"Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 қазанда № 14359 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Мемлекеттік орман иеленушiлер өрт қаупi бар маусым басталғанға дейін өрт қаупi бар маусымға дайындалуды жүзеге асырады.

      Өрт қаупi бар маусымға дайындалу кезінде өрт сөндіру техникасына, жабдықтарға, мүкәммалға, көлік және байланыс құралдарына түгендеу жүргізіледі, олардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерге сәйкестігі айқындалады.

      Мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Өрт қаупі бар маусымға дайындық туралы ақпаратты уәкілетті орган ведомствосы мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ұйымдарға жібереді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің


орынбасары - Қазақстан


Республикасының Ауыл


шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
қосымша
  Ормандардағы өрт
қауіпсіздігі қағидаларына
1-1-қосымша

Орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға
дайындық дәрежесі*

Көрсеткіштер атауы

Дайындық дәрежесі

Балдары

1

Өрт сөндіру станциясының болуы**

51%-дан аз

қанағаттанарлықсыз

0

51-80%

қанағаттанарлық

5

81-100%

өте жақсы

10

2

Орман орналастыру материалдарына сәйкес өрт қадағалау мұнараларының болуы

50%- дан аз

қанағаттанарлықсыз

0

51-80%

қанағаттанарлық

5

81-100%

өте жақсы

10

3

Өрт сөндіру техникасының болуы**

50%-дан аз

қанағаттанарлықсыз

0

51-80%

қанағаттанарлық

5

81-100%

өте жақсы

10

4

Жанар-жағар май материалдары қорының болуы

бар

өте жақсы

10

жоқ

қанағаттанарлықсыз

0

5

Өртке қарсы іс-шаралар жоспарының болуы

өртке қарсы іс-шаралар жоспарына қойылатын талаптар бар және сәйкес келеді

өте жақсы

10

өртке қарсы іс-шаралар жоспарына қойылатын талаптар бар, бірақ сәйкес келмейді

қанағаттанарлық

5

жоқ

қанағаттанарлықсыз

0

6

Радиобайланыс құралдарының болуы**

бар және 100 % жұмыс істеп тұрған жағдайда

өте жақсы

10

бар және 70%-нан астамы жұмыс істеп тұрған жағдайда

қанағаттанарлық

5

бар және 50%-нан астамы ақаулы күйде

қанағаттанарлықсыз

0

7

Шанц-саймандардың, қорғау құралдарының және өртке қарсы киімдердің болуы**

100 % бар, қанағаттанарлық жағдайда

өте жақсы

10

100 % бар, 20 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда

қанағаттанарлық

5

60 % -дан азы бар

қанағаттанарлықсыз

0


      Ескертпе:

      *орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежесі орта арифметикалық мәнде:

      8-10 балл – қанағаттанарлық;

      5-7 балл – орташа;

      5 балдан төмен – қанағаттанарлықсыз.

      **жарақталу пайызы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерге сәйкес айқындалады.

О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 октября 2015 года № 18-02/942 "Об утверждении Правил пожарной безопасности в лесах"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 сентября 2016 года № 395. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 октября 2016 года № 14359.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 октября 2015 года № 18-02/942 "Об утверждении Правил пожарной безопасности в лесах" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12351, опубликованный 15 декабря 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие дополнения:

      в Правилах пожарной безопасности в лесах, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. Государственные лесовладельцы до начала пожароопасного сезона осуществляют подготовку к пожароопасному сезону.

      При подготовке к пожароопасному сезону проводится инвентаризация пожарной техники, оборудования, инвентаря, средств транспорта и связи, определяется их соответствие нормам и нормативам по охране, защите, пользованию лесным фондом, воспроизводству лесов и лесоразведению на участках государственного лесного фонда, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2015 года № 18-02/664 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11995).

      Степень готовности государственных лесовладельцев к пожароопасному сезону определяется, согласно приложению 1-1 к настоящим Правилам.

      Информация о готовности к пожароопасному сезону направляется территориальными подразделениями ведомства уполномоченного органа в организации, в ведении которых находятся государственные лесовладельцы.";

      дополнить приложением 1-1, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Заместитель Премьер-Министра


Республики Казахстан -


Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мырзахметов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      __________ К. Касымов

      26 сентября 2016 года



  Приложение
к приказу Заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 21 сентября 2016 года № 395
Приложение 1-1
к Правилам пожарной безопасности в лесах

Степень готовности государственных лесовладельцев
к пожароопасному сезону*

Наименование показателей

Степень готовности

Баллы

1

Наличие лесной пожарной станции**

менее 51 %

неудовлетворительно

0

51-80 %

удовлетворительно

5

81-100 %

отлично

10

2

Наличие пожарных вышек в соответствии с лесоустроительными материалами

менее 51 %

неудовлетворительно

0

51-80 %

удовлетворительно

5

81-100 %

отлично

10

3

Наличие пожарной техники**

менее 51 %

неудовлетворительно

0

51-80 %

удовлетворительно

5

81-100 %

отлично

10

4

Наличие запасов горюче-смазочных материалов

имеется

отлично

10

не имеется

неудовлетворительно

0

5

Наличие планов противопожарных мероприятий

имеется и соответствует требованиям к планам противопожарных мероприятий

отлично

10

имеется, но не соответствует требованиям к планам противопожарных мероприятий

удовлетворительно

5

не имеется

неудовлетворительно

0

6

Наличие средств радиосвязи**

имеется и 100 % находится в рабочем состоянии

отлично

10

имеется и более 70 % находится в рабочем состоянии

удовлетворительно

5

имеется и более 50 % находится в нерабочем состоянии

неудовлетворительно

0

7

Наличие шанцевого инструмента, средств защиты и противопожарной одежды**

имеется 100 %, находится в удовлетворительном состоянии

отлично

10

имеется 100 %,

более 20 % находится в неудовлетворительном состоянии

удовлетворительно

5

имеется менее 60 %

неудовлетворительно

0


      Примечания:

      * степень готовности государственных лесовладельцев к пожароопасному сезону, как среднеарифметическое, определяется:

      8-10 баллов – удовлетворительная;

      5-7 баллов – средняя;

      менее 5 баллов – неудовлетворительная;

      ** процент оснащенности определяется в соответствии с нормами и нормативами по охране, защите, пользованию лесным фондом, воспроизводству лесов и лесоразведению на участках государственного лесного фонда, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 июля 2015 года № 18-02/664 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11995).