Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 239-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 14648 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс және тұрғын
үй-комуналдық шаруашылық
істері комитетінің төрағасы
М. Жайымбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 239-нқ
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив" (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 60-1-бабының талаптарына сәйкес әзірленген және құрылысқа мемлекеттік инвестициялардың есебінен және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылған объектілер бойынша бағалардың ағымдағы деңгейінде Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындауға арналған.

      Нарық субъектілері үшін Мемлекеттік нормативтің ережелері инженерлік ізденістердің сметалық құнын айқындау кезінде анықтама материалы ретінде пайдалану үшін ұсынымдық сипатта.

      2. Мемлекеттік норматив ағымдағы бағаларда инженерлік ізденістердің құнын айқындау үшін негіз болып табылады және құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған сметаларды жасау бойынша әдістемелік ережелерден тұрады.

      3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (жылға) арналған құрылыс үшін инженерлік ізденістердің бағалары;

      2) инженерлік ізденістердің сметалық құны – бұл құрылысқа мемлекеттік инвестициялардың есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын инженерлік ізденістерге арналған қаражат лимиті;

      3) құрылыс үшін инженерлік ізденістер (бұдан әрі – инженерлік ізденістер) – жоспарланатын құрылыс объектілері аумақтарының (өңірдің, ауданның, алаңның, учаскенің, трассаның) табиғи және техногендік жағдайларын кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін құрылыс қызметінің түрі, қоршаған ортамен осы объектілердің өзара байланысы болжамдарын жасау, оларды инженерлік жағынан қорғау және халықтың қауіпсіз өмір сүруіне жағдайларды негіздеу;

      4) құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған смета – инженерлік ізденістердің сметалық құнын айқындайтын құжаттама. Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған смета тапсырыс берушінің инвестициялық қызметін жоспарлауға және мердігерлік ізденіс жұмыстарын сатып алу бойынша конкурсты өткізу үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындауға арналған мемлекеттік сметалық нормативтер незінде есептеледі;

      5) шығындардың жекелеген түрлеріне арналған сметалық есептер – бұл құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған Жинақта ескерілмеген шығындарды өтеу үшін қажетті қаражатты айқындау талап етілетін жағдайларда жасалатын сметалық есептер.

2-тарау. Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған бағалар жинағы негізінде құрылысқа арналған инженерлік ізденістердің құнын айқындау

      4. Инженерлік ізденістердің құны "Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған бағалар жинағы" (бұдан әрі – Жинақ) негізінде айқындалады.

      5. Жинақ бағалардың ағымдағы деңгейінде инженерлік ізденістердің құны есебін қамтамасыз ету үшін баспа және электрондық форматта, жыл сайынғы негізде қалыптастырылады.

      6. Жинақ бағалары қолданыстағы күнтізбелік жылдың ағымдағы деңгейіне есептеледі.

      7. Жинақ бағалары қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, инженерлік ізденістер бойынша дала және камеральдық жұмыстарды жүргізудің құрамына және қазіргі заманғы технологиясына сәйкес есептелген және осы жұмыстардың құнын айқындау үшін оңтайлы болып табылады.

      8. Дала жұмыстарына арналған бағалар қызметкерлерге іссапар немесе дала ризығын төлеумен экспедициялық жағдайларда оларды орындау үшін көзделген. Ізденістер материалдарын камеральдық өңдеу жөніндегі бағалар қызметкерлерге іссапар немесе дала ризығын төлеусіз стационар жағдайында оларды орындау үшін көзделген.

      9. Жинақ бағаларына мыналар енгізілмеген және қосымша есептеуді талап етеді:

      1) міндетті келісулерге қосымша шешімдерді алу жөніндегі жұмыстар;

      2) міндетті төрт данадан басқа құжаттамының қосымша санын дайындау;

      3) қосылған құн салығы.

      10. Сараптамалық жұмыстарды жүргізу құны инженерлік ізденістердің сметалық құнына кірмейді.

      11. Инженерлік ізденістердің сметалық құнын айқындау үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) тапсырыс берушіден тапсырма (техникалық тапсырма) және шығыс деректері;

      2) инженерлік ізденістер саласындағы қолданыстағы нормативтер;

      3) құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған бағалар жинағы.

      12. Тапсырыс беруші инженерлік ізденістердің сметалық құнын бекітеді және құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен инженерлік ізденістерді шығаруға арналған қаражат лимиті болып табылады.

      13. Ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолданып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерін бөліп көрсете отырып, құрылыстың нормативтік мерзімі ескеріле отырып айқындалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Құрылыс үшін инженерлік ізденістердің сметалық

құжаттамасының құрамы және түрлері

      14. Құрылыс үшін инженерлік ізденістердің сметалық құжаттамасының құрамына мыналар енгізіледі:

      1) құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған жиынтық смета;

      2) инженерлік ізденістердің түрлері бойынша смета;

      3) шығындардың жекелеген түрлеріне арналған (қажет болған кезде) сметалық есептер.

      15. Сметалық құжаттамаға мыналар көрсетілген түсіндірме жазба қоса беріледі:

      1) құжаттарға сілтемелер, оларға сәйкес сметалық құжаттама әзірленеді;

      2) өзге де шығындарды жасау үшін негіздеме.

      16. Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған жиынтық смета инженерлік ізденістердің түрлері бойынша сметалардан деректерді және шығындардың жекелеген түрлеріне арналған сметалық есептерді біріктіреді. Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған жиынтық смета осы Мемлекеттік нормативке 1-қосымшаға сәйкес 1П-нысан бойынша қалыптастырылады.

      17. Инженерлік ізденістердің түрлері бойынша сметалар осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшаға сәйкес 2П-нысан бойынша ізденіс жұмыстарының көлемдері және ағымдағы бағалар негізінде жасалады.

      18. Құрылыс үшін ізденіс жұмыстарына арналған бағалар жинағында жоқ ізденіс жұмыстарының сметалық құнын айқындау кезінде есеп осы Мемлекеттік нормативке 3-қосымшаға сәйкес 3П-нысан бойынша инженерлік ізденістерге арналған шығындар калькуляциясына сәйкес жүргізіледі.

      19. Жиынтық смета сметалардың бірнеше түрлерінің болуы жағдайында рәсімделеді.

  Қазақстан Республикасындағы
құрылыс үшін инженерлік
ізденістердің құнын айқындау
жөніндегі мемлекеттік
нормативке
1-қосымша
  1П-нысан

      Ізденістер объектісінің атауы: _______________________________________________

      Жобалау сатысы: __________________________________________________________

      Ізденіс жұмыстарының түрлері: _____________________ ________________________

      Ізденіс ұйымдарының атауы: ________________________________________________

      Тапсырыс беруші ұйымның атауы: ___________________________________________


Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған жиынтық смета

Р/с №

Сметалар мен есептер

Жұмыстар мен шығындар атауы

Сметалық құны, теңге

1

2

3

4

1

2П-нысаны бойынша смета №

2П нысаны бойынша ізденіс жұмыстары

+

2

3П-нысаны смета №

3П нысаны бойынша қосымша шығындар

+

3

Болжанбаған шығындар, %

Болжанбаған шығындар %

+

4

ҚҚС, %

Қосылған құн салығы -%

+


Смета бойынша жиыны


+

      Ізденіс ұйымының басшысы _________________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      Сметаны жасаушы _________________________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      Тапсырыс берушінің жауапты өкілі ___________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

  Қазақстан Республикасындағы
құрылыс үшін инженерлік
ізденістердің құнын айқындау
жөніндегі мемлекеттік
нормативке
2-қосымша
  2П-нысан

      Ізденістер объектісінің атауы: ________________________________________________

      Жобалау сатысы: ___________________________________________________________

      Ізденіс жұмыстарының түрлері: _______________________________________________

      Ізденіс ұйымдарының атауы: _________________________________________________

      Тапсырыс беруші ұйымның атауы: ____________________________________________


№ смета

Р/с

Жұмыс түрлері, баға санаты, жұмыс бірліктері

Бағалар жинағы, кестелер №, көрсеткіштер тармағы, өлшегіш

Саны

Құны, теңге

көлем

баға

Коэф.

Коэф.

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Ізденіс ұйымының басшысы__________________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      Сметаны жасаушы __________________________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

  Қазақстан Республикасындағы
құрылыс үшін инженерлік
ізденістердің құнын айқындау
жөніндегі мемлекеттік
нормативке
3-қосымша
  3П-нысан

      ______________________________________________ қосымша

      (шартқа, қосымша келісімге)

      Инженерлік ізденістерге арналған

№ шығындарының калькуляциясы


      Ізденістер объектісінің атауы: ________________________________________________

      Жобалау сатысы:___________________________________________________________

      Ізденіс жұмыстарының түрлері:_______________________________________________

      Ізденіс ұйымдарының атауы:_________________________________________________

      Тапсырыс беруші ұйымның атауы:____________________________________________

  теңге

№ Р/с №

Орындалатын жұмыстардың тізбесі

Орындаушылар

Адам-сағат саны

1 адам-сағат үшін еңбекті орташа төлеу

Еңбекті төлеу (барлығы)

cаны

лауазымы

1

2

3

4

5

6

7





























      Еңбекті төлеу жиыны, мың теңгеде ___________________________________________

      Басқа да тікелей шығындар__________________________________________________

      Үстеме шығыстар __________________________________________________________

      Жинақтар (пайда)__________________________________________________________

      Барлығы (мың теңге)________________________________________________________

      Ізденіс ұйымының басшысы__________________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      Сметаны жасаушы __________________________________________________________

      қолы (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады