Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14182 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 348 бұйрығымен
бекітілген

Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартының үлгілік нысаны

      _______________ қаласы                               20_ жылғы "___" _________

      _______________________________________________________________ (бұдан әрі – Сенімгерлік басқарушы) атынан _______________ негізінде әрекет ететін _________________, бірінші тараптан, және _____________________________________________ (бұдан әрі – Құрылтайшы) атынан ____________ негізінде әрекет ететін ____________, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) негізінде, Құрылтайшы үлескерлердің ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үй құрылысын және _______ көппәтерлі тұрғын үйдегі (бұдан әрі – Жоба) үлестердің өткізілуін қамтамасыз ететін Уәкілетті компанияның жалғыз акционері/қатысушысы болып табылатынын назарға ала отырып, Сенімгерлік басқарушы Уәкілетті компанияға Жоба құрылысының аяқталуына кепілдік беретінін ескере отырып, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Сенімгерлік басқару шарты) жасасты.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Осы шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

      1. Уәкілетті компания: "___________" акционерлік қоғамы/ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________, "___"__________ жылы _____________ берілген № _____ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік);

      Уәкілетті компанияның заңды мекенжайы: ___________________.

      Уәкілетті компанияның нақты мекенжайы: ___________________.

      2. Кепілдік беру жағдайы – олар басталған кезде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторында көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттеме және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша үлескер алдында жауапкершілік туындайтын Заңда айқындалған жағдай немесе жағдайлардың жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      3. Сенімгерлік басқарудың нысанасы Уәкілетті компанияның Құрылтайшыға тиесілі дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) болып табылады.

      Сенімгерлік басқарудың нысанасы Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттармен сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Сенімгерлік басқару шарты нысанасының сипаттамасы:

      Акционерлік қоғамдар үшін:

      акционерлік қоғамның атауы: ____________;

      акциялар түрі: ____________;

      акциялар саны: ____________ дана;

      акциялардың номиналды құны: ____________ теңге;

      Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы - ___%;

      Ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі ҰСН): _________________;

      Бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру коды ISIN: __________;

      нысаны: құжаттамасыз;

      тіркеуші____________.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:

      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атауы - ______________;

      Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы - ________%;

      үлестің номиналды құны (жарғылық капиталға салымы) - _________;

      тіркеуші____________.

      5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға жылына 100 (жүз) теңге мөлшерінде сыйақы төлейді, ол Сенімгерлік басқарушы қойған төлем шоттарының негізінде тоқсанына бір рет біркелкі төленеді.

      6. Сенімгерлік басқарушы Сенімгерлік басқарудың нысанасын оған тиесілі мүліктен бөлек есепке алады.

      7. Шарт Сенімгерлік басқарушының Сенімгерлік басқарудың нысанасын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      8. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға Сенімгерлік басқарудың нысанасын берген күні:

      1) кепілге салынбағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      9. Құрылтайшының Сенімгерлік басқарудың нысанасын беруі оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      10. Осы Шарт бойынша Құрылтайшы және Заңға сәйкес құрылыс бойынша міндеттемелерді орындамау Кепілдік беру жағдайының туындауына әкеп соққан көппәтерлі тұрғын үйдің үлескерлері пайда алушылар болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушының Сенімгерлік басқарудың нысанасын басқару қызметі туралы ақпаратты (есепті) жазбаша сұрау салу бойынша тоқсанына бір рет ғана алуға;

      2) сұрау салу бойынша Уәкілетті компанияның қызметі туралы ақпарат, оның ішінде қаржылық, бухгалтерлік және Уәкілетті компанияның өзге есептілігін алуға;

      3) сенімгерлік басқаруға берілген Сенімгерлік басқарудың нысанасынан дивиденттер алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге іс-әрекеттер жасауға құқылы.

      12. Құрылтайшы:

      1) өзінің мүлкін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқару нысанасын Сенімгерлік басқарушыға Кепілдік беру жағдайы туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі бойынша беруге;

      2) Шарт күшіне енген сәттен бастап Уәкілетті компанияның операциялық қызметіне араласпауға міндетті.

      13. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Уәкілетті компанияны басқаруға қатысуға, оның ішінде Сенімгерлік басқаруға берілген Сенімгерлік басқару нысанасына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына, Уәкілетті компанияның ішкі құжаттарына сәйкес тәртіпте және Шарт талаптарында Уәкілетті компания акционерінің құқығын жүзеге асыруға;

      2) тек Қазақстан Республикасының, үлескерлердің және Сенімгерлік басқарушының мүддесінде Сенімгерлік басқару нысанасын басқарудың неғұрлым тиімді тәсілдерін айқындауға;

      3) осы Шартта көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Сенімгерлік басқарушы:

      1) Құрылтайшыға Уәкілетті компания қызметі туралы есепті тоқсан сайын бір рет ғана беруге;

      2) үлескерлердің мүддесінде әрекет етуге;

      3) Шарт тоқтатылған кезде Сенімгерлік басқарушы Құрылтайшының тіркеушісін хабардар етуге, оның ішінде тиісті бұйрықты (қажет болған жағдайда) жолдау арқылы хабардар етуге және Сенімгерлік басқару нысанасын Шартты тоқтату күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қайтару және (немесе) тапсыру күніне есепте тұрған Құрылтайшыға тапсырылып жатқан (қайтарылып жатқан) Сенімгерлік басқару нысанасын қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы қайтаруды және (немесе) тапсыруды жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Сенімгерлік басқарушының өзіне берілген өкілеттіктерін асыра немесе оған белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілесі бойынша міндеттемелерді Сенімгерлік басқарушы өз мүлкі есебінен көтереді.

      15. Заңнамалық актілерде не Шартта тікелей көзделген негіздерді қоспағанда, Тараптардың осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқықтары жоқ.

      16. Сенімгерлік басқарушының Сенімгерлік басқару нысанасын басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Сенімгерлік басқару нысанасын Сенімгерлік басқарушыға берген сәттен бастап туындайды.

4-тарау. Сенімгерлік басқару нысанасын қабылдау-тапсыру

      17. Құрылтайшының Сенімгерлік басқару нысанасын Сенімгерлік басқарушыға беруді Шартқа қосымшаға және тіркеушіге Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді тіркеуге жіберілген Тараптардың кері бұйрықтарына сәйкес нысан бойынша Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған Сенімгерлік басқару нысанасын қабылдау-тапсыру актісі негізінде Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді Құрылтайшының тіркеушісінде тіркеу жолымен Тараптар жүзеге асырады.

      Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді тіркеумен байланысты шығыстарды Тараптардың әрқайсысы дербес төлейді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Шарт тоқтатылған кезде Сенімгерлік басқару нысанасы Құрылтайшыға қайтарылуы тиіс.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Заңға сәйкес Құрылтайшының борыштары бойынша Сенімгерлік басқару нысанасынан өндіріп алу үшін өтініш жасауға жол берілмейді.

      20. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      21. Егер Осы Шарт бойынша міндеттемелерінің ішінара немесе толық орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, су басу, өрт, эмбарго, соғыс немесе соғыс қимылдары, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір өзге тәсілмен кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді басып шығаруы) салдарынан болса, бұл міндеттемелер Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және Тараптардың кез келгені үшін Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

      22. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде басқа Тарапты осы жағдайлардың басталуы туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      23. Хабарламау немесе уақытында хабарламау Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

7-тарау. Құпиялылық

      24. Тараптар осы Шартта қамтылған және оны орындау барысында алынған барлық ақпарат құпия болып табылатынымен келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      25. Тараптардың әр қайсысы басқа Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл ақпаратты үшінші тұлғаларға басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімісіз ашуға құқығы жоқ.

8-тарау. Дауларды шешу

      26. Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде шешіледі.

      27. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт Кепілдік беру жағдайы туындаған сәттен бастап күшіне енеді және Уәкілетті компания, Құрылтайшы, Сенімгерлік басқарушы өз міндеттемелерін орындағанға дейін, оның ішінде қарыз болған жағдайда – толық орындағанға дейін қолданылады.

10-тарау. Өзге де талаптар

      29. Тараптардың Шартта көзделмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес реттеледі.

      30. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісім жасасу арқылы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      31. Уәкілетті компания қосымша эмиссияны жүзеге асырған және акцияларды төлеген/жарғылық капиталды ұлғайтқан және төлеген жағдайда Тараптар акциялар санын/қатысу үлесінің номиналды бағасын ұлғайту туралы шартқа қосымша келісімді осы оқиға туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жасайды.

      32. Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюы және Тараптардың мөрімен бекітілуі тиіс.

      33. Шарттың қолданылу мерзімін тоқтатылуы Тараптардың ол бойынша міндеттемелерінің тоқтауынына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың Шарт талаптарын орындауы кезінде оны бұзушылықтар орын алған жағдайда, Шарт Тараптары жауапкершіліктен босатылмайды.

      34. Тараптардың бірінің деректемелері өзгерген жағдайда, Тарап басқа Тарапқа мұндай өзгерістер туралы жазбаша хабарлайды және бұл жағдайда қосымша келісім жасау талап етілмейді.

      35. Шарт бірдей заңды күшке ие мемлекеттік және орыс тілдерінде 4 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жасалды.

11-тарау. Тараптардың пошталық мекенжайы мен банк деректемелері

      Тараптардың қолдары:

      Құрылтайшы: Сенімгерлік басқарушы:

      _______________________ _______________________

      Мөр орны Мөр орны

  2019 жылғы
№       шартқа
қосымша

_____________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға қабылдау-тапсыру актісі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нұр-Сұлтан қаласы

20__ жылғы "___" __________


      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын _____________________________ атынан ________ негізінде әрекет ететін _______________________ бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын _____________________________ атынан ________ негізінде әрекет ететін _______________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп, жеке – "Тарап" деп аталатындар, _____________ шешімі және 20__ жылғы "____" __________ №___ ______________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт негізінде осы ______________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға қабылдау-тапсыру актісін (бұдан әрі - __________) төмендегілер туралы жасасты:

      Құрылтайшы тапсырады, ал Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға мынадай сипаттағы ______________ акцияларын/қатысу үлестерін ______________ дана/жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы мөлшерінде қабылдап алады:

      Акционерлік қоғамдар үшін:

      акционерлік қоғамның атауы: ____________;

      акциялар түрі: ____________;

      акциялар саны: ____________ дана;

      акциялардың номиналды құны: ____________ теңге;

      Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы - ___%;

      ҰСН: _________________;

      ISIN: __________________;

      нысаны: құжаттамасыз;

      тіркеуші ____________.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:

       жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атауы - ______________;

      Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы - ________%;

      үлестің номиналды құны (жарғылық капиталға салымы) - _________;

      тіркеуші - ____________.

      Осы ______________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға қабылдау-тапсыру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күшке ие төрт данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жасалды.

Тапсырды::

Қабылдап алды:

"Құрылтайшы"
________________________
Мөр орны (болған жағдайда)

"Сенімгерлік басқарушы
______________________
Мөр орны (болған жағдайда)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады