Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13967 болып тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжамды жұмыс орындары бойынша сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                                     Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы
      __________________ Н. Айдапкелов
      2016 жылғы 17 маусым

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 532 бұйрығына    
1-қосымша       

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы
МӘЛІМЕТТЕР

Есепті кезең 20___ жылғы «___»________________

      Нысан индексі: 1-бжо (бос жұмыс орындары).

      Ақпаратты жинау кезеңділігі: бос жұмыс орындарының пайда болуына қарай.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар ұсынады.

      Нысан кімге ұсынылады: аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган.

      Нысанды ұсыну мерзімі: бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

(жалғасы)

Жолдың шифры

Кәсіп (лауазым) бойынша жұмыскерлер қажет

Кәсіпті (лауазымды) нақтылау

Жұмыскерлерге қажеттілік (адам)

Кәсіптер коды және базалық топтың атауы

Кәсіп (лауазым) атауы

барлығы

олардың ішінде

әйелдер

сәйкес жастар (14-29 жастағы)

1

2

3

4

5

6

7








Жиынтығы

x

x

x




Кестенің жалғасы

Талап етілетін білім деңгейі

Талап етілетін біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат)

Кәсібі бойынша өтілі, жыл

Жұмыс сипаттамасы

Жұмыс режимі

Жалақы мөлшері (айына), теңге

8

9

10

11

12

13







x

x

x

x

x

x

Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсіндірмеге сәйкес толтырылады

Ұйымның атауы _______________________________________________________

Экономикалық қызмет түрі ____________________________________________

Басшы __________________________________ __________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      қолы

Орындаушы __________________________________ __________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)   қолы

Орындаушының телефоны ___________________

Ұйымның мекенжайы және телефоны ___________________

М.О. (бар болса)

Ағымдағы бос орындар және 
болжанатын жұмыс орындары 
дерекқорына қосу үшін қажетті
мамандықтар мен бос жұмыс 
орындары туралы мәліметтер 
беруге арналған әкімшілік 
есепке алу нысанға қосымша

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін «Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыруды регламенттейді.
      2. Нысанды жұмыс берушілер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) болған кезде олар пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде береді.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның тақырыбында бос орынның пайда болған күні жазылады.
      Нысан жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған жағдайда олар пайда болғанға дейін бір айдан кешіктірмей ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде жеке толтырылады.
      Нысанның тақырыбында жоспарланған бос орын пайда болатын күн көрсетіледі.
      4. Жұмыс берушінің экономикалық қызмет түрілерінің жіктелуі және кодталуы осы Түсіндірмеге 1-қосымшаға сәйкес толтырылады.
      5. Ұйымның атауы құрылтай құжаттарына сәйкес толық немесе қысқартылған түрде толтырылады, егер жұмыс беруші жеке тұлға болса – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі.
      6. Жұмыс берушінің мекенжайында оның нақты орналасқан жері туралы ақпарат және байланыс телефонының нөмірі қамтылады.
      7. 1-бағанда жолдың шифры көрсетіледі.
      8. 2-бағанда кәсіптер коды және базалық топтың атауы көрсетіледі.
      9. 3-бағанда бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) бар (немесе күтілетін) жұмысшылар кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының атауы көрсетіледі.
      10. 4-бағанда кәсіпті (лауазымды) нақтылау көрсетіледі, аталған жіктеу кәсіптердің кіші топтарына, құрамдас және базалық топтарына бөлінетін ірілендірілген топтар бойынша кәсіптерді сипаттауды көздейді – талаптарды мәндік детализациялау (мысалы, «қойма меңгерушісі» лауазымында – «құрылыс материалдары» деп нақтылау).
      11. 5-бағанда бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) жалпы саны көрсетіледі.
      12. 6-бағанда әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетіледі.
      13. 7-бағанда жастарды (14 – 29 жастағы), оның ішінде осы жастағы әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетіледі.
      14. 8-бағанда білім деңгейіне қойылатын талап (жоғарыдан кейінгі, жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік, жалпы орта, негізгі орта) көрсетіледі.
      15. 9-бағанда талап етілетін біліктілік деңгейі, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары көрсетіледі.
      16. 10-бағанда кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтілінің болуына қойылатын талап көрсетіледі. Егер өтіліне талап қойылмайтын болса, онда бағанға 0 қойылады.
      17. 11-бағанда ұсынылатын жұмыстың сипаттамасы көрсетіледі, ол жұмыс сипаттамасының анықтамалығына сәйкес осы Түсіндірмеге 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
      18. 12-бағанда ұсынылатын жұмыстың режимі (толық жұмыс күні, толық емес жұмыс күні, толық емес жұмыс аптасы, үйде істейтін жұмыс, вахталық әдіс) көрсетіледі.
      19. 13-бағанда еңбек шартын жасаған жағдайда төленетін жалақы мөлшері көрсетіледі.
      20. Толтырылған нысанға жұмыс берушінің лауазымды адамы қол қояды және нысанды толтырған күні қойылады.

«Ағымдағы бос орындар және   
болжанатын жұмыс орындары   
дерекқорына қосу үшін қажетті 
мамандықтар мен бос жұмыс орындары
туралы мәліметтер» нысанын толтыру
бойынша түсіндірмеге 1-қосымша

Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі және кодталуы

Секция

Атауы

Бөлімдер

А

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01-03


Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету

01


Орман өсіру және ағаш дайындау

02


Балық аулау және аква өсіру

03

Б

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер өңдеу

05-09


Көмір және лигнит өндіру

05


Шикі мұнай және табиғи газ өндіру

06


Металл кендерін өндіру

07


Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары

08


Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

09

В

Өңдеу өнеркәсібі

10-33


Азық-түлік өнімдері өндірісі

10


Сусын өндірісі

11


Темекі бұйымдары өндірісі

12


Тоқыма бұйымдары өндірісі

13


Киім өндірісі

14


Тері және оған жататын өнім өндірісі

15


Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі;
сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

16


Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

17


Жазылған материалдарды басып шығару және шығару

18


Кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі

19


Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісі

20


Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер өндірісі

21


Резина және пластмасса бұйымдары өндірісі

22


Өзге де металл емес минералды өнім өндірісі

23


Металлургиялық өнеркәсіп

24


Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісі

25


Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

26


Электр жабдықтары өндірісі

27


Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

28


Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай прицептер өндірісі

29


Өзге де көлік құралдары өндірісі

30


Жиһаз өндірісі

31


Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

32


Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

Г

Электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны желдету

35

Д

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау

36-39


Суды жинау, өңдеу және бөлу

36


Кәріз жүйесі

37


Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату

38


Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

Е

Құрылыс

41-43


Ғимараттар мен құрылыстар салу

41


Азаматтық құрылыс

42


Мамандандырылған құрылыс жұмыстары

43

Ж

Көтерме және бөлшек сауда; автомобилдер мен мотоциклдерді жөндеу

45-47


Автомобиль және мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы және оларды жөндеу

45


Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда көтерме сауда

46


Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда бөлшек сауда

47

З

Көлік және қоймаға қою

49-53


Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау

49


Су көлігі

50


Әуе көлігі

51


Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

52


Почта және курьерлік қызмет

53

И

Тұру және тамақтану қызметтері

55-56


Тұруды ұйымдастыру қызметтері

55


Азық-түлік тағамдары және сусын ұсыну жөніндегі қызметтер

56

К

Ақпарат және байланыс

58-63


Баспа қызметі

58


Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі

59


Бағдарламалар жасау қызметі және телерадио тарату

60


Байланыс

61


Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да қосалқы қызметтер

62


Ақпараттық қызметтердің қызметі

63

Л

Қаржылық және сақтандыру қызметі

64-66


Сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда қаржылық қызметтер

64


Міндетті әлеуметтік сақтандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі

65


Қаржылық қызметтер және сақтандыруды ұсыну жөнінде қосалқы қызметтер

66

М

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68

Н

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69-75


Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

69


Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері жөнінде консультациялар

70


Сәулет, инженерлік зерттеулер, техникалық сынаулар және талдау саласындағы қызмет

71


Ғылыми зерттеулер мен әзірлеулер

72


Жарнамалық қызмет және нарықтық конъюктураны зерттеу

73


Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

74


Ветеринарлық қызмет

75

О

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77-82


Жалға алу, жалға беру және лизинг

77


Жұмысқа орналастыру

78


Туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі

79


Қауіпсіздік және тергеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызмет

80


Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

81


Әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

82

П

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

84

Р

Білім беру

85

С

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86-88


Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86


Тұруды қамтамасыз ететін күтім жөніндегі қызмет

87


Тұруды қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызмет көрсету

88

Т

Өнер, ойын-сауық және демалыс

90-93


Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90


Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және де басқа мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

91


Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

92


Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет

93

У

Өзге де қызмет түрлерін көрсету

94-96


Мүшелік ұйымдардың қызметі

94


Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

95


Өзге де жеке қызметтер көрсету

96

Ф

Үй қызметкерлерін жалдайтын және тауар өндіретін үй шаруашылықтары қызметі және жеке тұтынуға арналған қызметтер

97-98


Үй қызметкерлерін жалдайтын үй шаруашылығы қызметі

97


Жеке тұтынуға арналған тауарларды өндіру жөніндегі үй шаруашылығы қызметі

98

Х

Бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі

99

«Ағымдағы бос орындар және   
болжанатын жұмыс орындары   
дерекқорына қосу үшін қажетті 
мамандықтар мен бос жұмыс орындары
туралы мәліметтер» нысанын толтыру
бойынша түсіндірмеге      
2-қосымша            

Жұмыс сипатының анықтамалығы

1. Тұрақты жұмыс
      негізгі тұрақты;
      қоса атқарылатын тұрақты;
      квота бойынша тұрақты;
      сабақтан тыс уақыттағы тұрақты;
      өзге де тұрақты жұмыс.

2. Уақытша жұмыс
      негізгі уақытша;
      қоса атқарылатын уақытша;
      квота бойынша уақытша;
      мердігерлік шарт бойынша уақытша;
      сабақтан тыс уақыттағы уақытша;
      өзге де уақытша жұмыстар.

3. Маусымдық жұмыс:
      негізгі маусымдық;
      қоса атқарылатын маусымдық;
      сабақтан тыс уақыттағы маусымдық;
      өзге де маусымдық жұмыс.

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 532 бұйрығына     
2-қосымша        

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы МӘЛІМЕТТЕР

Есепті кезең 20___ жылғы «___»________________

Нысан индексі: 1-болжам.

Ақпаратты жинау кезеңділігі: жыл сайын 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жылына екі рет.

Ақпараттарды ұсынатын адамдар тобы: экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар ұсынады.

Нысан кімге ұсынылады: аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган.

Нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 сәуірден және 1 қазаннан кешіктірмей.

Жолдың шифры

Кәсіп (лауазым) бойынша қажетті жұмыскерлер

Кәсіпті (лауазымды) нақтылау

Талап етілетін білім деңгейі

Талап етілетін біліктілік деңгейі (разряд)

Жұмыскерлерге, мамандарға болжамды қажеттілік (адам)

Кәсіптер коды және базалық топтың атауы

Кәсіп (лауазым) атауы

барлығы

оның ішінде жылдар бойынша

___ жыл

___ жыл

___

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Жиынтығы

Х

Х

Х

Х

Х





      Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсіндірмеге сәйкес толтырылады

Ұйымның атауы________________________________________________________

Экономикалық қызмет түрі_____________________________________________

Басшы __________________________________ __________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)     қолы

Орындаушы __________________________________ __________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)   қолы

Орындаушының телефоны ___________________

Ұйымның мекенжайы және телефоны ___________________

М.О. (бар болса)

Ағымдағы бос орындар және
болжанатын жұмыс орындары
дерекқорына қосу үшін қажетті
мамандықтар мен бос жұмыс 
орындары туралы мәліметтер
беруге арналған әкімшілік
есепке алу нысанына қосымша

«Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.
      2. Нысанды жұмыскерлер мен мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер болған кезде жұмыс берушілер аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға береді.
      3. Әрбір кейінгі жылға нысанды толтыру кезінде болжанатын кезең бір жылға жылжытылады (мысалы, 2016 жылы құрған кезде болжам 2017, 2018, 2019 және 2020 жылдарға жасалатын болады).

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. Жұмыс берушінің атауы құрылтай құжаттарына сәйкес толық немесе қысқартылған түрде толтырылады, егер жұмыс беруші жеке тұлға болса – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі.
      5. Жұмыс берушінің экономикалық қызмет түрілерінің жіктелуі және кодталуы осы Түсіндірмеге Косымшаға сәйкес толтырылады.
      6. Жұмыс берушінің мекенжайында оның нақты орналасқан жері туралы ақпарат және байланыс телефонының нөмірі қамтылады.
      7. 1-бағанда жолдың шифры көрсетіледі.
      8. 2-бағанда кәсіптер коды және базалық топтың атауы көрсетіледі.
      9. 3-бағанда жаңа жұмыс орындарын (лауазымдар) құру жоспарланатын және қызметкерлер мен мамандарға қажеттілік байқалатын жұмысшылар кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының атауы көрсетіледі.
      10. 4-бағанда кәсіпті (лауазымды) нақтылау көрсетіледі, аталған жіктеу кәсіптердің кіші топтарына, құрамдас және базалық топтарына бөлінетін ірілендірілген топтар бойынша кәсіптерді сипаттауды көздейді – талаптарды мәндік детализациялау (мысалы, «қойма меңгерушісі» лауазымында – «құрылыс материалдары» деп нақтылау).
      11. 5-бағанда білім деңгейіне қойылатын талап (жоғарыдан кейінгі, жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік, жалпы орта, негізгі орта) көрсетіледі.
      12. 6-бағанда талап етілетін біліктілік деңгейі, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары көрсетіледі.
      13. 7-бағанда болжамды кезеңнің барлығына талап етілетін қызметкерлер мен мамандардың жалпы саны көрсетіледі.
      14. 8–10-бағандарда қызметкерлер мен мамандардың жылдар бойынша талап етілетін жалпы саны көрсетіледі.
      15. Толтырылған нысанға нысанды толтырған мемлекеттік органның лауазымды адамы қол қояды және нысанға қол қойылған күн жазылады.

«Ағымдағы бос орындар және болжанатын
жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін
болжанатын жұмыс орындары бойынша 
қажетті мамандықтар туралы мәліметтер»
нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге
қосымша

Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі және кодталуы

Секция

Атауы

Бөлім дер

А

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01-03


Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету

01


Орман өсіру және ағаш дайындау

02


Балық аулау және аква өсіру

03

Б

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер өңдеу

05-09


Көмір және лигнит өндіру

05


Шикі мұнай және табиғи газ өндіру

06


Металл кендерін өндіру

07


Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары

08


Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

09

В

Өңдеу өнеркәсібі

10-33


Азық-түлік өнімдері өндірісі

10


Сусын өндірісі

11


Темекі бұйымдары өндірісі

12


Тоқыма бұйымдары өндірісі

13


Киім өндірісі

14


Тері және оған жататын өнім өндірісі

15


Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі;
сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

16


Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

17


Жазылған материалдарды басып шығару және шығару

18


Кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі

19


Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісі

20


Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер өндірісі

21


Резина және пластмасса бұйымдары өндірісі

22


Өзге де металл емес минералды өнім өндірісі

23


Металлургиялық өнеркәсіп

24


Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісі

25


Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі

26


Электр жабдықтары өндірісі

27


Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

28


Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай прицептер өндірісі

29


Өзге де көлік құралдары өндірісі

30


Жиһаз өндірісі

31


Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

32


Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

Г

Электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны желдету

35

Д

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау

36-39


Суды жинау, өңдеу және бөлу

36


Кәріз жүйесі

37


Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату

38


Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

Е

Құрылыс

41-43


Ғимараттар мен құрылыстар салу

41


Азаматтық құрылыс

42


Мамандандырылған құрылыс жұмыстары

43

Ж

Көтерме және бөлшек сауда; автомобилдер мен мотоциклдерді жөндеу

45-47


Автомобиль және мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы және оларды жөндеу

45


Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда көтерме сауда

46


Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда бөлшек сауда

47

З

Көлік және қоймаға қою

49-53


Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау

49


Су көлігі

50


Әуе көлігі

51


Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

52


Почта және курьерлік қызмет

53

И

Тұру және тамақтану қызметтері

55-56


Тұруды ұйымдастыру қызметтері

55


Азық-түлік тағамдары және сусын ұсыну жөніндегі қызметтер

56

К

Ақпарат және байланыс

58-63


Баспа қызметі

58


Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі

59


Бағдарламалар жасау қызметі және телерадио тарату

60


Байланыс

61


Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да қосалқы қызметтер

62


Ақпараттық қызметтердің қызметі

63

Л

Қаржылық және сақтандыру қызметі

64-66


Сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда қаржылық қызметтер

64


Міндетті әлеуметтік сақтандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі

65


Қаржылық қызметтер және сақтандыруды ұсыну жөнінде қосалқы қызметтер

66

М

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68

Н

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69-75


Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

69


Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері жөнінде консультациялар

70


Сәулет, инженерлік зерттеулер, техникалық сынаулар және талдау саласындағы қызмет

71


Ғылыми зерттеулер мен әзірлеулер

72


Жарнамалық қызмет және нарықтық конъюктураны зерттеу

73


Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

74


Ветеринарлық қызмет

75

О

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77-82


Жалға алу, жалға беру және лизинг

77


Жұмысқа орналастыру

78


Туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі

79


Қауіпсіздік және тергеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызмет

80


Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

81


Әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

82

П

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

84

Р

Білім беру

85

С

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86-88


Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86


Тұруды қамтамасыз ететін күтім жөніндегі қызмет

87


Тұруды қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызмет көрсету

88

Т

Өнер, ойын-сауық және демалыс

90-93


Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90


Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және де басқа мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

91


Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

92


Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет

93

У

Өзге де қызмет түрлерін көрсету

94-96


Мүшелік ұйымдардың қызметі

94


Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

95


Өзге де жеке қызметтер көрсету

96

Ф

Үй қызметкерлерін жалдайтын және тауар өндіретін үй шаруашылықтары қызметі және жеке тұтынуға арналған қызметтер

97-98


Үй қызметкерлерін жалдайтын үй шаруашылығы қызметі

97


Жеке тұтынуға арналған тауарларды өндіру жөніндегі үй шаруашылығы қызметі

98

Х

Бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі

99

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады