Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қарашада № 14455 болып тіркелді

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13442 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің Төрағасы             К. Қожамжаров

Қазақстан Республикасының  
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл агенттігінің      
2016 жылғы 21 қазандағы № 16
бұйрығымен бекітілген    

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық органдары
жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және
жеткілікті мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің тізбесі


п/п

Жеке тұлғалардың дербес деректерінің атауы

1

Тегi

2

Аты

3

Әкесiнiң аты (болған жағдайда)

4

Туу туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері

5

Ұлты

6

Жынысы

7

Отбасылық жағдайы

8

Азаматтығы туралы мәліметтер

9

Білімі

10

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы

11

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi

12

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы мәлімет

13

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтағаны туралы мәлімет

14

Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)

15

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

16

Портреттік бейнесі (фотосуреті)

17

Қолы

18

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжатты берген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган

19

Шет тiлдерiн бiлуi

20

Дипломатиялық дәрежесi (болған жағдайда)

21

Байланыс деректер:
тұрған мекен жайы және тұру мекен жайы бойынша тіркелуі;
байланыс телефондар;
электрондық пошта

22

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi

23

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары

24

Арнайы тексеру нәтижелерi

25

Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi

26

Соттылықтың болуы (немесе болмауы)

27

Тәртiптiк және әкімшілік жазалар туралы мәлiметтер

28

Әрекет қабiлеттік туралы мәліметтер

29

Мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер

30

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

31

Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi

32

Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні

33

Атқарып отырған лауазымы, санаты туралы мәліметтер

34

Еңбек жолы туралы мәліметтер:
қабылданған, босатылған күні;
лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi

35

Жұмыс орнындағы мінездеме

36

Ұсынымхаттар

37

Денсаулығы туралы мәліметтер (бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайларда)

38

Тестілеудің соңғы нәтижелері:
заңнаманы білу туралы;
мемлекеттік тілді білу туралы;
логикалық тест;
құзыреттілік деңгейін анықтау туралы;
жеке қасиеттерді бағалау туралы

39

«А» корпусының кадр резервіне алынғаны туралы мәліметтер

40

Ротация туралы мәлімет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады