Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 қарашада № 14447 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистика бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрілігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 246 бұйрығымен бекітілді

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы
бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістеменің мақсаты бірыңғай тәсілдерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) және байланыс статистикасы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және келісушілік пен мемлекеттік статистиканы жалпы қабылданған халықаралық стандарттармен, жіктеуіштермен және әдістермен салыстырмалылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Осы Әдістеме АКТ және байланыс статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросымен қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) байланыс қызметінің көлемі – кәсіпорындар мен ұйымдардың халыққа көрсетілген байланыс қызметтері үшін төлеу мерзіміне қарамастан есептелген қаражаты;

      2) курьерлiк пошта қызмет көрсетуi - пошта байланысының курьердi пайдалана отырып пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау және табыс ету жөнiндегi қызмет көрсетуi;

      3) электронды сауда – Интернет желісі арқылы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе сату әдісі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. АКТ статистикасы бойынша статистикалық байқаулар
жүргізудің ерекшеліктері
1-параграф. Ұйымдардың АКТ пайдалануы бойынша зерттеу

      5. Статистикалық байқаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ұйымдарында АКТ пайдалану деңгейін анықтау болып табылады.

      6. АКТ пайдаланатын ұйымдарды зерттеу жылдық негізде іріктемелі әдіспен жүргізіледі.

      7. Белгіленген заңнамалық тәртіпте тіркелген заңды тұлғалар, олардың оқшауланған құрылымдық бөлімшелері ұйымдарда АКТ пайдалану туралы статистикалық байқау объектілері болып табылады.

      8. Заңды тұлғалардың қажетті жіктелімдік және мекенжай деректері бірліктерінің толық тізбесі бар Статистикалық бизнес тіркелім (бұдан әрі – СБТ) статистикалық есеп құралы болып табылады.

      8.1. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8.2. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8.3. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Үй шаруашылықтарының АКТ пайдалануы бойынша
зерттеу

      9. АКТ пайдалану бойынша халықты зерттеу АКТ бойынша статистикалық деректердің маңызды дереккөзі болып табылады. Халықты зерттеу негізінде алынған деректер АКТ-ны дамыту саласында ұлттық және халықаралық мақсаттар мен міндеттердің мониторингі үшін талап етіледі.

      10. Жылдық кезеңділікте үй шаруашылықтары мен үй шаруашылықтары мүшелерін зерттеу АКТ пайдалану бойынша халықты зерттеудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

      11. Сұрақнамадағы сауалдардың көпшілігі пікіртерімнің алдындағы соңғы үш айға жатады. Аса ұзақ есептік кезең жыл ішіндегі тұтыну құрылымында күтілетін маңызды маусымдық әсері бар электронды саудамен (мейрамдарға сатып алулардың көбірек болуы, жазғы уақыттағы мейрамдарға брондаудың көбірек болуы) байланысты сұрақтар үшін ғана пайдаланылады.

      12. Үй шаруашылықтарының АКТ пайдалануы бойынша зерттеуде АКТ-ға қолжетімділік көрсеткіштері бойынша – үй шаруашылықтары және АКТ пайдалану бойынша – 6 жастағы және одан асқан жас шамасындағы үй шаруашылығының мүшелері байқау объектісі болып табылады. Әртүрлі электронды құрылғыларға қолжетімділік туралы, Интернет желісіне қосылу типі мен Интернетті пайдалану кедергілері туралы ақпарат жинау кезінде үй шаруашылығы зерттеу бірлігі ретінде пайдаланылады. Компьютерді пайдалану, Интернетті пайдалану және электронды сауда туралы ақпаратты жинау кезінде жеке адамдар зерттеу бірлігі ретінде пайдаланылады.

      13. Үй шаруашылығы мүшелерінен сұхбат алудың үш нұсқасы бар:

      1) жеке сұрақнаманы толтыру үшін үй шаруашылығының әрбір мүшесіне пікіртерім жүргізу;

      2) үй шаруашылығының әрбір мүшесі туралы сұрақтар бойынша үй шаруашылығының иесіне пікіртерім жүргізу;

      3) үй шаруашылығының барлық мүшелерінің сұрақтарына жауап беруші үй шаруашылығының бір мүшесін кездейсоқ таңдап алу.

      Үй шаруашылығында АКТ пайдалану бойынша зерттеу байқаудың іріктемелі әдісінің негізінде жүзеге асырылады.

      Үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығын қалыптастыру үшін Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі (бұдан әрі – ТҚСТ) ақпараттық база болып табылады.

3-параграф. Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеу
жүргізу

      14. Іріктемелі жиынтықты 21000 үй шаруашылығы құрайды.

      15. Ортақ коммуналдық пәтерлерде, жатақханаларда, стационар жағдайында қарттар, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарында), балалар үйлерінде, түрмелерде, қонақүйлерде, діни қоғамдастықтарда және басқа да осыған ұқсас тұрғын үй-жайларда тұратындарды қоспағанда тұрғын үй-жайлардың барлық түрлерінде тұратын үй шаруашылықтары зерттеуге жатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Үй шаруашылықтарынан пікіртерім алу негізгі тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Деректерді жинау үй шаруашылығында тұратындар саны туралы сұрақтан басталады.

      17. Бас жиынтыққа таратылған деректерді алу мақсатында іріктемелі зерттеудің нәтижелеріне статистикалық өлшеу жүргізіледі. Бұл тәсілді жүзеге асыру әрбір зерттелген үй шаруашылығына статистикалық салмақ беру арқылы іске асады, ол іріктемеге түскен бөлік ұсынған үй шаруашылықтарының жалпы санын сипаттайды.

      18. Салмақты есептеу үшін келесі формула бойынша зерттелетін үй шаруашылықтарын өңірлер бөлінісінде қала және ауыл халқы бойынша жеке тарату туралы ТҚСТ деректері пайдаланылады:



      мұндағы:

      fi – i стратасы үшін тарату коэффициенті (үй шаруашылығының салмағы);

      Ni – i стратасының бас жиынтығындағы үй шаруашылықтарының саны;

      ni – i стратасы, i = 1, 2, …, h, іріктемелі жиынтығында есеп берген үй шаруашылықтарының саны.

      Осы тарату коэффициенті үй шаруашылықтарына да, үй шаруашылықтарының зерттелген мүшелерін таратуға да пайдаланылады.

      19. Жыныстық жас және өңірлік сипаттаманы ескере отырып стратификатталған есепті жылы үй шаруашылықтарын (таратудан кейін) іріктемелі зерттеу бойынша халық санын келтіру үшін ұқсас жылғы осы сипаттамалар бойынша демографиялық статистика деректері бойынша стратификатталған халықтың орташа жылдық санына сәйкес калибрлеу әдісі пайдаланылады. Калибрленген статистикалық бағалауды алудың негізгі идеясы калибрленген салмақты есептеу арқылы қорытындыланады.

      Калибрленген салмақ келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Кj – j стратасы үшін калибрленген коэффициент (салмақ);

      Ndj – j стратасының демографиялық статистика деректері бойынша халық саны;

      Nhj – j стратасының үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша халық саны.

      Демографиялық статистика деректері бойынша халықтың орташа жылдық санымен үй шаруашылықтарын (таратудан кейін) іріктемелі зерттеу бойынша халық санын келісу үшін i стратасы мен калибрленген коэффициент (Кj) үшін алғашқы тарату коэффициентінің (fi) көбейтіндісіне тең түзету коэффициенті пайдаланылады.

3-тарау. Байланыс, пошта және курьерлік қызмет статистикасы
көрсеткіштерін қалыптастыру

      20. Жаппай әдіспен айлық және жылдық кезеңділіктегі статистикалық нысандар байланыс, пошта және курьерлік қызмет статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру кезіндегі ақпараттық база болып табылады.

      21. Жұмыспен қамтылғандар санына қарамастан экономикалық қызметінің негізгі және қосалқы түрлері "Пошта және курьерлік қызмет" пен "Телекоммуникациялар" болып табылатын заңды тұлғалар мен (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері және дара кәсіпкерлер зерттеледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Байланыс бойынша статистикалық нысандарда байланыс қызметтерінің қазіргі заманғы нарығына мониторингті, әртүрлі деңгейдегі статистикалық деректердің салғастырымдылығын, әртүрлі мемлекеттердің статистикалық деректерін халықаралық алмасуды және салыстыруды қамтамасыз ететін халықаралық ұсыныстарға сәйкес бірегейлендірілген көрсеткіштердің тізбесі бар.

      23. "Құндық және заттай көріністегі байланыс қызметінің көлемі" ұсынылатын қызмет көрсетудің көлемін сипаттайтын байланыс саласының негізгі статистикалық көрсеткіші болып табылады. Байланыс кәсіпорындарының негізгі және қосалқы экономикалық қызметтерінің қызмет көрсету көлеміне көрсетілген қызметтерге төлемнің түскен күніне қатыссыз есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметіне халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан түскен қаражаттар жатады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Байланыс саласының дамуына талдау жасауға қажетті негізгі көрсеткіштерді қамтитын айлық жедел деректерді қалыптастыру айлық негізде жүргізіледі. Байланыс қызметі көлемінің құндық көрсеткіштері Көрсетілетін қызметтердің статистикалық жіктеуішіне сәйкес байланыс түрлері бойынша нақтылай отырып қалыптастырылады, сондай-ақ байланыс құралдары туралы сандық көрсеткіштер (тіркелген телефон желілерінің саны, ұялы байланыс абоненттерінің саны, тіркелген Интернет абоненттерінің саны және Интернет желісіне қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны).

      25. Байланыс пен пошта және курьерлік қызметтер туралы көрсеткіштердің нақтыланған тізбесі, сондай-ақ техникалық құралдар мен байланыс қызметінің сапасы туралы ақпарат жылдық негізде қосымша қалыптастырылады.

      26. Байланыс статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру есеп берген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің алғашқы деректерін агрегаттау жолымен жүргізіледі. Тұтастай байланыс саласы бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі халыққа көрсетілген және ауылдық жерлердегі байланыс қызметінің түрлері, көлемі туралы жиынтық деректер республикалық және өңірлік деңгейлерде қалыптастырылады.

      27. Агрегатталған есептік деректердің қалыптастырылған ақпараттық базасы негізінде олардың серпіндегі пайыздық өзгерісін, тұтастай байланыс саласы бойынша, сондай-ақ олардың түрлері бойынша өзгерісін сипаттайтын байланыс қызметтерінің нақты көлем индексі есептеледі.

1-параграф. Байланыс қызметінің нақты көлем индексін
есептеу

      28. Байланыс қызметінің нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) байланыс, пошта және курьерлік қызмет саласының даму үрдісін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. НКИ құбылыстар мен үдерістердің уақыт, орны және мәнін әртүрлі көзқарас тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді.

      29. НКИ байланыс қызметтері көлемінің серпіндегі өзгерісін көрсетеді және байланыс қызметінің көлемі мен заңды және жеке тұлғалар үшін осы қызметтерге бағалар индексі негізінде есептеледі.

      30. "Байланыс" саласының көлеміне пошта және курьерлік қызмет көрсетуден, сондай-ақ "Пошталық және курьерлік қызмет" пен "Телекоммуникациялар" негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері болып табылатын байланыс қызметі операторларының (меншіктің барлық түрлері кәсіпорындары) тұтынушыларға – жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуден алынған көлемі жатады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Байланыс қызметінің НКИ есептеу ай сайын келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

      өткен жылғы тиісті кезеңге;

      өткен жылғы тиісті айға;

      ағымдағы жылғы өткен айға.

      32. Байланыс қызметінің НКИ тұтастай "байланыс" саласы бойынша, байланыстың жекелеген түрлері бойынша, республика, облыстар астана және республикалық маңызы бар қалалар бойынша есептеледі.

      33. Көрсетілген байланыс қызметінің көлемі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандарында байланыс түрлері бөлінісінде, оның ішінде жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс түрлері бөлінісінде сипатталады.

      34. Тұтастай сала бойынша және түрлері бөлінісіндегі байланыс қызметінің НКИ келесі тізбектілік бойынша есептеледі:

      1) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар көрсетілген байланыс қызметі көлемінің үлесі байланыстың жекелеген түрлері және тұтастай сала бойынша байланыс қызметі көлемінің жалпы көлемінде анықталады.

      Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      Df – байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтері көлемінің үлесі;

      Vf – жеке тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметінің көлемі;

      Vo – байланыс қызметтерінің жалпы көлемі.

      Заңды тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметі көлемінің үлесін есептеу байланыстың жекелеген түрлері бөлінісінде және тұтастай сала бойынша келесі формула арқылы жүргізіледі:



      мұндағы:

      Du – байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметі көлемінің үлесі;

      Df – қызметтердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметі көлемінің үлесі.

      2) бұдан әрі байланыстың жекелеген түрлері мен тұтастай сала бойынша қызметтерге жалпы баға индекстерін есептеу жүргізіледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Байланыстың жекелеген түрлері мен тұтастай сала бойынша қызметтеріне жалпы баға индексін есептеу үшін баға статистикасы бойынша әзірленетін заңды және жеке тұлғалар үшін байланыс қызметтерінің баға индексі пайдаланылады. Байланыс қызметтеріне жеке баға индексі болмаған жағдайда барынша агрегатталған индекс пайдаланылады.

      36. Байланыс қызметтерінің жалпы баға индексін заңды және жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің құрылымдық баға индекстерінің сомасы құрайды. Құрылымдық баға индекстері келесі формулалар бойынша есептеледі:

      1) заңды тұлғалар бойынша:



      мұндағы:

      Isu – заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметіне құрылымдық баға индексі;

      Iu – заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметіне баға индексі;

      Du – заңды тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметтері көлемінің байланыс қызметтеріндегі жалпы көлеміндегі үлесі.

      2) жеке тұлғалар бойынша:



      мұндағы:

      Isf – жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне құрылымдық баға индексі;

      If – жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне баға индексі;

      Df – жеке тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметтері көлемінің байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі үлесі.

      3) байланыс қызметтеріне жалпы баға индексі (Io) келесі формула бойынша есептеледі:




      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Байланыс қызметінің нақты көлем индексін есептеу тұтастай сала бойынша және байланыс түрлері бойынша формула арқылы жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      IFO – байланыс қызметінің нақты көлем индексі;

      Vop – есепті кезеңдегі байланыс қызметінің жалпы көлемі;

      Vsp – өткен жылғы тиісті кезеңдегі байланыс қызметінің жалпы көлемі;

      Io – байланыс қызметтеріне жалпы баға индексі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады