Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14167 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 88 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 88 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11768 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған);

      2) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тексеру парақтарының насанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы

      № 463 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11782 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      ____________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 26 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 332 бұйрығына
1-қосымша

Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Тексеру парағының нысандарына (Нормативтік актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, оның ішінде табиғи монополия және (немесе) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      4) елеусіз бұзушылықтар – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің ақпаратты, есепті, хабарламаларды тиісінше орналастырмауы, жарияламауы, тұтынушылардың назарына жеткізбеуі және оларды хабардар етпеуі және ұсынбауы, уәкілетті органды хабардар етпеуі; үлгілік шарттарға сәйкес тұтынушылармен шарттар жасаспау; мүлікті иеліктен сауда-саттықта шығармау; бос қуаттар туралы ақпарат беру үшін ақы алу; тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындамау; қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы субъектілерімен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау жөнінде бір расталған шағымның немесе жолданымының болуы;

      5) елеулі бұзушылықтар – табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде бір расталған шағымның немесе жолданымның болуы, елеусіз және өрескел бұзушылықтарды көздейтін міндеттерді, шектеулерді және талаптарды қоспағанда, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы заңнамасымен регламенттелген міндеттерді, шектеулерді және талаптарды орындамауы немесе тиісінше орындамауы; тарифті бекіту үшін уәкілетті органға өтінішпен жүгіну жөніндегі талаптардың сақталмауы, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау туралы өтінішпен жүгіну жөніндегі талаптардың сақталмауы;

      6) өрескел бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері алған негізсіз кіріс (түсім); Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар туралы заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде екі және одан астам расталған шағымдар мен жолданымдардың болуы;

      7) табиғи монополияларға және қоғамдық маңызы бар нарықтарға жатқызылған көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну саласындағы тәуекел – жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік бостандығын шектеу ықтималдығының ең төмен дәрежесі мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау процесі;

      11) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, талаптардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіруге әкеп соқтыратын қамтитын талаптар тізбесі;

      12) уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Табиғи монополиялар салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген, табиғи монополиялар саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік бір жылдан астам жүзеге асыратын және негізсіз кіріс (түсім) алған табиғи монополиялар субъектілері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері жатады.

      Табиғи монополиялар салаларында орташа тәуекел дәрежесіне Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген, табиғи монополиялар саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік бір жылдан астам жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері жатады.

      Табиғи монополиялар саласында төмен тәуекел дәрежесіне табиғи монополиялар саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік бір жылдан аз жүзеге асыратын жаңа құрылған табиғи монополиялар субъектілері жатады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алдыңғы өткізілген бақылау субъектілерін (объектілерін) тексерулер және бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;

      2) уәкілетті орган және (немесе) басқа мемлекеттік органдар жүргізетін бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеудің нәтижелері;

      3) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын және бұқаралық ақпараттар құралдарын талдау нәтижелері;

      4) бақылау субъектілеріне жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған шағымдар мен жолданымдардың болуы және олардың саны;

      5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар).

      8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      9. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Қолдағы бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне: өрескел, елеулі, елеусіз дәрежелерге бөлінеді.

      Субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттардың 1-қосымшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері үшін және 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу және міндеттерді сақтау тәртібі үшін айқындалған.

      Осы Өлшемшарттардың 1-1-қосымшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері үшін және 2-1-қосымшасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу және міндеттерді сақтау тәртібі үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі қарастырылған.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 6-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. Өлшемшарттар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-2. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n - көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. Өлшемшарттар 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-3. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Ескерту. Өлшемшарттар 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы өткізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші неғұрлым жоғары бақылау субъектісінің басымдылығы ескеріле отырып, жасалады.

4-тарау. Тәуекелдерді басқару

      14. Бақылаудың адал субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      15. Бақылау субъектілері (объектілері) мына жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілерінің тиісті қызмет салаларында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.

      16. Реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, мұндай мүшеліктің (қатысудың) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында жұмсартатын индикатор ретінде болу фактіні Кодекстің 141-бабының 10-тармағына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ескереді.

      17. Бақылау субъектісін (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Жеңілдететін индикаторларға мыналар:

      1) деректерді онлайн-режимде бере отырып, аудио және (немесе) бейне тіркеудің болуы;

      2) мемлекеттік органдардың жүйелеріне деректерді беру бойынша датчиктер мен тіркеуші құрылғылардың болуы (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) жатады.

      18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату, егер мұндай негіздер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген болса, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қолданылатын тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде мүмкін болады.

  Табиғи монополиялар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау және
қоғамдық маңызы бар нарық
субъектісінің баға белгілеу
тәртібін және міндеттерді
сақтау өлшемшарттарына
1-қосымша

Табиғи монополия субъектілеріне арналған субъективті өлшемшарттар

Субъективті өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Алдыңғы өткізілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Тариф қолданысқа енгізілгеніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушының назарына жеткізу

Елеусіз

2

Тарифті бекіту үшін өтініммен уәкілетті органға жүгіну

Елеулі

3

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну

Елеулі

4

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті лизингті қоса алғанда, сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтау

Елеулі

5

Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жетімділікті ұсыну

Елеулі

6

Үлгілік шарттарға сәйкес тұтынушылармен ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке шарттар жасасу

Елеусіз

7

Үлгілік шартқа сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда жасасу

Елеусіз

8

Мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сауда-саттықта иеліктен шығару

Елеусіз

9

Уәкілетті органның:
1) егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
3) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісімін алу.

Елеулі

10

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну

Өрескел

11

Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеу

Елеулі

12

Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

Елеулі

13

Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге тыйым салу бойынша талаптарды сақтау

Елеулі

14

Құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салу бойынша талаптарды сақтау

Елеулі

15

Бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға тыйым салу бойынша талаптарды сақтау

Елеусіз

16

Тұтынушылардан өзі ұсынатын табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшiн төлемдерді өз кассалары және (немесе) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар немесе терминалдар, ал қажет болған жағдайда төлем агенттері және (немесе) төлем ұйымдары арқылы қабылдауды қамтамасыз ету

Елеулі

17

Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың есепке алу аспаптарын сатып алуы мен орнатуы

Елеулі

18

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаларға бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қолжетімділікті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету

Елеулі

19

Есепке алу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін тұтынушылардан төлемақы алу

Елеулі

20

Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмау

Елеулі

21

Бәсекелес кірме жол болмаған кезде жылжымалы құрамның жүріп өтуі үшін тұтынушы пайдаланатын кірме жолдың нақты ұзындығы бойынша кірме жолдардың қызметтерін көрсеткені үшін төлемақы алу

Елеулі

22

Порталда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мынадай:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден сатып алу;
4) тауар биржалары арқылы сатып алу сияқты тәсілдердің бірімен жүзеге асыру.

Елеулі

23

Өзінің интернет-ресурсында, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына порталға сілтемені көрсете отырып, сатып алу жүзеге асырылатын портал туралы ақпаратты орналастыру.

Елеулі

24

Конкурстық комиссияның құрамын, оның ішінде конкурстық комиссияның хатшысын бекіту және порталда конкурстық құжаттама жарияланғанға дейін техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестігін айқындау үшін техникалық сарапшыларды айқындау бойынша талаптарды сақтау

Елеулі

25

Ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссияның шешім қабылдауы және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеу. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі

Елеулі

26

Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөлу

Елеулі

27

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша сұрау салуына (болған кезде) жауап беру және сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге мұндай түсіндіруді жолдау

Елеулі

28

Мынадай:
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өтуі;
2) сатып алу шарты күшіне енуі;
3) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынуы;
4) конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде қабылданбауы;
5) конкурс жеңімпазын айқындамай сатып алу рәсімдері тоқтатылуы жағдайлары туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз ету

Елеулі

29

Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген конкурстық өтінімдерді ұсыну аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай әрбір лот бойынша жеке қарауы

Елеулі

30

Конкурстық комиссияның мынадай негіздер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін бағалауға және салыстыруға қабылдамауы:
1) құжаттар ұсынылмаған (1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларымен, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сипаттаумен техникалық ерекшелік); 2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом, мәлімет (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде); 3. Әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің немесе банк филиалының банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген анықтама; 4. Тиісті салық органының конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы үш айдан кешіктірілмей берілген салық берешегінің жоқ екендігі не бір теңгеден кем салық берешегінің бар екендігі туралы анықтамасы; 5. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда: осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатыны және салықтық есепте тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасы; апостиль қойылған (жария етілген) құқық белгілейтін құжаттар; 6. Табиғи монополия субъектісінің банктік шотына конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын төлем тапсырмалары (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде); 7. Егер конкурс стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда, тиісті құзыретті органнан алынған әлеуетті өнім берушінің стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатынын растайтын құжаттар ұсынылады; 8. Тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ұсынылады; 9. Егер әлеуетті өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі).
2) әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) конкурстық өтінім талаптары бұзыла отырып ұсынылған немесе ресімделген құжаттарды қамтыса;
4) тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
5) әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астамға созылатын міндеттемелерінің ең болмағанда бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі бар екені туралы банк немесе банк филиалы анықтамасының болуы;
6) әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
7) анық емес ақпарат ұсыну фактісінің анықталуы;
8) егер конкурсқа өзара үлестес тұлғалар ғана қатысса, әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылуы;
9) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің теңгемен бағасы тізбеде көзделген сатып алуға бөлінген сомадан асып кетуі;
10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын конкурстық комиссия демпингтік деп таныған жағдайы

Елеулі

31

Егер баға ұсынысы конкурстық құжаттамада сатып алуға көзделген сомадан 50 пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік ұсыныс деп тану бойынша талаптардың сақталуы

Елеулі

32

Конкурстық комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бағалауға және салыстыруға қабылданбағаннан кейін екі конкурстық өтінімнен кем конкурстық өтінім қалса;
2) конкурсқа қатысуға екеуден кем әлеуетті өнім беруші өтінім берсе;
3) көзделген мерзімде жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда комиссия конкурсты (лотты) өткізілмеген деп таниды

Елеулі

33

Егер конкурс тұтастай немесе қандай да бір бөлігі (лот) бойынша өткізілмеді деп танылса мынадай:
1) конкурстық құжаттаманы өзгерту және қайталама конкурс өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдау

Елеулі

34

Конкурстық комиссия бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қоспағанда, конкурстық өтінімдерді бағалайды, салыстырады және ең төмен баға негізінде және мынадай өлшемшарттарды:
1) пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды;
2) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін;
3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамаларының сәйкестігін;
4) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге кепілдіктер шарттарын;
5) әлеуетті өнім берушінің біліктілік деректерін ескере отырып, жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды

Елеулі

35

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығаруы, табиғи монополия субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама жасауы және порталда орналастыруы

Елеулі

36

Конкурстық комиссияның конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі кезінде мынадай ақпараттың болуы туралы талаптарды сақтауы:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамалары;
2) конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары және орналасқан орындары;
3) конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;
4) әрбір конкурстық өтінімнің бағасы және басқа да негізгі шарттары;
5) конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыруды баяндау;
6) конкурстық өтінімдер бағалауға және салыстыруға қабылданбаған жағдайда – оларды бағалауға және салыстыруға қабылдамаудың негіздері;
7) әрбір лот бойынша конкурс жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және жеңімпаз анықталған шарттар;
8) екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы, бағасы;
9) егер конкурс нәтижесінде жеңімпаз айқындалмаса – конкурстық комиссияның осындай шешім қабылдауы үшін негіздер;
10) конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, оларға жауаптарды жинақтап баяндау, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды жинақтап баяндау;
11) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзім (бірақ конкурс жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды);
12) техникалық сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
13) егер конкурс өткізілсе, онда Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға табиғи монополия субъектісі бөлген сома

Елеулі

37

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде портал арқылы конкурс жеңімпазына хабарлама мен табиғи монополия субъектісі конкурстық құжаттамада шарт жобасына сәйкес келетін қол қойылған сатып алу туралы шартты жіберу бойынша талаптардың сақталуы

Елеулі

38

Конкурсқа қатысушының талап етуі бойынша оған конкурс нәтижелері және жеңімпазды таңдау себептері туралы толық ақпарат беру туралы талаптардың сақталуы

Елеулі

39

Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізу бойынша талаптардың сақталуы. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады

Елеулі

40

Баға ұсыныстарын сұратуды қолданумен өнім берушіні таңдау тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлуге жол бермеу бойынша талаптардың сақталуы

Елеулі

41

Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын порталда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды және шарттың жобасын орналастыру

Елеулі

42

Егер:
1) ол сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе;
2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектісінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келмесе;
3) ол талаптарға сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші біреуден артық баға ұсынысын берсе;
5) әлеуетті өнім беруші басқа әлеуетті өнім берушілермен үлестес болса;
6) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы демпингтік деп танылса, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту жөніндегі талаптарды сақтау.

Елеулі

43

Мынадай жағдайларда:
1) екіден кем баға ұсынысы ұсынылған жағдайда;
2) егер портал автоматты түрде баға ұсыныстарын қабылдамағаннан кейін екіден кем баға ұсынысы қалған;
3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазын тану туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану бойынша талаптарды сақтау

Елеулі

44

Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу порталда автоматты түрде өтпеді деп танылса:
1) сатып алу шарттарын өзгерту туралы және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдау

Елеулі

45

Мынадай жағдайларда:
1) егер конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса;
2) мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) мерзімді баспасөз басылымдарын қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда сатып алу;
7) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді):
сот орындаушыларының сатып алуы;
оңалту және банкроттық бойынша;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сатып алу;
8) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) көрсетілген іс-шаралар өткізілетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыскерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінде біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігі туындаған кезде ғана портал арқылы бір көзден тәсілімен сатып алу жүргізу

Елеулі

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша

46

Жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді ұсынуы

Елеусіз

47

Ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыруы

Елеусіз

48

Тұтынушылардың талабы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің тарифі, ұсыну шарттары туралы ақпаратты беру

Елеусіз

49

Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беру талаптарын сақтау

Елеусіз

50

Тариф, оның өзгеруі туралы уәкілетті органды ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар ету

Елеусіз

51

Алғаш рет құрылған; жаңа реттеліп көрсетілетін қызметті (жаңа реттеліп көрсетілетін қызметтерді) көрсететін табиғи монополия субъектісінің; егер қолданыстағы тариф объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда; көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелері сатып алынған (салынған) жағдайда; қуаты аз табиғи монополия субъектісінің оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтің қолданыс мерзімі аяқталуы бойынша тарифтік реттеудің шығынды әдісін қолдана отырып тарифті бекітуге берген өтінімін ұсынуы

Өрескел

52

Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органға берілген (жіберілген) хабарламаның болуы

Елеусіз

53

Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифке қоспау

Елеулі

54

Сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізу

Елеулі

55

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын тұтастай қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібіне сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізудің әзiрленген және бекітілген әдiстемесінің болуы

Елеусіз

56

Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы

Елеусіз

57

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау

Елеусіз

58

Уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық арналарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісу

Елеулі

59

Уәкілетті органды тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп жүргізуден бір ай бұрын хабардар ету

Елеусіз

60

Қуаты аз табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастырылғанға немесе таратылғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы жіберілген ақпараттың болуы

Елеусіз

61

Тұтынушылардың талабы бойынша бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламада қамтылған ақпаратты ұсыну

Елеусіз

62

Уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына мәлімет үшін жыл сайын, 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде шығындары бірінші басшының бұйрығымен бекітілген келесі күнтізбелік жылға арналған тарифтік реттеудің шығынды әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін жіберу

Елеусіз

63

Сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз ету

Елеусіз

64

Тарифтің шығындық бөлігінде мынадай:
1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне, басқа да өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылмайтын не субъектінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
3) Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана маршруты бойынша магистральдық газ құбырын пайдаланғаны үшін төлемді қоспағанда, аталған маршрут бойынша магистральдық газ құбырын салуға байланысты тартылатын инвестициялар үшін төлемдерді және мүлік бойынша салық міндеттемелерін қамтитын, жалға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлемақы шығыстары;
4) жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдалануға алынған негізгі құралдарды күтіп-ұстау мен жөндеуді қоспағанда, субъектінің теңгерімінде жоқ негізгі құралдарды күтіп-ұстауға және жөндеуге, сондай-ақ Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана маршруты бойынша магистральдық газ құбырын күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстар. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқару шарты бойынша алынған газ тарту желілерін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығындар тарифке кезең кезеңмен оның қолданылу кезеңінің әрбір жылына қосылады. Күтіп-ұстау мен жөндеуге арналған шығындарды қосу кезеңдерін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды. Жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқаруға алынған электр энергиясын беру желілерін күтіп-ұстауға (пайдалануға) және жөндеуге арналған шығындар тарифтік сметаның шығындары сомасынан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделген инфляция деңгейінен аспауға тиіс;
5) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгінділері) үшін төлемдер;
6) сот шығасылары;
7) үмітсіз берешек;
8) шаруашылық шарттарының талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа да түрлері;
9) кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
10) ұрлықтан келген залалдар;
11) реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын негізгі құралдардың, материалдардың, ақауынан болған ысыраптар;
12) қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу) ұстау бойынша;
13) технологиялық қажетті, құзыретті органмен келісілген басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға;
14) сауықтыру лагерлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;
15) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге;
16) кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (процентсыздарын қоса алғанда) өтеуге;
17) бақша серіктестіктерін абаттандыру (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) жөніндегі;
18) дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарналарға;
19) өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша;
20) субъектінің персоналы үшін пәтерлер, тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстар, жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға (өндірістік шығыстарға қосылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін технологиялық қажет өндірістік персонал үшін теміржол разъездеріндегі қызметтік тұрғын үй ғимараттарын ұстауға арналған шығыстарды қоспағанда);
21) қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға;
22) білім беру ұйымдарында оқитын жұмыскерлердің демалыстарына ақы төлеуге;
23) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына;
24) кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, субъект қаражатының есебінен жұмыскерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі;
25) өз жұмыскерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емхана қызметтеріне ақы төлеуге;
26) сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз жұмыскерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);
27) жұмыскерлерге, оның ішінде бала тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеу, жұмыскердің отбасы мүшелеріне демалыс өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеу бойынша;
28) демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге;
29) субъектінің жұмыскерлеріне (жұмыскерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;
30) мерейтойлық күндерге немесе жұмыскерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттарды, сондай-ақ жұмыскерлердің жеке шоттарының проценттік мөлшерлемелерін ұлғайтуды қоса алғанда) сыйлықтарды сатып алуға;
31) мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге;
32) тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне арналған;
33) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтар аударымдарына;
34) тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және басқа байланысты;
35) өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысы жоқ және тарифтердің өсуіне алып келетін шығыстар есепке алынбайды

Елеулі

65

Мына:
1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясы тапшылығының болу;
2) табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу үшін шарттарға сай келмеуі;
3) электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектісінің шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясын сатып алу, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарада жоспардағыдан электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымынан ауытқуларын өтеу мақсатында, электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектісінің желілерінде электр энергиясының технологиялық шығыстарын өтеуге сатып алынатын электр энергиясының теңгерімсіздігіне өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
4) газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
5) электр энергиясын сатып алу;
6) теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтардан, спот-нарықтан сатып алу;
7) тарифтің шекті деңгейінен жоғары емес бағамен орталықтандырылған сауда-саттықтан сатып алу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнің тікелей стратегиялық тауарларды өндірушілерден стратегиялық тауарларды сатып алуды жүзеге асыруы.

Елеусіз

66

Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып тариф бекітілген кезде жыл сайын, есептік кезеңнің 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға, өзге де мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есептік жылы нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсыну кезінде талаптардың сақталуы

Елеусіз

Ресми интернет-ресурстар мен бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері бойынша

67

Ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастыру

Елеусіз

68

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында табиғи монополиялар саларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есепті жыл сайын, мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыру

Елеусіз

69

Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
1) тарифтің және тарифтік сметаның жобаларын;
2) экономикалық негізделген есептемелермен бірге тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты жариялағаннан кейін талаптардың сақталуы

Елеусіз

70

Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің аптасына кемінде бір рет шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің аптасына кемінде бір рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында ол өткізілгенге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялауы

Елеусіз

71

Мыналарды:
1) табиғи монополия субъектісі желілерінің резерві, бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің болуы туралы ақпаратты;
2) Мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және реттеліп көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемасын;
3) Мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілердің орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімдермен қоса орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру не ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру

Елеусіз

Жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бақылау субъектілеріне расталған шағымдар мен жолданымдардың болуы және олардың саны

72

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталмауы бойынша бір расталған шағымның немесе жолданымның болуы

Елеулі

73

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталмауы бойынша екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе жолданымдардың болуы

Өрескел

  Табиғи монополиялар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау және
баға белгілеу тәртібін және
қоғамдық маңызы бар нарық
субъектісінің міндеттерін
сақтау өлшемшарттарына
1-1 қосымша

      Ескерту. Өлшемшарттар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің табиғи монополиялар саласында 138-бабына сәйкес _____________________________ _________________________________________бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қатысты біртекті тобының атауы

р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар/мәндер хі

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

3-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Тарифті бекіту үшін өтініммен уәкілетті органға жүгіну

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

Тарифті бекіту үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінбеу

0 %

100 %

0 %

100 %

2

Уәкілетті органның:
1) егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
3) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісімін алу

мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері

20

0

Уәкілетті органның келісімінсіз мәмілелер жасау

0%

100%

3

Жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді ұсынуы

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

уәкілетті органға есептерді ұсыну мерзімін бұзу

2 және одан да көп рет уәкілетті органға есептерді ұсыну мерзімін бұзу

0 %

50 %

100 %

4

Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органға берілген (жіберілген) хабарламаның болуы

мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері

20

0

мерзімін бұза отырып хабарлама жіберу

реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарламаның болмауы

0 %

50 %

100 %

      Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:

      1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуы тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.

  Табиғи монополиялар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау және
қоғамдық маңызы бар нарық
субъектісінің баға белгілеу
тәртібін және міндеттерді
сақтау өлшемшарттарына
2-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауының субъективті өлшемшарттары

Субъективті өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Алдыңғы өткізілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұндай фактіні белгілеген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда алдағы кезеңге арналған шекті баға деңгейін төмендету жолымен шекті бағаның негізсіз асып кетуі нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға қайтару

Өрескел

2

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан аспау

Өрескел

Субъект ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері бойынша

3

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:
1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемі, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есептік айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
2) Тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
3) ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты;
4) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты электрондық нысанда;
5) бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не алдағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сату бағасының көтерілуіне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
6) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей растайтын материалдарды қоса бере отырып, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты ұсыну

Елеулі

4

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға электрондық нысанда кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты және олардың көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты ұсыну

Елеусіз

5

Шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қайтару

Өрескел

6

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан аспай, бағаның төмендеуі немесе көтерілуі күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төмендеу немесе жоғарылау себептерін көрсететін ақпаратты уәкілетті органға беру

Елеулі

7

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты;
2) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде шекті бағада ескерілген тұтынушылардың жекелеген топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты;
3) есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей шекті бағамен ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты;
4) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және негіздеуші материалдарға шекті бағалардың көтерілуі туралы ақпаратты олар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыру

Елеусіз

8

Өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулар мен қаржылық есептілік нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру

Елеусіз

9

Шекті бағаларда ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражатты пайдалану

Елеулі

Жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бақылау субъектілеріне расталған шағымдар мен жолданымдардың болуы және саны

10

Қазақстан Республикасының қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

Елеусіз

11

Қазақстан Республикасының қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 332 бұйрығына
2-қосымша

Табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Табиғи монополиялар субъектілеріне қатысы

      __________________________________________________________________

      біртекті бақылау субъектілері (объектілері) тобының атауы

      Бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді/бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді / бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт_____________

      ____________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы__________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /жеке

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Тариф қолданысқа енгізілгеніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушының назарына жеткізу

2.

Тарифті бекіту үшін өтініммен уәкілетті органға жүгіну

3.

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну

4.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті лизингті қоса алғанда, сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтау

5.

Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жетімділікті ұсыну

6.

Үлгілік шарттарға сәйкес тұтынушылармен ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке шарттар жасасу

7.

Үлгілік шартқа сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда жасасу

8.

Мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сауда-саттықта иеліктен шығару

9.

Уәкілетті органның:
1) егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
3) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісімін алу.

10.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну

11.

Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеу

12.

Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

13.

Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге тыйым салу бойынша талаптарды сақтау

14.

Құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салу бойынша талаптарды сақтау

15.

Бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға тыйым салу бойынша талаптарды сақтау

16.

Тұтынушылардан өзі ұсынатын табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшiн төлемдерді өз кассалары және (немесе) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар немесе терминалдар, ал қажет болған жағдайда төлем агенттері және (немесе) төлем ұйымдары арқылы қабылдауды қамтамасыз ету

17.

Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау және беру жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың есепке алу аспаптарын сатып алуы мен орнатуы

18.

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғаларға бекітілген инвестициялық бағдарлама объектілеріне қолжетімділікті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету

19.

Есепке алу аспабын сатып алғаны және орнатқаны үшін тұтынушылардан төлемақы алу

20.

Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмау

21.

Бәсекелес кірме жол болмаған кезде жылжымалы құрамның жүріп өтуі үшін тұтынушы пайдаланатын кірме жолдың нақты ұзындығы бойынша кірме жолдардың қызметтерін көрсеткені үшін төлемақы алу

22.

Порталда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мынадай:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден сатып алу;
4) тауар биржалары арқылы сатып алу сияқты тәсілдердің бірімен жүзеге асыру.

23.

Өзінің интернет-ресурсында, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына порталға сілтемені көрсете отырып, сатып алу жүзеге асырылатын портал туралы ақпаратты орналастыру.

24.

Конкурстық комиссияның құрамын, оның ішінде конкурстық комиссияның хатшысын бекіту және порталда конкурстық құжаттама жарияланғанға дейін техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестігін айқындау үшін техникалық сарапшыларды айқындау бойынша талаптарды сақтау

25.

Ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссияның шешім қабылдауы және егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеу. Дауыстар тең болған кезде төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі

26.

Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөлу

27.

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша сұрау салуына (болған кезде) жауап беру және сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге мұндай түсіндіруді жолдау

28.

Мынадай:
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өтуі;
2) сатып алу шарты күшіне енуі;
3) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынуы;
4) конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде қабылданбауы;
5) конкурс жеңімпазын айқындамай сатып алу рәсімдері тоқтатылуы жағдайлары туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз ету

29.

Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген конкурстық өтінімдерді ұсыну аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай әрбір лот бойынша жеке қарауы

30.

Конкурстық комиссияның мынадай негіздер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін бағалауға және салыстыруға қабылдамауы:
1) құжаттар ұсынылмаған (1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларымен, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сипаттаумен техникалық ерекшелік); 2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом, мәлімет (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде); 3. Әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің немесе банк филиалының банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген анықтама; 4. Тиісті салық органының конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы үш айдан кешіктірілмей берілген салық берешегінің жоқ екендігі не бір теңгеден кем салық берешегінің бар екендігі туралы анықтамасы; 5. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда: осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатыны және салықтық есепте тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасы; апостиль қойылған (жария етілген) құқық белгілейтін құжаттар; 6. Табиғи монополия субъектісінің банктік шотына конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын төлем тапсырмалары (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде); 7. Егер конкурс стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда, тиісті құзыретті органнан алынған әлеуетті өнім берушінің стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатынын растайтын құжаттар ұсынылады; 8. Тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ұсынылады; 9. Егер әлеуетті өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі).
2) әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) конкурстық өтінім талаптары бұзыла отырып ұсынылған немесе ресімделген құжаттарды қамтыса;
4) тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
5) әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астамға созылатын міндеттемелерінің ең болмағанда бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі бар екені туралы банк немесе банк филиалы анықтамасының болуы;
6) әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
7) анық емес ақпарат ұсыну фактісінің анықталуы;
8) егер конкурсқа өзара үлестес тұлғалар ғана қатысса, әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылуы;
9) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің теңгемен бағасы тізбеде көзделген сатып алуға бөлінген сомадан асып кетуі;
10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын конкурстық комиссия демпингтік деп таныған жағдайы

31.

Егер баға ұсынысы конкурстық құжаттамада сатып алуға көзделген сомадан 50 пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік ұсыныс деп тану бойынша талаптардың сақталуы

32.

Конкурстық комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бағалауға және салыстыруға қабылданбағаннан кейін екі конкурстық өтінімнен кем конкурстық өтінім қалса;
2) конкурсқа қатысуға екеуден кем әлеуетті өнім беруші өтінім берсе;
3) көзделген мерзімде жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда комиссия конкурсты (лотты) өткізілмеген деп таниды

33.

Егер конкурс тұтастай немесе қандай да бір бөлігі (лот) бойынша өткізілмеді деп танылса мынадай:
1) конкурстық құжаттаманы өзгерту және қайталама конкурс өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдау

34.

Конкурстық комиссия бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қоспағанда, конкурстық өтінімдерді бағалайды, салыстырады және ең төмен баға негізінде және мынадай өлшемшарттарды:
1) пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды;
2) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін;
3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамаларының сәйкестігін;
4) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге кепілдіктер шарттарын;
5) әлеуетті өнім берушінің біліктілік деректерін ескере отырып, жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды

35.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығаруы, табиғи монополия субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама жасауы және порталда орналастыруы

36.

Конкурстық комиссияның конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі кезінде мынадай ақпараттың болуы туралы талаптарды сақтауы:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамалары;
2) конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары және орналасқан орындары;
3) конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;
4) әрбір конкурстық өтінімнің бағасы және басқа да негізгі шарттары;
5) конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыруды баяндау;
6) конкурстық өтінімдер бағалауға және салыстыруға қабылданбаған жағдайда – оларды бағалауға және салыстыруға қабылдамаудың негіздері;
7) әрбір лот бойынша конкурс жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және жеңімпаз анықталған шарттар;
8) екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы, бағасы;
9) егер конкурс нәтижесінде жеңімпаз айқындалмаса – конкурстық комиссияның осындай шешім қабылдауы үшін негіздер;
10) конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, оларға жауаптарды жинақтап баяндау, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды жинақтап баяндау;
11) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзім (бірақ конкурс жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды);
12) техникалық сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
13) егер конкурс өткізілсе, онда Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға табиғи монополия субъектісі бөлген сома

37.

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде портал арқылы конкурс жеңімпазына хабарлама мен табиғи монополия субъектісі конкурстық құжаттамада шарт жобасына сәйкес келетін қол қойылған сатып алу туралы шартты жіберу бойынша талаптардың сақталуы

38.

Конкурсқа қатысушының талап етуі бойынша оған конкурс нәтижелері және жеңімпазды таңдау себептері туралы толық ақпарат беру туралы талаптардың сақталуы

39.

Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізу бойынша талаптардың сақталуы. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады

40.

Баға ұсыныстарын сұратуды қолданумен өнім берушіні таңдау тәсілін қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемін бөліктерге бөлуге жол бермеу бойынша талаптардың сақталуы

41.

Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын порталда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды және шарттың жобасын орналастыру

42.

Егер:
1) ол сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе;
2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектісінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келмесе;
3) ол талаптарға сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші біреуден артық баға ұсынысын берсе;
5) әлеуетті өнім беруші басқа әлеуетті өнім берушілермен үлестес болса;
6) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы демпингтік деп танылса, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту жөніндегі талаптарды сақтау.

43.

Мынадай жағдайларда:
1) екіден кем баға ұсынысы ұсынылған жағдайда;
2) егер портал автоматты түрде баға ұсыныстарын қабылдамағаннан кейін екіден кем баға ұсынысы қалған;
3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазын тану туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану бойынша талаптарды сақтау

44.

Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу порталда автоматты түрде өтпеді деп танылса:
1) сатып алу шарттарын өзгерту туралы және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдау

45.

Мынадай жағдайларда:
1) егер конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса;
2) мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) мерзімді баспасөз басылымдарын қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда сатып алу;
7) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді):
сот орындаушыларының сатып алуы;
оңалту және банкроттық бойынша;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сатып алу;
8) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) көрсетілген іс-шаралар өткізілетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыскерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінде біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігі туындаған кезде ғана портал арқылы бір көзден тәсілімен сатып алу жүргізу

46.

Жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді ұсынуы

47.

Ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыруы

48.

Тұтынушылардың талабы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің тарифі, ұсыну шарттары туралы ақпаратты беру

49.

Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беру талаптарын сақтау

50.

Тариф, оның өзгеруі туралы уәкілетті органды ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар ету

51.

Алғаш рет құрылған; жаңа реттеліп көрсетілетін қызметті (жаңа реттеліп көрсетілетін қызметтерді) көрсететін табиғи монополия субъектісінің; егер қолданыстағы тариф объектiлер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекiтiлген болса, жаңа объектiлерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда; көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелері сатып алынған (салынған) жағдайда; қуаты аз табиғи монополия субъектісінің оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтің қолданыс мерзімі аяқталуы бойынша тарифтік реттеудің шығынды әдісін қолдана отырып тарифті бекітуге берген өтінімін ұсынуы

52.

Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органға берілген (жіберілген) хабарламаның болуы

53.

Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты емес шығындарды тарифке қоспау

54.

Сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізу

55.

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын тұтастай қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібіне сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізудің әзiрленген және бекітілген әдiстемесінің болуы

56.

Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы

57.

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау

58.

Уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық арналарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісу

59.

Уәкілетті органды тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп жүргізуден бір ай бұрын хабардар ету

60.

Қуаты аз табиғи монополия субъектісі қайта ұйымдастырылғанға немесе таратылғанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы жіберілген ақпараттың болуы

61.

Тұтынушылардың талабы бойынша бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламада қамтылған ақпаратты ұсыну

62.

Уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына мәлімет үшін жыл сайын, 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде шығындары бірінші басшының бұйрығымен бекітілген келесі күнтізбелік жылға арналған тарифтік реттеудің шығынды әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін жіберу

63.

Сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз ету

64.

Тарифтің шығындық бөлігінде мынадай:
1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне, басқа да өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылмайтын не субъектінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
3) Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана маршруты бойынша магистральдық газ құбырын пайдаланғаны үшін төлемдерді қоспағанда, аталған маршрут бойынша магистральдық газ құбырын салуға байланысты тартылатын инвестициялар үшін төлемдерді және мүлік бойынша салық міндеттемелерін қамтитын, жалға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлемақы шығыстары;
4) жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдалануға алынған негізгі құралдарды күтіп-ұстау мен жөндеуді қоспағанда, субъектінің теңгерімінде жоқ негізгі құралдарды күтіп-ұстауға және жөндеуге, сондай-ақ Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана маршруты бойынша магистральдық газ құбырын күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстар. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқару шарты бойынша алынған газ тарту желілерін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығындар тарифке кезең кезеңмен оның қолданылу кезеңінің әрбір жылына қосылады. Күтіп-ұстау мен жөндеуге арналған шығындарды қосу кезеңдерін уәкілетті органның ведомствосы айқындайды. Жергілікті атқарушы органдардан сенімгерлік басқаруға алынған электр энергиясын беру желілерін күтіп-ұстауға (пайдалануға) және жөндеуге арналған шығындар тарифтік сметаның шығындары сомасынан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделген инфляция деңгейінен аспауға тиіс;
5) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгінділері) үшін төлемдер;
6) сот шығасылары;
7) үмітсіз берешек;
8) шаруашылық шарттарының талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа да түрлері;
9) кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
10) ұрлықтан келген залалдар;
11) реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын негізгі құралдардың, материалдардың, ақауынан болған ысыраптар;
12) қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу) ұстау бойынша;
13) технологиялық қажетті, құзыретті органмен келісілген басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға;
14) сауықтыру лагерлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;
15) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге;
16) кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (процентсыздарын қоса алғанда) өтеуге;
17) бақша серіктестіктерін абаттандыру (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) жөніндегі;
18) дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарналарға;
19) өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша;
20) субъектінің персоналы үшін пәтерлер, тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстар, жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға (өндірістік шығыстарға қосылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін технологиялық қажет өндірістік персонал үшін теміржол разъездеріндегі қызметтік тұрғын үй ғимараттарын ұстауға арналған шығыстарды қоспағанда);
21) қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға;
22) білім беру ұйымдарында оқитын жұмыскерлердің демалыстарына ақы төлеуге;
23) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына;
24) кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, субъект қаражатының есебінен жұмыскерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі;
25) өз жұмыскерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емхана қызметтеріне ақы төлеуге;
26) сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз жұмыскерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);
27) жұмыскерлерге, оның ішінде бала тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеу, жұмыскердің отбасы мүшелеріне демалыс өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеу бойынша;
28) демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге;
29) субъектінің жұмыскерлеріне (жұмыскерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;
30) мерейтойлық күндерге немесе жұмыскерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттарды, сондай-ақ жұмыскерлердің жеке шоттарының проценттік мөлшерлемелерін ұлғайтуды қоса алғанда) сыйлықтарды сатып алуға;
31) мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге;
32) тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне арналған;
33) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтар аударымдарына;
34) тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және басқа байланысты;
35) өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысы жоқ және тарифтердің өсуіне алып келетін шығыстар есепке алынбайды

65.

Мына:
1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясы тапшылығының болу;
2) табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу үшін шарттарға сай келмеуі;
3) электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектісінің шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясын сатып алу, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарада жоспардағыдан электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымынан ауытқуларын өтеу мақсатында, электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектісінің желілерінде электр энергиясының технологиялық шығыстарын өтеуге сатып алынатын электр энергиясының теңгерімсіздігіне өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
4) газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
5) электр энергиясын сатып алу;
6) теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтардан, спот-нарықтан сатып алу;
7) тарифтің шекті деңгейінен жоғары емес бағамен орталықтандырылған сауда-саттықтан сатып алу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнің тікелей стратегиялық тауарларды өндірушілерден стратегиялық тауарларды сатып алуды жүзеге асыруы.

66.

Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып тариф бекітілген кезде жыл сайын, есептік кезеңнің 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға, өзге де мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есептік жылы нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсыну кезінде талаптардың сақталуы

67.

Ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастыру

68.

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында табиғи монополиялар саларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі есепті жыл сайын, мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей орналастыру

69.

Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
1) тарифтің және тарифтік сметаның жобаларын;
2) экономикалық негізделген есептемелермен бірге тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты жариялағаннан кейін талаптардың сақталуы

70.

Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің аптасына кемінде бір рет шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің аптасына кемінде бір рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында ол өткізілгенге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялауы

71.

Мыналарды:
1) табиғи монополия субъектісі желілерінің резерві, бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің болуы туралы ақпаратты;
2) Мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және реттеліп көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемасын;
3) Мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілердің орналасқан жерлері, фото-бейне түсірілімдермен қоса орындалу сатылары, инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындау мерзімдері және құны) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру не ол болмаған жағдайда уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру

      Лауазымды адам (-дар) ________________________________________

      лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________________

      лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

  Табиғи монополиялар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау және
баға белгілеу тәртібін және
қоғамдық маңызы бар нарық
субъектісінің міндеттерін
сақтау өлшемшарттарына
2-1 қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Ескерту. Өлшемшарттар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.05.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында 138-бабына сәйкес _____________________ ____________________________________________________бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қатысты біртекті тобының атауы

р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар/мәндер хі

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

3-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға электрондық нысанда кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты және олардың көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты ұсыну

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

Уәкілетті органға бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отрып ұсыну

2 және одан да көп рет уәкілетті органға бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отрып ұсыну

0 %

50 %

100 %

2

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан аспай, бағаның төмендеуі немесе көтерілуі күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төмендеу немесе жоғарылау себептерін көрсететін ақпаратты уәкілетті органға беру

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

Уәкілетті органға бағаның төмендеуі немесе көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отырып ұсыну

2 және одан да көп рет уәкілетті органға бағаның төмендеуі немесе көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отрып ұсыну

0 %

50 %

100 %

3

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:
1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемі, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есептік айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
2) Тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
3) ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты;
4) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты электрондық нысанда;
5) бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не алдағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сату бағасының көтерілуіне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
6) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей растайтын материалдарды қоса бере отырып, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты ұсыну

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

40

0

Уәкілетті органға ақпаратты мерзімін бұза отырып ұсыну

2 және одан да көп рет уәкілетті органға ақпаратты мерзімін бұза отырып ұсыну

0 %

50 %

100 %

      Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:

      1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуы тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 332 бұйрығына
3-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын тексеру парағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысы

      __________________________________________________________________

      біртекті бақылау субъектілері (объектілері) тобының атауы

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді/бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді/бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт______________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы__________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /жеке

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мұндай фактіні белгілеген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда алдағы кезеңге арналған шекті баға деңгейін төмендету жолымен шекті бағаның негізсіз асып кетуі нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға қайтару

2

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан аспау

3

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:
1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемі, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есептік айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
2) Тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
3) ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты;
4) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты электрондық нысанда;
5) бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не алдағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сату бағасының көтерілуіне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
6) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей растайтын материалдарды қоса бере отырып, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты ұсыну

4

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға электрондық нысанда кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты және олардың көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты ұсыну

5

Шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қайтару

6

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан аспай, бағаның төмендеуі немесе көтерілуі күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төмендеу немесе жоғарылау себептерін көрсететін ақпаратты уәкілетті органға беру

7

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты;
2) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде шекті бағада ескерілген тұтынушылардың жекелеген топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты;
3) есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей шекті бағамен ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты;
4) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және негіздеуші материалдарға шекті бағалардың көтерілуі туралы ақпаратты олар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыру

8

Өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулар мен қаржылық есептілік нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру

9

Шекті бағаларда ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражатты пайдалану

      Лауазымды адам (-дар) ________________________________________

      лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________________

      лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады