Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14109 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      __________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 30 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 18 шілде



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 24 маусымдағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды уақытына дейін, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамында, немесе www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы экспорт кезінде - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасу) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орнына, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.";

      7-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермеген.

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Рұқсат алуға мыналар:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға:

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша салауаттылығы;

      импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келуі;

      импорттаушы-тараптың орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектігіне қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларының болмауы;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға:

      Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексінің стандарттарына, ұсыныстары мен басшылығына, Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша келісіміне сәйкес жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты дәлеледенген, соның ішінде үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысын қоса алғандағы шектеу шараларының болмауы;

      Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден бақылауға жататын тауарларды әкелу үшін Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысанынан ерекшеленетін екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарға, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына немесе ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі ондай болған жағдайда;

      "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес қолданылатын реттеу шараларына сәйкес "Кеден одағындағы ветеринариялық бақылау (қадағалау) саласындағы мәселелер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 342 шешімімен бекітілген кеден одағының кедендік аумағына әкелетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын Ұйымдар мен адамдардың тізілімінде (бұдан әрі – ұйымдар мен адамдардың тізілімі) ұйымның немесе адамның болмауы (егер Кеден одағының ережелерімен талап етілсе);

      өтініште көрсетілген жеке экспорттаушы-кәсіпорынға (экспорттаушы-кәсіпорындардың тобы) қатысты уақытша шектеулердің болмауы;

      бақылауға жататын тауарлардың әкелуіне жоспарланған жері немесе жүру бағыты өтетін аумақ арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шектеу шараларының, карантиннің болмауы негіз болып табылады (егер шектеу шаралары, карантин қойылған тиісті бақылауға жататын тауарлар, аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болған жағдайда).

      "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болмағанда;";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) экспортқа рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсатты алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздеме болып табылады.";

      11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) импортқа рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуын талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсат алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздеме болып табылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа рұқсат нөмірін, ол түскен күні журналда тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа жазады.

      Экспортқа, импортқа электрондық нұсқада берілген рұқсат "Кедендік одақта тасымалданатын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі" веб-порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларына жіберіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жануарлар мен жануарлар текті өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы транзиттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының өткізу пункті арқылы өту жоспарланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет берген транзиттеуге рұқсат арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің басқа түрлерін транзиттеу уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырылады.

      Үшінші мемлекеттер арқылы (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шегінен тыс) транзиттеуге рұқсат алуды бақылауға жататын тауар иесі алдын ала жүзеге асырады.".

      2. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10505 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін өтініш беруші Ведомствоға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш ұсынады.

      Электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда өтініш беруші құжаттарды электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы бере алады.

      Ведомство бес жұмыс күні ішінде ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының келісілген нормативтік-техникалық құжаттары, ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынағының нәтижелері негізінде мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларына тиісті жалпы қабылданатын нөмір және сауда (өзгеше) атауын бере отырып, ветеринариялық препараттар немесе жемшөп қоспаларына тіркеу куәлігін электрондық немесе қағаз тасығышта осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берумен Тізілімдерге енгізу туралы;

      2) мынадай жағдайларда:

      өтініш берушінің тіркеу куәлігін алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      байқаудан өткізу және тіркеу сынағының нәтижесі теріс болған кезде;

      өтініш берушіге қатысты ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына мемлекеттік тіркеу алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

      3) егер өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына мемлекеттік тіркеу алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.".

      3. "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10466 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында:

      14-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "14. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтінуші – өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай:

      1) өтініш берушінің есептік нөмір беру үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған;

      2) есептік нөмір беру үшін қажетті ұсынылған құжаттар, объектілер деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өтініш берушіге қатысты өндіріс объектісіне есептік нөмір беруді талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші өндіріс объектісіне есептік нөмір алуына байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайларда бас тартады".

      4. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық анықтаманың бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі.

      Ветеринариялық құжаттың нөмірі мыналарды қамтитын әріптік және сандық символдардан (символдар дефис арқылы бөлінеді) тұрады:

      алдыңғы екі символ – ҚР литерлік коды (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның – ISO кодына сәйкес келетін екі әріптік қысқарған атау);

      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;

      төртінші – бесінші символдар – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      алтыншы – он бірінші символдар – құжаттың реттік нөмірі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы

      № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада берілген ветеринариялық құжаттарды нөмірлеген кезде төртінші-бесінші символдарда нөлдер көрсетіледі.

      Берілген ветеринариялық құжаттарды есепке алу қатаң есептілік бланкілерімен қатар жүргізіледі, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері мен түбіртектері үш жыл ішінде сақталуға жатады.

      Межелі пунктінде ветеринариялық анықтамалар келіп түскен күннен бастап үш жыл ішінде сақталуға жатады.

      Қағаз бланкілерде ресімделген ветеринариялық құжаттар мәтінінде әр түрлі сиямен, қолмен, қаріппен толтыруға, сондай-ақ ветеринариялық құжат нысанында көзделген немесе басқа келісілген жағдайларда жүзеге асырылатын сызуларды (түзетудің жанына мөр, анық қол қойылады және түзетуді енгізуші жауапты лауазымды адамның жазбаша тегі, аты, әкесінің аты, көрсетіледі) қоспағанда, түзетуге жол берілмейді.

      Ветеринариялық құжат осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қағаз бланкілерде айқын мөр бедері бар мөрмен расталып, ресімделеді ветеринариялық құжаттың берілген күні, оны берген лауазымды адам лауазымының толық атауы, аты-жөні, қолы көрсетіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) өтініш беруші ветеринариялық сертификат алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) ветеринариялық сертификат алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық сертификат алуын талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық сертификат алуына байланысты белгілі бір құқықтан айырылуы негіздеме болып табылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ветеринариялық дәрігер өтініш берушіге жүгінген күні мынадай жағдайларда ветеринариялық анықтама беруден жазбаша дәлелді бас тарту береді:

      1) өтініш берушінің ветеринариялық анықтама алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) ветеринариялық анықтама алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық анықтама алуын талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық анықтама алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады