"Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 қыркүйекте № 14229 болып тіркелді

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген сәтте өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырған агенттіктер аккредиттеуге жатады.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны жиырмадан аспайды.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Агенттіктің сенім білдірген адамы жұмысты жүзеге асыру үшін Комитетке Кодекстің 112-бабында көрсетілген құжаттарды тапсырады.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Кодекстің 112-бабына сәйкес агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:
      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
      3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
      4) агенттік орналасқан мемлекеттегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
      5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
      6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылау және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      7) агенттіктің асырап алынған баланың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің белгіленген санынан асуы болып табылады.";
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін аккредиттеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.";
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Агенттік басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген агенттiктер аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы Комитетке көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
      Әрбір бес жылда агенттіктер Комитетке агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген, агенттіктің өз мемлекетінің аумағында бала асырап алу саласындағы қызметін растайтын жаңартылған құжаттарды аталған өкілеттіктерді жүзеге асыру мерзімін көрсете отырып ұсынады.".
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

   

       КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2016 жылғы 12 шілде
      ___________________ Қ.Н. Қасымов
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрінің міндетін атқарушы
      2016 жылғы "____" ____________
      __________________ С.Қ. Жақыпова
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      2016 жылғы "____" ____________
      __________________ Е.Ә. Ыдырысов
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
      2016 жылғы 27 шілде
      __________________ М.Б. Тілеуберді
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі
      2016 жылғы 11 тамыз
      __________________ Б.М. Имашев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады