Байланыс формасы

Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қазанда № 14347 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрлігі

      Министр __________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 14 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 23 қыркүйек



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген

Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) төлем ұйымдарын есептік тіркеу, Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсету және төлем ұйымдарының филиалдарын ашуы туралы хабарлау тәртібі қамтылады.

      2. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар пайдаланылады.

      3. Төлем ұйымы төлем ұйымын есептік тіркеудің Ұлттық Банк берген тіркеу нөмірі (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) болған кезде көрсетілетін төлем қызметтерінің мынадай түрлерін көрсетеді:

      1) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;

      2) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;

      3) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті аппарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.

2-тарау. Төлем ұйымдарын Ұлттық Банкте есептік тіркеу

      4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

      Өтінішке Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.

      5. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды төлем ұйымы Ұлттық Банкке қағаз тасымалдағышпен не электрондық түрде ұсынады.

      6. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды төлем ұйымы электрондық түрде қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі арқылы ұсынады.

      7. Төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыру қағидаларында мынадай міндетті талаптар қамтылады:

      1) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің сипаттамасы;

      2) төлем ұйымының клиенттеріне төлем қызметтерін көрсету тәртібі және мерзімдері;

      3) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің құны (тарифтері);

      4) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерін технологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі;

      5) төлем ұйымы пайдаланатын тәуекелдерді басқару жүйесі туралы мәліметтер;

      6) клиенттермен даулы ахуалдарды реттеу және дауларды шешу тәртібі;

      7) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі.

      8. Атауы не тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), сәйкестендіру нөмірі, өтініш беру күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша капиталдағы үлесінің мөлшері қамтылатын, Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша төлем ұйымының акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтерді төлем ұйымы Ұлттық Банкке ұсынады.

      9. Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, білімі, жұмыс орны мен лауазымдарының толық тізбесі, лауазымдық (функционалдық) міндеттемелерінің сипаттамасы қамтылатын, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді төлем ұйымы Ұлттық Банкке өтініш берілген күннің алдындағы жағдай бойынша мынадай растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

      1) төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшелерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді толтыру кезінде көрсетілген білімі туралы дипломның (дипломдардың) және (немесе) өзге құжаттардың көшірмелері;

      3) еңбек стажы болған кезде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді толтыру кезінде көрсетілген әрбір жұмыс орны бойынша қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін).

      10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.

      Төлем ұйымы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда өтінішті қайта ұсынған кезде Ұлттық Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде өтінішті қарайды.

      11. Ұлттық Банк өтінішті қараудың қорытындылары бойынша төлем ұйымын есептік тіркеу не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.

      12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жағдайында, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

      Төлем ұйымының бұрын Ұлттық Банкке ақпарат берілген акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер өзгертілген кезде төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңартылған мәліметтерді ұсынады.

      Төлем ұйымы атқарушы органының бұрын Ұлттық Банкке ақпарат берілген басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер өзгертілген кезде төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңартылған мәліметтерді Қағидалардың 9-тармағында көзделген өзгертілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.

      13. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 17-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      14. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабына сәйкес төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеуді осы тарауда көзделген тәртіпте жүргізеді.

      15. Ұлттық Банк ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімге енгізу күні қайта ұйымдастырылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімнен алып тастайды.

3-тарау. Тізілімді жүргізу

      16. Тізілімде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары туралы мәліметтер қамтылады.

      Тізілімді Ұлттық Банк оны төлем қызметі нарығын бақылау мақсатында жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:

      1) төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді және тізілімде Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазба жасайды;

      2) төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, төлем ұйымы есептік тіркеуден өткені туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның

      16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төлем ұйымына бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда бас тарту жөніндегі хабарлама жібереді.

      19. Ұлттық Банк Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен әр төлем ұйымы бойынша қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде досье жүргізеді.

      20. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның

      18-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымын тізілімнен алып тастайды.

      21. Төлем ұйымы соттың төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген не төлем ұйымының қызметін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы ерікті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ерікті жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      22. Ұлттық Банк төлем ұйымын тізілімнен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк төлем ұйымына өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлайды және бұл жөніндегі ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      23. Төлем ұйымы тізілімнен алып тасталған жағдайда, Ұлттық Банк тізілімнен алып тастау жөнінде хабарлаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде атауын өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату жөнінде шешім қабылдайды.

4-тарау. Төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі

      24. Төлем ұйымы төлем қызметін көрсеткеннен кейін клиентке төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты қағаз тасымалдағышта не телекоммуникациялар желісі арқылы береді.

      25. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатта мынадай деректемелер қамтылады:

      1) құжаттың нөмірі, оның жазылған күні, айы, жылы;

      2) төлем ұйымының атауы;

      3) операция сомасы;

      4) операция валютасы;

      5) комиссиялық сыйақы сомасы;

      6) төлемнің мақсаты;

      7) қызметті жеткізушінің атауы (Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметі көрсетілген жағдайда);

      8) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес (Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлем қызметі көрсетілген жағдайда) төлем ұйымы төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін ақпарат ұсынатын банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы не банктік сәйкестендіру коды.

      Төлем ұйымына төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатқа көрсетілген төлем қызмет бойынша қосымша деректемелер қоюына рұқсат етіледі.

      26. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде, төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларына, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарға, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 тіркелген "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкес төлем ұйымы береді.

      27. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағында көзделген төлем қызметтерін көрсету кезінде төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті арқылы:

      1) төлем агенттерінің және (немесе) қосалқы төлем агенттерінің тізілімін төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүргізуді;

      2) төлем агентінің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның талаптарының, сондай-ақ төлем агенті мен төлем ұйымы арасындағы шартта көзделген төлем қызметтерін көрсету талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген бақылау төлем ұйымы мен төлем агенті арасындағы шартқа және (немесе) төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін төлем ұйымы мен төлем қызметін беруші арасындағы шартқа сәйкес көрсетеді.

      Төлем ұйымы бюджетке төлемдерді қабылдау бойынша төлем қызметтерін клиенттің банктік шотын ашпай төлем ұйымы мен банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлем қызметін көрсету жөніндегі агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Төлем ұйымы төлем қызметтерін банктің төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде төлем ұйымы мен банк немесе төлем агенті арасында төлем қызметін көрсету бойынша агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.

      30. Қызметті жеткізушімен жасалған шартта және төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарта Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талап бар.

      31. Төлем ұйымы төлем агенті ретінде қызметін жүзеге асырған кезде төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарт жасалған банкке не банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тартылған қосалқы төлем агенттермен жасалған шартқа сәйкес олар туралы ақпарат береді.

5-тарау. Төлем ұйымдарының филиалдар ашу туралы хабарлауы

      32. Төлем ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерде төлем ұйымының филиалы ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке филиалдың ашылғаны туралы хабарламаны Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта не қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі арқылы электрондық түрде хабарлайды.

      Филиалдың ашылғаны туралы хабарламаға:

      1) төлем ұйымының басқару органының төлем ұйымының филиалын ашу және оның бірінші басшысын сайлау (тағайындау) туралы шешімінің көшірмесі;

      2) филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) филиалдың бизнес-жоспары;

      4) филиалдың бірінші басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі.

      33. Қағидалардың 32-тармағында көзделген құжаттар төлем ұйымының досьесінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде сақталады.

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуді және төлем ұйымын төлем

      ұйымдары тізіліміне қосуды сұрайды.

      1. Төлем ұйымының орналасқан жері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)

      2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      3. Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына

      сәйкес көрсету жоспарланып отырған көрсетілетін төлем қызметтерінің

      тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________;

      3) ___________________________;

      4. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі

      Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылатын

      құжаттар тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________;

      Мен қоса берген мәліметтерді тексергенімді және дәйекті әрі

      толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы

      (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      _________________________________________ _____

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Төлем ұйымының акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      __________________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      1. Төлем ұйымының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы)

      ____________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Орналасқан жері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс

      (бар болса)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті:

      _____________________________________________________________________

      Қызмет түрі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Төлем ұйымының капиталындағы үлесінің мөлшері:

____________

күнгі

жағдай бойынша



      3. Төлем ұйымы акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

      20 __ жылғы "____" _____________

      Осы мәліметтерді тексергенімді және дәйекті әрі толық болып

      табылатынын растаймын.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы

      (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      _____________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Төлем ұйымының акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін)

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _____________________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      1. Төлем ұйымының акционері (қатысушысы) туралы мәлімет:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Туған күні

      _____________________________________________________________________

      Азаматтығы

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері

      ____________________________________________________________________

      (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Төлем ұйымының капиталындағы үлесінің мөлшері:

____________

күні

жағдай бойынша



      20 __ жылғы "____" _____________

      Осы мәліметтерді тексергенімді және дәйекті әрі толық болып

      табылатынын растаймын.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы

      (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      __________________________________________ ______

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

___________________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда – олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)

Жеке сәйкестендіру нөмірі


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

________________________________________________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)

Тұрғылықты жері

____________________________________________________

____________________________________________________

(үй, қызметтік телефондарының нөмірлерін қоса алғанда, тұрғылықты жері, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайы)

Азаматтығы



      2. Білімі:

Білімі, оның ішінде жұмысының бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі

____________________________________________________________________________________________________

(оқу орнының, факультетінің немесе бөлімінің атауы және орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілігі, білімі жөніндегі дипломның немесе өзге де құжаттардың деректемелері)


      3. Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы

Лауазымдық міндеттері






      4. Төлем ұйымындағы лауазымдық (функционалдық) міндеттерінің саласын

      сипаттау (лауазымдық міндеттерінің тізбесі):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Өзге ақпарат:

Алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы

Иә/жоқ

(егер иә болса, онда сот үкімінің деректемелері, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)

Егер қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған жағдайда

Иә/жоқ

(егер иә болса, онда ұйымның атауы, лауазымы, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімнің не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің деректемелері көрсетіледі)

Өзге ақпарат (бар болса)



      Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық

      болып табылатынын растаймын.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы

      (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      ___________________________________________ ______

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Төлем ұйымдарының тізілімі

Р/с

Төлем ұйымын тіркеген күн

Төлем ұйымының тіркеу нөмірі

Төлем ұйымының атауы

Басшының аты-жөні

Төлем ұйымының бизнес- сәйкестендіру нөмірі

Төлем ұйымының орналасқан жері, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет- ресурсы (бар болса)

Көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Филиалдың ашылғаны туралы хабарлама

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      (төлем ұйымының атауы, орналасқан жері және бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі)

      осы арқылы филиалының ашылғандығы туралы хабарлайды:


Қазақстан Республикасының аумағында (ашылған жағдайда):

      ____________________________________________________________________

      (төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері және

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Басшысы туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына

      сәйкес төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________;

      3)____________________________.


Қазақстан Республикасынан тысқары (ашылған жағдайда):

      ____________________________________________________________________

      (төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері)

      Басшысы туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тармағына

      сәйкес төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің

      тізбесі:

      1) ___________________________;

      2) ___________________________;

      3) ___________________________.

      Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық

      болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Төлем ұйымының бірінші басшысы

      (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)

      ___________________________________________ ______

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады