Байланыс формасы

"Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1055 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қарашада № 14466 болып тіркелді

      "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-бабын және "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адам тағылымдамадан өткеннен кейiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзiн аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi мына құжаттармен бірге:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;
      2) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды (порталға жүктеу кезде құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады) қоса бере отырып, тұрғылықты жерi бойынша аумақтық әдiлет органдары арқылы комиссияға жiбередi.";
      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адам тағылымдамадан өткеннен кейiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзiн аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi мына құжаттармен бірге:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны;
      2) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды (порталға жүктеу кезде құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады).";
      3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың көшірмесін, ал түпнұсқасы салыстыру үшін берілмеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін (порталға жүктеу кезде құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады) қоса бере отырып, тұрғылықты жерi бойынша аумақтық әдiлет органдары арқылы комиссияға жiбереді.";
      1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі

М. Бекетаев



Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1055 бұйрығына 1-қосымша


Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 1-қосымша


Нысан


Адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттау жөніндегі
комиссияның төрағасына
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы _________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы,
ауданы, (елдi мекені, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Маған адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.
      Осымен:
      шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
      Жеке тұлға____________________________                        күні:___________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
 


Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1055 бұйрығына 2-қосымша


Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 2-қосымша

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

      __________________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
      I. Диплом туралы мәлімет:
1. жоғарғы оқу орнының атауы_____________________________________________________
2. мамандықтың шифрі ___________________________________________________________
3. дипломның нөмірі _____________________________________________________________
4 дипломның берілген күні ________________________________________________________
5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
________________________________________________________________________________
1. сериясы және нөмірі:
2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні _________________________________________________________
      II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ___________________________
2. _________________________________________облысының/қаласының адвокаттар алқасы
3. тағылымдама жетекшісі_________________________________________________________
4. тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі_________________________________
5. тағылымдаманың басталу күні ___________________________________________________
6. тағылымдаманың аяқталу күні ___________________________________________________
      Жеке тұлға ______________________________                        күні:___________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
 


Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1055 бұйрығына 3-қосымша


Тағылымдамадан өткен және
нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үмiткер
адамдарды аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 1-қосымша


Нысан


Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына Әділет
аттестаттау комиссиясының
төрағасына
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы _________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы,
ауданы, (елдi мекені, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Маған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.
      Осымен:
      шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
      Жеке тұлға __________________________                        күні:___________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
 


Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1055 бұйрығына 4-қосымша


Тағылымдамадан өткен және
нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үмiткер
адамдарды аттестаттаудан
өткiзу қағидаларына 2-қосымша

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін
мәліметтер нысаны

      __________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
      I. Диплом туралы мәлімет:
1. жоғарғы оқу орнының атауы _____________________________________________________
2. мамандықтың шифрі ___________________________________________________________
3. дипломның нөмірі _____________________________________________________________
4 дипломның берілген күні ________________________________________________________
5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
________________________________________________________________________________
      1. сериясы және нөмірі:
2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________________________
3. тіркеу нөмірі және күні _________________________________________________________
      II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ___________________________
2. ________________________________________облысының/қаласының нотариаттық палата
3. тағылымдаманың жетекшісі _____________________________________________________
4. тағылымдаманың басталу күні ___________________________________________________
5. тағылымдаманың аяқталу күні _____________ ______________________________________
      Жеке тұлға _____________________________                        күні:___________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады