Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қыркүйекте № 14272 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.12.2022 № 429 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 20.12.2022 № 131 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекітілсін.

      2. "Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12046 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мырзахметов
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
____________ Т. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      ______________ С. Айтпаева

      2016 жылғы "______" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің

      төрағасының м.а.

      ______________ С. Нұрлыбай

      2016 жылғы 25 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 381 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.05.2023 № 210 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.06.2023 № 96 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – биоотын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылық – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) (биоотын өндірушілердің) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді уақтылы ұсынбауы бөлігінде биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылық – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) (биоотын өндірушілердің) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы, шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болмауы, есепке алатын бақылау аспаптарының болмауы және олардың ақаулы жағдайда болуы бөлігінде биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      6) өрескел бұзушылық – тамақ шикізатын кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан асатын көлемде пайдалану, биоотын өндірісі паспортының болмауы, биоотын өндіру үшін тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (бидайдың 1 және 2-сыныптарын пайдалануға жол берілмейді) бөлігінде биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – биоотын өндірісі саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін ең төменгі ықтимал дәрежеде шектеу мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі;

      11) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелілігіне, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Биоотын өндірісі саласындағы талаптардың бұзушылық дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

      6. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықтан, қант қызылшасынан биоотын өндіретін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      8. Объективті өлшемшарттар бойынша орта деңгейдегі бақылау субъектілеріне (объектілеріне) биологиялық түрде алынған шикізаттан (астық пен қант қызылшасын қоспағанда) биоотын өндіруді жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықтың тереңдете өңделген жанама өнімдері, органикалық қалдықтар болып табылатын биологиялық түрде алынған шикізаттан биоотын өндіруді жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      11. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажетті дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау.

      Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) алдыңғы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері.

      12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректер қалыптастырылады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылауды жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Бару арқылы жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

      13. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотын өндірісі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      14. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) осы Өлшемшарттардың 21-тармағында белгіленген кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізуден босатылады.

      15. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, биоотын өндірісі саласында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған болса.

      16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі биоотын өндірісі саласында осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      17. Осы Өлшемшарттардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқорды қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау субъектілеріне (объектілеріне) (SP) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері және субъективті өлшемшарттар бойынша (SC) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC,

      мұнда:

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші;

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SC – осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп биоотын өндірісі саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте биоотын өндірісі саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      18. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      19. Осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      20. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 17-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына екі реттен жиілетпеу керек.

      22. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабы 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Биоотын өндірісі саласындағы талаптардың бұзушылық дәрежесі

Өлшемшарттардың атауы Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік және мәліметтер мониторингінің нәтижелері

1.

Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді уақтылы ұсынбауы

болмашы

2.

Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы

елеулі

Алдыңғы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері

3.

Тамақ шикізатын кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан аспайтын көлемде пайдалану

өрескел

4.

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалануға тыйым салынады)

өрескел

5.

Биоотын өндірісі паспортының болуы

өрескел

6.

Биоотынды өндіру көлемін есепке алатын бақылау аспаптарының болуы және олардың ақаусыз жай-күйі

елеулі

7.

Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы

елеулі

  Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша
Нысан

Биоотын өндірісі саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с № Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi Шарттар / мәндер, xi

1-шарты/мәні

2-шарты/мәні

1

2

3

4

5

6

Биоотынды өндіруді жүзге асыратын заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес биоотынды өндіру саласында тәуекел дәрежесін анықтау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1.

Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

25

уақытылы ұсынылған есеп

ұсынылмаған есеп

0%

100%


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 381 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.05.2023 № 210 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.06.2023 № 96 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес биоотын өндірісі

      саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы биоотын өндірісін жүзеге асыратын

      бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты

      _____________________________________________________________________

      тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_______________________________

      _____________________________________________________________________

      Текеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді уақтылы ұсынбауы



2.

Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы



3.

Тамақ шикізатын кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан аспайтын көлемде пайдалану



4.

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалануға тыйым салынады)



5.

Биоотын өндірісі паспортының болуы



6.

Биоотынды өндіру көлемін есепке алатын бақылау аспаптарының болуы және олардың ақаусыз жай-күйі



7.

Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы



      Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________________

      лауазымы қолы

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы _________________ _______________________

      лауазымы қолы

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады