынушылар)

      _____________________________________________________________________

      6. Жобаның болжамды құны _____________________ мың теңге

      7. Қажеттi кредит сомасы _____________________ мың теңге

      8. Кредиттің жоспарлы мерзімі _________________________________

      9. Жоба іске асырылған жағдайда кемінде _________ тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

      10. Кредиттi өтеу үшiн төлемдердi шегеру қажеттiлiгi (бар, жоқ)

       11. Қолда бар мүлiктiң, техниканың және жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтың сипаты ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту қажеттiлiгi (жол, электр, сумен жабдықтау, кәрiз не септик, байланыс және оның болжамды құны ________________________________ мың теңге).

      13. Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін жабдықты, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін болжамды құны _______________ мың теңге жабдық сатып алу қажеттілігі __________________.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға рұқсат беремін.

       Күнi қолы

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамытуға және (немесе) салуға және (немесе)
жабдық, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін
жабдық сатып алуға өтiнiм

      1. Жобаның атауы ____________________________________________________ Жобаның болжамды құны ____________________________________ мың теңге;

      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ______________________________

      3. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның сипаты:

      жолдар (ұзындығы (км), жол төсемiнiң енi м, бетiнiң сипаттамасы (түрi), су өткiзгiш қондырғыларды орнату қажеттiлiгi) ________________ болжамды құны __________ мың теңге;

      электрмен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), тiреулердiң, оның iшiнде қос тiреулердiң қажеттi саны, желiдегi қажеттi кернеу (вольт), төмендеткiш трансформатор сатып алу және орнату қажеттiлiгi) _______________ болжамды құны __________ мың теңге;

      сумен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), өткiзу қабiлетi тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, өрт сөндiру жүйесiн, оның iшiнде өрт гидрантын орнату қажеттiлiгi) ___________ болжамды құны __________ мың теңге;

      кәрiз (су бұру) – қолданыстағы жүйеге қосу – ұзындығы км, өткiзу қабiлетi тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, қайта жiберу құдықтары құрылыстарының қажеттi саны, сорғы жабдығын сатып алу және орнату қажеттiлiгi) ___________ болжамды құны __________ мың теңге;

      септикті орнату – қажеттi көлемi текше м ________________ болжамды құны __________ мың теңге.

      4. Байланыс (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң қажеттi саны, абоненттiк нөмiрлердiң қажеттi саны) ________________________________

      5. Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін жетіспейтін ілеспе, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтың сипаттамасы ________ болжамды құны _________ мың теңге

      ____________________________________________________________________;

      (жетіспейтін жабдықтың атауы)

      6. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, орнату және Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдық сатып алудың жалпы құны ___________ мың теңгенi құрайды.

       Күнi қолы

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі қызметтер және
сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру үшін №__ үлгілік шарт

      _____________ қаласы 201__жылғы "__"_____________

      Бұдан әрі "ӨКП" деп аталатын _______________ негізінде әрекет ететін ______________ бойыша өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      атынан бір тараптан және "Тапсырыс беруші" деп аталатын _______________ негізінде әрекет ететін ______________ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган басшысы _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      атынан екінші тараптан төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Осы шарт бойынша Тапсырыс беруші "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде _____ адамға кәсіпкерлік негіздеріне

      (жазбаша)

      оқыту жөніндегі қызмет көрсетуді тапсырады және ӨКП-ге "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөнінде қызметтер көрсетуді қаржыландыруға көзделген нысаналы трансферттер қаражаты есебінен _______________ теңге сомасында

       (жазбаша)

      ақшалай қаражат аударады, ал ӨКП кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөндегі қызметтер көрсетуге және аударылған қаражатты мақсатты пайдалануға міндеттеледі.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Тапсырыс беруші ӨКП-ге осы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде ӨКП-нің _______________есеп шотына қаражат аударады.

      Олай болмаған жағдайда осы шарт күшіне енбейді және жасалмаған болып саналады.

      3. ӨКП оқытуды өткізу кестесін әзірлейді және оны 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушімен келіседі.

      4. Тапсырыс беруші ӨКП-ға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін Бағдарламаға қатысушыларды жібереді және халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы оқытуға жолдама беруді қамтамасыз етеді.

      5. ӨКП кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту үшін Бағдарламаға қатысушыларды КҚКО және КҚО бойынша бөледі және 5 жұмыс күні ішінде оқитындардың тізімін оқытудың өтетін жерін және басталуын көрсете отырып халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      6. ӨКП бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесумен және жолға және тұруға материалдық көмек ұсынумен (қажет болған жағдайда) _______ күн мерзіммен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды және 12 ай ішінде оқуды аяқтаған және микрокредит алған Бағдарламаға қатысушыларға өтемсіз негізде сервистік оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заң, маркетингтік) қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

      7. ӨКП Бағдарламаға қатысушы жобасының бизнес-жоспарының іске асырылуын экономикалық және қаржылық тұрғыдан негіздейтін қорытынды береді.

      8. ӨКП кәсіпкерлік қызмет негіздерінің ұзақтығына қарамастан оның толық курсынан өту туралы растайтын құжаттардың негізінде Бағдарламаға қатысушы тұрақты тұратын жерінен тыс жерде оқыған кезде оның жол жүруіне және тұруына материалдық көмек төлеуді қаматамысз етеді.

      9. ӨКП қаражаттың игерілуін және ай сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і (бесі) күніне Тапсырыс берушіге қаражатты игеру жөніндегі есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.

      10. Тапсырыс беруші қаражатты игеру мониторингін және қаражаттың уақтылы игерілуі бойынша ақпараттық қолдауды жүзеге асырады.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      11. Осы шарт бойынша тараптардың бірі өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, ол басқа тарапқа осындай орындаумен келтірілген шығындарды өтеуге міндетті.

      12. Айыпты өндіріп алу немесе шығындарды өтеу шартты бұзған тарапты осы шарт бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.

      13. Осы шартта көзделмеген жағдайларда, мүліктік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Форс-мажор

      14. Тараптар осы шарт бойынша міндеттерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол орындамау осы шартты жасасқаннан кейін төтенше сипаттағы жағдайлардың нәтижесінде туындаған тараптар болжай алмайтын немесе алдын ала алмайтын күшпен еңсеруге келмейтін мән-жайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

      15. Осы Шарттың 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар пайда болған кезде әрбір тарап кешіктірмей жазбаша түрде ол туралы басқа тарапты хабардар етуге тиіс. Хабарландыру мән-жайлар сипаттамасы туралы деректерді, сондай-ақ осы мән-жайлардың болуын куәландыратын және мүмкіндігінше осы шарт бойынша тараптардың өз міндеттерін орындау мүмкіндігіне олардың ықпал етуіне баға беретін ресми құжаттарды қамтуға тиіс.

5. Құпиялылық

      16. Осы шарттың және оған келісімнің шарттары құпия және жариялауға жатпайды.

      17. Тараптар бір тараптың алдын ала келісімінсіз үшінші адамға осы шарттың және оған қосымшаның мән-жайы туралы хабарлауды болдырмас үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

6. Дауларды шешу

      18. Осы шартқа байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      19. Егер тараптар ортақ келісімге келе алмаса, даулар азаматтық заңнамаға сәйкес сот тәртібінде шешіледі.

7. Шарттың әрекет ету мерзімі

      20. Осы шарт Тапсырыс беруші ӨКП-ге қаражат аударған сәттен бастап күшіне енеді және______ жылғы "___" ___________ жарамды.

8. Қорытынды ережелер

      21. Осы шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалса және тараптар немесе олардың осыған өкілеттік берілген өкілдері қол қойса, жарамды.

      22. Барлық хабарландырулар мен хаттар жазбаша нысанда жолдануға тиіс.

      23. Осы шарт әрбір тарап үшін екі данадан, бірдей заңды күші бар төрт данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.

9. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

       Тапсырыс берушінің атауы ӨКП атауы

"________________________________"

мемлекеттік мекемесі

Заңды мекенжайы:

__________________________________

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің қазынашылық

комитеті мемлекеттік мекемесі

БСК ______________

ІВАN ______________

БСН ______________

ММ басшысы "______________"

(Т.А.Ә. (бар болса)

"____________________________"

Заңды мекенжайы:

______________________________

Банк: "______________________"

БСК ________________

ІВАN: (шот номері)____________

Басшысы "______________"

(Т.А.Ә. (бар болса)

Тараптардың қолдары

_________________________

_______________________________

МО

МО (бар болса)

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберіндегі
жобаларды кредиттеу туралы келісім

      _________ қ. 20___жылғы "___" ______________

      Бұдан әрі "ЖАО" деп аталатын "_________________" (толық атауы) мемлекеттік мекемесі 20__ жылғы "___" ______ _________ сенімхат негізінде әрекет ететін "_____________________" (толық атауы) ММ-нің атынан басшысы ________________ (тегі аты, әкесінің аты (бар болса) және екінші тараптан ___________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі "уәкілетті өңірлік ұйым" деп аталатын "___________________" (толық атауы) АҚ атынан басшысы ____________ (лауазымы) ___________________ (тегі аты, әкесінің аты (бар болса) бірлесіп "Тараптар", әрқайсысы жеке "Тарап" деп, не жоғарыда көрсетілгендей аталып, Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы осы келісімді жасасты.

      Осы Келісімде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестік;

      микрокредиттік ұйым – (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      микроқаржы ұйымы – (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

      өңiрлiк комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      соңғы қарыз алушы – КҰ-мен кредит беру туралы шарт жасасқан Бағдарламаға қатысушылар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;

      өңір – облыс;

      уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар;

      жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. Келісім мәні

      1. Осы Келісім ЖАО мен уәкілетті өңірлік ұйым арасындағы өзара іс-әрекет тәртібін, осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес ауылда кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесін, Соңғы қарыз алушылар жобаларын іріктеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ өңірде Бағдарламаны іске асыруға қатысты өзге де маңызды шарттарды бекітеді.

      2. Тараптардың келісімі бойынша Бағдарлама бойынша өңірге қаржыландыру көлемі мынадай мөлшерде белгіленді:

      1) ЖАО қаражатынан – ____ теңге;

      2) уәкілетті өңірлік ұйымның қаражатынан (микрокредит беруге тиісті құқықтар болған кезде) – ____ теңге;

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. ЖАО:

      1) соңғы қарыз алушыларға (Бағдарламаға қатысушыларға) кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;

      2) уәкілетті өңірлік ұйымды айқындауға және онымен кредиттік ресурстар ұсыну туралы шарт жасасуға;

      3) осы Келісімнен туындайтын өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      2. ЖАО:

      1) микрокредит алуға КҰ үміткерлерінің (соңғы қарыз алушылардың) тізімін ұсынуға;

      2) КҰ мен соңғы қарыз алушыларға кредиттік ресурстар беру шарттарын келісу үшін өңірлік комиссияға шығаруға;

      3) уәкілетті өңірлік ұйым мен КҰ-ның ішкі рәсімдеріне және кредиттік процесіне араласпау қағидатын сақтауға;

      4) кредиттік шартқа сәйкес уәкілетті өңірлік ұйымның кредиттік ресурстарды игеру және мақсатты пайдалану мониторингін жүргізуге;

      5) уәкілетті өңірлік ұйымның сұрауы бойынша осы Келісімнің орындалуына байланысты ақпарат ұсынуға;

      6) осы Келісімнен туындайтын өзге де міндеттемелерді мойнына алуға міндеттенеді.

      3. Уәкілетті өңірлік ұйым:

      1) өңірлік комиссиямен келісу бойынша КҰ мен соңғы қарыз алушыларға кредиттік ресурстар беру шарттарын белгілеуге;

      2) кредиттік ресурстар беру жөнінде конкурс өткізуге не іріктеуге және КҰ-ны өз бетінше белгілеуге;

      3) ЖАО-ға кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды талап ететін үміткерлердің тізімін жіберуге;

      4) ЖАО-ның сұрауы бойынша осы Келісімнің орындалуына байланысты ақпаратты ұсынуға;

      5) КҰ-ның кредиттеу механизмдерін және қағидаларын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;

      6) осы Келісімнен туындайтын өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      4. Уәкілетті өңірлік ұйым:

      1) ЖАО-дан алынған кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      2) соңғы қарыз алушыларға, сондай-ақ кейіннен өңірде соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін КҰ-ға кредиттік ресурстар беруге;

      3) кредиттік шартқа сәйкес тікелей кредит беру кезінде КҰ-ның және соңғы қарыз алушылардың кредиттік ресурстарды игеруіне және мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;

      4) осы Келісімнен туындайтын өзге де міндеттерді мойнына алуға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      Осы Келісімде тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

5. Құпиялылық

      1. Тараптар осы Келісім шарттарына қатысты ақпарат, қаржылық, коммерциялық және өзге де Келісім жасау және орындау барысында алынған ақпараттың құпия болып табылатыны және Келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жариялауға жатпайтынымен келіседі.

      2. Осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Бағдарламаны іске асыру туралы есеп беру шеңберінде ЖАО уәкілетті өңірлік ұйымға, уәкілетті өңірлік ұйымның акционеріне және мемлекеттік органдарға осы Келісімді жасауға және орындауға қатысты ақпарат беруге құқық береді.

6. Дауларды шешу

      1. Келісімге байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

7. Қорытынды ережелер

      1. Келісімнің ережелерін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болады. Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың өкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.

      2. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды, олардың әрқайсысының тең заңдық күші бар.

      3. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.

      4. Тараптар Келісімге қол қойылғаннан кейін барлық алдыңғы талқылаулар, ұсынымдар, сондай-ақ хаттар заңдық күшін жоғалтатынына және Келісім мәтініне ауыстырылатынына келіседі.

      5. Келісімде көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

8. Тараптардың мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары

ЖАО атауы

КҰ атауы

"________________" мемлекеттік мекемесі

Заңды мекенжайы:___________________

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Қазынашылық комитеті ММ

БИК ____________

IBAN ______________

БСН _________________

___ "_______________"

Заңды мекенжайы: _____________________

Банк: "___________________"

БИК: _______________

IBAN: (шот нөмірі) _____________

"___________________" ММ басшысы

"___________________" басшысы

_______________________

(Т.А.Ә. (бар болса)

______________________

(Т.А.Ә.(бар болса)


      Тараптардың қолдары



МО

МО (бар болса)

  Жұмыспен қамту 2020 жол
картасы бағдарламасының екінші
бағыты шеңберіндегі жобаларды
кредиттеу туралы келісімге
1-қосымша

Экономика салалары бөлінісінде ауылдағы кәсіпкерлікті
дамытудың басым бағыттарының үлгілік тізбесі*1

ЭҚЖЖ коды

Атауы

Агроөнеркәсіптік кешен

01

Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және 01.11 Дәнді дақылдарды өсіруді қоспағанда, осы салаларда қызмет көрсету

02

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

10

Азық-түлік тағамдары өндірісі

11.06

Мия өндірісі

11.07

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусын өндірісі

Жеңіл өнеркәсіп

13

Тоқыма бұйымдар өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Тері және соған жататын өнім өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан жасалған бұйымдар және тоқуға арналған материалдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

Құрылыс материалдарының өндірісі

23

Құрылыс материалдарының өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Туризм

55

Тұруды ұйымдастыру қызметтері

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттар, мұражайлар мен басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93.1

Спорт саласындағы қызмет

Өзге де қызметтер көрсету

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу






Тізбе аймақтық комиссия шешімімен толықтыруы мүмкін

      Тараптардың қолдары




      1 "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 4-тарамағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрлерін қоспағанда

  Жұмыспен қамту 2020 жол
картасы бағдарламасының екінші
бағыты шеңберіндегі жобаларды
кредиттеу туралы келісімге
2-қосымша

      Нысан

Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру туралы есеп

Соңғы қарыз алушының атауы

Жобаның атауы

КҰ атауы

Қарызға берілетін қаражаттың нысаналы мақсаты (әрбір қарыз қаражаты бағытының атауы және сомасы көрсетіледі)

Кредит берілген күні

Кредиттеу мерзімі, айлар

Кредит сомасы, теңге

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

ЖИЫНЫ:





      Кестенің жалғасы

Іске асырылатын орын (аудан, қала)

Экономика саласы

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

күні

күні

Конкурс комиссиясының хаттамасы

Кредит беру туралы шарттар

10

11

12

13

14

15

16









      Лауазымды адам ____________________ Т.А.Ә. (бар болса)

      қолы, мөр

      Жауапты қызметкер __________________ Т.А.Ә. (бар болса)

      қолы

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

1. МҚҰ (МКҰ) үшiн iрiктеу өлшемдерi және балл берудiң
ұсынылатын шкаласы

Р/с №

Iрiктеу критерийлерi

Көрсеткiштiң мағынасы

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1.

Берiлген микрокредиттердiң саны (бiрлiк)

(мәні жоғары болған сайын балл да жоғары)

65-ге дейiн

65-тен 130-ға дейiн

130-дан 195-к е дейiн

195-тен 260-қа дейiн

260-тан 325- дейiн

325-тен 390-ға дейiн

390- нан 455- ке дейiн

455-тен 520-ға дейiн

520-дан 585-ке дейiн

585-тен жоғары

2.

Берiлген микрокредиттердiң орташа мөлшерi (мың теңгемен) (мәні төмен болған сайын балл жоғары)

3 001-ден жоғар ы

2501-ден 3000-ға дейiн

2 001-ден 2500-г дейiн

1 601-ден 2000-ға дейiн

1 201-ден 1600-ге дейiн

801-ден 1200 ге дейiн

401-ден 800-ге дейiн

201-ден 400-г дейiн

101-ден 200-ге дейiн

100-ге дейiн

3.

Өзiндiк капиталдың активтерге қатынасы (%-бен)

(қатынасы жоғары болған сайын балл да жоғары)

15

17

19

21

23

25

27

29

32

35

4.

Портфель қатерi (%-бен) (негiзгi қарыз бойынша 30 күнiнен асатын ағымдағы мерзiмi өткен берешекпен микрокередиттер сомасының МҚҰ мен МКҰ жалпы несие портфелiне арақатынасы)

(мәні жоғары болған сайын балл төмен)

18,1- ден 20-ға дейiн

16,1- ден 18-ге дейiн

14,1- ден 16-ға дейiн

12,1-ден 14-ке дейiн

10,1- ден 12-ге дейiн

8,1-д ен 10-ға

6,1-ден 8-ге дейiн

4,1-ден 6-ға дейiн

2-ден 4-ке дейiн

2-ге дейiн

5.

Конкурстық құжаттамада көзделген соңғы қарыз алушы үшiн ең жоғары тиiмдi жылдық сыйақы мөлшерлемесі (%-бен), (белгiленген мөлшерлемеден мәні төмен болған сайын, балл да жоғары)

Конкурстық құжаттамада белгiленген

0,2%-ға аз

0,4%-ғааз

0,6%-ғааз

0,8%-ғааз

1%-ға аз

1,2%-ғааз

1,4%-ға аз

1,6%-ға аз

1,8%-ға аз және одан артық

6.

Кредит беру нарығындағы ауыл халқына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжiрибесi мен кәсiби бiлiктiлiгi (аймен) МҚҰ және МКҰ қызметiнiң мерзiмi көп болған сайын балл да жоғары)

6

10

16

22

30

37

42

48

54

60

2. КС үшiн iрiктеу өлшемдерi мен балл беру үшiн ұсынылатын
шкала

Р/с №

Iрiктеу критерийлерi

Көрсеткiш мәнi

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1

Меншікті капитал мөлшерi (мың теңге)

(көп болған сайын балл да жоғары)

100 дейін

101-ден 150- ге дейiн

151-ден 200- ге дейiн

201-ден 250-г е дейiн

251-ден 300-ге дейiн

301-ден 350- ге дейiн

351-ден 400-г дейiн

401-ден 450-ге дейiн

451-ден 500- ге дейiн

501-ден жоғары

2

Кредит беру нарығындағы ауыл халқына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі мен кәсiби бiлiктiлiгi (жылмен)

(КС қызмет мерзiмi көп болған сайын балл да жоғары)

1-ге дейiн

1-ден 2-ге дейiн

2-де н 3-ке дейiн

3-тен 4-ке дейiн

4-тен 5-ке дейiн

5-тен 7-ге дейiн

7-ден 9-ға дейiн

9-дан 11-ге дейiн

11-ден 13-ке дейiн

13-тен 15-ке дейiн

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
7-қосымша

КҰ-ның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың
тiзбесi

      1) Конкурсқа қатысуға өтiнiм;

      2) техникалық ерекшелiк;

      3) бағалар кестесi;

      4) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      5) бiлiктiлiк туралы мәлiметтер;

      6) кредиттiк портфель туралы ақпарат;

      7) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздың жоқтығы туралы конкурс жариялану мерзімінен бұрын берілген анықтамасының түпнұсқасы;

      8) әлеуеттi қатысушы орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен жарғыдан нотариат куәландырған үзiндi көшiрме;

      9) жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшы құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариат куәландырған үзiндi көшiрме;

      10) қолтаңбалардың және мөртабанының үлгiлерi бар нотариат куәландырған карточка;

      11) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшiрмесi.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      12) КҰ-ның банктiң (банктердiң) алдында мерзiмi асқан берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөрi соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер КҰ екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Егер банк анықтамасына оны берген банктiң бiрiншi басшысы қол қойған жағдайда, банк анықтамасына қол қойған адамның қол қою құқығын растайтын құжат (сенiмхат) қоса берiлуi қажет;

      13) бiрiншi басшының немесе оның орнын басатын адамның, бас бухгалтердiң (бухгалтердiң) қолымен бекiтiлген, қалыптасу күнi және сипаты көрсетiлген кредиторлық және дебиторлық берешектер таратылып жазылған қосымшамен соңғы есептiлiк күнiне (тоқсан) қаржылық есептiлiгiнiң түпнұсқасы;

      14) ауылды жерлерде микрокредиттеудi жүзеге асыруды растайтын мәлiметтер (микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшiрмесi);

      15) кредит тарихы (кредитордың атауы, кредит сомасы және өтеу мерзiмдерi көрсетiлген әлеуеттi қатысушының бұдан бұрын алған кредиттерi туралы ақпараттық анықтама);

      16) бiрiншi басшының немесе оның орнын басатын адамның қолымен және әлеуеттi қатысушының мөрiмен расталған Микрокредиттер беру қағидасының көшiрмесi;

      17) кредиттiк ресурстарды пайдалану және кепiлге соттан тыс сату құқығымен мүлiк беру туралы уәкiлеттi орган (құрылтайшы, құрылтайшылардың жалпы жиналысы) шешiмiнiң (хаттамасының) түпнұсқасы;

      18) адамның кредит және кепiл беру туралы шарттарға қол қою өкiлеттiктерiнiң жазбаша растамасының (құрылтайшының немесе мүлiк иесiнiң бұйрығы, сенiмхаты, шешiмi) түпнұсқасы;

      19) кепiлге берiлген кепiл мүлiгiне және кепiл мүлiгiн соттан тыс сатуға меншiк иесiнiң, ерiнiң (зайыбының) (неке туралы куәлiктiң көшiрмесi),/некеде тұрғаны және тұрмағаны туралы анықтама, барлық кәмелетке толған қосымша иегерлерiнiң (отбасы мүшелерiнiң, өзге де адамдардың) нотариат куәландырған келiсiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мынадай жағдайларда:

      кепiл берушi заңды тұлға болған жағдайда құрылтайшылардың кепiл мүлкiн соттан тыс сату құқығымен беруге шешiмi хаттамасының түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшiрмесiн, сондай-ақ жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған үзiндi көшiрмесiн беру қажет;

      кепiл берушi жеке тұлға болып табылған жағдайда, отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсыну қажет;

      мүлiктiң иегерi/қосымша иегерi кәмелетке толмаған бала болған жағдайда қамқоршылық пен қорғаншылық органдарының кепiлге және кепiлге ұсынылатын мүлiктi соттан тыс сатуға жазбаша рұқсаттың түпнұсқасын беру керек;

      20) кепiл берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi. Кепіл беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда заңды тұлғаның құқық белгілеуші құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және кредит және кепіл беру туралы шарттарға қол қоюға өкілеттік берілген адамның жеке басын куәландыратын құжатты, ЖСН ұсыну қажет;

      21) кепiлдiк қамсыздандыруға ұсынылатын құжаттар:

      қамсыздандыруға ақша берiлген жағдайда нотариалды куәландырылған құжаттың көшiрмесi ұсынылады:

      банк шотының шарты;

      банкке ақшаны орналастыруды растайтын шарт;

      ақша микрокредит мерзiмiнен кем емес кезеңге шұғыл банк салымын ресiмдеген кезде жинақ шоттарына орналастырылған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қабылданады. Мынадай қажеттi шарттар сақталған кезде:

      депозит шоттағы қалдықтарды жыл сайын растау;

      ақша орналастырылған банк Конкурс ұйымдастырушысының жазбаша рұқсатынсыз және келiсiмiнсiз ақша қалдықтары бойынша iс-әрекет жүргiзбеу туралы кепiлдi мiндеттемелер беруi.

      қамтамасыз етуге ғимарат, құрылыс, тұрғын үй-жай, пәтер және т. с. с. жылжымайтын мүлiк түрінде берiлген жағдайда меншiк құқығының туындауына қарай мынадай нотариат куәландырған құжаттардың:

      сату-сатып алу шартының, жекешелендiру шартының, айырбастау, сыйға тарту шарттарының, (ғимараттар мен құрылыстар) пайдалануға берудi қабылдау актiсiнiң, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiгiнiң, сот шешiмiнiң, жылжымайтын мүлiкке және олармен мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық паспорттың (үй кiтапшасы), жер учаскесiне құжаттардың, ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшiрмелерi берiледi.

      қамтамасыз етуге жер учаскесiн немесе жердi пайдалану құқығын берген жағдайда меншiк құқығының туындауына орай нотариат куәландырған құжаттардың:

      сату-сатып алу шартының, жер учаскесiн жалға беру шартының, сот органдары шешiмiнiң, жер учаскесiн беру туралы әкiмнiң шешiмiнiң, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң, тұрақты жердi пайдалану құқығына актiнiң немесе жердi уақытша (өтеусiз, ақылы) пайдалану құқығы актiсiнiң жер учаскесiне құқықты тiркеу туралы куәлiктiң, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсiнiң немесе жердi пайдалану актiсiнiң жер учаскесi шекарасы жоспарының, жер учаскесi бонитетi балдары көрсетiлген тиiстi құжаттың ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың;

      аудандық әкiмдiктен (аудандық статистика басқармасынан) соңғы 3 жылда жүргiзiлген ауыл шаруашылығы жұмыстары туралы анықтаманың;

      салық комитетiнен салық аударымдарын төлегенi туралы растау-анықтаманың;

      Қазақстан Республикасының бағалау саласында қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурс өтiнiмдерi салынған конверттер ашылған күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк 90 күн бұрын жасалған бағалау актiсiнің көшірмелері беріледі.

      Кепiлге меншiк құқығындағы немесе уақытша ақылы жердi пайдалану/жердi тұрақты пайдалану құқығындағы Кепiл берушiге тиесiлi жер учаскелерi қабылданады. Жердi пайдалану мерзiмi кредит беру мерзiмiнен кемiнде 3 (үш) жыл артық болуы керек. Кепiлге дәндi дақылдар, көкөнiс және т.с.с. өсiру үшiн қолданылатын жер учаскелерi кепiл берушiлер келесi шарттарды орындаған кезде:

      соңғы 3 (үш) жылда агротехникалық iс-шаралардың сақталуы;

      берiлген жер учаскелер бойынша топырақ бонитетiнiң балдары:

      Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары үшiн кемiнде 25;

      Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшiн кемiнде 20;

      Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары үшiн кемiнде 18 болуға тиiс.

      кепiл берушiнiң бюджет алдында берешегiнiң болмауы;

      қамтамасыз етуге жылжымалы мүлiктi (автокөлiк, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.) беру жағдайында мүлiктiң түрiне қарай мынадай құжаттардың:

      көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiгi, техникалық паспорт, мемтехқадағалау анықтамасы, ауыртпалықтардың болмауы туралы ішкі істер органының анықтамасының;

      Қазақстан Республикасының бағалау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк 90 күн бұрын жасалған бағалау актiсiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерi ұсынылады.

      Кепiлге көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы, құрылыс-жол және де басқа кестеде көрсетiлген талаптарды қанағаттандыратын арнайы техника қабылданады.

Көлiк құралдарының санаты

Пайдалану мерзiмдерi, жыл

Әзiрлеушi:

Қытай

Әзiрлеушi:

ТМД

Әзiрлеушi: Азия, АҚШ

Әзiрлеушi: Еуропа, Жапония

Ауыл шаруашылығы техникасы, аспалы жабдықтар**

12*-ге дейiн

20*-ға дейiн

20*-ға дейiн

20*-ға дейiн

Жүк автокөлiгi және олардың тiркемелерi

10*-ға дейiн

20*-ға дейiн (Маз, КамАЗ үшiн 25*-ке дейiн)

12*-ге дейiн

15*-ке дейiн

Жүк автомобильдерi базасындағы арнайы техника

10*-ға дейiн

20*-ға дейiн (Маз, КамАЗ үшiн 25*-ке дейiн)

12-ге дейiн

15*-ке дейiн

Өзге де арнайы техника

10*-ға дейiн

15-ке дейiн

15-ке дейiн

15-ке дейiн

Жеңiл автокөлiк

8-ге дейiн

12-ге дейiн

15-ке дейiн

20-ға дейiн

Автобустар (15 орыннан жоғары

8*-ге дейiн

8-ге дейiн

12-ге дейiн

20*-ға дейiн

Микроавтобустар (15 орынға дейiн)

5-ке дейiн

5-ке дейiн

10-ға дейiн

15-ке дейiн


      қамсыздандыруға өсiмдiк (астық) өсiру өнiмдерiн берген жағдайда мынадай құжаттардың:

      астық сатып алу туралы құжаттардың (шот фактура, сатып алу-сату, айырбастау шарты, сауда-саттық хаттамасы және т.б.) нотариат куәландырған көшiрмелерi. Астық қолхатын ұстаушы дәндi өзi өндiрген болса, егiс алаңдарының болуын растайтын құжаттар, аталған егiс алаңдарының түсiмдiлiгi туралы статбасқармасының анықтамасы, элеватордың директоры және өндiрiстiк-техникалық зертхананың бастығы қол қойған Ф-47 дәндi талдау карточкасының түпнұсқасы, астыққа қолхаты, астық қолхатының куәлiгi, сәйкестiлiк (сапа) сертификаты, нан қабылдау пунктісімен астықты сақтау туралы шарт, астықты сақтау қызметiн төлеу туралы шарт қажет;

      қамтамасыз етуге ауыл шаруашылық малдарын (жылқы, түйе, ірі қара мал, ұсақ мал) берген жағдайда мынадай құжаттардың:

      ветеринарлық паспорт, ауыл шаруашылығы малдардың бар болу туралы ветеринарлық инспекция анықтамасының;

      Қазақстан Республикасының баға саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау актiсi және конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк 90 күн бұрын жасалған бағалау актiсiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерi ұсынылады.

      Ауыл шаруашылығы малдары мынадай шарттармен қабылданады:

      малды мiндеттi сәйкестендiру;

      малды ұстау және өсiруге қажеттi шарттардың мiндеттi түрде болуы, азық базасы және азықпен қамтамасыз етiлу;

      белгiленген мерзiмдерде ұдайы ветеринариялық тексеруден өту және профилактикалық егудi жүзеге асыру.

      Қажеттiгiне қарай уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның шешiмi бойынша кепiл заттарын мүлiктiк (малдың қырылуынан, ауруынан және т.б.) сақтандыруды жүзеге асыруға болады.

      22) кепiлдiк қамсыздандыруды (жылжымайтын мүлiк) тәуелсiз бағалау.

      ____________________

      * Жай-күйiн, күрделi жөндеу жүргiзудi бекiтудi есепке ала отырып;

      * аспалы жабдықтар қосалқы жабдығы болып табылатын ауыл шаруашылық техникасын кепiлге алған кезде ғана қабылданады.

      Ескертпе: көлiк құралдары мен басқа да техника сатуға меншiк құқығын сенiмхатпен растаған жағдайда кепiл заты бола алмайды.

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу бойынша
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Микроқаржы ұйымдарының кепілдікті қамтамасыз етуіне қойылатын
талаптар

Кепіл беруші


Қамтамасыз ету түрі

Міндеттемелердің орындалу деңгейі

Қамтамасыздандырылу коэффициенті (кепілдікті қамтамасыз ету құнына сыйақы сомасын ескере отырып кредиттік ресурстар сомасының арақатынасы)

I және II топтарды қосқанда кепіл құрылымындағы үлесі

кемінде (ең төмен үлесті шектеу),%

асырмай (ең жоғары үлесті шектеу),%

1. Қарыз алушы (заңды тұлға);

2. Кез келген үшінші тұлға (заңды не жеке тұлға)

I т о п

Ақшалай қаражат (депозит, кепілдікке берілген ақша),

сұратылып отырған қарыздың барлық сомасына міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауға болады

1:1

50 %

Шектеусіз

Жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-жайлар, пәтерлер және т.б.)

1:1,3

50 %

Шектеусіз

Жылжымалы мүлік (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.)

1:2

Шектеусіз

60 %

II т о п

жер учаскесі немесе жерді пайдалану құқықтары (дәнді дақылдарды, көкөніс және т.б. (жайылым жерлерді қоспағанда) өсіруге арналған жер учаскелері. Жерді пайдалану мерзімі кредит беру мерзімінен кемінде 3 (үш) жылға артық болуы керек

І топты қосқанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауға болады


Шектеусіз

40 %

өсімдік өсіру өнімдері (астық)


Шектеусіз

35 %

ауыл шаруашылығы малдары (жылқы, түйе, ірі қара мал)


Шектеусіз

35 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады