"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда 14104 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларында:

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.

      Субсидиялар нормалары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) әрбір түрі бойынша олардың өңірлердегі басымдылығына қарай сараланып белгілінеді;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) күрiш, дәндік жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, көкөнiс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100%.

      Күрiш өсiрумен айналысатын және 200 гектардан кем күріштің егіс алаңы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, егер олар ауыл шаруашылығы кооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50% мөлшерінде субсидия төленеді;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мақта бойынша:

      егіс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға – 50%;

      мақта өндеу зауытына өткізілген немесе өңдеуге тапсырылған 1 тонна шитті мақтаға – 50%.

      Мақта өсірумен айналысатын және 50 гектардан кем мақтаның егіс алаңы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, егер олар ауыл шаруашылығы кооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50% мөлшерінде субсидия төленеді;

      6) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне қарай сараланған және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативтеріне сәйкес, алынған өскiн қорытындылары бойынша бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша әрбiр дақыл айналымына жеке – 50 % (1 шаршы метрге өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы).

      Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен күнтізбелік 15 күнге ауытқуға жол беріледі.

      Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.

      Жарықты өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жарық беру, перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.

      Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.

      Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны, жылыту және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Субсидиялар егiстiк жерде өңдеп өсiрiлетiн егілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарға шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі) қосу үшін ұсыну мерзімдері республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша айқындалады.

      Бұл ретте, субсидиялар облыс және республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекіткен тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормаларына сәйкес көлемдерде бірінші көбейтілгеннен төмен емес тұқымдарды және (немесе) алғашқы буын будандарын (мақтаның екінші көбейтілгеннен төмен емес тұқымын) сатып алған немесе олар қолдарында бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленеді (осы норма бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарына және кротоп, көкөніс пен бақша дақылдарын, көпжылдық дәнді және бұршақты шөптер өсіруге субсидия алу үшін өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолданылмайды).";

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтiнiмдерi республикалық маңызы бар қалаға, астанаға, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемінен асып түскен жағдайда, басымдық ауыл шаруашылығы кооперативтерi мүшелерiнің өтінімдеріне берiледi, ал қалған көлем берiлген өтiнiмдерге барабар бөлiнедi.

      21. Субсидиялар алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқаны аяқталғаннан кейін, бөлімге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңын көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады.

      22. Егіс науқаны аяқталған соң бөлiм өскiндердiң болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу карталарында (схемаларында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын визуальді тексеру мақсатында Комиссия мүшелерiнiң (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.

      Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, екі данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде, төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.

      Тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылдың 15 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.

      27. Басқарма тиiстi жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі жиынтық ақпарат облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктерінің интернет-ресурсында жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орнастырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық осы бұйрықтың 1-тармағының 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жиырма төртінші абзацын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 28 шілде


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 27 шілде



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 19 шілдедегі
№ 317 бұйрығына
қосымша
  Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығының
шығымдылығын және өнім сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi егіс пен
егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының
құнын субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________ ауданының (облыстық маңызы

      бар қаланың, республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың) ведомствоаралық комиссиясына

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінім

      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құрылтай құжаты)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)

      атынан бірінші басшы ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының төмендегідей түрлерін

      өсіру үшін жанар-жағар май материалдары мен көктемгі егіс пен егін

      жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық

      құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия бөлуді сұрайды:

      ____________ гектар ________________ __________гектар _______________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      ____________гектар ________________ __________гектар ________________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      ____________гектар ________________ __________гектар ________________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


2.

Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін

орналасқан жері


тіркелген күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде шабындық


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.

Тұқымдардың сорттық және егіс сапаларын растайтын құжат.

Тұқым сатып алынған жағдайда – тұқымға арналған аттестат не тұқымға арналған куәлік, егіс үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлiк не байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарды талдау нәтижесi**

құжаттың атауы


нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сорт


репродукция


тұқым көлемі, тонна (килограмм)


5.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстырып тексеру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


6.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі

нөмірі


берілген күні


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


7.

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін)

мекенжайы


кадастрлық нөмірі


түгендеу нөмірі


нысаналы мақсаты


қор санаты


8.

Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты

лизинг беруші


нөмірі және берілген күні


9.

Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні


кооператив атауы



      Ескертпелер:

      * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      ** кестенің реттік нөмірі 4-жолында көрсетілген мәліметтерді толтыру жөніндегі талаптар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы ___________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны (бар болса)

      20__ жылғы "__"_____________

      Өтініш 20__ жылғы "__"_____________ қарауға қабылданды.

      _________ ___________________________________________________________

      (қолы) (өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады