"Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда № 14478 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12151 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алуға өтінім "электронды үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық түрде немесе қағаз жүзінде және электрондық тасығышта әуесқойлық радиостанцияны пайдалану орны бойынша аумақтық органға өтінім беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы тапсырылады.

      Өтінім қағаз жүзінде және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен өңделіп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) ұсынылу үшін тиісті ақпаратттық жүйелер арқылы жолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің/көшірмеcін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап көшірмесі күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне 1), 2) және 3) осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________________ А. Мұхамедиұлы
2016 жылғы 26 қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 31 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады