"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 тамызда № 14118 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 6 (алты) жұмыс күні;
      бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 15 (он бес) жұмыс күні.
      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
      бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу – 17 (он жеті) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап береді.
      Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыт – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақжол берілетін уақыт – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.»;
      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі:
      құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;
      нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
      жер учаскесіне құқық беретін құжатнемесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
      бастапқы материалдарды алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
      топографиялық түсірілім.
      2) Мемлекеттік корпорацияға:
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жобалауға арналған тапсырма;
      жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;

      порталға:
      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
      жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
      жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
      бастапқы материалдарды алу үшін:осы мемлекеттік көрсетілетін
      қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш;
      жер учаскесіне құқық беретін құжат немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
      жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу
үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі;
      топографиялық түсірілімнің электрондық көшірмесі беріледі.
      Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиесті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Өтініштің қабылдануын растау:
      құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы көрсетілетін қызмет берушідегі белгі;
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде алушыға (не уәкілетті өкілі:
      құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға;
      нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.»;
      жоғарыда көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Қ. Бишімбаев

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д. Абаев
2016 жылғы 20 шілде

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 2016 жылғы  
19 шілдедегі      
№ 325 бұйрығына     
қосымша         

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
2-қосымша        

нысан

_______________________________
_______________________________
_______________________________

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш

Өтініш берушінің аты: _______________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефоны:____________________________________________________________
Тапсырыс беруші: ____________________________________________________
Жобалаушы № ГСЛ, санаты: ____________________________________________
Атауы _______________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:
_____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Сізден

       1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)
       2 - пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең
қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын)
      беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
күні: 20__ ж. «_____»_______________

Тапсырды: __________________________
      қолы

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 257 "Об утверждении стандартов государственных услуг "Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан", "Выдача архитектурно-планировочного задания" и "Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 июля 2016 года № 325. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 августа 2016 года № 14118

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 257 «Об утверждении стандартов государственных услуг «Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан», «Выдача архитектурно-планировочного задания» и «Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11018, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 5 июня 2015 года) следующие изменения:
      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;
      в подпункт 1) пункта 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;
      в подпункт 3) пункта 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;
      в стандарте государственной услуги «Выдача справки по определению адреса объектов недвижимости на территории Республики Казахстан», утвержденном указанным приказом:
      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;
      в стандарте государственной услуги «Выдача архитектурно-планировочного задания», утвержденном указанным приказом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Срок оказания государственной услуги:
      1) Срок рассмотрения заявления на проектирование технически и (или) технологически несложных объектов:
      на выдачу архитектурно-планировочного задания и технических условий – 6 (шесть) рабочих дней;
      на получение исходных материалов (архитектурно-планировочное задание, технические условия, выкопировка из проекта детальной планировки, вертикальные планировочные отметки, поперечные профили дорог и улиц, схема трасс наружных инженерных сетей) – 15 (пятнадцать) рабочих дней.
      Срок рассмотрения заявления на проектирование технически и (или) технологически сложных объектов:
      на выдачу архитектурно-планировочного задания и технических условий – 15 (пятнадцать) рабочих дней;
      на получение исходных материалов (архитектурно-планировочное задание, технические условия, выкопировка из проекта детальной планировки, вертикальные планировочные отметки, поперечные профили дорог и улиц, схема трасс наружных инженерных сетей) – 17 (семнадцать) рабочих дней.
      Услугодатель в течение двух рабочих дней с момента получения документов услугополучателя проверяет на полноту представленных документов.
      В случае установления факта неполноты представленных документов услугодатель в указанные сроки дает мотивированный ответ о прекращении рассмотрения заявления.
      При обращении в Государственную корпорацию, день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги.
      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи документов услугополучателем у услугодателя – 15 минут, в Государственной корпорации – 15 минут;
      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя у услугодателя – 30 минут, в Государственной корпорации – 20 минут.»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо уполномоченного представителя:
      юридического лица по документу, подтверждающему полномочия;
      физического лица по нотариально заверенной доверенности):
      1) к услугодателю:
      для получения архитектурно-планировочного задания и технических условий:
      заявление о предоставлении исходных материалов/архитектурно-планировочного задания и технических условий по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;
      документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности услугополучателя);
      копия утвержденного задания на проектирование;
      копия правоустанавливающего документа на земельный участок или решения местного исполнительного органа на реконструкцию (перепланировку, переоборудование);
      опросный лист для технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения согласно приложению 3 к настоящему стандарту государственной услуги;
      для получения исходных материалов:

      топографическая съемка.
      2) в Государственную корпорацию:
      для получения архитектурно-планировочного задания и технических условий:
      заявление о предоставлении исходных материалов/архитектурно-планировочного задания и технических условий по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;
      документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности услугополучателя);
      утвержденное задание на проектирование;
      правоустанавливающий документ на земельный участок или решение местного исполнительного органа на реконструкцию (перепланировку, переоборудование);

      3) на портал:
      для получения архитектурно-планировочного задания и технических условий:
      заявление о предоставлении исходных материалов/архитектурно-планировочного задания и технических условий по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;
      электронная копия правоустанавливающего документа на земельный участок или решения местного исполнительного органа на реконструкцию (перепланировку, переоборудование);
      электронная копия задания на проектирование;
      электронная копия опросного листа для технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения согласно приложению 3 к настоящему стандарту государственной услуги;
      для получения исходных материалов:
      заявление о предоставлении исходных материалов/архитектурно-планировочного задания и технических условий по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;
      электронная копия правоустанавливающего документа на земельный участок или решения местного исполнительного органа на реконструкцию (перепланировку, переоборудование);
      электронная копия утвержденного задания на проектирование;
      электронная копия опросного листа для технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения согласно приложению 3 к настоящему стандарту государственной услуги;
      электронная копия топографической съемки.
      Истребование от услугополучателей документов, которые могут быть получены из информационных систем, не допускается.
      Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, справка о зарегистрированных правах (обременениях) на недвижимое имущество и его технических характеристиках, услугодатель и работник Государственной корпорации получают из соответствующих государственных информационных систем через шлюз «электронного правительства».
      Работник канцелярии услугодателя или Государственной корпорации получает согласие услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.
      При приеме документов работник Государственной корпорации воспроизводит электронные копии документов, после чего возвращает оригиналы услугополучателю.
      Подтверждением принятия заявления является:
      у услугодателя отметка на его копии о регистрации в канцелярии услугодателя с указанием даты и времени приема пакета документов;
      через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов предусмотренных настоящим пунктом.
      Выдача готовых документов через Государственную корпорацию осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении документа, удостоверяющего личность (либо уполномоченного представителя:
      юридического лица по документу, подтверждающему полномочия;
      физического лица по нотариально заверенной доверенности).
      Государственная корпорация обеспечивает хранение результата в течение одного месяца, после чего передает их услугодателю для дальнейшего хранения. При обращении услугополучателя по истечении одного месяца, по запросу Государственной корпорации услугодатель в течение одного рабочего дня направляет готовые документы в Государственную корпорацию для выдачи услугополучателю.»;
      приложение 2 к вышеуказанному стандарту изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу;
      в стандарте государственной услуги «Выдача решения на реконструкцию (перепланировку, переоборудование) помещений (отдельных частей) существующих зданий, не связанных с изменением несущих и ограждающих конструкций, инженерных систем и оборудования», утвержденном указанным приказом:
      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется.
      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет», а также Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;
      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      национальной экономики
      Республики Казахстан                       К. Бишимбаев

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр информации и коммуникаций
      Республики Казахстан
      ______________ Д. Абаев
      от 20 июля 2016 года

Приложение           
к приказу Министра национальной 
экономики Республики Казахстан 
от 19 июля 2016 года № 325    

Приложение 2         
к стандарту государственной 
услуги «Выдача архитектурно-
планировочного задания»   

форма

_____________________________
_____________________________
_____________________________

        Заявление о предоставлении исходных материалов/
   архитектурно-планировочного задания и технических условий

Наименование заявителя: _____________________________________________
          (Ф.И.О. (при его наличии) физического лица или наименование
                                  юридического лица)
Адрес: ______________________________________________________________
Телефон: ____________________________________________________________
Заказчик: ___________________________________________________________
Проектировщик № ГСЛ, категория:______________________________________
Наименование ________________________________________________________
Наименование проектируемого объекта: ________________________________
_____________________________________________________________________
Адрес проектируемого объекта: _______________________________________
_____________________________________________________________________

Прошу Вас выдать
      Пакет 1 (архитектурно-планировочное задание и технические условия);
      Пакет 2 (архитектурно-планировочное задание, вертикальные планировочные отметки, выкопировку из ПДП, типовые поперечные профили дорог и улиц, технические условия, схемы трасс наружных инженерных сетей).

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

Дата: «_____» _______________ 20 __ г.
Сдал: __________________________

подпись