Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14149 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________Д. Абаев

      2016 жылғы 26 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________________Е. Сағадиев

      2016 жылғы 8 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 20 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      __________________А. Мұхамедиұлы

      2016 жылғы 30 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________________Е. Ыдырысов

      2016 жылғы 29 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________________Қ. Қасымов

      2016 жылғы 27 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 16 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы № 503
бұйрығына
1-қосымша

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өтініш беру тілінде, мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз ете отырып, анықтама беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген (қазақ немесе орыс тілінде) сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы.

      Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) Мемлекеттік корпорацияға, уәкілетті органға немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өтініш беруші құжаттарды берген кезде:

      уәкілетті органда – тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

      Мемлекеттік корпорацияда – өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      порталдың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.

      Мемлекеттік қызмет стандартында көзделген құжаттарды толық ұсынбау, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып бас тарту негіздемесімен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) уәкілетті орган құрады, оның құрамына уәкілетті органның, білім беру, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтардың, ішкі істер органдарының, сондай-ақ шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлері) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген салаларға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

      10. Құжаттар толық ұсынылған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қараған кезде уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 117-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.

      12. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.

      13. Комиссия шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептейді:

      1) білімі:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл;

      ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификат – 3 балл.

      2) жұмыс өтілі:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл;

      3 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл;

      10 жылдан жоғары – 6 балл.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Комиссия ұсынымының негізінде уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тартуға:

      1) уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға;

      2) шетелдікті немесе азаматтығы адамды бағалау нәтижесінің бес балды құрайтын шекті мәніне қол жеткізбеу негіз болып табылады.

      16. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы не еркін нысандағы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Құжаттар портал арқылы берілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы берілген дайын құжаттарды өтініш берушіге беруді Мемлекеттік корпорация жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері бойынша берген анықтамаларды немесе себептерінің дәлелді негіздемесімен анықтамаларды беруден бас тарту туралы шешімдерді қабылданған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне шығу елдерінің Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қайта жолдау және одан әрі өтініш берушілерге беру үшін жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Уәкілетті орган берген анықтама басқа адамға берілмеуге тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

      20. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы анықтаманы ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды жолдайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.

      24. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      25. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бес жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.

      26. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

      27. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

      Анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықтаманы береді.

      Бұл ретте берілген анықтама жоғалған немесе бұзылған анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.

      Жоғалған, бұзылған анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бұзылғаны туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Мынадай:

      1) ол берілген мерзім аяқталған;

      2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған;

      3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

      4) ұсынған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жалған ақпарат бергені анықталған жағдайларда анықтаманың қолданысы тоқтатылады.

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдікке немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне
кімнен
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
____________________________
(паспортының (жеке басын
куәландыратын құжатының)
№, берілген күні және берген
орган)
Мекенжайы, телефон, факс ____
____________________________
Резидент еліндегі мекенжайы,
телефоны___________________

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға

      біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе

      азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың

      (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту

      туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016

      жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

      тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес кәсіп, экономика саласы

      (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі) кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін

      біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді/ұзартуды сұраймын.

      Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін

      қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке:

      1)______________________________________________________________________________

      2)______________________________________________________________________________

      3)______________________________________________________________________________

      қоса беріледі.

      Өтініш берілген күн: 20_жылғы "__" ____________

      Өтініш берушінің қолы _______________________

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдікке немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы АНЫҚТАМА

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      № _____ 20__ жылғы "__" __________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет

      түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін

      біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға

      біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе

      азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың

      (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту

      туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016

      жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

      тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес экономиканың басым

      салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі).

      Анықтаманы беру үшін негіздеме ___________________________________________________

      Анықтаманың қолданылу мерзімі _________________ бастап_________________ дейін

      (күні, айы, жылы)            (күні, айы, жылы)

      М.О. __________________ _______________

      (тегі, аты-жөні)            (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы № 503
бұйрығына
2-қосымша

Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым
салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы
сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Экономиканың басым салалары

Экономикалық қызмет түрі

Кәсіптер

1

2

3

4

1.

Білім беру

Жалпы орта білім

1. Мұғалім – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) биология мұғалімі (шет тілін білетін)
2) информатика мұғалімі (шет тілін білетін)
3) қосымша білім беру педагогі (шет тілін білетін)
4) физика мұғалімі (шет тілін білетін)
5) химия мұғалімі (шет тілін білетін)
6) шет тілінің мұғалімі
7) математика мұғалімі (шет тілін білетін)

Техникалық және кәсіптік орта білім

1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы (бейін бойынша) пәндер оқытушысы (шет тілін білетін)
2) шет тілінің оқытушысы

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім

1. Оқытушы, ғылыми қызметкер – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) арнайы пәндер мұғалімі (шет тілін білетін)
2) ғылыми қызметкер (шет тілін білетін)
3) менеджер (ректор, проректор, декан, құрылымдық бөлімшелер басшылары) (шет тілін білетін)
4) шет тілінің оқытушысы

2.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

1. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер
2. Балалар хирург дәрігері (неонатальдық)
3. Жалпы пракика дәрігері
4. Неонатолог дәрігер
5. Онкогематолог дәрігер
6. Онколог дәрігер
7. Патологоанатом дәрігер (оның ішінде цитолог дәрігер)
8. Педиатр дәрігер
9. Психиатр-нарколог дәрігер
10. Физик инженер (медицинадағы)
11. Фтизиатр дәрігер

3.

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызметтер ұсыну

Есептеуіш техникамен байланысты қызмет

1. Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман (компьютерлік арнайы эффектер жөніндегі маман, электроника және ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман)
2. Бағдарламашы (компьютерлік), (Бағдарламашы-жасаушы)
3. Дерекқор әкімшісі
4. Жаңа техника мен технологиялар енгізу жөніндегі инженер
5. Жүйелік сәулетші
6. Жүйелік талдаушы


4.

Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну

Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет

1. Әртіс
2. Бутафор
3. Жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер (аудио-, бейне-)
4. Дыбысты жазу жөніндегі инженер (Dolby дыбыс жүйелері)
5. Өнертанушы
6. Таспаны сынау және өңдеу жөніндегі инженер (кинотаспаны дайындау жөніндегі инженер)
7. Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері бар заңгер, экономист, инженер (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалық шығармашылық)

5.

Көлік және байланыс

Теміржол көлігі қызметі

1. Зауыттағы инспектор- қабылдаушы (теміржол өнімін)

Әуе көлігі қызметі

1. Авиациядағы инженер-конструктор
2. Авиациялық тасымалдарды (жолаушылар, пошта-жүк, халықаралық) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер (ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман)
3. Авиациялық техниканы диагностикалау жөніндегі инженер (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және диагностикалау жөніндегі инженер-бақылаушы)
4. Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық жөніндегі инженер
5. Әуе кемесінің жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман
6. Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман
7. Ғарыш аппараттарының борт жүйелері жөніндегі маман
8. Өндірістік-диспетчерлік қызмет диспетчері (әуе кемелерінің ұшуға дайындығын бақылау, тәуліктік ұшу жоспарын қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі) (авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман)
9. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімші (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман)

Теңіз көлігі қызметі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) порт флотының басшысы
2) порт флоты басшысының орынбасары
2. Капитан-тәлімгер
3. Кеме жасаудағы инженер-конструктор
4. Кеме жасаудағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженер
5. Механик-тәлімгер
6. Суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі инженер (теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер, теңіз құбырлары жөніндегі маман)
7. Супервайзер (теңіз құрылыстары жөніндегі)
8. Электр жүйелерінің инженері (теңіз жабдығын басқару)

6.

Өңдеу өнеркәсібі

Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

Сусындар мен темекіні қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

Химия өнеркәсібі және мұнайгаз-химия

1. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі инженер
2. Жабдықты жинақтау жөнiндегі инженер (газ тасымалдау саласында)
3. Желілік құрылыстар инженері (газ тасымалдау саласындағы)
4. Өндіріс бастығы
5. Сынақтарды ретке келтіру жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы)
6. Инженер-технолог
7. Технологияны ретке келтіру, жетілдіру және пайдалану жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы)
8. Инженер-химик
9. Инженер-электрик (энергиямен және сумен жабдықтау және электр химиялық қорғаныс)

Машина мен жабдықтар өндірісі

1. Бас инженер
2. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер
3. Заңгер, инженер, экономист –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)
4. Инженер-электрик

Электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

1. Бас инжинер
2. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)
3. Инженер-технолог
4. Электр энергетикалық жабдықты ретке келтіру және жөндеу жөніндегі инженер

Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)

1. Мемлекеттік корпорация
2. Көрсетілетін қызметті беруші
3. "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www. elіcense.kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап).
Анықтаманы ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтаманы қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтама жоғалған, бүлінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз/электрондық түрде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – қағаз/электрондық түрде

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

8

Құжаттар тізбесі

1. Анықтама беру үшін:
өтініш беру тіліндегі, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етілген, бекітілген нысан бойынша анықтама беру туралы өтініш.
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде);
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы.
2. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін:
жұмыс берушінің атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын ол туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы өтініш;
уәкілетті орган бұрын берген анықтама;
еңбек шартының көшірмесі.
3. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда анықтаманы қайта ресімдеу үшін.
4. Анықтама жоғалған немесе бүлінген кезде анықтаманың телнұсқасын беруге өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
2) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалау нәтижесінің шекті мәніне қол жеткізбеу;
3) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интеренет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы - "1414" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. "Электрондық үкімет" веб-порталы - www.egov.kz, www. elіcense.kz арқылы жүгіну үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады