Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14429 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 240 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 25-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ұсынылып отырған Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 556 бұйрығымен бекітілген

Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар
туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы
мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын
жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және деректерді, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушы тұлғалар туралы, оларды берген тұлғалар, алынған қаражат сомасы туралы мәліметтер және орналастыруға жататын өзге де мәліметтер қорын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу және шығару қағидалары тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) деректер қоры – уәкілетті органның ақпараттық жүйесін қамтитын, электронды түрде сақталатын ақпарат;

      2) деректер қорын жүргізу және оларды қолдану жүйесінің қатысушылары – субъектілер, уәкілетті орган;

      3) жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға;

      4) заңды тұлға – Қазақстан Республикасы немесе шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент заңды тұлға);

      5) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік;

      6) мәліметтер – деректер қорын жүргізу жүйесінің қатысушыларымен ұсынылатын субъектілерге қатысты мәліметтер;

      7) субъект – жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      8) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      9) электронды сандық қолтаңба – электронды сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның құрамының тиістілігін және өзгермейтіндігін растайтын электронды сандық мәндердің жиынтығы;

      3. Деректер қорына субъектілер туралы мәліметтерді ұсынуды уәкілетті органмен жүргізіледі.

      4. Уәкілетті орган субъектіге қатысты ақпараттарды, ол туралы соңғы ақпараттарды алған күннен бастап 3 жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

2-тарау. Деректер қорын, орналастыруға жататын субъектілер және
басқа да мәліметтерді, сондай-ақ оларды деректер қорына енгізу
және одан шығару тәртібі

      5. Деректер қорын жүргізуді уәкілетті орган жүргізіледі, ол оның тиімді жұмыс істеуін, ондағы орналастырылған ақпараттарды сақталуын және қауіпсіздігіне жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

      6. Деректер қоры мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) ақша және (немесе) басқа да мүлікті алушы тұлғалар туралы;

      2) ақша және (немесе) басқа да мүлікті берген тұлғалар туралы;

      3) субъектілермен алынған (жұмсалған) ақша және (немесе) басқа да мүліктер сомасы туралы;

      4) басқа да мәліметтер.

      7. Деректер қоры үшін мәліметтер шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетел ұйымдарынан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) басқа да мүлікті алу және жұмсау туралы мемлекеттік кірістер органдарына жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылған деректерден және шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетел ұйымдарынан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) басқа да мүлікті алу туралы хабарламадан қалыптастырылады, олардың нысандарын уәкілетті орган Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес бекітеді.

      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер есептілікті қабылдағаннан және өңдегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен деректер қорында орналастырылады

      9. Уәкілетті орган деректер қорын жүргізу кезінде:

      1) деректер қорына деректерді енгізуді және олардың сақталуын қамтамасыз етуді;

      2) деректер қорына қосылған мәліметтерді жандандыру;

      3) деректер қорында жатқан ақпараттарды талдау мен өңдеуді жүзеге асырады.

      10. Мәліметтерді деректер қорынан алып тастауды уәкілетті орган мынадай:

      1) түзетулерді қажет ететін дәйексіз мәліметтерді ұсыну (қате енгізу, мәліметке өзгертулер мен толықтырулар енгізу, хабарлама);

      2) мәліметтерді деректер қорынан алып тастау туралы сот шешімдері бар болса;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайларда жүзеге асырады.

      11. Деректер қорында қамтылған мәліметтер www.kgd.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Об утверждении Правил ведения базы данных, сведений о лицах-получателях денег и (или) иного имущества, о лицах их предоставивших, сумме полученных средств и иных сведений, подлежащих к размещению, а также их включения и исключения из базы данных

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 октября 2016 года № 556. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 ноября 2016 года № 14429. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 240 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 20.02.2018 № 240 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 25-1) пункта 1 статьи 20 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения базы данных, сведения о лицах-получателях денег и (или) иного имущества, о лицах, их предоставивших, сумме полученных средств и иные сведения, подлежащие к размещению, а также их включения и исключения из базы данных.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного введения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов


  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 19 октября 2016 года № 556

Правила ведения базы данных, сведения о лицах-получателях денег
и (или) иного имущества, о лицах, их предоставивших, сумме
полученных средств и иные сведения, подлежащие к размещению, а
также их включения и исключения из базы данных
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения базы данных, сведения о лицах-получателях денег и (или) иного имущества, о лицах, их предоставивших, сумме полученных средств и иные сведения, подлежащие к размещению, а также их включения и исключения из базы данных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 25-1) пункта 1 статьи 20 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), и определяют порядок ведения базы данных, сведения о лицах-получателях денег и (или) иного имущества, о лицах, их предоставивших, сумме полученных средств и иные сведения, подлежащие к размещению, а также их включения и исключения из базы данных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) база данных – информация, хранимая в электронном виде, содержащаяся в информационных системах уполномоченного органа;

      2) участники системы ведения базы данных и их использования – субъекты, уполномоченный орган;

      3) физическое лицо – гражданин Республики Казахстан, иностранец или лицо без гражданства;

      4) юридическое лицо – организация, созданная в соответствии с законодательством Республики Казахстан или иностранного государства (юридическое лицо-нерезидент);

      5) структурное подразделение юридического лица – филиал, представительство;

      6) cведения – сведения в отношении субъектов, передаваемые участниками системы ведения базы данных;

      7) субъект – физическое или юридическое лицо и (или) структурное подразделение юридического лица;

      8) уполномоченный орган – Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан;

      9) электронная цифровая подпись – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

      3. Представление сведений о субъектах в базу данных осуществляется уполномоченным органом.

      4. Уполномоченный орган обеспечивает хранение информации в отношении субъекта в течение 3 лет после даты получения последней информации о нем.

Глава 2. Порядок ведения базы данных, сведения о субъектах
и иные сведения, подлежащие к размещению, а также их
включения и исключения из базы данных

      5. Ведение базы данных осуществляется уполномоченным органом, который обеспечивает ее эффективное функционирование, сохранность и безопасность размещенных в ней сведений.

      6. База данных содержит следующие сведения:

      1) о лицах-получателях денег и (или) иного имущества;

      2) о лицах, предоставивших деньги и (или) иное имущество;

      3) о сумме полученных (израсходованных) субъектами денег и (или) иного имущества;

      4) иные сведения.

      7. Сведения для базы данных формируются из данных представленных сведений физическими и юридическими лицами и (или) структурными подразделениями юридического лица органам государственных доходов о получении и расходовании денег и (или) иного имущества, полученных от иностранных государств, международных и иностранных организаций, иностранцев, лиц без гражданства и уведомлений органов государственных доходов о получении физическими и юридическими лицами и (или) структурными подразделениями юридического лица денег и (или) иного имущества от иностранных государств, международных и иностранных организаций, иностранцев, лиц без гражданства, формы которых утверждаются уполномоченным органом в соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 1-1 статьи 14 Налогового кодекса.

      8. Указанные в пункте 6 настоящих Правил сведения размещаются в базе данных уполномоченным органом в течение 3 рабочих дней после приема и обработки отчетности.

      9. Уполномоченный орган при ведении базы данных осуществляет:

      1) ввод данных в базу данных и обеспечение их сохранности;

      2) актуализацию сведений, включенных в базу данных;

      3) анализ и обработку сведений, находящихся в базе данных.

      10. Исключение сведений из базы данных осуществляется уполномоченным органом в следующих случаях:

      1) представления недостоверных сведений, требующих внесение корректировок (ошибочное занесение, внесение изменений и дополнений в сведения, уведомления);

      2) наличия судебных решений об исключении сведений из базы данных;

      3) истечения срока, указанного в пункте 4 настоящих Правил.

      11. Сведения, содержащиеся в базе данных, размещаются на

      интернет-ресурсе уполномоченного органа по адресу: www.kgd.gov.kz.