"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 қарашада № 14405 болып тіркелді

      Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар мыналар болып табылады:
      1) қабылдаушы тараптың жоғары оқу орындарына оқуға қабылдану үшін шет тілін білу деңгейі.
      Бұл өлшемшарт қабылдаушы тараптың жоғары оқу орнында оқыту тілі болып табылатын тілде орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдарға қолданылмайды.
      2) білімі туралы құжаттың орташа балы:
      бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – орта білімі туралы аттестаттың орташа балының кемінде 4,5 (5,0-ден) балға сәйкес келуі;
      магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3,0 (4,0 немесе 4,33-тен) Грейд Пойнт Авередж (барлық өтілген курстар үшін алынған арифметикалық орташа бағасы) балына немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден тізілімде № 11258 болып тіркелген) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;
      ағымдағы үлгерімі туралы анықтама ұсынатын үміткерлер үшін – ағымдағы үлгерімнің орташа балының тиісінше жоғарыда көрсетілген балдарға сәйкес келуі.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Халықаралық шарттар (халықаралық бағдарламалар, меморандумдар және ынтымақтастық туралы шарттар, алмасу және стипендиялық бағдарламалар) шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде:
      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 082 нысан бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;
      3) көп балалы отбасылар балалары басымдыққа ие.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде оқуға жіберілген адамдар жыл сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға оқуының академиялық кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.».
      2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А.Байжанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі              Е. Сағадиев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      ________________ Е. Ыдырысов
      «____» ____________ 2016 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады