Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14429 болып тіркелді

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 25-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2016 жылғы 19 қазандағы  
№ 556 бұйрығымен бекітілген

Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар
туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы
мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын
жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидалары тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) деректер қоры – уәкілетті органның ақпараттық жүйесін қамтитын, электронды түрде сақталатын ақпарат;
      2) деректер қорын жүргізу және оларды қолдану жүйесінің қатысушылары – субъектілер, уәкілетті орган;
      3) жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға;
      4) заңды тұлға – Қазақстан Республикасы немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент заңды тұлға);
      5) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік;
      6) мәліметтер – деректер қорын жүргізу жүйесінің қатысушыларымен ұсынылатын субъектілерге қатысты мәліметтер;
      7) субъект – жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
      8) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
      9) электронды сандық қолтаңба – электронды сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның құрамының тиістілігін және өзгермейтіндігін растайтын электронды сандық мәндердің жиынтығы;
      3. Деректер қорына субъектілер туралы мәліметтерді ұсынуды уәкілетті органмен жүргізіледі.
      4. Уәкілетті орган субъектіге қатысты ақпараттарды, ол туралы соңғы ақпараттарды алған күннен бастап 3 жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

2-тарау. Деректер қорын, орналастыруға жататын субъектілер және
басқа да мәліметтерді, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу
және одан шығару тәртібі

      5. Деректер қорын жүргізуді уәкілетті орган жүргізіледі, ол оның тиімді жұмыс істеуін, ондағы орналастырылған ақпараттарды сақталуын және қауіпсіздігіне жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
      6. Деректер қоры мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) ақша және (немесе) басқа да мүлікті алушы тұлғалар туралы;
      2) ақша және (немесе) басқа да мүлікті берген тұлғалар туралы;
      3) субъектілермен алынған (жұмсалған) ақша және (немесе) басқа да мүліктер сомасы туралы;
      4) басқа да мәліметтер.
      7. Деректер қоры үшін мәліметтер шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетел ұйымдарынан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) басқа да мүлікті алу және жұмсау туралы мемлекеттік кірістер органдарына жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылған деректерден және шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетел ұйымдарынан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) басқа да мүлікті алу туралы хабарламадан қалыптастырылады, олардың нысандарын уәкілетті орган Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес бекітеді.
      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер есептілікті қабылдағаннан және өңдегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен деректер қорында орналастырылады
      9. Уәкілетті орган деректер қорын жүргізу кезінде:
      1) деректер қорына деректерді енгізуді және олардың сақталуын қамтамасыз етуді;
      2) деректер қорына қосылған мәліметтерді жандандыру;
      3) деректер қорында жатқан ақпараттарды талдау мен өңдеуді жүзеге асырады.
      10. Мәліметтерді деректер қорынан алып тастауды уәкілетті орган мынадай:
      1) түзетулерді қажет ететін дәйексіз мәліметтерді ұсыну (қате енгізу, мәліметке өзгертулер мен толықтырулар енгізу, хабарлама);
      2) мәліметтерді деректер қорынан алып тастау туралы сот шешімдері бар болса;
      3) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайларда жүзеге асырады.
      11. Деректер қорында қамтылған мәліметтер www.kgd.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады