Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14234 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.01.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Энергетика министрінің


міндетін атқарушы

М. Мырзағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      15 тамыз 2016 жыл




  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі міндетін
  атқарушының
  2016 жылғы 29 шілдедегі
  № 352 бұйрығына
  1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп

      Индексі: 1-қалдықтарды түгендеу

      Нысанды ұсынатын тұлғалар: табиғат пайдаланушылар және қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер

      Ұсынылатын орган: Респонденттің тұрған жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі

      Ұсыну мерзімі: есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін


__________________________________

Табиғат пайдаланушының атауы


БСН/ БИН


ЖСН/ИНН



1. Қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкі

Р/с №


Қалдықтардың түрлері


Есеп беру жылы басында бары


Есеп беру жылы пайда болғаны


Есеп беру басқа тұлғалардан келіп түскені


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


1


2


3


4


5


6



"Қызыл" тізімдегі қалдықтар, барлығы:

олардың ішінде:







құрамында полихлорлық дифенил, полихлорлық терфинил, полибромдық дифенил бар қалдықтар (сонымен қатар осы қоспалардың кез келген полибромдық баламалары)







асбест және оның сипаттамасына ұқсас кез келген қалдықтар







полихлорлық дибензофуранмен тектес кез келген қоспа







полихлорлық дибензодиоксинмен тектес кез келген қоспа







қорғасын қосылған антиденотациялық қосындыларының шламдары







асқын тотық (сутегі асқын тотығынан басқа)







2-7 жолдарда белгіленбеген "қызыл" деңгейлі басқа қауіпті қалдықтар







"Янтарь" тізіміндегі қалдықтар, барлығы:

олардың ішінде:







құрамында сынап бар қалдықтар, олардың ішінде:







құрамында сынап бар шамдар







құрамында мышьяк бар қалдықтар







құрамында алты валентті хром бар қалдықтар







құрамында қорғасын бар қалдықтар







құрамында мырыш бар қалдықтар







бүтін немесе бөлшектелген істен шыққан аккумуляторлар







құрамында цианидтер бар қалдықтар







өнеркәсіптік кәсіпорындардың шөгінділері







куб қалдықтары







гальваникалық өндіріс қалдықтары







фосфор шлактары







пестицидтер, улы химикаттар







пайдаланған майлар







лактар мен сыр қалдықтары







майлау-суыту сұйықтығы







шикі мұнай, мұнай өнімдерінің қалдықтары







мұнаймен, мазутпен, химикаттармен ластанған топырақ







мұнай қоқыры







істен шыққан бұрғылау қоқыры







шошқа сұйығы







10-30 жолдарда белгіленбеген "янтарь" деңгейлі басқа қауіпті қалдықтар







"Жасыл" тізіміндегі қалдықтар, барлығы:

олардың ішінде:







хром қалдықтары және сынықтары







кадмий қалдықтары және сынықтары







алюминий қалдықтары және сынықтары







мыс қалдықтары және сынықтары







қорғасын қалдықтары және сынықтары







мырыш қалдықтары және сынықтары







марганец қалдықтары және сынықтары







пластмасса, полиэтилен қалдықтары







абразив қалдықтары







пайдаланылған шиналар және басқа да резеңке қалдықтары







күл және күлшлак қалдықтары







құс саңғырығы (тезек)







33-44 жолдарда белгіленбеген "жасыл" деңгейлі басқа қауіпті қалдықтар







Радиоактивті қалдықтар, барлығы







сұйық







қатты







трансуранды







альфа-радиоактивті







бета-радиоактивті







төменгі радиоактивті қалдықтар







құрамында радиоактивті қалдықтар бар аспаптар, дана, олардың ішінде:







шынақты көздер, дана







47-54 жолдарда белгіленбеген басқа радиоактивті қалдықтар






Қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы

Есеп беру жылы өңделді, қайта пайдаланылды, өртелді, оның ішінде:


Есеп беру жылы залалсыздандырылды


өңделді, қайта пайдаланылды


инсинерацияға (өртеуге)

жолданған


толық


жартылай


энергия алумен


энергия алусыз


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импортбойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


7


8


9


10


11


12


13


14


15


16


1-55 жолдар











Қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы

Есеп беру жылы өз қалдықтарды орналастыру

объектілерінде орналастырылды


Басқа ұйымдарға,

кәсіпорынға

жөнелтілді


Есеп беру жылының соңында нақты бары


арнайы өндірістік қалдықтарды

орналастыру объектілерінде


Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында


барлығы


соның ішінде импорт бойынша


сақтау


көму


барлығы


соның ішінде импорт бойынша


17


18


19


20


21


22


23


1-55 жолдар








2. Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкі

Р/с №


Қалдықтардың түрлері


Есеп беру жылы басында бары


Есеп беру жылы пайда болғаны


Есеп беру жылы басқа тұлғалардан келіп түскені


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


1


2


3


4


5


6



Қаптау материалдары, барлығы, олардың ішінде:







қағаз және картон қаптауыштар







пластик және пластмасса қаптауыштар







шыны ыдыстар (шыны сынықтары)







ағаш қаптауыштар







металл қаптауыштар







2-6 жолдарда белгіленбеген қаптауыш материалдар







Макулатура, барлығы:







қағаз







картон







аралас







Пластик қалдықтары, барлығы:







қатты пластик







жұмсақ пластик







төмен қысымды полиэтилен (ТҚП)







жоғары қысымды полиэтилен (ЖҚП)







13-16 жолдарда белгіленбеген басқа пластик қалдықтары







Электрондық және электр жабдық қалдықтары, барлығы:







ірі көлемді тұрмыстық жабдық







ұсақ көлемді тұрмыстық жабдық







ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жабдығы







тұтыну жабдығы







жарық беру жабдығы







электр және электрондық құралдар







19-24 жолдарда белгіленбеген басқа электрондық және электр жабдық қалдықтары







Ірі көлемді қалдықтар, барлығы:







жиҺаз







керамика (раковиналар, унитаздар)







27-28 жолдарда белгіленбеген басқа ірі көлемді қалдықтар







Құрылыс қалдықтары, барлығы:







құрылыстың ағаш қалдықтары







бетон бұйымдарының сынықтары







темір бұйымдарының сынықтары







керамикалық құбырлардың сынықтары







кірпіш сынықтары







құрылыстың, ғимарат және имаратты қиратудың аралас қалдықтары







31-36 жолдарда белгіленбеген басқа құрылыс қалдықтары







Қолданыстан шыққан автокөлік (дана) барлығы,

олардың ішінде:







бөлшектеуден кейінгі (корпус)







бөлшектелмеген







1-40 жолдарда белгіленбеген басқа қалдықтар






Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы

Есеп беру жылы өңделді, қайта

пайдаланылды, өртелді, оның ішінде:


Есеп беру жылы залалсыздандырылды


өңделді, қайта

пайдаланылды


инсинерацияға (өртеуге)

жолданған


толық


жартылай


энергия алумен


энергия алусыз


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


барлығы


оның ішінде импорт бойынша


7


8


9


10


11


12


13


14


15


16


1-41 жол-дар











Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы

Есеп беру жылы өз қалдықтарды орналастыру

объектілерінде орналастырылды


Басқа ұйымдарға, кәсіпорынға жөнелтілді


Есеп беру жылының соңында нақты бары


арнайы өндірістік қалдықтарды

орналастыру объектілерінде


тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында


барлығы


соның ішінде импорт бойынша


сақтау


көму


барлығы


соның ішінде импорт бойынша


17


18


19


20


21


22


23


1-41 жолдар









Табиғат пайдаланушының жауапты

лауазымды тұлғасы


_____________

Қолы


___________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)



20__ ж. "___" _______________

М.О.



  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрі міндетін
  атқарушының
  2016 жылғы 29 шілдедегі
  № 352 бұйрығына
  2-қосымша

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті табиғат пайдаланушылар респонденттің тұрған жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштерде, ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және табиғат пайдаланушының ақпарат ұсынуға жауапты лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойую арқылы есепті жылдан кейiнгi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 наурызға дейiн жыл сайын берiледi.

      2. Қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті респонденттің тұрған жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп электрондық және қағаз жеткізгіштерде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін жыл сайын берiледi.

      3. Табиғат пайдаланушы және қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есептік жыл өткеннен кейін қалдықтарға түгендеу жүргізу және материалдар дайындау мерзімін анықтайды. Түгендеу нәтижесі бойынша акт жасалады.

      4. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп қалдықтарды түгендеу актісінің, қауіпті қалдықтар паспорттарының, кіріс-шығыс құжаттарының (кіріс және шығыс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер, материалдар мен заттарды жөнелту жүкқұжаттары, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын өткізу төлқұжаты, қойма есебінің карточкасы мен ведомосі, кәсіпорыннан қалдықтарды шығару құжаттары және т.б.) негізінде жасалады. Алғашқы есепке алу құжаттары болмаған жағдайда нысан материалдық баланс бойынша есептері, бағалаулар және басқа деректер негізінде толтырылады.

2-тарау. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын
толтыру тәртібі

      5. 3-бағаннан бастап 19-баған бойынша толтырылатын нысанның әр жолдарында қалдықтар туралы деректер, олар болмаған жағдайда – сызық көрсетіледі. Қалдықтың әр түріне бөлек жол бөлінеді.

      Қалдықтар туралы деректер есепте осы қалдықтың жалпы салмағы бойынша тоннамен (данамен көрсетілетін 11, 38, 39, 40, 53, 54-тармақтарынан басқа) үтірден кейін үш белгімен (барлық ілеспе қосымшалармен бірге) көрсетіледі.

      Бұдан әрі пайдалануға болатын, дайын өнім болып саналатын, сондай-ақ өндіріс технологиясы бойынша дайын өнім алу мақсатына арналған жартылай фабрикаттар болып табылатын зиянды заттар (өнімдер, қоспалар) есепке алуға жатпайды. Статистикалық есептіліктің басқа нысандарында көрсетілетін ағын сумен су объектілеріне және атмосфералық ауаға тарайтын зиянды заттар, тұрмыстық (коммуналдық) қатты қалдықтар есепке алынбайды. Сонымен бірге есептерде тиісті ғимараттар мен қондырғыларда ұшқан газдар мен ағын суды тазалау процесінде ұсталған (алынған) зиянды заттардың пайда болуы, залалсыздандырылуы, орналастырылуы, т.с.с. өз көрсетілуі тиіс.

      Кәсіпорында пайда болған, басқа кәсіпорындардан келіп түскен радиоактивті қалдықтар (46 – 55-жолдар), оларды пайдалану, залалсыздандыру, орналастыру және жөю да есепке алынуға жатады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шамалардан асқан мөлшерде радиоактивті заттары бар және сол өндірісте не баска жерде бұдан былай тіпті тәжірибелік зерттеулерде де пайдалануға болмайтын ерітінділер, бұйымдар, материалдар, биологиялық объектілер, сондай-ақ бұдан былай қолданылмайтын пайдаланылып болған ионандырушы сәулелену көздері радиоактивті қалдықтар есебінде есепке алынады.

      Агрегаттық (физикалық) жағдайына қарай радиоактивті қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді. Сұйық радиоактивті қалдықтардың ішінде бейорганикалық заттардың ерітінділері, фильтрлік материалдардың пульттері, органикалық сұйықтықтар (майлар, еріткіштер және т.б.) есепке алуға жатады. Қатты радиоактивті заттардың ішінде бұйымдар, материалдар, биологиялық объектілер, пайдаланылып болған ионандырушы сәулелену көздері есепке алуға жатады.

      Егер қалдықтардың құрамына әр түрлі қауіпті қалдықтар деңгейлеріне (түрлеріне) жататын екі немесе одан да көп қауіпті компоненттер енсе, онда қалдықтың осы типін тиісті деңгейге (түрге) жатқызу ең жоғары қауіптілік деңгейі бар компонент бойынша жүргізіледі. Олардың қауіптілігі бірдей болған жағдайда қалдық түрінің атауында көрсетілген компоненттің басым мөлшері бойынша жатқызылады.

      3-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есептік жыл ішінде жиналған қалдықтардың жалпы саны көрсетіледі.

      4-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есептік жылы пайда болған қалдықтардың мөлшері (басқа тұлғалардан келіп түскен қалдықтар есепке алынбайды) көрсетіледі.

      5-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін, өңдеу, залалсыздандыру, орналастыру және басқа мақсаттар үшін басқа тұлғалардан келіп түскен және дайын өнім немесе жартылай фабрикат емес барлық қалдықтардың саны көрсетіледі.

      6-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша пайдалану, залалсыздандыру немесе орналастыру мақсатында басқа елдерден импорт бойынша келіп түскен қалдықтардың саны көрсетіледі.

      7-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін қандай да бір өнім алу үшін өңделген, қайта пайдаланылған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      8-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін импортталған қалдықтар көлемінен қандай да бір өнім алу үшін өңделген, қайта пайдаланылған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      9 және 11-бағандар қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша энергия алумен немесе энергия алусыз инсинерацияға (жағу) жолданған қалдықтардың саны керсетіледі.

      10 және 12 бағандар қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша энергия алумен немесе энергия алусыз инсинерацияға (жағу) жолданған импортталған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      13 және 15-бағандарда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін толық немесе жартылай залалсыздандырылған (қауіптілік деңгейі төмендетілген) қалдықтар саны көрсетіледі.

      14 және 16-бағандарда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін толық немесе жартылай залалсыздандырылған (қауіптілік деңгейі төмендетілген) импортталған қалдықтар саны көрсетіледі.

      17 және 19-бағандарда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін өз арнайы өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру объектілерінде орналастырылған (сақтау, көму) қалдықтар көлемі көрсетіледі.

      18-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру объектілерінде сақтауға жолданған импортталған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      20-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін кәсіпорындардың өз тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында орналастырылған қалдықтар көлемі көрсетіледі.

      21-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша басқа ұйымдарға, кәсіпорындарға пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату (өңдеу, жою), орналастыру үшін берілген қалдықтардың жалпы саны көрсетіледі, ал 22-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан экспортталған қалдықтардың жалпы саны көрсетіледі.

      23-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есепті кезеңнің аяғында кәсіпорынның аумағындағы және одан да тыс жерлердегі, бірақ кәсіпорынның балансындағы қалдықтардың барлық жиналған саны көрсетіледі.

      10-жолда құрамында сынап бар қалдықтар және олардың қосындылары туралы деректер тоннамен көрсетіледі.

      11-жолда бір шамда құрамында 0,065 грамм сынап бар есебінде сынап килограммен үтірден кейін үш белгімен құрамында сынап бар шамдар туралы деректер көрсетіледі.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына, бланктердің дұрыс ресімделуіне, белгіленген мерзімде және мекен-жайға табыс етуіне жауапты кәсіпорын басшысы есепке қол қояды.

      6. Арифметикалық-логикалық бақылау

      Қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінде

      1-жол = 2-8 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      9-жол = 10, 12-31 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      32-жол = 33-45 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      46-жол = 47-48 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      46-жол = 49-52, 55 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінде

      1-жол = 2-7 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      8-жол = 9-11 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      12-жол = 13-17 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      18-жол = 19-25 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      26-жол = 27-29 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      30-жол = 31-37 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      38-жол = 39-40 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      5-баған



      6 баған (барлық жолдар бойынша)

      7-баған



      8 баған (барлық жолдар бойынша)

      9-баған



      10 баған (барлық жолдар бойынша)

      11-баған



      12 баған (барлық жолдар бойынша)

      13-баған



      14 баған (барлық жолдар бойынша)

      15-баған



      16 баған (барлық жолдар бойынша)

      17-баған



      18-баған (барлық жолдар бойынша)

      21-баған



      22 баған (барлық жолдар бойынша)

      23-баған = 3-баған + 4-баған + 5-баған – 7-баған – 9-баған - 11-баған - 21-баған (барлық жолдар бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады