Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 тамызда № 14063 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.12.2020 № 477 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған ұжымдық шарттарды есепке алу нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 1 шілде



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 567 бұйрығына
Қосымша

      Әкімшілік деректерді

      жинауға арналған нысан

"Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер"
20__жылғы _________ ай үшін есепті кезең

      Индекс: 1-ҰШ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар

      қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек

      инспекциясы жөніндегі басқармалары

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне

      қарай

облыс

әрекеттегі кәсіпорындардың саны, дана

барлығы, дана

оның ішінде:

мемлекеттік, оның ішінде, дана:

ірі, дана

орта, дана

кіші, дана

жеке, оның ішінде, дана:

ірі, дана

орта, дана

кіші, дана

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9












      Кестенің жалғасы

ұжымдық шарттардың ____ жылдың басындағы саны, дана

___ жылы ұжымдық шарттар бойынша жұмыс

әрекеттегі ұжымдық шарттардың жиыны, дана

%

қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың саны, дана

оның ішінде жаңа мерзімге қайта жасалған, дана

жаңадан жасалған ұжымдық шарттардың саны, дана

10

11

12

13

14

15








      Кестенің жалғасы

оның ішінде кәсіпорындарда:

мемлекеттік, оның ішінде, дана:

ірі, дана

%

орта, дана

%

кіші, дана

%

жеке, оның ішінде, дана:

ірі, дана

%

орта, дана

%

кіші, дана

%

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29
















      Басшы __________________________________ ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Орындаушы ______________________________ ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Орындаушының телефоны________________________________________________

      Ұйымның мекенжайы____________________________________________________

      Ұйымның телефоны ____________________________________________________

      М.О.

      Ескертпе: осы әкімшілік деректерді жинауға арналған ұжымдық шарттарды есепке алу нысанына қосымшада толтыру жөніндегі түсіндірме көрсетілген.

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған ұжымдық шарттарды
есепке алу нысанына
қосымша

"Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалары толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне қарай ұсынады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-бөлім. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында әрекеттегі кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында әрекеттегі мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      8. Нысанның 3, 4, 5-бағандарында сәйкесінше әрекеттегі ірі, орта, кіші мемлекеттік кәсіпорындардың саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында әрекеттегі жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 7, 8, 9-бағандарында сәйкесінше әрекеттегі ірі, орта, кіші жеке кәсіпорындардың саны көрсетіледі.

      11. Нысанның 10-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың басындағы жалпы саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 11-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың басындағы жалпы санынан қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 12-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың басындағы жалпы санынан қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың ішінен жаңа мерзімге қайта жасалған ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 13-бағанында жаңадан жасалған ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.

      15. Нысанның 14-бағанында әрекеттегі ұжымдық шарттардың жиыны көрсетіледі.

      16. Нысанның 15-бағанында әрекеттегі кәсіпорындардың жалпы санынан әрекеттегі ұжымдық шарттардың пайызы көрсетіледі.

      17. Нысанның 16-бағанында ұжымдық шарттары бар мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      18. Нысанның 17-бағанында ұжымдық шарттары бар ірі мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      19. Нысанның 18-бағанында әрекеттегі ірі мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (3-баған).

      20. Нысанның 19-бағанында ұжымдық шарттары бар орта мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      21. Нысанның 20-бағанында әрекеттегі орта мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар орта мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (4-баған).

      22. Нысанның 21-бағанында ұжымдық шарттары бар кіші мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      23. Нысанның 22-бағанында әрекеттегі кіші мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар кіші мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (5-баған).

      24. Нысанның 23-бағанында ұжымдық шарттары бар жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      25. Нысанның 24-бағанында ұжымдық шарттары бар ірі жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      26. Нысанның 25-бағанында әрекеттегі ірі жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар ірі жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (7-баған).

      27. Нысанның 26-бағанында ұжымдық шарттары бар орта жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      28. Нысанның 27-бағанында әрекеттегі орта жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар орта жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (8-баған).

      29. Нысанның 28-бағанында ұжымдық шарттары бар кіші жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.

      30. Нысанның 29-бағанында әрекеттегі кіші жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар кіші жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (9-баған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады