Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 қазанда № 14335 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О.Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 210 қаулысымен бекітілген

Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидалары

      Ескерту. Қағида тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерін қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу тәртібін айқындайды.

      Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату тәртібі банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарын ашуды, жүргізуді және жабуды, банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары лимитінің есебін қамтиды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жәе терроризмді қарыжыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – АЖТҚҚ туралы заң), Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) корреспондент – басқа банк және (немесе) банктiк емес ұйым үшiн өзінде корреспонденттік шот (лоро-шот) ашқан банк және (немесе) банктік емес ұйым;

      2) респондент – басқа банкте және (немесе) банктiк емес ұйымда корреспонденттік шот (ностро-шот) ашқан банк және (немесе) банктік емес ұйым.

      3. Банк операцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) сәйкес лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді Ұлттық Банктің банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар жүзеге асырады.

2-тарау. Корреспонденттiк шоттарды ашу

      4. Корреспондент респондентке корреспонденттiк шотты өздерiнiң арасында жасалған корреспонденттiк шот шарты негiзiнде ашады.

      5. Корреспонденттiк шот шартында мыналар:

      1) респонденттің және корреспонденттiң бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) респонденттің жеке сәйкестендіру коды;

      3) корреспонденттiң қызмет көрсету талаптары және ақы төлеу тәртібі;

      4) респонденттiң ақшаны жұмсау тәртібі;

      5) төлем құжаттарын беру тәртібі және төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат алмасу тәсiлдерi;

      6) респондент корреспонденттің қаржылық жай-күйіне талдау жасауына негіз болатын корреспонденттiң респондентке қаржылық есептiлікті: бухгалтерлiк балансты, пайда мен зиян туралы есептi, ақша қаражаты қозғалысы туралы есептi, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны ұсыну тәртібі бар.

      6. Респондент корреспонденттік шотты ашу үшін корреспондентке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

      1) банктер үшiн – банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн;

      2) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, банктiк емес ұйымдар үшiн – банк операцияларын Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес Ұлттық Банктің лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, аударым операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. АЖТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеру жөнінде шараларды қабылдағаннан кейін корреспондент респондентке корреспонденттiк шотты ашады.

      8. Респондент корреспонденттiк шотты ашқан күннен бастап бес жұмыс күнi ішінде Ұлттық Банкке Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша корреспонденттiк шоттың ашылғаны туралы мәліметтер ұсынады.

3-тарау. Корреспонденттiк шоттарды жүргiзу

      9. Корреспондент респонденттiң корреспонденттiк шоты бойынша банк операцияларын корреспонденттік шот шартына сәйкес жүзеге асырады.

      10. Корреспондент операциялық күн аяқталғаннан кейін респонденттің корреспонденттік шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмені корреспонденттік шот шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

4-тарау. Корреспонденттiк шоттарды жабу

      11. Корреспонденттiк шот:

      1) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және (немесе) корреспонденттік шот шартында өзгеше көзделмесе, респонденттiң жазбаша өтiнiшi бойынша кез келген уақытта;

      2) корреспонденттiк шот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      3) корреспонденттің корреспонденттiк шоттарды ашуға және жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      4) егер респондент банк болып табылған жағдайда, оның банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;

      5) егер респондент банктiк емес ұйым болып табылған жағдайда, оның аударым операцияларын жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде жабылады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Респондент корреспонденттік шот жабылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде корреспонденттік шоттың жабылған күнін көрсете отырып, Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысандағы хатты жібереді.

5-тарау. Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының лимитін есептеу

      13. Банк және (немесе) банктік емес ұйым ағымдағы айда Қағидалардың 16-тармағында көзделген операцияларды қоспағанда, банктің немесе банктік емес ұйымның және олардың клиенттерінің операциялары бойынша корреспонденттік шоттар арқылы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14304 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысымен бекітілген банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерінен аспайтын көлемде төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Банк және (немесе) банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит банкаралық клиринг жүйесіндегі клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позиция сомасын шегергендегі, банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесіарқылы өткен айда жүзеге асырылған жіберілетін қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің пайыздық арақатынасымен есептеледі.

      15. Лимитті орындау жөніндегі талап банкаралық ақша аудару жүйесінің және (немесе) банкаралық клиринг жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.

      16. Лимиттің шығысына операциялардың мынадай түрлері бойынша төлемдер мен ақша аударымдарының көлемі кірмейді:

      1) банкаралық ақша аудару жүйесi немесе банкаралық клиринг жүйесі арқылы корреспонденттік шоттарға (корреспонденттік шоттардан) ақша аудару;

      2) бір банкте немесе банктік емес ұйымда "лоро" және "ностро" корреспонденттік шоттары жөніндегі өзара талаптардың есебі бойынша операциялар;

      3) банктер және банктік емес ұйымдар орталық депозитарийде ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асыратын биржалық мәмілелер бойынша операциялар;

      4) бас банктің және Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктің банк шоттары арасында, сондай-ақ қосылатын банк пен Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банктің банк шоттары арасында жүзеге асырылатын ақша аудару.

  Қазақстан Республикасының
банктер,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент банктерінің
филиалдары, сондай-ақ банктер,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент банктерінің
филиалдары және банк
операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар арасындағы
корреспонденттік
қатынастарды белгілеу
қағидаларына
қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Корреспонденттік шотты ашу туралы мәліметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның (респонденттің) атауы

      ____________________________________________________________________

      Корреспонденттің атауы

      ____________________________________________________________________

      Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу тәртібі:

      1. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу мыналарға:


Ностро-шот

Лоро-шот

      ақша аудару арқылы жүзеге асырылады

      2. Корреспонденттік шот мыналарды:


клиент төлемдерін

банктік төлемдерді

төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды

қолма-қол ақшамен банк операцияларын (есептеу, алу)

басқа төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын

      ____________________________________________________________

      жүргізу үшін ашылған

      3. Операциялық күн соңындағы қалдық:


нөлге тең

қалдықтың төмендетілмейтін деңгейі корреспонденттік шот шартында көзделген

қалдықтың корреспонденттік шот шартының талаптарына қатысы жоқ өзгермелі деңгейі

      Корреспонденттік шот ашылған күні 20 __ жылғы "____" ____________

      Басшы __________________________ ________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болса))

      Бас бухгалтер __________________________ __________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 210 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген, 2001 жылы "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері" № 2 жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1351 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2200 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1351 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3048 тіркелген, 2004 жылғы 16 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (23868) жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4026 тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4829 тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы маусым-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6197 тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 435 (26278) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер жөнінде мәліметтер беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және ұсыну мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) 2-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (1949) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.

      12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9943 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

      13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11163 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      14. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13304 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 210. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 октября 2016 года № 14335.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах", в целях определения порядка установления корреспондентских отношений между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления корреспондентских отношений между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      2. Признать утратившими силу некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан, а также структурные элементы некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан по перечню согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Департаменту платежных систем (Ашыкбеков Е.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 31 августа 2016 года № 210

Правила установления корреспондентских отношений между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления корреспондентских отношений между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах" (далее – Закон о платежах и платежных системах) и определяют порядок установления корреспондентских отношений между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также между банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан (далее – банки) и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее – небанковские организации), за исключением Национального Банка Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) и банков-нерезидентов Республики Казахстан.

      Порядок установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и небанковскими организациями включает открытие, ведение и закрытие корреспондентских счетов банков и небанковских организаций в национальной валюте, расчет лимита платежей и (или) переводов денег по корреспондентским счетам банков и небанковских организаций в национальной валюте.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      2. В Правилах используются понятия, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон о ПОДФТ), Законом о платежах и платежных системах, а также следующие понятия:

      1) корреспондент – банк и (или) небанковская организация, открывшие у себя корреспондентский счет для другого банка и (или) небанковской организации (лоро-счет);

      2) респондент – банк и (или) небанковская организация, открывшие корреспондентский счет в другом банке и (или) небанковской организации (ностро-счет).

      3. Открытие и ведение корреспондентских счетов банков и небанковских организаций осуществляются банками и небанковскими организациями, имеющими лицензию Национального Банка на открытие и ведение корреспондентских счетов банков и небанковских организаций, за исключением случаев осуществления банковских операций без лицензии Национального Банка в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках и банковской деятельности).

Глава 2. Открытие корреспондентских счетов

      4. Корреспондент открывает корреспондентский счет респонденту на основании заключенного между ними договора корреспондентского счета.

      5. Договор корреспондентского счета содержит следующее:

      1) бизнес-идентификационный номер респондента и корреспондента;

      2) индивидуальный идентификационный код респондента;

      3) условия оказания корреспондентом услуг и порядок их оплаты;

      4) порядок распоряжения деньгами респондента;

      5) порядок передачи платежных документов и способы обмена информацией о платежах и (или) переводах денег;

      6) порядок представления корреспондентом респонденту финансовой отчетности: бухгалтерского баланса, отчета о прибылях и убытках, отчета о движении денежных средств, отчета об изменениях в капитале, пояснительной записки, на основании которых респондент анализирует финансовое состояние корреспондента.

      6. Для открытия корреспондентского счета респондент представляет корреспонденту документы, предусмотренные Правилами открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14422, а также следующие документы:

      1) для банков – нотариально засвидетельствованную копию лицензии на проведение банковских операций;

      2) для небанковских организаций, за исключением кредитных товариществ, – нотариально засвидетельствованную копию лицензии на проведение переводных операций, за исключением случаев осуществления банковских операций без лицензии Национального Банка в соответствии с Законом о банках и банковской деятельности.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Открытие респонденту корреспондентского счета осуществляется корреспондентом после принятия мер по надлежащей проверке клиентов (их представителей) и бенефициарных собственников в соответствии с Законом о ПОДФТ.

      8. Респондент в течение пяти рабочих дней со дня открытия корреспондентского счета представляет в Национальный Банк сведения об открытии корреспондентского счета по форме согласно приложению к Правилам.

Глава 3. Ведение корреспондентских счетов

      9. Корреспондент осуществляет банковские операции по корреспондентскому счету респондента в соответствии с договором корреспондентского счета.

      10. После завершения операционного дня корреспондент представляет респонденту выписку о движении денег по корреспондентскому счету в порядке и в сроки, определенные договором корреспондентского счета.

Глава 4. Закрытие корреспондентских счетов

      11. Закрытие корреспондентского счета осуществляется:

      1) по письменному заявлению респондента в любое время, если иное не предусмотрено Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законом о платежах и платежных системах и (или) договором корреспондентского счета;

      2) при прекращении действия договора корреспондентского счета;

      3) при прекращении действия лицензии корреспондента на открытие и ведение корреспондентских счетов;

      4) при прекращении действия лицензии респондента на проведение банковских операций в случае, если он является банком;

      5) при прекращении действия лицензии респондента на проведение переводных операций в случае, если он является небанковской организацией.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 27.08.2018 № 182 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Респондент в течение пяти рабочих дней со дня закрытия корреспондентского счета направляет в Национальный Банк письмо в произвольной письменной форме с указанием даты закрытия корреспондентского счета.

Глава 5. Расчет лимита платежей и (или) переводов денег по
корреспондентским счетам банков и небанковских организаций

      13. Банк и (или) небанковская организация осуществляют в текущем месяце платежи и (или) переводы денег по операциям банка или небанковской организации и их клиентов через корреспондентские счета, за исключением операций, предусмотренных пунктом 16 Правил, в объемах, не превышающих размер лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, утвержденный постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 206, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14304.

      Сноска. Пункт 13 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.12.2017 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Лимит, установленный для банка и (или) небанковской организации, рассчитывается в процентном соотношении от их общего объема исходящих безналичных платежей, осуществленных за предыдущий месяц через межбанковскую систему переводов денег и систему межбанковского клиринга, за вычетом суммы дебетовой чистой позиции по результатам клиринга в системе межбанковского клиринга.

      15. Требование по выполнению лимита не распространяется на небанковские организации, не являющиеся участниками межбанковской системы переводов денег и (или) системы межбанковского клиринга.

      16. В расход лимита не входит объем платежей и переводов денег по следующим видам операций:

      1) перевод денег на корреспондентские счета (с корреспондентских счетов) через межбанковскую систему переводов денег или систему межбанковского клиринга;

      2) операции по зачету взаимных требований по корреспондентским счетам "лоро" и "ностро" в одном банке или небанковской организации;

      3) операции по биржевым сделкам, осуществляемым банками и небанковскими организациями через корреспондентские счета, открытые в центральном депозитарии;

      4) перевод денег, осуществляемый между банковскими счетами родительского банка и дочернего банка, в отношении которого проведена реструктуризация в соответствии с Законом о банках и банковской деятельности, а также между банковскими счетами присоединяемого банка и банка, к которому осуществляется присоединение в соответствии с Законом о банках и банковской деятельности.

  Приложение к Правилам
установления корреспондентских отношений
между банками, филиалами
банков-нерезидентов
Республики Казахстан,
а также банками, филиалами
банков-нерезидентов
Республики Казахстан
и организациями, осуществляющими
отдельные виды банковских операций
  Форма
  Национальный Банк
Республики Казахстан

                  Сведения об открытии корреспондентского счета

      Сноска. Приложение - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      Наименование банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан и (или) организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций (респондента)

      __________________________________________________________________________

      Наименование корреспондента

      __________________________________________________________________________

      Порядок проведения платежей и (или) переводов денег:

      1. Проведение платежей и (или) переводов денег осуществляется путем зачисления денег на:


Ностро-счет

Лоро-счет

      2. Корреспондентский счет открыт для проведения:


клиентских платежей

банковских платежей

расчетов по платежным карточкам

операций банка с наличными деньгами (зачисление, снятие)

других платежей и (или) переводов денег

      _________________________________________________________________________

      3. Остаток на конец операционного дня:


равен нулю

неснижаемый уровень остатка предусмотрен договором корреспондентского счета

изменяющийся уровень остатка, независящий от условий договора корреспондентского счета

      Дата открытия корреспондентского счета "___" ______________ 20 __ года

      Руководитель ___________________________________ ________________________
                  (должность, фамилия, имя, отчество             (подпись)
                              (при его наличии))

      Главный бухгалтер ____________________________________ ___________________
                        (должность, фамилия, имя, отчество             (подпись)
                                    (при его наличии))

  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 31 августа 2016 года № 210

Перечень некоторых постановлений Правления
Национального Банка Республики Казахстан,
а также структурных элементов некоторых постановлений Правления
Национального Банка Республики Казахстан,
признанных утратившими силу

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1351, опубликованное в 2001 году в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан № 2).

      2. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2003 года № 21 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками второго уровня Республики Казахстан, а также между банками второго уровня Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1351" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2200).

      3. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 июля 2004 года № 99 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками второго уровня Республики Казахстан, а также между банками второго уровня Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1351" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3048, опубликованное 16 сентября 2004 года в газете "Казахстанская правда" № 209 (24519).

      4. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2005 года № 177 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4026).

      5. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июня 2007 года № 64 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4829).

      6. Пункт 6 Перечня нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, являющегося приложением к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2007 года № 76 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4880, опубликованному в июне-августе 2007 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан).

      7. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 марта 2010 года № 15 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6197).

      8. Пункт 6 Перечня нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, являющегося приложением к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 76 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6534, опубликованному 4 ноября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 292 (26353).

      9. Пункт 2 постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 78 "О внесении дополнений и изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам представления сведений по платежам и признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам составления и представления отчета по распределению платежного оборота по способам безналичных платежей и переводов денег" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6607, опубликованного 14 декабря 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 338 (26399).

      10. Пункт 6 Перечня нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, являющегося приложением 1 к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 65 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7122, опубликованному 15 сентября 2011 года в газете "Юридическая газета" № 133 (2123).

      11. Пункт 7 Изменений, вносимых в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров, являющихся приложением 1 к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 108 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам идентификационных номеров" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7625, опубликованному 6 сентября 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 299-300 (27118-27119).

      12. Пункт 3 Перечня нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, являющегося приложением 1 к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 200 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам осуществления платежей и переводов денег, порядка открытия, ведения и закрытия банковских счетов" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9943, опубликованному 30 декабря 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан").

      13. Пункт 5 Перечня нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан по вопросам платежей и переводов денег и ведения банковских счетов, в которые вносятся изменения, являющегося приложением к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 мая 2015 года № 72 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам платежей и переводов денег и ведения банковских счетов" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11163, опубликованному 2 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан").

      14. Пункт 3 Перечня нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан по вопросам платежей и переводов денег и ведения банковских счетов, в которые вносятся изменения, являющегося приложением к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 32 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам платежей и переводов денег и ведения банковских счетов" (зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13304, опубликованному 14 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан").